Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

5.1. Құрылымдардың технологиялылығы туралы ұғым

Қазiргi өндiрiс бұйымдарының тиiмдiлiгiн арттыру көкейтестi технологиялық мәселе болып тұрғанда, олардың өмiрлiк цикл сатыларында қолданылатын машина құрылымдары мен бөлшектерінің технологиялылығы деген ұғымның мәнiне өте үлкен назар аударылуы тиiс. Технологиялық әдебиеттерде кездесетiн көптеген анықтамалар осы ұғымның мән-маңызын ашуға арналған.

Құрылымдардың технологиялылығын қамтамасыз ететiн мәселелерді бiрқалыпты шешу үшiн, ең алдымен осы салада қолданылатын ұғымдарды, терминдердi, анықтамаларды, жiктеудi және бағалау тәсiлдерiн бiрізді етiп, жүйеге түсiрiп алған жөн.

Өндiрiстi техникалық даярлаудың бiртектi жүйесiнде /ӨТДБЖ1 МЕМСТ 18831-83/ бұйымның құрылымының технологиялылығы деп олар үшін өндiрiстi техникалық даярлауға, жасауға, пайдалануға және жөндеуге жұмсалатын еңбек, құрал, материал және уақыт шығындарының, басқа сол типтес бұйымдардың құрылымдарының /қызмет iстеуi бiрдей, қойылған сапалық көрсеткiштерi де бiрдей, жасау, пайдалану және жөндеу жағдайлары да бiрдей/ шығындарынан гөрi үйлесiмдi етуге мүмкiндiк жасайтын бұйымдар құрылымдарының жиынтық қасиетiн айтады.

Елiмiзде құрылымдарының технологиялылығы деген ұғым 30 жылдардың басында пайда бола бастады. Алғаш бұл ұғым бөлшектер құрылымдарының жасау тәсiлдерiмен сәйкестiлiгiне ғана қатысты болды. Одан кейiнiрек бұйым құрылымдарын бағалауда, олардың жиналу қабiлетi мен тексеру шарттарына ауыстырылды.

Құрылымның технологиялылығын бағалау тек сапа тұрғысынан: ыңғайлы, ыңғайсыз, ұтымды, ұтымсыз, жақсы, жаман, технологиялы, технологиялылысыз, т.б. есептелiп келдi.

40 жылдары кеңес ғалымы Н.А.Бородачев бұйым құрылымының технологиялылығы ретiнде оны шығаруға кететiн шығындарды көрсеттi. Осы сәттен бастап технологиялылықтың техникалық мәнiне жаңа экономикалық аспект қосылды.

В.И.Буловский технологиялық деп құрылымдардың ең аз мерзiмде игерiлiп, аз шығындармен шығарылуын атады; бiрақ та еңбек шығынына бұрынғы өткен еңбек шығындарын қосу керек екенiн көрсеттi.

Э.А.Сатель /1966 ж./ құрылымдар технологиялылығын кешендi ұғым деп тануды ұсынды. Ол өндiрiстiк және пайдалану тұрғысында айтылады.

Өндiрiстiк технологиялылық деп бұйымның құрылымын жобалауда керектi машинаның өндiрiстiк және техникалық, экономикалық көрсеткiштерiн жақсартатын технологиялық шарттарды айтады. Ол техникалық және экономикалық көрсеткiштерге еңбек сыйымдылық, материал сыйымдылығы, шығару мерзiмiн қысқарту, өзiндiк құн, т.б. жатады.

Пайдалану технологиялылығы деп бұйымды пайдаланудағы сапалық және пайдалану сипаттамаларды көрсететiн шарттарды айтады. Ол сипаттамаларға сенiмдiлiк, төзiмдiлiк, ресурс, т.б. жатады.

С.Л.Ананьев және В.П.Купрович құрылым технологиялылығының деңгейiн бағалау тәсiлiн ашты.

Өндiрiстiң сапасына, бұйымның түрiне, оны шығару көлемiне байланысты құрылымдардың технологиялылығын бағалау белгiлерi де неше түрлi болады.

В.В.Данилевскийдiң ұсынысы бойынша, машинаның құрылымы ең аз еңбек пен материалды барынша аз қажетсiну шарттарына сай болу керек.

М.Е.Егоров құрылымдардың технологиялылығын бағалаудың күрделi белгiсi ретiнде еңбек сыйымдылығы мен өзiндiк құнды алу керек дейдi.

Машинаның құрылымы неғұрлым өндiрiс шарттарына сәйкес болса, соғұрлым машинаның технологиялылы екенiн көрсетедi.

Жоғарыда келтiрiлген барлық анықтамаларға қарасақ, құрылымның технологиялылығы өте күрделi, кешендi ұғым екенiн және ол бұйымның күллi өмiрлiк цикл сатыларын қамтитынын көремiз.

Көрсетiлген анықтамалар технологиялылық мәселелерін неше түрлi ұғымда түсiндiредi. Техникалық әдебиеттерде бұл ұғымның жиырмаға жуық анықтамалары кездеседi. Соларды талдай келе, төмендегiдей шарттар шегiне түсетiн құрылымдарды ғана технологиялылы деп атауға болатынын айтамыз.

1. Өндiрiстi техникалық даярлау сатысындағы еңбек, құрал, уақыт және материал шығындарының үйлесiмдi болу шарттары;

2. Өнiмдi шығарудағы еңбек, құрал, уақыт және материал шығындарының үйлесiмдi болу шарттары;

3. Пайдалану кезiндегi еңбек, құрал, уақыт және материал шығындарының үйлесiмдi болу шарттары;

4. Жөңдеудегi еңбек, құрал, уақыт және материал шығындарының үйлесiмдi болу шарттары;

5. Сапа көрсеткiштерiн қамтамасыз ету шарттары;

6. Жобалауда бұйымды өндiру жағдайларын еске алу шарттары;

7. Жобалауда бұйымның пайдалану жағдайларын еске алу шарттары;

8. Жобалауда бұйымды жөндеу жағдайларын еске алу шарттары;

9. Өндiрiсте тиiмдi өңдеу тәсiлдерiн қолдану шарттары;

10. Ең жоғары пайдалану сипаттамалармен қамтамасыз ету шарттары;

11. Неғұрлым үнемдi шығару тәсiлдерiмен қамтамасыз ету шарттары;

12. Құрылымды шарттар;

13. Үнемдiк, пайдалылық шарттары.

14. Жоғары өнiмдiлiктi қамтамасыз ету шарттары;

15. Өзара алмастырушылықты қамтамасыз ету шарттары;

16. Өндiрiсте прогресшiл өңдеу тәсiлдерiн қолдану шарттары;

17. Өндiрiстiң типiне қарай үнемдi технологиялық процестерді қолдану шарттары;

18. Бұйымды өндiрiске тез енгiзу шарттары.

Жоғарыда берiлген технологиялылықтың анықтамасы осы келтiрiлген шарттарды ескередi.