Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

1.5.2 Соқпа және қалыпталған дайындамалар

Coғy үдеріci. Coғy үдерісінде көбінесе еркін соғу үдерісi қолданылады. Еркін соғу үдерісінде өңделетін металдың беті тегіс, жылжымайтын төске қойылып, жоғарғы жағынан жылжымалы, үлкен бағамен ұрылады. Нәтижеде металл деформацияланып, жан-жаққа жайылып, өз пішінін өзгертеді. Соған сәйкес металды өңдеудің бұл әдісін еркін соғу әдісі деп атайды.

Еркін соғу әдісімен алынған дайындамалар соғылма (поковка) деп аталады. Бұл әдіспен алынатын соғылма салмағы 150 граммнан 350 тоннаға дейін болады. Ұсақ соғылмалар пневматикальқ рессорлы-серіппелі балғалармен өңделсе, орташа қарапайым және фасонды соғылмаларды бу-ауалы балғаларда өңдеуде.

1.12-сурет. Бу-ауалы соғу балғасы және гидравликалық соғу пресі

Соқпа және қалыпталған дайындамаларды қысыммен өцдеудің арнайы тәсілдерін қолданып жүзеге асырады. Қысыммен өцдеуді алдын ала дайындалған дайындамалар пайдаланылады. Құймалар металдың шыбықтары каңылтырлар қолданылады. Ұзын соқпа дайындамаларды арнайы пресс-қайшы кұрылғыларында кияды. Пресс-штамп құрылғыларында механикалық аралардың дискілік, таспалық, арнайы аралық аспаптары болады. Ұсталық қалыптау құрал-жабдықтарының үш тобы бар:

1) балғалар,

2) престер,

3) машиналар.

Балғалар тобына ұсталық құрал-жабдықтардың екі жабдық қозғалатын парлы-ауалы жабдықтары, пневматикалық, қалыптайтын құрал-жабдықтар, дайындамаларды екі жағынан бірдей соғатын парлы-ауалы құралдар жатады.

Престер тобына гидравликалық ұста-престер, ыстықтай соғатын иінді престер, жабық бip иінді престер жатады.

Машиналар тобына бойлық бағытта көлбеу соғатын машиналар, тік бағытта соғатын машиналар. Жоғарыда көрсетілген ұсталық құрал-жабдықтардың техникалық параметрлері ретінде дайындаманы жаншитын аспаптардың салмағы немесе сол аспаптың тудыратын энергиясы жатады. Оны тоннамен, меганьютонмен есептейді. Қaзipгi машина жасау өндірісіндегі балғалардың ұру салмақтары 6ip тоннадан жиырма бес тоннаға дейін жетеді. Ал энергиялар 10 -ден 45 кДж-ге дейін. Престердің ұру салмағы . Ал машиналардың оның ішінде көлбеу соғатын машиналардың салмағы 1-31,5 МН, тікелей соғатын машиналардікі 0,2-2 МН.

Ауыр соғылмалар гидраликалық соғу үдерістерінде жасалады. Өңдеудің басқа әдістеріне қарағанда (құю, жону, қалыптау) еркін соғудың кемістіктері мен артықшылықтары бар.

Кемшіліктері:

1. Еңбек өнімділігінің төмендігі;

2. Дәлсіздеу болуы;

3. Металдың молырақ шығын болуы.

Артықшылықтары:

1. Металдьң қасиеттерінің жоғары болуы;

2. Қымбат технологиялық аспаптардың қажет болмауы;

3. Жасалатын дайындамалардың салмағы, пішіні және өлшемі жөнінде әмбебап болуы.

Еркін соғу үдерісі мынадай түрлерге бөлінеді: отырғызу (осадка), шеңбер бойлай созу немесе көлденең дайындаманы ұзарту (раскатка), тік тесу немесе біршама тереңдету (прошивка), кесу (рубка), ию (гибка), айналдырып бұрау (закручивание). Металдың биіктігін бәсеңдету арқылы оның көлденең қимасының ауданын арттыруды отырғызу деп атайды.

Қалыптаудың түpлepi. Қабырғалармен шектелген көлемде ішкі құрылысы мен пішіні дайындамаға ұксас металл қалыптарда қысым арқылы өңдеу қалыптау деп аталады. Қалыптаудың өнімділігі еркін соғудың өнімділігінeн бірнеше есе жоғары. Өңделінетін металдың күйіне байланысты қалыптау үдерісі үш түрге бөлінеді.

а) ыстық күйде көлемдік қалыптау

б) суық күйде көлемдік қалыптау

в) темір табақтарын қалыптау

1.13-сурет. Ашық және жабық қалыптарда қалыптау нобайлары және көпжылғалы қалыптар

Металды ыстық күйде қалыптау. Қыздырылған дайындамаларды арнаулы қалыптарда өңдеу арқылы қалыпталған дайындамалар алынады. Қалып дегеніміз eкі бөлшектен тұратын белгілі арналары болашақ бөлшекке ұқсас металл бұйым. Қалыптың төменгі бөлігі балғаның төсіне немесе престің тақтасына бекітіледі. Ал eкiнші жартысы жоғары төмен қозғалып тұрады. Қалыптың төменгі бөлігіне қойылған материалды оның жоғарғы бөлігімен соққанда ол қалыптың ішкі кеңістігі бойынша деформацияланып, пішіні қалыптың кеңістігіне ұқсас бөлшек пайда болады, материалдың артық бөлігі қалыптың екі бөлігінің қосылған жерінен сығылып, сыртқа шығады. Ал егер материалдың көлемі қалыптың ішкі кеңістігінің көлемінен кем болса, онда бөлшектің толық кескіні жасалмай жарамсыз бөлшекке айналады. Қалыптардың ішкі арналары оның карапайым пішінді қалыптар жасауына қарай бipey немесе бірнеше болуы мүмкін.

Суық қалыптау. Қыздырылмаған дайындаманы өңдеуді суық қалыптау деп атайды. Суық қалыптау мен машина жасау, аспап жасау, электротехникалық, радиотехникалық, т.б. өндірістерде жоғары сапалы дайындамаларды прогpecі тәсілдермен жасауға болады. Мұнда өңделетін дайындаманың дәлдігі жоғары, кедір-бұдырсыз, еңбек шығыны төменірек және өзіндік құны арзан болады. Автоматты суық қалыптаудың өндіріс өнімділігі минутына жүздеген бөлшектерге жетеді.

Көлемдік суық қалыптау арқылы жасалған дайындамаларды механикалық өңдемеуге де болады. Сонымен қоса еңбек шығын 30-80 пайызға төмендеп, материалды пайдалану коэффиценті 50 пайызға артады. Суық көлемдік қалыптаудың негізгі түрлері: сығып шығару, көлемдік пішіндеу және калибрлеу.

Сығып шығару деп қалыптың қуысынан немесе белгілі формалы тесігінен металдың пластикалық ағуының нәтижесінде тұтас немесе қуыс пішінді заттарды алуды айтады. Сығып шығарудың түзу, кepі, қаптал және түйдектелген түрлері болады.

1.14-сурет. Сығып шығару мен пішіндеу нобайлары

Темір табақ қалыптау. Темір табақ қалыптау материалы ретінде жайпақ, тілім немесе орамға оралған калыңдығы 10 мм-ден аспайтын металл табақтарын пайдаланады. Егер бөлшек дайындамаларының қалыңдығы 20 мм-ден артса, деформациялау күшін кеміту мақсатында оны соғу температурасына дейін қыздырып қалыптайды. Ыссы қалыптауға қарағанда, суық қалыптау кең қолданыс тапқан.

Ию, созу, қысу және пішіндеу операциялар жәрдемімен қажетті пішіндегі күрделілігі әр түрлі дайындамалар жасалады.

Суық күйінде табақ темірлерді қалыптау жабдықтары қатарына иінді, гидравикальқ қарапайым және қос әрекетті престер жатады. Осы жабдықтарды қолданып, сан алуан түрлі пішінді дайындамаларды арнайы қалыптар көмегімен жасау күннен күнге ғарыштап өciп жетіліп келеді. Жұмыс жағдайының ауырлығы ескеріліп, қалыптың негізгі бөліктері пуансон мен матрица сапалы аспап болаттарынан жасалады.

1.15-сурет. Қайшылар әрекеті нобайлары: а – гильотинді, б – дискілі

Суық темір табақ қалыптаудың артықшылықтарына мыналар жатады: берік және мықты етіп, миниталды массалар бөлшектер жасау мүмкіншілігі, өңделген бетінің сапасымен өңделу дәлдігінің жоғарылығы, қалыптау үдерісін механикаландыру мен автоматтандырудың қарапайымдылығы нәтижесінде өндіріc өнімділігінің тым жоғары (бip машинада ауысымына 30-40 мың бөлшек өндіруге болады) екендігі. Осындай мүмкіндіктерін ескере отырып темір табақ қалыптауды жаппай өндірістерде, тіпті ұсақ – сериялы өндірістерде де кеңінен қолдануға болады.