Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

7.3. Құрастыру процестерін жобалау

Машина жасауда құрастыру өндiрiстiк үдерістiң ақырғы сатысы болып саналады. Құрастыру үдерісiнiң еңбексыйымдылығы жалпы бұйым жасау үдерісiнiң 25-35 пайызы шамасында. Егер жеткiзу, қиюластыру жұмыстарының көлемi едәуiр болса, онда бұл мөлшер 40-50 пайызға жетедi.

Даяр машинаның сапасы көбiне құрастыру технологиясына байланысты.

Құрастыру процестерін жобалаудағы бастапқы мағлұматтар ретiнде құрылымның сызбасы, бұйымды қабылдаудың техникалық шарттары, бұйымды жасаудың көлемi, бұйымды шығаруға жобаланған уақыт мерзiмi, т.т. саналады.

Құрастыру технологиясы жобалануының маңыздылығы оның шығару көлемiне байланысты. Бұйым көп мөлшерде шығарылса, онда жобалауды егжей-тегжейлi дифференциалдау принциптерiн қолданып даярлауға болады; ал шығару мөлшерi өте аз болса, онда қысқаша жобалаумен қанағаттанады.

Жобалау үшін мәлiметтi және нормативтi материалдар қажет; бұйым құрылымы технологиялылығының жақсартатын шаралар тiзiмi, құрастыру құрал-саймандарының каталогтары мен паспорттары, құрастыру кондырғылары мен аспаптарының альбомдары, құрастыру жұмыстарының нормалауға қажет нормативтер; егер ұқсас бұйымдардың типтi технологиялары болса, онда жобалау жұмысы жеңiлдейдi.

Құрастыру процестерін жобалау алдында, бұйымның құрылымымен танысу, құрастыру сызбаларына технологиялық бақылау жасау және қабылдаудағы техникалық шарттарды зерттеу жұмыстарын мұқият саралаған жөн.

Құрастыру сызбасында барлық керектi қималар мен кесiндiлердiң, жобалардың кескiндерi болуы керек; өнiм элементтерiнiң спецификациясы; құрастыру өлшемдерi, қиюластырудағы саңылаулар мен тартылмалар; өнiмнiң массасы туралы мәлiмет.

Бұйымға қойылатын техникалық шарттарда төмендегiдей мағлұматтар болуы тиiс:

– құрастыру дәлдiгi;

– бөлшектердің бет қиюластыруына керектi сапа көрсеткiштерi;

– қосылыстардың герметикалығы;

– қосылыс жапсарларының тығыздығы мен серпiмдi қатаңдығы;

– бұрандалық қосылыстардағы тарту моменттерi мен оның ауытқу шектерi;

– қосылыстардағы керектi саңылаулар мен тартылмалар;

– айналмалы бөлшектердiң балансирлеу дәлдiктерi;

– өнiмнiң атқаратын қызметiне қарай қойылатын басқа да ерекше шарттар.

Техникалық шарттар кейде технологиялық нұсқауларда көрсетiлуi мүмкін; мысалы, қосылыстарды жүргiзу тәсiлдерi, құрастырудың үйлесiмдi бiрiздiлiктерi, бұйымдарды аралық немесе бiржолата бақылау тәсiлдерi, т.б.

Құрастыру сызбасындағы және техникалық шарттардағы байқалған кемiстiктер, қателiктер және күмәнді жерлер құрастырушылар бюросында түзетiлуi тиiс. Бұйымның құрылымын талдай отырып, оны жетiлдiру шараларында да қарастыра бередi. Әрине мұндай шаралар бұйымның атқаратын қызметiне терiс әсер етпеуi қажет.

Өнiмнiң құрастырушысы құрастыру сызбаларын жобалауда олардың iшiндегi өлшемдер тiзбектерiнiң тұйықтаушы буынының дәлдiгiн қамтамасыз ететiн тәсiлдердi алдын ала ойластырғаны жөн. Ретi келсе, жаппай өзара алмастыру тәсiлiн қолдануды қарастырған абзал.

Тұйықтаушы буынның шегi бұл тәсiлде

Мұндағы – өлшем тiзбегiн құраушы буынның шектерi;

– өлшем тiзбегiн құраушы буынның саны;

– тұйықтаушы буынның шегi.

Өлшем тiзбегiн құраушы буынның шектерiнiң орташа мәнi

(7.52)

Мұндағы, – өлшем тiзбегi буынның жалпы саны. Көпбуынды өлшем тiзбектерiнде /35.2/ пiшiнiмен есептелген, құраушы буынның шектерi өте азайып кетедi; сондықтан жаппай өзара алмастыру тәсiлi рентабельсiз болып қалады. Бұл жағдайда құрастырушы iшiнара өзара алмастыру тәсiлiн қолдануға тырысады.

Тұйықтаушы буынның дәлдiгi өте жоғары және аз буынды өлшем тiзбектерiнде топтап өзара алмастыру тәсiлiн қолданады. Бұл тәсiлге керектi барлық бастапқы мағлұматтар /қиюластыруға баратын бөлшектердің өлшем шектерi, өлшемдер тобының саны/ құрастыру сызбасы мен техникалық шарттарында айқын көрсетiлуi керек.

Егер жаппай, iшiнара топтап өзара алмастыру тәсiлдерiн қолдану тиiмсiз болса, онда құрастырушы құрастыру жұмыстарын өңдеп қиюластыру немесе реттеу арқылы жүргiзуге мәжбүр болады.

Бұл кейiнгi екi тәсiлi жүргiзу шарты бұйымның құрылымында белгiлi болуы қажет. Мысалы, өңдеп қиюластыруда құрылымның қандай бөлшектерінің беттерi өңделуi және қанша әдiп алынуы керек екенi айқын көрсетiлуi қажет.

Екiншi жағдайда құрылымның iшiнде арнайы қатты және реттелетiн компенсатор болады. Сөйтiп, құрастыру тәсiлдерiмен құрастырушының айналысатынына көзiмiз жетiп отыр. Ал технолог болса, құрастырушының шешiмдерiн өндiрiс жайына үйлестiрiп, егжей-тегжейлi тексередi. Егер технологтың ойы тиiмдi және үйлесiмдi болса, онда құрастырушы екеуi ақылдаса келе бiр тиiмдi шешiмге келедi.

7.24-сурет. Құрастырудың технологиялық сызбалары

Құрастырылатын бұйымды талдау бұйымның жалпы және тораптық технологиялық сызбаларын жасаумен аяқталады. Егер бұйымның үлгiсi болса, мұндай сызбаларды жасау жеңiлдеу түседi. 7.24-суретте құрастырудың технологиялық сызбалары көрсетiлген.

Жалпы технологиялық сызба бұйымның негiзгi базалық бөлшегінен басталады. Бөлшек, торап, бұйым жайындағы мәлiметтердi арнайы үш бөлiкке бөлiнiп қойылған төртбұрышты шақпақтың iшiне жазады; төртбұрыштың үстiңгi бөлiгiне бөлшектің аты, астыңғы сол жақ бөлiгiне спецификациядағы нөмiрi, ал оң жақтағы бөлiгiне саны түсірiледi. Өнiмнiң iшiнен дараланбай шығарып алынатын бөлшектерге тораптық технологиялық сызба /7.24, б-сурет/ жасалады. Технологиялық құрастыру сызбаларына қатыссыз жүргiзетiн керектi қосалқы құрастыру жұмыстарында көрсетедi /мысалы, құрастыру кезiнде «тойтар», «престе», «саңылауын тексер»/. Бұл сызбалар құрастыру технологиялық процестерін жобалаудағы негiзгi мағлұмат есебiнде жүредi. Егер бұйымның құрылымында бiрнеше өлшемдер тiзбектерi болса, онда құрастыруды олардың ең дәл деген тiзбегiнен бастайды. Құрастыруды тұйықтаушы буынды орнатумен бiтiрген абзал. Құрастыру сызбаларының неше түрлi нұсқалары болады; бұлар құрастырушылардың санына, жұмыстың еңбексыйымдылығына, өзiндiк құнына, жұмыс iстеу ыңғайлылығына зор әсер тигiзедi. Дегенмен, барлық жағдайларда құрастырудың еңбексыйымдылығын кемiтуге, өзiндiк құнын арзандатуға тырысқан жөн. Жобалау практикасында көптеген математикалық және эвристикалық алгоритмдердi ЭЕМ арқылы жүргiзiп, мұндай есептердi оңай шешуге болады.

Технологиялық сызбалар негiзiнде құрастыру операцияларының мазмұнын анықтап, олардың жүргiзiлу уақытын есептейдi. Операцияның мазмұны бiртектi, технологиялық тұрғыда сол жұмыс орнында бiткенi жөн; бұл операцияның өнiмдi болуын және құрастырушылардың iскерлiгiн арттыруға жағдай жасайды.

/13.1/ формуласы бойынша операцияның байлау коэффициентiн анықтайды да, өңдiрiстiң типтерiне тоқталады.

Егер өндiрiс сериялы болса, онда жұмыс орындарында неше түрлi бұйымдарды құрастырады. Құрастыру тасқынды немесе тұрақты болуы мүмкін.

Егер операцияның байлау коэффициентi бiрге жуық болса, онда құрастыру жаппай өндiрiс типiне жатады; мұнда бiр жұмыс орнында, тұрақты бiр ғана құрастыру операциясы жүредi. Құрастыруды тасқынды тәсiлмен ұйымдастырады. Егер тасқынды линияның қарқыны аз болса, онда операцияны жiктеп, бiрден ұзақ құрастыру әрекеттерiне бөледi; егер бұл мүмкін болмаса, онда операцияны бiрнеше жұмыс орнында жүргiзедi.

Тасқынды тәсiлмен құрастыруда операцияның даналық уақыты оның қарқынына тең немесе соған жуық болуы керек. Жұмыс орнының жүктелу коэффициентi 0,85-тен кем болмағаны жөн; мұның мәнi бiрiншi операцияларда азырақ болып, жұмыстың бiтуiне қарай артуы керек; осындай амалмен жұмыстың сенiмдiлiгiн арттырады.

Құрастыру операцияларын жобалауда олардың бұрынғы жорамал мазмұндарын нақтылап, технологиялық әрекеттерiнiң бiр мезгiлде жүру мүмкіндiктерiн қарастырады; бұйымның базалық деталын орнату және бекiту сызбасын, құрал-саймандарды, аспаптарды және қондырғыларды таңдайды; операцияға керектi уақыт нормасын және жұмыс разрядын анықтайды.

Құрастыру операцияларын жобалауда сапа және дәлдiк мәселелерiн естен шығармау керек. Операцияның неше түрлi нұсқаларын, олардың өнiмдiлiгi мен өзiндiк құнын салыстыру арқылы анықтайды.

Құрастыру операциясының өнiмдiлiгiн көтерудiң негiзгi шаралары – өңдеп қиюластыру жұмыстарының көлемiн азайту, құрастырудың технологиялық процестерін ұтымды құру, оларды механикаландыру және автоматтандыру. Өңдеп қиюластыруды азайту үшін бөлшектерді өте дәл жасау қажет. Жаппай өндiрiсте көпаспапты, көпорынды сызбаларды пайдаланған жөн.

Аспаптарды қолдану ретiне қарай бiрiздi, параллель және бiрiздi-параллель сызбаларын қолданады. Құрастырушылар еңбегiнiң өнiмдiлiгiн арттыру үшін механикаландырылған құрастыру аспаптарын тиiмдi пайдалану қажет. Жаппай және iрi сериалы өңдiрiстерде автоматтандыру құралдарын көп қолданады /құрастыру автоматтары мен жартылай автоматтары, автоматтық және жартылай автоматтық линиялар/; бұлар өнiмдiлiктi 5 есе арттырып, өндiрiс алаңдарын 2-3 есе кемiтедi.

Өндiрiстi автоматтандырудың маңызды бiр шарттары – бөлшектердің қосылыстарын бiрыңғайландыру және қалыптастыру, осы тұрғыда типтi технологиялық құрастыру процестерін ұтымды қолдану.

Құрастыру үдерісiнiң бағдары мен операциясын жобалауда олардың ұйымдастыру пiшiндерiн қарайластырады. Құрастырудың ұйымдастыру пiшiндерi тасқынды және тұрақты болады. Тасқынды құрастыру өндiрiсi топтамасын азайтып, операциялық қорды кемiтедi; құрастырушылардың iскерлiгiн арттырады, механикаландыру және автоматтандыру мүмкіндiктерi кеңейедi; еңбексыйымдылығы кемiп, бұйымның құны арзандайды.

Тасқынды құрастыруда, объектiлердi бiр жұмыс орнынан екiншiсiне ауыстыру төмендегiдей әдiстермен жүргiзiледi:

1/ қолмен /верстак, көлбей орналасқан науарольгангтер, арбалар арқылы/;

2/ механикаландырылған тасымалдау жабдықтарымен;

3/ периодпен жылжитын конвейерлермен /пластиналы конвейер, адымды конвейер, рельспен жүретiн арбалар/ құрастыру жұмысын конвейер тоқтағанда жүргiзедi;

4/ үздiксiз жүрiп тұратын конвейерде; конвейердiң жылдамдығы, құрастыру операпцияларының уақытымен тығыз байланысты.

Қозғалмайтын объектiлердi тасқынды құрастыруда, бiр линия бойына орналасқан тұрақты құрастыру стендiлерiн қолданады. Әрбiр жұмысшы немесе олардың бiр бригадасы өз жұмыстарын бiр стендiден екiншiсiне ауысып отырып iстейдi. Құрастырудың бұл түрiн сериялық өндiрiсте, өте ауыр және iрi объектiлердi құрастыруда қолданған абзал.

Қозғалу жылдамдықтары төменгi көрсетiлген мөлшерде алынады; 10-15 м/мин объектiлердi қолмен тасымалдауда; 20 м/мин-ке дейiн рольгангтермен; 30-40 м/мин механикалық тасымалдау жабдықтарымен; 15-20 м/мин периодты қимылды құрастыру конвейерiнде.

Үздiксiз қимылдағы конвейердiң жылдамдығы

Мұндағы, – жұмыс орнының ұзындығы, м;

– құрастырудың нақты қарқыны, мин/дана. Үздiксiз қимылдағы конвейердiң жылдамдығы 0,25-3,6 м/мин.

Тасқынды құрастырудың уақыт ұзақтығы

(7.54)

Мұндағы, – құрастыру линиясындағы жұмыс орындарының саны;

Құрастырудың нақты қарқыны

(7.55)

Мұндағы, ұ – нақты жылдың уақыт қоры, ұ = 4015 сағат, екi ауысымды жұмыс күнiнде;

– өнiмнiң жылдық шығару бағдарламасы, дана;

Жұмыс орнының саны құрастыру және бақылау операцияларының санына байланысты. Жұмыс орнының санын әрбiр операциядағы технологиялық әрекеттiң еңбексыймдылығына байланысты есептейдi. Құрастыру жұмыс орнының өнiмдiлiгi данамен;

(7.56)

Мұндағы, – өнiмдiлiкке қатысты жұмыс уақыты /сағ, ауысым/, мин;

– құрастыру жұмыс орнындағы жұмысшылардың саны;

– құрастыру операциясының даналық уақыты, мин;

Конвейерлi құрастыруларда даналық уақытқа объектi жылжыту /тасымалдау/ уақыты және жұмысшылардың бастапқы орнына қайтып келу уақыты кiредi. Тасқынды линиядағы орнының жұктелу коэффициентi

(7.57)

(7.58)

Тасқынды құрастыруға қойылатын техникалық талаптар:

– бұйымның құрылымы тасқынды өндiрiстiң технологиялық жағдайына қарай ұқыпты тексерiлуi қажет;

– тасқынды линияны өзара алмастыру бөлшектерімен үздiксiз қамтамасыз етiп отыру қажет;

– тасқынды линияда өңдеп-қиюластыру жұмыстары бар болса, онда олардың өту мерзiмi нақты қарқынмен ұқыпты келтiрiлуi қажет;

– егер алдыңғы шарт орындалмаса, онда ол жұмыстарды линиядан тыс құрастырып, содан кейiн дайын торапты, линиядағы құрастыру жүйесiне қосу керек.

Құрастыру кезiндегi ең маңызды операция – техникалық бақылау.

Бұйым элементтерiнiң өзара орналасуын, жиналған қосылыстарының сапасын, бөлшектердің дұрыс орнатылуын, бұйымның жалпы және бөлшектерiнiң массасын, айналмалы бөлшектердiң тепе-теңдiгiн және сол сияқты басқа да техникалық шарттардың орындалуын бақылайды.

Техникалық бақылау құралдары ретiнде әмбебап аспаптарды /өлшеуiштер, индикаторлар, күш өлшейтiн кiлттер, т.б./ арнайы бақылау, өлшеу жабдықтарын, қондырғыларды пайдаланады. Бақылауды аралық және бiржолата қабылдау деп бөледi.

Бiржолата қабылдауда жиналған бұйымды түгел тексередi.

Аралық бақылау /жалпы және iшiнара/ өте күрделi құрастыру операцияларын өткiзгеннен кейiн жүргiзiледi.

Құрастыру операцияларын жобалауда арнайы жүргiзiлетiн технологиялық есептемелер болады. Мысалы, тартылмалы қосылыстарды жүргiзуде престiң моделiн таңдау үшін престеу күшінiң шамасын есептеу керек.

(Н) (7.59)

Мұндағы, – престеудегi үйкелiс коэффициентi;

– қиюластыру беттерiндегi күш қысымы, (кгс/мм2), МПа;

– қосылыстың номиналды диаметрi, мм;

– отырғызу беттерiнiң ұзындығы, мм.

Үйкелiс коэффициентiнiң мәнi қиюластырылатын бөлшектердің материалдарына, өңделген беттердiң кедiр-бұдырлығына, майдың бар-жоғына және қиюластыратын беттердегi күш қысымына байланысты.

Болаттан жасалған бөлшектерді қиюластыруда /болат /майлау – машина майы/, сұрғылт шойындардан магнит алюминий қоспаларынан , жездер

Төлкенiң сыртықы диаметрi , мм; iшi бос бiлiк тесiгiнiң диаметрi , мм; отырғызудың тартылмасы , мм; төлке материалының көлбеу серпiмдiлiк модулi , кгс/мм2, сол сияқты бiлiктi - , кгс/мм2 болса, ондағы қосу қысымын мынадай формуламен есептейдi:

(7.61)

(7.62)

Мұндағы және – қапсырушы және қапсырылатын бөлшектер материалдарының Пуасcон коэффициентi /болаттар үшін = 0,3; шойындар үшін = 0,25/.

Қор коэффициентiнiң мәнiн К = 1,5-2,0 етiп алып, престеу күшінiң есептi мәнiне қарап, престiң моделiн таңдайды.

Престеуде қапсырушы бөлшектің сыртқы диаметрi үлкейедi, ал қапсырылатын бөлшектің iшкi диаметрi кемидi. Технологиялық үдерістi жобалауда мұндай өзгеру құбылыстарын ескеру керек.

Қапсырушы детальдың сыртқы диаметрiнiң үлкеюi /мкм/

(7.63)

Қапсырылатын бөлшектің iшкi диаметрiнiң кемуi:

(7.64)

Қиюластыруды жылу әсерiмен жүргiзуде бөлшектерді қыздыру температурасын, қыздыру және суытқу уақытын және басқа керектi мағлұматтарды бiлу керек.

Құрастыру үдерісiн жеңiлдету үшін диаметрдi не үлкейту не кемiту қажет.

(7.65)

Мұндағы, – берiлген қосылыстағы ең көп тартылма;

– қиылыстыратын бөлшектердің габаритi өлшемдерiне байланысты берiлетiн кепiлдi саңылау.

Қапсырушы бөлшектің қыздыру температурасын немесе қапсырылатын бөлшектің суыну температурасын /құрастыру алдындағы/ төменгi шарт бойынша есептейдi:

Осыдан,

(7.66

мұндағы l – бөлшек материалдарының кеңу немесе қысқару коэффициентi: мұның мәндерi 7.1-кестеде берiлген.

7.1-кесте

Қыздырғыш немесе суытқыш жабдықтардан бөлшектерді құрастыру позициясына тасымалдауда суу немесе қызу мүмкіндiктерi болады. Тасымалдау уақытының /t/ мәнiн алдына ала болжап, бөлшектердің құрастыру позициясына жеткенге дейiнгi температурасын есептеуге болады

(7.67)

Мұндағы, Т – қоршаған ортаның температурасы,

е = 2,7172 – натуралды логарифмнiң негiзi. Төлке тектес бөлшектер үшін

(7.68)

Мұндағы, және – төлке қабырғасының қалыңдығы мен ұзындығы, мм; төлке мен қоршаған орта арасындағы жылу беру коэффициентi, ккал

, болғанда , а- = 100-140 – қайнап тұрған суда қыздыруда, а = 50-70 – ыстық майда, а = 20-30 – электр пешiнде, а = 25 – спиртте, ацетонда, бензинде суытуда, а = 22 – сүйық азотта, а = 10-15 – қатты көмiр қышқылында.

С – төлке материалының өзiндiк жылу сыйымдылығы, ;

Р – төлке материалының тығыздығы, ; төлкенi сүйық және газ тәрiздi ортада температурасына дейiн қыздыруға немесе суытуға керектi уақыт

(7.69)

Мұндағы, – қыздырғыш немесе суытқыш ортаның температурасы /ваннада, пеште, шкафта/,

– бөлшектің бастапқы температурасы, Жылу беру коэффициентiнiң мәндерi:

= 50 – электр пiшiнде қыздыруда;

= 90 – майда қыздыруда;

= 800 – қайнап тұрған суда;

= 40 – қатты көмiрқышқылында суытуда;

= 700 – сұйық азотта суытуда.

Құрастыру процестерін ажырамайтын қосылыстарға арнап жобалауда, керектi қосылыстыру күштерiнiң мәндерiн есептеуге тура келедi.

Мысалы, ажырамайтын қосылысты тойтару әдiсiмен жасауда, керектi тойтарыс күшi суық күйiнде төменгi формуламен есептеледi:

(7.70)

Мұндағы, – шеген стерженiнiң диаметрi, мм;

– шеген материалының шектi берiктiгi, ;

– формалық коэффициент; шегеннiң басы сфера болса, жасырын басты шегенге – 26,2; жазық басты шегендерге – 15,2; құбыр тәрiздiге – 4,33.

Құрастыру процестерінiң нұсқаларын абсолютті көрсеткiштермен бағалайды: әр түрлi құрастыру операцияларының еңбексыйымдылығы мен өзiндiк құнын есептейді және бұларды құрастырудың барлық технологиялық үдерісi үшін де анықтайды.

Салыстырмал қосалқы көрсеткiштер ретiнде құрастыру жұмыс орнының жүктелу коэффициентiн, құрастыру линиясының жүктелу коэффициентiн есептейдi: құрастыру үдерісiнiң еңбексыйымдылығы коэффициентiн анықтайды

(7.71)

Мұндағы, – құрастыру үдерісiнiң еңбексыйымдылығы;

– бұйымның барлық бөлщектерінің еңбексыйымдылығы;

Бұл коэффициент бұйымды өңдiрудiң барлық үдерісiн сипаттайды. Мәнi неғұрлым аз болса, бұйымның бөлшектері соғұрлым үйлесiмдi жасалып, құрылымы жетiк болғаны;

Өндiрiстiк кооперациялау процестерінiң дамуымен бұл коэффициенттiң мәнi түсiп қалады; сондықтан мұның орнына құрастырудың өзiндiк құн коэффициентiн анықтайды:

(7.72)

Мұндағы, – құрастыру үдерісiнiң өзiндiк құны, – бұйымның жалпы өзiндiк құны.

Бұл коэффициент экономикалық тұрғыда құрастыру үдерісiнiң барлық өндiрiс үдерісi iшiндегi орнын мейлiншi кеңiрек және сенiмдi түрде айқындайды.

Құрастыру үдерісiнiң техникалық және экономикалық көрсеткiштерiн жақсарту үшін төмендегiдей технологиялық шаралар қолданылады:

– мейлiнше қолмен атқаратын жұмыстарды механикаландыруға тырысу;

– құрастыру және бақылау қондырғыларын кең пайдалану;

– өңдiрiстiң технологиялық тұрғыда жүрмей, тоқтап қалуынан сақтану.

Құрастыру үдерісiнiң технологиялық құжаттары арнайы мемлекеттiк стандарттарда көрсетiледi; олардың құрамына кiретiндер:

– құрастырудың бағдарлық картасы;

– операциялық карталар;

– технологиялық нұсқаулар;

– құрылымның жұмыс сызбалары;

– технологиялық сызбалар.

Құрастырудың бағдарлық картасында бұйымды құрастыру процестерінiң мазмұны, бiрiздiлiгi, қолданылатын құрал-саймандар, қажеттi материалдық және еңбек шығындары көрсетiледi. Мұндай бағдарлық карталар кiшiгiрiм және сериялы өндiрiстерде қолданылады.

Операциялық карталарда құрастырудағы пайдаланылатын барлық операциялардың әрекет-қимылдары, олардың жүргiзу режимдерi /қажеттi престеу күшi, қыздыру-суыту мөлшерi/ және керектi технологиялық құрылғылар жайындағы мәлiметтер болулары тиiс. Операциялық карталар сериялық және жаппай мол өндiрiстерде қолданылады. Бағдарлық және операциялық карталар бұйымның кешендi құжаты болып табылады.

Технологиялық нұсқауларда күрделi құрастыру операцияларының жүргiзу әдiстерi, қимылдары, әрекеттерi, бұйымды пайдалану кезiндегi керектi сiлтемелер, құрастыруда туатын физикалық және химиялық құбылыстардың ерекшелiктерi берiледi.

Технологиялық сызбалар көкейтестi құрастыру үдерісiнiң кiлтi ретiнде соларды жан-жақты, бiрiздi және қатесiз құру үшін қолданылады. Технологиялық сызбалар жалпы және тораптық сызбаларға бөлiнедi.

8-ТАРАУ. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРДI ГРАФТАР ТЕОРИЯСЫН ҚОЛДАНЫП ЕСЕПТЕУ