Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

8.5 Диаметрлiк технологиялық өлшемдердi есептеу

Айналмалы беттердiң геометриялық құрылымдары

мен олардыңграфтары

Айналмалы беттердiң екi түрлi құрылымдары кездеседi: бiрiншi құрылымы тек айналмалы беттерден, екiншi аралас беттерден құралады. Құрылымдағы әрбiр айналмалы беттiң базалар арқылы орналасуы радиустармен, бұрыштық және линиялық координаттармен анықталады. Бұл координаттар құрылымдағы өсаралық геометриялық байланыстар болғандықтан, оларды қысқаша өсаралық байланыстар деп атайды. Сызбаларда қойылған өсаралық байланыстардың мәндерi өсаралық өлшемдер болып табылады. Технологиялық базалар арқылы алынған өсаралық байланыстарды технологиялық байланыстар деп атайды. Айналмалы беттердiң жалпы бiр осi болса, оларды номиналды бiр өстi беттерге жатқызады. Бұл жағдайда өсаралық қашықтықтардың номиналдары нөлге тең болады.

Дегенмен, бұл нөлдiк қашықтықтар басқалары сияқты, өсаралық байланыстарға жатады.

Құрылым графтары

Айналмалы беттердiң геометриялық құрылымдарын граф-теректермен бейнелеу үшін оның төбелерi ретiнде айналмалы беттердiң өстерiн, ал қабырғалары ретiнде технологиялық өсаралық байланыстарды алады. Номиналды бiрөстi құрылымдағы нөлдiк байланыстарда граф-теректiң қабырғасы болады. Теректер өсаралық конструкторлық өлшемдермен және беттердiң өстерiнiң ара қашықтығымен /әдiппен/ түйықталады.

Мұндай беттер ретiнде /8.3-суреттi қара//-1/ -өңделуге дейiнгi бет және i-өңделген бет болады.

Айналмалы беттердiң құрылымына мысал 39.2-39.7-суреттерде көрсетiлген. 39.2-39.4-суреттерде өстерге перпендикуляр тiкелей айналмалы беттер берiлген. Мұнда айналмалы беттер штрихтi кезектi нөмiрлермен белгiленген. 8.8-8.11- суреттерде аралас құрылымды схемалар цифрлармен белгiленген.

8.16-сурет. әдiптiң орналасу сызбасы.

8.17-сурет. Детальдің эскизі.

Теректер құрылымын /8.7,б және 39.8-сурет/ жалпы ережелерге сүйенiп құрады. Теректiң төбесi, қабырғалары ретiнде технологиялық базадан тартылған операциялық өлшемдер алынады.

8.18-сурет. Операциялық эскиздер.

8.19-сурет. Айналмалы беттердің құрылымының графы және беттердің кешенді сызбасы

8.20-сурет. Бөлшектің эскизі

Терктi құруда оның тұбiрi ретiнде 6-бетi алынған; ол механикалық өңдеудегi бастапқы база болған бет. Дайындаманы бiр рет орнатып, бiрнеше беттердi өңдеуге болатын операцияларда графтың қабырғалары ретiнде станок шпинделiнiң айналу осi де алынады. Бұл төбелердi “О” белгiсiмен белгiлейдi. Сонан кейiн технологиялық процестер бойынша алынған технологиялық граф-теректер құрылымын түйықтаушы буындармен түйықтау арқылы кешендi граф-терек құрылымына келемiз: ондағы өлшем тiзбектерiнiң құраушы буындары ретiнде технологиялық өсаралық байланыстар, ал түйықтаушы буыны ретiнде конструкторлық өлшемдер мен әдiптер болады. өлшем тiзбектерiнiң саны граф-теректегi қабырғалар санына тең болуы тиiс.

8.21-сурет. Операциялық эскиздер

8.22-сурет. Беттердің кешенді сызбасы

8.23-сурет.Құрылым графтары:

а – х өсі; б – у өсі бойынша;

Өсаралық өлшемдi -өлшемдiк тiзбектердi есептеу

Аралас құрылымды өлшемдiк тiзбектер, скалярлық және векторлық ауытқуы бар буындардан тұрады. Векторлық ауытқуы бар буындарға номиналды-бiрөстi құрылымдағы өсаралық қашықтықтар жатады; скалярлық ауытқуға өлшем тiзбектерiнiң кәдiмгi параметрлерi жатады.

Векторлы ауытқуы бар буындар үшін өлшем тiзбектерiнiң параметрлерi болып төменгi мәндер кiредi:

Номиналь

Шек алқыбы координатасының ортасы.

Орта өлшем

Ауытқу

Мұндағы е -өстiң ауытқу мәнi немесе эксцентриситет.

Аралас құрылымды граф-теректе векторлық ауытқуы бар буындар “еңәрпiмен белгiленген /39.8-суреттi қара/.

Ауытқуды есептеу

Тек векторлық аутқуы бар буындардан тұратын өлшемдiк тiзбектерде тұйықтаушы эксцентриситет мәнiн төменгi формуламен iздейдi.

Максимум-минимум әдiсiмен есептеуде:

ықтималдау тәсiлiмен есептеуде:

(8.18)

мұндағы -қатынасты шашыраудың келтiру коэффициентi.

Есептеудiң жеңiлдетiлген вариантында

(8.19)

тең болғандағы өе -мәндерiн төменгi кестеден алуға болады.

,ө мәндерi

Аралас өлшемдiк тiзбектердегi ауытқуды есептеу

Тұйықтаушы буынның ауытқуы Х және У өстерi бойындағы скалярлық ауытқудан және қосынды векторлық ауытқудан /е/ құралады.

Есептеу формулалары

Максимум-минимум әдiсiмен есептеуде:

немесе

(8.20)

мұндағы және У өстерi бойындағы скалярлық ауытқудың мәндерi;

-эксцентриситет мәндерi;

-скалярлық ауытқудағы буындардың саны;

Ч - векторлы ауытқудағы буындардың саны.

Ықтималды әдiсiмен есептеуде

(8.21)

есептiң жеңiлдетiлген вариантында

(8.22)

Орта өлшемдердi қосу әдiстерi

Векторлық ауытқудағы өлшем тiзбектерi үшін А=0.

Аралас өлшем тiзбектерi үшін қосуды төменгi формуламен есептейдi.

(8.23)

Беттердi бiрыңғайлап соңына дейiн нөмiрлегенде теректiң кейбiр қабырғаларының нөмiрлерiнiң бiрiздiлiгi координаттар өстерiнiң бағыттарамен сәкес келмей қалады. Буындарға жалпы ереже бойынша бағыт тағайындауда бұл терiс буынның бағытын керi ауыстыру қажет болады.

Диаметрлiк өлшемдердi есептеу тәсiлдерi

Технологиялық процесс комлпекстi схема және граф-теректер негiзiнде /39.2-39.8-суреттердi қара/, технологиялық өлшемдер тiзбектерi үйқас анықталады да, олардыңтехнологиялық өсаралық өлшемдерiне жобалау есептерi жүргiзiле бередi. Алдымен ауытқу мәндерi және шектер, одан кейiн өсаралық өлшемдердiң орта мәндерi есептеледi. Номиналды бiрөстi құрылымдарда тек эксцентриситеттердiң мәндерi есептеледi: өйткенi орта өлшемдердiң мәндерi нөлге тең.

Есептеменiң келесi сатысында қарама-қарсы өлшемдердiң шектерi және төменгi, жоғарғы ауытқуы анықталады.

Төменде номиналды-бiрөстi құрылымды есептеудiң мысалы берiлген /39.2-39.4 суреттерi/. Есептеменiң нәтижелерi 39.1-кестеде түсірiледi. Ең алдымен кестеге диаметрлер және конструкторлық өлшемдердiң параметрлерi түсірiледi/1,2,3,9,10-графалары/. Диаметрлердiң белгiлерi беттердiң нөмiрлерiмен сәйкес.

Эксцентриситеттердi есептеу

Егер өлшем тiзбектерiнде түйықтаушы буынның ауытқуы онша шектелмесе, онда эксцентриситеттердiң мәндерi дайындама алудағы және өңдеу кезiндегi ауытқудың технологиялық мәндерiне шамалас болады.

Дайындамалар жасауда ауытқудың пайда болуына төмендегiдей себептер болады.

Штапмпты және қалыптарды жасаудағы ауытқу олардыңбөлшектерiнiң өзара жылжуы /ұстiнiң және астының, қалып және стерженьнiң/, ұрып тесiлген тесiктердiң қателiктерi, прокатқалаудағы құбырлар қабырғаларының ауытқуы және т.б.

Механикалық өңдеуде - орнату ауытқуы, даярлау ауытқуы, серпiмдi қатынастардан туатын ауытқу және т.б.

Эксцентриситеттiң мәнi

/39.8/

мұндағы - дәлдеу коэффициентi, 0,05-ке тең;

-әдiп эксцентриситетi.

Мысалы, 9-бетiн өңдеуде /1-операция/ әдiп эксцентриситетi

/36.9/

бұл эксцентриситеттiң мәндерi төмендегiдей болады десек,

мм-дайындама беттерi осiнiң алшақтауы.

мм -1-операциядағы патронның радиальды ұруының жартысы.

9-бетiн жонудағы өстiк алшақтауы 0,6 мм болады. Егер өлшем тiзбектерiндегi түйықтаушы буынның ауытқуы қатаң шекте болса, онда оның мәнi құраушы буындарға бөлу арқылы /36.2-36.4/ формулаларымен жүргiзiледi.

Мысалы, А4,9 түйықтаушы буынымен түйықталған өлшем тiзбегiнде

´е анықтауда нөлдiк беттердi санамайды.

Сызба шарты бойынша ө /есептеу бойынша/, сондықтан мм және мм болады.

Осындай жолмен басқа беттердiң эксцентриситеттерi бiрiздiлiкпен есептеле бередi.

39.4-суретте эксцентриситеттердiң мәндерi граф-теректiң қабырғаларының жанына қойылған.

Әдiптердiң эксцентриситеттерiн есептеу

Әдiптiң эксцентриситеттi өлшем тiзбегiнiң түйықтаушы буыны болады. Оның мәнi /36.1/ формуласымен есептеледi, оның iшiнде жеңiлдетiлген /36.3/ формуласымен

мәндерi граф-теректегi қабырғалардың жанына және 36.1-кестеге түсірiледi.

Технологиялық диаметрлiк өлшемдердiң шектерiн

және жоғарғы, төменгi ауытқуды есептеу

Құйма және штампталған дайындамалар өлшемдерiнiң шектерi және шектi ауытқуы мемлекеттiк стандарттармен белгiленген.

Қалған технологиялық өлшемдерге экономикалық тұрғыда негiзделген шек қойылды.

Номинал және минималь әдiптердi анықтау

Номиналды әдiп /38.11/ формуласымен есептеледi. Минималь әдiп /38.7-суреттi қара.

(8.26)

Егер әдiп шек алқабына қарай ығысса, онда

(8.27)

миниамль әдiптi есептеу мысалы.

және мәндерi 39.1-кестенiң 4,5,6 -графаларына түсірiледi. Мысалы, минималь әдiп ,5// беттi ажарлаудағы диаметрiнiң жолына түсірiледi.

Диаметрлердi есептеу

Суреттегi өлшем тiзбектерi негiзiнде диаметрлердiң жоғарғы мәндерiн, тесiктердiң төменгi мәндерiн есептеп шығаруға болады.

ZM-ге арналған өлшем тiзбегiнiң теңдеуi:

/39.12/ осындай теңдеудi тесiктер үшін де құруға болады.

Осы теңдеулердi шешу арқылы диаметрлер есептеуге керектi формулалар табылады.

Бiлiктер үшін

(8.29)

Тесiктер үшін

(8.30)

Диаметрлердi есептеуде ең соңғы операциядан бастайды. Есептеу нәтижелерiн 36.1-кестенiң 2-графасына түсіредi.

Номиналды өлшемдердi анықтау

Механикалық өңдеу кезiнде номиналды өлшемдер ретiнде төмендегi мынадай өлшемдер; бiлiктiң жоғарғы диаметрлерi, тесiктiң төменгi диаметрлерi және дайындамалардың номиналды диаметрлерiнiң мемлекеттiк стандарттардағы мәндерi алынады.

Максималь әдiптi есептеу

39.1-сурет бойынша максималь әдiптiң мәнiн өлшем тiзбегiнiң төменгi теңдеуiмен есептеймiз.

(8.31)

Осы теңдеудi минималь әдiптiң теңдеуiмен қоса шешсек, алатынымыз:

(8.32)

Цементтелген қабаттың тереңдiгiн есептеу

Сызба шарты бойынша цементтеу тереңдiгi 0,3 0,8 мм.

Цементтеу қабатының орналасуына қарай төменгi өлшем тiзбегiн құруға болады.

(8.33)

осыдан

Цементтеу тереңдiгiнiң шегi өте қатаң болып шықты. Сондықтан жасаудағы технологиялық байланыстардың шектерiн қатаңдау немесе сызбадағы конструкторлық талаптарды қайта құрастыру керек.

9 – тарау. Машиналарды құрастыру

Машиналарды құрастыру процесінің технологиялары, алдын ала құрылымдалған базалық беттер арқылы әр түрлі детальдар мен құрылым бірліктерін жинап құрастыруға арналған құрастыру операциялары мен әрекеттерінің жиынтығынан тұрады.

Бұйым сапасын қамтамасыз ету үшін, құрастыру теориясында қолданылатын дәлдікке жетудің бес тәсілін пайдаланады.

Осыған орай құрастыру процесінің барысында жүргізілетін технологиялық әрекеттер, детальдарды және құрылым бірліктерін, өлшемдеріне қарай сұрыптау, реттеу, келтіру, қиюластыру сияқты жұмыстармен байланысты болады.

Құрастыру процесінің технологиясына бұлардан басқа да, детальдар мен құрылым біріліктерінің қозғалысының және өзара орналасу дәлдіктерін тексеру, әрекеттері мен қоса алуан - түрлі құрылғылар мен механизмдердің жұмыстарына тексеру жатады.

Құрастыру процесі барысында аталған әрекеттерге қосымша кейбір детальдарды тазалау және жуу, қосымша әрлеу әрекеттері, құрылым бірліктерін сырлау және кейбір детальдарды консервациялау кіреді.

Құрастыру процесінің соңы даяр бұйымды, машиналарды консервациялаумен аяқталады.