Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

7.1.10 Дайындаманың әрекетаралық шектi және бастапқы өлшемi

Технологиялық әрекетке керектi минималь әдiптi есептеу арқылы дайындаманың әрекетаралық шектi және бастапқы өлшемдерiн, сондай-ақ максималь әдiптiң мәнiн анықтайды.

7.9-суретте дайындаманың жазық бетiн фрезерлеудегi әрекетаралық бастапқы өлшемдерi және максималь, минималь әдiптерiнiң сызбасы көрсетiлген.

7.9-сурет. Бір өңдеу операциясындағы дайындаманың әрекетаралық бастапқы өлшемдері мен әдіптерінің сызбасы

Дайындаманың бастапқы өлшемдерi және , оларды шектерi – өңдеуден кейiнгi дайындаманың өлшемдерi және , олардың өлшем шектерi – . Дайындаманың алдын ала келтiрiп қойылған станокта бiр жұмыс қимылымен фрезерлеуде, технологиялық жүйенiң серпiмдi қатаңдығының әсерiнен дайындаманың өлшемдiк ауытқуы бөлшектің әрекетаралық өлшемдiк ауытқуына түрткi болады; атап айтқанда, дайындаманың жоғары шектi өлшемiн фрезерлегенде, одан пайда болған әрекетаралық өлшем соған лайықты / / жоғары шектi болып шығады; ал дайындаманың төменгi шектi / / өлшемiн фрезерлегенде болады.

Осыларға орай төменгi теңдiктердi жазуға болады:

(7.21)

Мұндағы, – өңдеудiң минималь аралық әдiбi;

– өңдеудiң максималь аралық әдiбi;

7.9-суреттен төмендегi қатынасты аламыз:

(7.22)

сондықтан,

(7.23)

Мұндағы және өлшемдерiне лайықты шектер.

Кейде өңдеу беттерiн бiрнеше жұмыс қимылымен жүргiзуде, қосынды минималь әдiп барлық әрекетаралық әдiптердiң минималь мәндерiнен, ал қосынды максималь әдiп олардың максималь мәндерiнен тұрады.

7.10-сурет. Екі өңдеу операциясындағы дайындаманың әрекетаралық бастапқы өлшемі мен әдіптерінің сызбасы

7.10-суретте дайындаманы екi операциямен өңдеудегi әрекетаралық шектi, бастапқы өлшемдерi мен минималь, максималь әдiптерiнiң орналасу сызбасы бейнеленген. Өңдеу әдiптерiн және операциядағы барлық технологиялық әрекеттердiң аралық шектi өлшемдерiн анықтау арнайы есеп кестесiнiң картасын толтыру арқылы жүргiзiледi; мұның құрамы 34.7-кестеде берiлген. Әдiп есептеудi бөлшектің керектi бiр бетiнен бастайды; ол бетке қойылатын технологиялық талаптарды кестенiң 1-бағанасының “бет адресi” жолына жазып қояды; мысалы, бөлшектің бет нөмiрiн – “l”, өлшемiн Ф 50-0,05 және кедiр-бұдырлылығын Ra = 0,005 мм.

Кестенiң /1-1/ шақпағынан бастап беттi өңдеу бағдарын тiркейдi; мысалы, бөлшек қалыпталған дайындамадан алынады; оны өңдеу бағдары ретiнде жону /қаралтым, тазалап/ және ажарлау /тұрпайы, тазалай/ тәсiлдерi белгiленген. Одан кейiн анықтама кiтаптарының кестелерiн пайдаланып, кестенiң 2, 3, 4, 5 және 8-бағаналарының мәндерiн белгiлейдi. /34.7-34.20/ формулаларының керектiсiн қолданып, кестенiң 6-бағанасын толтырады. Сыртқы өңдеу беттерi үшін кестенiң 7-7 шақпағына сызба бойынша беттiң ең төменгi минималь өлшемiнiң мәнiн жазып кояды /34.7-кестеде Ф 49,95 мм/. Кейнгi 6-7, 4-7, 3-7, 1-7 шақпақтарындағы өңдеу беттерiнiң әрекетаралық минималь өлшемдерiн, оларға өздерiне лайықты есептелiнген 6-бағанадағы минималь әдiптер мәнiн қосу арқылы есептейдi.

Сөйтiп алынған әрекеттердiң минималь өлшемдерiнiң үтiрден кейiнгi санын шекке сәйкестендiрiп жинақтап, оларды кестенiң 10-бағанасына аударып жазамыз: ал кестенiң 9-бағанасын толтыру үшін әрекетаралық төменгi өлшемдерге соларға сәйкес әрекетаралық өлшемдердiң шектерiн қосамыз. Жоғарыда айтылған әдiспен 6-бағанадағы әдiптiң минималь мәндерiн 12-бағанаға аударамыз. Кестенiң 11-бағанасын толтыру үшін (34.23) формуласын қолданамыз; демек, әдiптiң максималь мәнi оның минималь мәнiне алдыңғы көршiлес әрекетте алынатын өлшем шегiнен тiкелей жүрiп жатқан әрекеттегi алынатын өлшем шегiнiң айырмасын қосу арқылы анықтаймыз.

Ең соңында есептiң дұрыс iстелгенiн тексеру үшін дайындама мен бөлшек өлшемдерiнiң шек айырмасын жалпы максималь және минималь әдiптер айырмасына теңеу арқылы қорытындылаймыз.

Осындай есептеулердi iшкi айналмалы беттер үшін жүргiзуде аздаған айырмашылықтар туады; көбiне ол ерекшелiктер кестенiң 7, 9, 10, 11, 12-бағаналарын толтыруға байланысты.

Iшкi айналмалы беттер өлшемдерiнiң пайда болу заңдылығына ұқыпты зейiн салып талдай бiлген маманға бұл ерекшелiктер өте тез игерiледi.