Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

7.2.7. Дайындаманы өңдеу бағдарын құру

Дайындаманың өңдеу бағдарын құру технологиялық үдерістiң құрамын таңдаумен тығыз байланысты. Таңдау арқылы технологиялық үдеріске керектi операциялар мен олардың бiрiздi жүргiзiлуiн анықтайды; бұл – технологиялық процестерді жобалаудағы ең жауапты мәселенiң бiрi.

Процестерді жобалаушы технологтар бұл мәселенi шешуде өздерiнiң бiлiм тәжiрибелерiне немесе технологиялық есептердiң балама шешiмдерiне сүйенедi. Технологтың өмiрлiк тәжiрибе жиынтығы да балама шешiмдерде субъективтi тұжырымдардан алыстамайды.

Дегенмен, технологиялық процестердің ұтымдылау, тиiмдiлеу деген құралдарын анықтауға төмендегiдей кепiлдемелер ұсынылады:

1/ өңдеу үдерісiнiң жалпы бiрiздiлiгiн белгiлеуде алдымен технологиялық базалар болатын беттердi өңдейдi;

2/ одан кейiн дайындамалардың қалған беттерiн, олардың өңдеу дәлдiгiнiң дәрежелерiн керiсiнше жүргiзедi; неғұрлым өңделетiн беттiң өлшем шегi дәл болса, олар соғұрлым ең соңғы әрекеттерге қалдырылады;

3/ бұлай өңдеу бағдарының соңына бөлшектің ең жауапты және негiзгi қызметтi атқарушы беттерi жiберiледi;

4/ соңғы операциялардың бiрiне бөлшектің тез бүлiнетiн беттерiн шығарады;

5/ дайындамалардағы iшкi және сыртқы ақауларды анықтау үшін алдынғы операцияларда қаралтым, керек болса тазалай өңдейдi; егер ақау бiлiнсе, оларды не ақауға жiбередi, не болмаса түзеу шараларын қарастырады.

Машина жасау технологиясында өңдеу бағдарын қаралтым, тазалай және әрлеп өңдеулер деп аталатын үш сатыға бөледi. Бiрiншi сатыда әдiптердiң жасанды және едәуiр бөлiгi қамтылады; екiншi сатысы аралық мәнде; ал үшіншi сатыда беттердiң керектi дәлдiк және сапа көрсеткiштерi қамтамасыз етiледi.

Қаралтым өңдеу сатысында технологиялық жүйе әжептәуiр қызу /ыссы/ режимiнде және кескiш күштерiнiң әсерiнен туатын ауытқу ықпалында болады. Қаралтым және тазалау операцияларын өзара алмастыру дәлдiкке жетуде онша көп нәтиже бермейдi. Қаралтым өңдеулерден кейiн iшкi-қалдық тартылыстар әсерiнен майысу деформациялары пайда болады; соңдықтан қаралтым және тазалау операцияларын топтап жүргiзiп, олардың арасындағы уақытты ептеп созады; осы уақыт iшiнде iшкi-тартылыстар әсерлерi бәсеңдеп, релаксация /өзгерiс/ үдерісi бiтуге тиiс. Әрлеу өңдеулерiн бағдардың соңына қойып, кездейсоқ ақау қимылдарынан сақтанады. Баяндалған бағдарды құру принциптерi кейде ерекше өңдеу жағдайларына байланысты өзгеруi де мүмкін. Егер өңделетiн дайындама iрiлеу және оның өңдеу беттерiнiң өлшемдерi өте ұзын болмаса, оның жауапты элементтерiн бағдардың басында өңдеуге болады. Машина жасау тәжiрибесiнде концентрациялау принципi деген ұғым кездеседi. Онда дайындаманың бiр орнатуында, барлық қаралтым және тазалау өңдеуiн бiр операцияда жүргiзiп, бөлшекті дайын күйiнде кесiп алады; мұндай өңдеу бөлшекті шыбықты дайындамадан автоматта жасауда кездеседi.

Егер сызбаның техникалық талабында термиялық өңдеу көзделсе, онда өңдеу бағдарын екi бөлiкке бөледi: термиялық өңдеуге дейiнгi және одан кейiнгi бағдарлар. Термиялық өңдеулерден кейiн деформация тууы мүмкін; оларды түзету үшін арнайы түзету процестерін қолданады. Термиялық өңдеудiң кейбiр түрлерi технологиялық үдерістi қиындатып жiбередi. Мысалы, цементтеу кезiнде бөлшектің керектi бiр учаскелерiн ғана көмiртегiмен сiңiру қажет. Ол үшін бөлшектің басқа элементтерiн мыстау керек немесе оған арнайы әдiп қалдыру керек.

Өңдеу бағдарының бiрiзiдiлiгi бөлшектегі өлшемдер қою тәсiлiне көп байланысты. Алдын ала өңделетiн беттен, өлшемдердiң көбiнiң қойылуы қажет.

Бағдардағы қосымша операциялар /майда тесiктердi тесу, фаска өңдеу, ойықтар кесу, қабыршықтар тазалау, т.б./ тазалау сатысында жүргiзiледi.

Технологиялық процестерді жұмыс iстеп тұрған зауыттарға жобалағанда, олардың операциялық тасымалдаулары неғұрлым қысқа болуын көздейдi. Ол үшін бiр станокта жүргiзiлетiн барлық жұмыстарды топтап, сол жұмыс орнында бiтiруге тырысады; мүмкіндiгiнше бөлшектің жұмыс орнына оралмағаны жөн.

Жаппай өндiрiстерде өңдеу құралдары бөлшектің технологиясының бiрiздiлiгiне байланысты орналасады; мұнда тек операция жүруiнiң даналық уақыты, тасқынды линияның тактiсiне тең, не еселi болуы қажет.

Өңдеу бағдарын құруда әрбiр операциядағы станоктың немесе басқа құралдардың моделi мен түрлерiн анықтайды.

Бағдар құрудың кейiнгi сатыларында оларды нақтылап, керектi модель, маркаларын, өлшемдерiн, техникалық сипаттамаларын анықтайды. Бұл кезеңнен туған нәтижелердi технологиялық карталарға түсіредi /операциялардың саны мен мазмұны, құрал-жабдықтары, т.б./.