- •1.1 Машина жасау технологиясы негiздерiнiң даму жолына
- •1.2 Машина жасау технологиясы негiздерiнiң тақырыбы
- •1.3 Металдарды әдіп сылу әдісімен өңдеу
- •Техниканың даму тарихы
- •1.4 Кесіп өңдеу үрдісінің балама әдістері
- •1.5 Машина жасау саласында дайындамадама алу әдістері
- •1.5.1. Дайындамаларды құю әдісімен алу
- •Құйма дайындамаларын алу тәсілдерінің қолдану аймақтары
- •1.5.2 Соқпа және қалыпталған дайындамалар
- •1.5.3. Дайындамаларды илемдеу әдісімен алу
- •2.1 Өндiрiстiк бұйымдардың сапасы ұғымы
- •2.2 Сапа көрсеткiштерi
- •Өнiмнiң сапасын басқару арқылы шешiлетiн күрделi мәселелер
- •2.3 Сапаны қамтамасыз ету шаралары
- •2.4 Өнiм сапасын басқару жүйелерi
- •3.1 Бұйым және оның элементтерi ұғымы
- •3.1.1. Бұйымның элементтерi
- •3.2 Машина жасаудағы өндiрiстiк және технологиялық үдерістер
- •3.2.1. Технологиялық операцияның элементтерi /мемст 3.1109-82/
- •Машина жасаудағы технологиялық үдерістiң түрлерi
- •3.3. Машина жасау өндiрiсiнiң түрлерi мен типтерi
- •3.4. Машина жасау зауыттарының цехтары мен қосалқы қызмет атқаратын бөлiмдерiнiң өндiрiстiк құрылымы
- •4.1. Жалпы ұғымдар мен анықтамалар
- •4.1.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерi
- •4.2. Беттер сапасының физикалық-механикалық көрсеткiштерi
- •4.2 Сурет. Болат бөлшекті өңдеуден кейiнгi беттiң қатпарында мығымдаумен пайда болған микроқаттылықтың таралуы
- •4.3 Өңделген беттер сапасының бөлшектердің жұмыс iстеу қасиетiне тигiзетiн әсерi
- •4.3.1. Беттер сапасының тораптардың тозу тұрақтылығына әсерi
- •4.3.2. Беттер сапасының бөлшектердің берiктiгiне әсерi
- •4.3.3 Беттер сапасының бөлшектерді өңдеу дәлдiгiне әсерi
- •4.4 Беттер сапасының бөлшектердің тотқа төзiмдiлiгiне әсерi
- •4.5 Өңдеу сапасына әсер ететiн технологиялық факторлар
- •4.5.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне өңдеу режимдерiнiң әсерi
- •4.9Сурет. Бөлшектерді жону кезiндегi кедiр-бұдырлықтың кесу жылдамдығына қатынасы
- •4.10Сурет. Бөлшектерді ажарлау кезiндегi кедiр-бұдырлықтың кесу жылдамдықтарына қатынасы, Vk – ажарлаушы аспаптың айналу жылдамдығы, Vз – дайындаманың айналу жылдамдығы
- •4.11Сурет. Бөлшектерді жону және центрсiз ажарлау кезiндегi кедiр-бұдырлық пен берiстердiң арасындағы байланыс графигi
- •4.5.2. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне кескiш аспап бұрыштарының әсерi
- •4.5.3. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне сқаб технология жүйесiнiң серпiмдi қатаңдығының әсерi
- •4.5.4 Беттер сапасының физикалық-механикалық
- •4.6. Өңделген беттердiң сапа көрсеткiштерiн бағалау және оларды зерттеу тәсiлдерi
- •4.6.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiн
- •4.6.2 Беттер сапасының физикалық-механикалық көрсеткiштерiн зерттеу
- •4.7. Бөлшектердің қатпар бетiнiң қалыптасу сапасына технологиялық тәсiлдер арқылы әсер ету
- •5.1. Құрылымдардың технологиялылығы туралы ұғым
- •5.2. Бұйым құрылымының технологиялылығын сандық бағалау
- •5.3. Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •5.3.1. Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •Құрастыру жұмыстарының еңбексыйымдылығының механикалық өңдеу жұмыстарының еңбексыйымдылығына шамамен берiлген қатынасы
- •Түрлi құрастыру жұмыстарының еңбексыйымдылығының жалпы құрастыру жұмыстарының еңбек сыйымдылығына қатынасы,
- •5.3.2. Бұйымның технологиялық өзiндiк құны
- •5.4. Технологиялық процестердің нұсқаларын экономикалық тұрғыдан салыстыру
- •5.4.1. Технологиялылықтың қосымша көрсеткiштерi
- •5.4.2. Еңбек сыйымдылықтың техникалық және экономикалық көрсеткiштерi
- •5.4.3. Өзiндiк құнның техникалық және экономикалық көрсеткiштерi
- •5.4.4. Құрылымдарды бiрыңғайландырудың техникалық көрсеткiштерi
- •5.4.5. Материал шығындарының техникалық көрсеткiштерi
- •5.4.6. Өңдеу процестерінің техникалық көрсеткiштерi
- •Және коэффициенттерiнің мәндерi
- •5.5. Құрылымдар құрамының техникалық көрсеткiштерi
- •5.6. Технологиялылықтың техникалық деңгейiн анықтау
- •5.7. Бөлшектерге және машина құрылымдарын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар
- •Бөлшектерді механикалық өңдеуге қойылатын шарттар
- •6.1. Бөлшекке қойылған дәлдiкке жету тәсiлдерi
- •6.2. Дайындамаларды өңдеуде туатын қосынды ауытқулар
- •6.3. Дайындаманы орнатудан туатын ауытқу
- •Технологиялық базаларды таңдаудағы кепiлдемелер
- •6.4. Дайындаманы өңдеуден туатын ауытқулар
- •6.4.1. Технологиялық жүйедегi кесу күшінiң әсерiнен туатын серпiмдi деформациялар
- •Жону мен қашап кеңітудегі аспаптардың алғашқы Ин және салыстырмалы Ио тозуы
- •6.4.4. Станоктың келтiру ауытқулары
- •6.4.5. Технологиялық жүйенiң температуралық деформациялары
- •Бір өлшемді температура арналарының есепті мәндері
- •6.5. Өңдеу дәлдiгiн арттыру жолдары
- •6.6 Сқад жүйесiнiң серпiмдi жылжуын статикалық келтiру өлшемiн өзгерту арқылы басқару
- •7.1. Жобалаудың техникалық және экономикалық принциптерi мен мақсаты
- •7.2. Машина бөлшектерін өңдеу процестерін жобалау
- •7.2.1. Механикалық өңдеу процестерін жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •7.2.3. Бөлшектердің жұмыс сызбасына және техникалық шарттарына технологиялық бақылау жүргiзу
- •7.2.4. Дайындаманың жасау тәсiлiн таңдау
- •Тесiктi өңдеу бағдарын таңдау
- •7.2.7. Дайындаманы өңдеу бағдарын құру
- •7.2.8. Өңдеу кезiндегi техникалық бақылаулар
- •7.1.10 Дайындаманың әрекетаралық шектi және бастапқы өлшемi
- •7.2.12 Механикалық өңдеудегi операцияларды құру
- •7.2.13 Кесу режимi мен операциялық уақыт нормаларын есептеу
- •Кесу күштерi мен қуаттарын анықтау
- •7.2.14 Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7.3. Құрастыру процестерін жобалау
- •8.1 Графтар туралы ұғым
- •8.2 Механикалық өңдеу процестеріне өлшемдiк талдау жүргiзу
- •8.3. Негiзгi ұғымдар мен шартты белгiлер
- •8.4. Бойлай жатқан технологиялық өлшемдердi есептеу
- •8.5 Диаметрлiк технологиялық өлшемдердi есептеу
- •9.1 Бұйым құрастыруды құрудың маршуруттары (бірізділігі).
- •Сурет 9.3 Шестернялы сорғыштың құрастыру схемасы
Кесу күштерi мен қуаттарын анықтау
Жонуда
(7.47)
Тесуде
(7.48)
Қашаулауда
(7.49)
Кесу қуаттары:
(7.50)
(7.51)
/34.47, 34,51/ формулаларындағы кесу күштерiнiң, айналдыру моментiнiң, қуаттың мәнiн ақиқаттайтын дәлелдердiң мәнiн материалдарды кесу теориясының курсынан алып есептейдi; бұлар жайлы осындай арнайы сабақ алдыңғы курстарда оқығандықтан, мұнда егжей-тегжейлi қарастыруды артық көрiп отырмыз.
Кесу қуатының есептi мәнiн станоктың паспортымен салыстырып, оның ең үлкен мәнiн белгiлейдi.
Көпаспапты өңдеуде берiс пен кесу жылдамдығын сол блок құрамындағы бар әрбiр аспап үшін есептейдi; олардың iшiнен ең аз мәндiлерiн таңдап, сонымен станоктың моделiн белгiлейдi.
Технологиялық үдерістi нормалауды 5.3.1-тақырып бойынша жүргiзедi. Технологиялық карталарға операцияның даналық және даярлау-қорыту уақытын кiргiзедi. Неше түрлi операциялар құру сызбаларына керектi уақытты /34.25, 34.37/ формулаларын пайдаланып, есептеу немесе мәлiмет кiтаптарындағы мағлұматтарды пайдаланған абзал.
Техникалық және ұйымдастыру қызметтерiне, үзiлiске кететiн уақыт шығыны операцияның оперативтi уақытына байланысты пайызбен белгiленедi.
Технологиялық операцияны жүргiзушi жұмысшының мамандығы мен iскерлiгi /бiлiктiлiгi/ жұмыстың түрiне, бұйымның дәлдiгiне байланысты болады да, бiртектi тарифтiк бiлiктiлiк мәлiметтерiмен белгiленедi.
Технологиялық үдерістегi нұсқауларда қауіпсiздiк техникасына және өндiрiстiк тазалыққа қойылатын талаптар келтiрiледi; бұл нұсқауларда жұмыс зонасындағы мүмкін болатын шу мөлшерi, дiрiл және ауаның түтiнмен ластану нормалары берiледi. Технологиялық үдерістiң экономикалық тиiмдiлiгiн, өңдiрiс саласының тәсiлiмен немесе тiкелей зауыттың өз тәсiлiмен есептейдi; бұл есептiң көкейтестi мақсаты технологиялық үдерістiң тиiмдi нұсқасын таңдау, бөлшектің өзiндiк құнын анықтау және технологиялық үдерістiң техникалық-экономикалық көрсеткiштерiн бағалау.
Технологиялық процестерді экономикалық тұрғыдан егжей-тегжейлi салыстыру 5.3.1 тақырыбында көрсетiлген.
7.2.14 Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
Технологиялық процестерді жобалауда даярланған мағлұматтарды тiркеу үшін бiркелкi технологиялық құжаттар жүйесiндегi /БТҚЖ/ мемлекеттiк стандарттар /МЕМСТ 3.1102-81/ және /МЕСТ 3.1115-79/ қолданылады. Бұл құжаттар құрамына кіретіндер:
Технологиялық үдерістiң титул бетi. Бөлшектердің бiр топтарына арнап типтi технологиялық үдеріс жобалауда титул бетiне сол бөлшектерінің бәрiнiң жұмыс сызбаларының нөмiрлерiн көрсету керек.
Бөлшектерді жасауға керектi технологиялық құжаттардың құрамдарын және комплектiлiктерiн анықтайтын технологиялық құжаттардың тізімдемесі.
Эскиздер картасы – бөлшек жасаудағы технологиялық үдерістiң жеке операцияларымен немесе әрекеттерiнiң нобайлары, сызбалары және кестелерi ақиқатталған технологиялық құжат.
Технологиялық нұсқау – технологиялық процестерді және жұмыс қимылдарын жүргiзу ретi, технологиялық жабдықтарды пайдалану ережелерi, мұнда ерекше бiр операцияларда кездесетiн физикалық және химиялық құбылыстардың сипаттамасы көрсетiледi.
Ақаулы бөлшектердің тізімдемесі; мұнда бөлшектер ақауының тiзiмi, оның тексерiлетiн параметрi, қоданылатын өлшем құралы көрсетiледi.
Бағдар картасы – бөлшекті жасаудағы технологиялық үдерістiң барлық операцияларының технологиялық бiрiздi жүргiзiлуiн ақиқаттайтын құжат; мұнда қолданылатын құрал-саймандар, жабдықтар, материалдық және еңбек нормативтерi туралы мағлұматтар болады.
Операциялық карта – технологиялық операцияның мазмұнын, құрылымын баяндайтын технологиялық құжат; бұл картада операцияда кездесетiн қимыл-әрекеттердiң аттары, кесу режимi, өңделетiн беттiң өлшемдерi, технологиялық жабдықтау құралдары, т.б. келтiрiледi.
Типтi операциялық карта – типтi технологиялық операцияны баяндайтын құжат.
Технологиялық жабдықтардың тізімдемесі; мұнда технологиялық үдерістi жүргiзуге керектi технологиялық жабдықтардың тiзiмi көрсетiледi.
Типтi технологиялық үдерістiң бөлшектерінің тізімдемесі.
Бақылау-технологиялық операцияларының тізімдемесі; цехтағы барлық бақылау операцияларының тiзiмi мен сипаттамалары технологиялық бiрiздiлiкпен көрсетiледi.
Технологиялық үдерістiң жобасын даярлаудағы барлық құжаттардың жиынтықтылығын мемлекеттiк, салалық, зауыттық стандарттармен белгiлейдi.
Технологиялық құжаттарды толтыруда ескеретiн бiрнеше ережелер:
Механикалық өңдеудiң операциялық картасының жоғарғы оң жақ шетiне, әдейi арналған шақпақтарға бөлшекті сипаттайтын мағлұматтар жазылады. Картаның төменгi бөлiгiне операцияның мазмұны, құрылымына кiретiн элементтер жазылады.
Картаның жоғарғы сол жақ бөлiгiне өңделетiн бөлшектің нобайын масштабсыз сызып қояды; ол өңделетiн бет кескiнiн және өлшемдерiн айқындап тұруы керек. Егер бөлшектің құрылымы өте күрделi болып, оның құрылымы бiр жобамен анықталмаса, онда оны бiрнеше жобамен арнайы беттерге сызып, картаның соңында қосымша құжат ретiнде келтiру керек. Берiлген операциядағы өңделетiн беттердi жуан қара немесе түстi сызықпен, ал өңделмейтiндерiн жiңiшке сызықтармен айқындайды. Нобайда сол операциядағы немесе әрекеттегi алынатын технологиялық өлшемдi ауытқу шегiмен және беттiң кедiр-бұдырлығының мөлшерiн ғана көрсету керек. бөлшектің базалық беттерiн мемлекеттiк стандарттарда берiлген шартты белгiлермен қамтиды;
Бөлшекті өңдеу жоспарына операциялар, орнатулар, әрекеттер және жұмыс қимылдары кiредi. Операцияларды араб цифрларымен, ал орнатуларды және әрекеттердi /станоктың тiкелей жұмысымен байланысты болмаса/ алфавиттiң бастапқы әдiптерiмен белгiлейдi.
Жоңқа алумен байланысты әрекеттердi араб цифрларымен белгiлейдi. Операциядағы әрекет мазмұны деген графаға жазылған барлық әрекеттердiң мазмұнын бұйрық түрiнде жазады. Мысалы, тесiктi тес, беттi жон, түп беттi сүргiле, т.с.с.
Бөлшектің бiрiншi орнатуын «А» деп белгiлеп, анықтамасын былай дейдi: “Бөлшекті орнат және түсір”. Әрине, бұл шартты ұғымдар өте қысқаша жазылған; бұл жазуды кеңiнен төмендегiдей түсiнедi: орнату, икемдеп, ынғайлап бекiту, өңдеудi жүргiзу, босату және бөлшекті түсіру. Бiрiншi әрекеттi “1” цифрымен белгiлейдi де, одан кейiн оның мазмұнын “түп беттi өлшемiн ұстап кес” деп жазады.
Келесi әрекеттiң /“2”/ цифры мазмұнын “бiлiктiң мойын бетiнiң Ф, Е өлшемiн ұстап жон” деп жазады.
Әрекеттiң мазмұнында мiндеттi түрде сол әрекетте алынатын өлшемдi көрсету қажет. Әрбiр әрекеттен кейiн сол алынған өлшемдi бақылау әрекеттерi, өлшем құралдары келтiрiлуi керек.
Картаның “Аспаптар – қосалқы, кескiш, өлшем” деген графасындағы мемлекеттiк стандарттар талабына сай белгiлейдi.
Мысалы:
Патрон 6152-0002 – тескiш бекiтетiн жедел ауыстырмалы патрон;
Тескiш аспап 20-2 МЕМСТ 10903-77 – тескiш аспап;
20х16х120-1МЕМСТ18880-73 – түп беттер кесетiн аспап;
“Калибр-тығын 75К6 – калибр тығын;
Картаның “Есептi өлшемдерi” деген графасына өңделетiн бөлшек беттерiнiң өлшемдерiн жазады.
“t” деген графаға әдiп мәнiн жазады.
“i” деген графаға берiлген әрекеттiң әдiптi алуға керектi жұмыс қимылдар саны жазылады.
«Кесу режимi» деген графаға әрбiр әрекеттiң кесу режимiн жазады.
Берiстiң /S/ өлшемi станоктардың типiне байланысты. Токарь станогында кескiш аспаптың, дайындаманың бiр айналымындағы жылжу мөлшерiн /мм-мен/ бередi, ал сүргiлеу станогында үстелдiң әрлi-берлi жасаған қос қимылын мм-мен көрсетедi. Фрезерлеу жұмыстарында бұйымның минуттық берiсiн немесе фрезаның бiр тiсiне берiсiн көрсетедi. Шпонкалық ойықтарды бармақ фрезаларымен өңдеуде берiстi бөлшек қатынасымен бередi: алымында тік берiсi, бөлiмiнде көлденең берiсi көрсетiледi.
Тiсқашауыш станоктарда – алымында долбяктың бiр қос қимылында берiлетiн радиальды жылжуы /кесуге кiрiсу берiсi/, ал бөлiмiнде долбяктың қос қимылына берiлетiн айналма берiсi: /тасып шығару берiсi/.
Тiсфрезерлейтiн станокта үстелдiң бiр айналымындағы фрезаның мм-ге жылжуын көрсетедi. Тісшығырлы (червяк) доңғалақтарды радиальды берiс тәсiлiмен өңдеуде, үстелдiң радиальды берiсiн оның бiр айналымына шағып көрсетедi, ал тангенциальды берiс тәсiлiмен өңдеуде фрезаның мм-мен алынған осьтiк берiсiн үстелдiң бiр айналымына шағып көрсетедi.
Бойлық берiс тәсiлiмен айналмалы беттердi ажарлауда және тесiктердi iштей ажарлауда берiстi бөлшек қатынасымен бередi; алымында бөлшектің бiр айналымындағы үстелдiң немесе ажарлау шеңберiнiң жылжуы /мм-мен/, бөлiмiнде үстелдiң бiр қос қимылында берiлетiн көлденең берiс /мм-мен/.
Енiп кесу тәсiлiмен ажарлауда бөлшектің бiр айналымына берiлетiн көлденең берiс /мм-мен/ көрсетiледi. Жазық беттердi шенбердiң түп бетiмен ажарлауда үстелдiң бiр айналымына немесе қос қимылына берiлетiн тік берiстi /мм/ көрсетедi.
8.2.“n” графасында айналдырықтың айналу жиiлiгi көрсетiледi.
Сүргiлеуде, қашап кесуде – қос қимылдың минуттық саны көрсетiледi.
Айналым беттерiнiң сыртқы жағын ажарлауда бөлшектің 1 минуттағы айналым саны көрсетiледi.
Жазық беттердi ажарлауда 1 минуттағы үстелдiң қос қимылының саны немесе үстелдiң 1 минуттағы айналу жиiлiгi көрсетiледi.
“v” графасында кесу жылдамдығы м/мин-пен сипатталады. Ажарлауда екi жылдамдықты көрсетедi /дайындамаға “ м/мин, айналымға -м/сек/.
“tн” графасында әрбiр әрекеттiң негiзгi өңдеу уақыты көрсетiледi.
“tқ” графасында қосалқы уақыттың мәнi жазылады.
Технологиялық үдерістерде автоматтандырылған жүйелердi пайдаланып жобалауда бағдардық карталарды мемелекеттiк стандарттар талабына сай даярлайды; олар МЕМСТ 3.1103-82, МЕМСТ 3.1118-82.
