Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

6.1. Бөлшекке қойылған дәлдiкке жету тәсiлдерi

Машиналардың құрылымдарын жобаларда құрастырушы олардың бөлшектерінің өлшемiн, пiшiнiн және беттерiнiң өзара орналасуын көрсетумен қатар, әрбiр өлшемiнiң тек мәндерiн белгiлеп, оларды механикалық өңдеудi талап етедi. Бөлшектің пiшiн мен беттерiнiң өзара орналасуының ауытқу мөлшерi көрсетiледi.

Жұмыс сызбасында қойылған шектердi құрастырушылық шектер деп атайды; олардың мәнi құрылым бiрлiгiндегi бөлшектің қызмет iстеуiне байланысты. Бөлшекті неше түрлi тәсiлдермен өңдеу арқылы олардың нақты өлшемiнiң және беттерiнiң өзара орналасуының мәндерiн алады; бұл басқаша айтқанда, бөлшекке керектi геометриялық көрсеткiштердi /параметрлердi/ технология арқылы қамтамасыз ету болып табылады. Тексерiлетiн геометриялық көрсеткiштердiң нақты мәнi мен оңтайлы мәнiнiң айырмасын ауытқу деп атайды. Ауытқулар шығарған бұйымдарды сақтағанда, тасығанда және пайдаланғанда сезiлуi мүмкін; мұның себептерi ретiнде сыртқы ортаның әсерiн, материалдардағы iшкi - қалдық тартылыстардың релаксацияларын, т.б. көрсетуге болады.

Машина жасау технологиясында дәлдiк деп сол бұйымның дәлдiк көрсеткiштерiнiң нақты мәндерiнiң оңтайлы мәнiне жуықтауын айтады. Дәлдiк – жан-жақты, кешендi ұғым. Ол тек геометриялық көрсеткiштердi ғана сипаттап қоймай, бұйымдардың басқа да қасиеттерiн қамтиды; мысалы, материал қасиеттерiнiң дәлдiгi, машинаның сапа көрсеткiштерiнiң дәлдiгi және өндiрiсте қолданылатын технологиялық процестердің дәлдiгi, т.б.

Бөлшектер өлшемiнiң дәлдiгi екi мемлекеттiк стандартпен белгiленген /МЕМСТ 25347-82 және МЕМСТ 25378-82/; бұлар бойынша дәлдiктiң 19 квалитетi болады, олардың машина жасау практикасында кең қолданылып жүргенi 4 квалитеттен 17-ге дейiнгiсi.

Бөлшек пiшiнiнiң ауытқулары түзу сызықты, жазықтықты, дөңгелек, цилиндрлi еместiктерден тұрады.

Беттердiң өзара орналасуының ауытқулары беттердiң параллельдi, перпендикулярлы еместiктерiнен, олардың бет кесiндiлерiнiң симметриясыздығынан, т.б. тұрады.

Пiшiндер мен беттердiң өзара орналасуы шектерiнiң сандық мәнi екi мемлекеттiк стандартпен белгiленген /МЕМСТ 24642-81 және МЕМСТ 24643-81/.

Бөлшектің берiлген дәлдiгiн қамтамасыз ету, олардың өндiрiс типiне байланысты.

Кiшiгiрiм өндiрiс жағдайында өңдеу әрекетiнiң дәлдiгiн байқап, iстеп көру тәсiлiмен жеткiзедi. Бұл тәсiлде бөлшекті станоктың қондырғысына дұрыстап, дәлдеп орнатып алады да, одан кейiн станокты іске қосады; өңделетiн бетке абайлап аспап қондырғысын тақайды да, оны белгiлi бiр кесу тереңдiгiне икемдеп алып, дайындаманы байқау қимылымен жона бастайды; беттi жонып болған соң, станокты тоқтатып, өлшемдi тексередi; егер СҚАБ жүйесi бабына келмесе, барлық керектi технологиялық әрекеттердi қайталайды. Бұл тәсiл өте еңбектi қажет етедi, бiрақ iрi габариттi бөлшектерді өңдеуде орынды.

Бiрлi-жарым, кiшiгiрiм және сериялы өндiрiстерде лимбiлердi пайдаланып өңдеу тәсiлдерiн қолданады; бұл тәсiлде дайындаманы станокқа дұрыстап, дәлдеп орнатып алып, аспаппен байқау қимылын жасайды; одан кейiн өңдеудi станоктың лимбiсiн пайдаланып, жүргiзе бередi.

Машина жасау технологиясында көрсетiлген тәсiлдердi, өлшемдердi еркiн алу жүйелерi дейдi /ӨЕАЖ/.

Сериялы, жоғары сериялы және жаппай өндiрiс жағдайында өлшемдердi автоматты алу жүйелерi /ӨААЖ/ қолданылады. Мұнда алдын ала технологиялық жабдықтарды, аспаптарды, станоктарды өлшеп алу үшін реттеп қояды. Кескiш аспаппен өңделетiн беттiң арақашықтығын келтiру өлшемi дейдi; сол келтiру өлшемiнде аспап алдын ала даяр тұруы керек.

Даярлау дегенiмiз – барлық технологиялық жабдықтарды берiлген операцияны орындауға әзiрлеу. Даяр жабдықтарға дайындаманы бекiтiп, одан кейiн өңдеудi тұрақты бiр жұмыс қимылымен өткiзедi.

Бұл тәсiл жоғары өнiмдi, бiрақ керегiнше алдын ала қамтамасыз етудi тiлейдi; өңделетiн дайындаманың құрам қасиеттерi тұрақты болуы, өлшемдерi мен пiшiндерi дәл, арнайы технологиялық жабдықтар, сапалы құрал-саймандар қажет. Бұл тәсiлде өңдеудi төмендегiдей әдiстермен өткiзедi: көшіргіқағазбен (копирка) және арнайы бағдарламамен /өңдеу орталықтарың саңды бағдарламамен басқарылатын станоктар/.

Дайындама өңдеу үдерісi кезiнде бiрнеше технологиялық операциялардан өтедi. Әрбiр өңдеу түрiнiң өзiне меншiктi, өзi қамтамасыз ете алатын үнемдi дәлдiгi болады. Бiр қалыпты өтiп жатқан үдерістерге арнап орталау экономикалық дәлдiктi есептейдi, бұл әрине мүмкін болатын технологиялық дәлдiктiң мәнiнен төмендеу болады.

Егер өңдеу ауытқуы қойылған шектен шығып кетсе, онда жүрiп жатқан технологиялық процестердің параметрiн келтiру арқылы оларды бастапқы бабына түсiрiп отыру қажет; ол үшін үдерістiң қандай параметрi басым екенiн анықтап, оның мәнiн, технологиялық процестердің келтiру шекараларын есептеу қажет.

Технологиялық операциялар мен процестердің дәлдiгi мен тұрақтылығын зауыт өз күштерiмен анықтап, оларды дәйектi бабында ұстап тұру үшін жоспарлы техникалық және экономикалық шараларын жасап тұрады.