Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

5.2. Бұйым құрылымының технологиялылығын сандық бағалау

Бұйымның құрылымының технологиялылығын сандық бағалаулар арқылы тұжырымдайтын дәлелдi тәсiлдердiң жоқтығынан машина жасаушылар қауымы тек сапалық сипаттамалармен шектелiп келдi. Бұйымды жобалайтын құрастырушыларға көбiне өңдеу және бұйымды құрастыру кезiндегi керектi жалпы кепiлдемелердiң шарттары ұсынылатын.

Бұйымдардың өңдеу тәсiлiне, құрастыру жолына, жөндеуге сәйкес құрылымдарға қойылатын бiрыңғайландырылған, белгiлi бiр жүйеге түсiрiлген шарттардың керектiгi даусыз.

Сөйтiп, бүгiнгi қолымызда бар жалпы кепiлдемелер алуан түрлi құрылымдардың бiрiмен бiрiн санды бағалаулармен дәл және объективтi түрде салыстыруға мүмкiндiк бермейдi. Сондықтан оқулықтың осы бөлiмiнде технологиялылықтың сандық бағалау тәсiлдерi ұсынылып отыр. Тәсiлдiң негiзiнде мемлекеттiк стандарттардағы / МЕМСТ 14.201-83, МЕМСТ 18831-83/ баяндалған принциптер мен шарттар жатыр.

5.3. Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi

Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерiн талғап алуға әсер ететiн факторлар ретiнде бұйымның қызметiн, шығару көлемiн, өндiрiсiнiң типiн және өндiрiстiк, пайдалану, жөңдеу жағдайларын бiледi. Сондықтан абсолюттi көрсеткiштер құрамы әр бұйымға әр түрлi болады.

Құрылымдардың технологиялылығын жасауда оның абсолюттi көрсеткiштерi ретiнде еңбексыйымдылығы және технологиялылық өзiндiк құнды алады /МЕМСТ 14.202-83/.

Бұйымды жасауға кеткен қосынды шығындардың норма-сағатпен көрсетiлуiн сол бұйымның еңбек сыйымдылығы деп атайды.

(5.1)

мұндағы, Тi – бұйымның iс-құрама бөлiмiнiң, сынау және жасау еңбексыйымдылығы, норма-сағат.

(5.2)

Мұндағы,

-құрастыру бiрлiгiнiң еңбексыйымдылығы;

-бөлшектің жасау еңбексыйымдылығы;

-құрама бiрлiгiнiң саны;

-бөлшектердің саны;

– бұйымның жалпы құрастырылуының еңбексыйымдылығы;

– сынаудың еңбек сыйымдылығы.

Бұйымның өзiндiк құнын есептеудiң екi жолы болады. Оның толық есептеу амалдарын кейiнгi тарауда көрсетемiз.

5.3.1. Құрастырудың еңбексыйымдылығы

Жобалау тәсiлiне және бастапқы мағлұматтардың толықтығына қарай құрастырудағы, еңбексыйымдылығы неше түрлi әдiстермен есептеледi.

1. Құрастыру технологиялық үдерістерiн белгiлi шығару бағдарламасына арнап жобалауда оны құрастыруға жұмсалатын еңбектi сол үдерістiң өзiне нақты нормалау арқылы табады.

Жаппай өндiрiс үшiн:

(5.3)

Сериалы өндiрiс үшiн:

(5.4)

Мұндағы, және -торабындағы -құрастыру операциясына кететiн даналық және даналық-колькуляциялық уақыт; тораптар саны; – құрастыру операцияларының саны.

Машина жасау практикасында бұл уақытты слесарьлық және құрастыру iстерiне жұмсайды. Олардың мәндерiн өндiрiстiң типiне қарай жалпы машина жасау нормативтерiнен алады.

2. Келтiрiлген бағдарламамен жобалауда, тұрақты бiр бұйымның еңбексыйымдылығын құрастыру операцияларын нормалау арқылы есептейдi. Содан кейiн керектi х бұйымының еңбексыйымдылығын келтiру коэффициентiне көбейтедi:

(5.5)

Мұндағы және – тұрақты және бұйымдарының еңбексыйымдылығы; – жалпы келтiру коэффициентi.

  1. Жаңғыртуға жататын цехтарды жобалауда және жобалау объектiсi игерiлген бұйым болғанда, құрастырудағы еңбексыйымдылығын зауыт мағлұматтарын пайдалана отырып есптеуге болады. Бiрақ жобаланатын өндiрiстегi норманы артық орындау технологиясына жаңа техникалар, механикаландыру, автоматтандыру құралдарын ендiру шарттарын ескеру керек. Сөйтiп жобадағы құрастырудағы еңбексыйымдылығы төмендегi формуламен есептеледi:

(5.6)

Мұндағы

– зауыттағы құрастырудың еңбексыйымдылығы;

– орташа норманы артық орындау коффициентi;

– жобаланатын үдерістегi жаңа техника, технология, құралдар өндiру арқылы норманы қысқартуға болатынын ескеретiн коффициент.

4. Жалпылама болжау жобаларында бұйымды құрастырудың еңбексыйымдылығын төмендегi екi әдiспен табады:

1) 1,0 т бұйымды құрастырудың еңбексыйымдылық көрсеткiштерi арқылы;

2) Зауыттарда немесе жобалау үйымдарында белгiлi күрделi машина бөлшектерін механикалық өңдеудiң еңбексыйымдылық мәндерiн пайдалану арқылы.

Бұлардың мәнi 5.1-кестеде берiлген. Бұйымдардың жалпы құрастырудағы еңбексыйымдылығын слесарьлық-қиюластыру, тораптық және құрастыру еңбексыйымдылығы деп бөледi. Болжама есептер үшiн бұл мағлұматтар 5.2-кестеде келтiрiлген.

5.1-кесте