Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

Сурет 9.3 Шестернялы сорғыштың құрастыру схемасы

Схемада кез келген құрылым бірлігінің қалыптасуы өзінің базалық деталынан басталады да, вертикальды сызықпен өзіне сәйкес деңгейге түсіріледі – комплектке, торапшаға, торапқа немесе бұйымға. Одан кейін бұл деңгейге қондырылатын детальдар түсіріледі. Бұл детальдар базалық детальдардан кейін жүреді. Сөйтіп, алынған құрылым бірлігі квадратқа түсіп, нөмірленеді, мысалы, 1, 2,...4 комплекттер.

Одан да күрделі құрылым бірліктерінің қалыптасуы осы баяндалған тәртіппен жүреді.

Мысалы, 9.2 суретінде көрсетілгендей 1 торапша 1, 2 комплектісінен үш дара 11, 10, 17 нөмірлі детальдарынан тұрады.

Қажетті ішінара даралау жұмыстары да осындай бірізділікпен жүргізіледі.

9.2 суретте көрсетілген сорғыштың құрастыру схемасында 1қорабы мен 2 қақпағына 5 мойынтірегінің төлкесін престеп орнатады. Кейіннен 1 және 2 комплекті пайда болады. Одан кейін қақпақты (комплект 2) қорапқа (комплект 1) орнатады да, 11 төселмесін алдын ала қойып, 10 бұрамаларымен бекітіп қояды. Қақпақтың қорапқа мұқият орналасуын екі 17 нөмірлі штифтермен реттейді. Жиналған 1 торапшаны станокқа орнатып қораппен қақпақтың мойынтірек отыратын тесігін кеулеп жонады.

Тесікті кеулеп жонғанғаннан кейін 1 торапшаны ішінара даралап, 10 бекіту бұрамасын және 11 төселмесін шығарады, ал жинақталған қақпақ жоғары көтеріліп, 2 комплект деңгейіне жетеді. Осының бәрі схемада көрнекті бейнеленген.

Өз алдына - қорап (комплект 1) торапқа насостың базалық деталы ретінде кіреді де, оған басқалай біліктер шестернялар т.с.с. лар орнатыла береді.

Монтаждаудың соңына қарай қақпақты (комплеті 2 ) қорапқа қайтарады да, оларды 11,10 бекітпе детальдарымен қысып қояды.

Соңына қарай қорапқа 14, 13,16, 15,11, 10 детальдары монтаждалады.

Құрастыру схемаларын құруда, ондағы құрылым бірліктері мен детальдардың монтаждалу бірізділігінің дұрыс бейнеленгенін тексеріп отыру қажет.

Құрастыру схемаларын бейнелеуді, тағыда басқалай әдістермен жүргізуге болады. Мұндай әдіс 9.4 суретінде бейнеленген.

Мысал ретінде сырғанау мойынтірегін құрастыру схемасы көрсетілген. Бұл әдіс бойынша құрастыру схемасы тораптың базалық деталынан басталады, ол мойынтіректің табаны.

Детальдар мен құрылым бірліктерін тіктөртбұрышты сызбаны үш бөлікке бөліп, оның үстіңгі бөлігіне аттарын, астыңғы бөліктеріне олардың сызбадағы нөмірлерін және сандарын түсіреді.

Құрастыру базалық деталь орналасқан тіктөртбұрыштың ортасынан басталып, құрастыру линиясымен жалғастырылады.

Құрастыру линиясының үстіңгі бетіне торапқа немесе бұйымға кіретін дара детальдар орналасады да, ал астыңғы бетіне торапша, тораптар орналастырылады.

Егер құрастыру құрылым бірлігіне жатса, олда базалық детальдан басталады.

Базалық детальдан басталған сызық құрастырылған бұйыммен аяқталады.

Құрастыру схемасы негізінде қажетті технологиялық құжаттар әзірленеді; оларға маршруттық және операциялық карталар жатады.

Өндірісте операциялық карталарды өндірісті технологиялық даярлаудың біртекті жүйесіне сәйкес етіп құрады.

Құрастырудың операциялық картасының мысалы 9.5 суретінде берілген.

Операциялық картада, құрастырудың мазмұны, технологиялық әрекеттердің жүру бірізділігі, қолданылатын құрал жабдық, қондырғылар, аспаптар және технологиялық режимдер беріледі.

Картада жұмыс разряды, технологиялық әрекеттерді жүргізудің даналық уақыттары көрсетіледі. Даналық уақыттардың қосындысы құрастырудың толық еңбексыйымдылығын көрсетеді.

Қораппен сырғанау мойынтірегінің құрастыру схемасы

МЕСТ 11607-75

1-Мойынтіректің қорабы, 2- төменгі төселме, 3- штифт, 4- шпилька, 5- төселме, 9- серіппелі шайба, 10- гайка, 15- майлық қақпақ, құрылым 1- мойынтірек.

6- мойынтірек қақпағы, 1- төменгі төселме, 8- штуцер, 1 құрылым 6- үстіңгі қақпақ. 1 құрылым 11- майқұйғыш. 11- майқұйғыш қорабы. 2 құрылым 12- стакан. 12- стакан, 13- шарик, 14- пружина престеу

Кішігірім сериялы өнідіріске арналған схема

9.4-сурет. Сырғанау мойынтірегінің құрастыру схемасы

1 СҚАД – станок, қондырғы, аспап,дайындама.

1 ´ТДБЖ - өндiрiстi техникалыєқ даярлаудың бiртектi ж¾йесi.

261