- •1.1 Машина жасау технологиясы негiздерiнiң даму жолына
- •1.2 Машина жасау технологиясы негiздерiнiң тақырыбы
- •1.3 Металдарды әдіп сылу әдісімен өңдеу
- •Техниканың даму тарихы
- •1.4 Кесіп өңдеу үрдісінің балама әдістері
- •1.5 Машина жасау саласында дайындамадама алу әдістері
- •1.5.1. Дайындамаларды құю әдісімен алу
- •Құйма дайындамаларын алу тәсілдерінің қолдану аймақтары
- •1.5.2 Соқпа және қалыпталған дайындамалар
- •1.5.3. Дайындамаларды илемдеу әдісімен алу
- •2.1 Өндiрiстiк бұйымдардың сапасы ұғымы
- •2.2 Сапа көрсеткiштерi
- •Өнiмнiң сапасын басқару арқылы шешiлетiн күрделi мәселелер
- •2.3 Сапаны қамтамасыз ету шаралары
- •2.4 Өнiм сапасын басқару жүйелерi
- •3.1 Бұйым және оның элементтерi ұғымы
- •3.1.1. Бұйымның элементтерi
- •3.2 Машина жасаудағы өндiрiстiк және технологиялық үдерістер
- •3.2.1. Технологиялық операцияның элементтерi /мемст 3.1109-82/
- •Машина жасаудағы технологиялық үдерістiң түрлерi
- •3.3. Машина жасау өндiрiсiнiң түрлерi мен типтерi
- •3.4. Машина жасау зауыттарының цехтары мен қосалқы қызмет атқаратын бөлiмдерiнiң өндiрiстiк құрылымы
- •4.1. Жалпы ұғымдар мен анықтамалар
- •4.1.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерi
- •4.2. Беттер сапасының физикалық-механикалық көрсеткiштерi
- •4.2 Сурет. Болат бөлшекті өңдеуден кейiнгi беттiң қатпарында мығымдаумен пайда болған микроқаттылықтың таралуы
- •4.3 Өңделген беттер сапасының бөлшектердің жұмыс iстеу қасиетiне тигiзетiн әсерi
- •4.3.1. Беттер сапасының тораптардың тозу тұрақтылығына әсерi
- •4.3.2. Беттер сапасының бөлшектердің берiктiгiне әсерi
- •4.3.3 Беттер сапасының бөлшектерді өңдеу дәлдiгiне әсерi
- •4.4 Беттер сапасының бөлшектердің тотқа төзiмдiлiгiне әсерi
- •4.5 Өңдеу сапасына әсер ететiн технологиялық факторлар
- •4.5.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне өңдеу режимдерiнiң әсерi
- •4.9Сурет. Бөлшектерді жону кезiндегi кедiр-бұдырлықтың кесу жылдамдығына қатынасы
- •4.10Сурет. Бөлшектерді ажарлау кезiндегi кедiр-бұдырлықтың кесу жылдамдықтарына қатынасы, Vk – ажарлаушы аспаптың айналу жылдамдығы, Vз – дайындаманың айналу жылдамдығы
- •4.11Сурет. Бөлшектерді жону және центрсiз ажарлау кезiндегi кедiр-бұдырлық пен берiстердiң арасындағы байланыс графигi
- •4.5.2. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне кескiш аспап бұрыштарының әсерi
- •4.5.3. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне сқаб технология жүйесiнiң серпiмдi қатаңдығының әсерi
- •4.5.4 Беттер сапасының физикалық-механикалық
- •4.6. Өңделген беттердiң сапа көрсеткiштерiн бағалау және оларды зерттеу тәсiлдерi
- •4.6.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiн
- •4.6.2 Беттер сапасының физикалық-механикалық көрсеткiштерiн зерттеу
- •4.7. Бөлшектердің қатпар бетiнiң қалыптасу сапасына технологиялық тәсiлдер арқылы әсер ету
- •5.1. Құрылымдардың технологиялылығы туралы ұғым
- •5.2. Бұйым құрылымының технологиялылығын сандық бағалау
- •5.3. Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •5.3.1. Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •Құрастыру жұмыстарының еңбексыйымдылығының механикалық өңдеу жұмыстарының еңбексыйымдылығына шамамен берiлген қатынасы
- •Түрлi құрастыру жұмыстарының еңбексыйымдылығының жалпы құрастыру жұмыстарының еңбек сыйымдылығына қатынасы,
- •5.3.2. Бұйымның технологиялық өзiндiк құны
- •5.4. Технологиялық процестердің нұсқаларын экономикалық тұрғыдан салыстыру
- •5.4.1. Технологиялылықтың қосымша көрсеткiштерi
- •5.4.2. Еңбек сыйымдылықтың техникалық және экономикалық көрсеткiштерi
- •5.4.3. Өзiндiк құнның техникалық және экономикалық көрсеткiштерi
- •5.4.4. Құрылымдарды бiрыңғайландырудың техникалық көрсеткiштерi
- •5.4.5. Материал шығындарының техникалық көрсеткiштерi
- •5.4.6. Өңдеу процестерінің техникалық көрсеткiштерi
- •Және коэффициенттерiнің мәндерi
- •5.5. Құрылымдар құрамының техникалық көрсеткiштерi
- •5.6. Технологиялылықтың техникалық деңгейiн анықтау
- •5.7. Бөлшектерге және машина құрылымдарын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар
- •Бөлшектерді механикалық өңдеуге қойылатын шарттар
- •6.1. Бөлшекке қойылған дәлдiкке жету тәсiлдерi
- •6.2. Дайындамаларды өңдеуде туатын қосынды ауытқулар
- •6.3. Дайындаманы орнатудан туатын ауытқу
- •Технологиялық базаларды таңдаудағы кепiлдемелер
- •6.4. Дайындаманы өңдеуден туатын ауытқулар
- •6.4.1. Технологиялық жүйедегi кесу күшінiң әсерiнен туатын серпiмдi деформациялар
- •Жону мен қашап кеңітудегі аспаптардың алғашқы Ин және салыстырмалы Ио тозуы
- •6.4.4. Станоктың келтiру ауытқулары
- •6.4.5. Технологиялық жүйенiң температуралық деформациялары
- •Бір өлшемді температура арналарының есепті мәндері
- •6.5. Өңдеу дәлдiгiн арттыру жолдары
- •6.6 Сқад жүйесiнiң серпiмдi жылжуын статикалық келтiру өлшемiн өзгерту арқылы басқару
- •7.1. Жобалаудың техникалық және экономикалық принциптерi мен мақсаты
- •7.2. Машина бөлшектерін өңдеу процестерін жобалау
- •7.2.1. Механикалық өңдеу процестерін жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •7.2.3. Бөлшектердің жұмыс сызбасына және техникалық шарттарына технологиялық бақылау жүргiзу
- •7.2.4. Дайындаманың жасау тәсiлiн таңдау
- •Тесiктi өңдеу бағдарын таңдау
- •7.2.7. Дайындаманы өңдеу бағдарын құру
- •7.2.8. Өңдеу кезiндегi техникалық бақылаулар
- •7.1.10 Дайындаманың әрекетаралық шектi және бастапқы өлшемi
- •7.2.12 Механикалық өңдеудегi операцияларды құру
- •7.2.13 Кесу режимi мен операциялық уақыт нормаларын есептеу
- •Кесу күштерi мен қуаттарын анықтау
- •7.2.14 Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7.3. Құрастыру процестерін жобалау
- •8.1 Графтар туралы ұғым
- •8.2 Механикалық өңдеу процестеріне өлшемдiк талдау жүргiзу
- •8.3. Негiзгi ұғымдар мен шартты белгiлер
- •8.4. Бойлай жатқан технологиялық өлшемдердi есептеу
- •8.5 Диаметрлiк технологиялық өлшемдердi есептеу
- •9.1 Бұйым құрастыруды құрудың маршуруттары (бірізділігі).
- •Сурет 9.3 Шестернялы сорғыштың құрастыру схемасы
7.2. Машина бөлшектерін өңдеу процестерін жобалау
7.2.1. Механикалық өңдеу процестерін жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
Егер жаңа зауыттар үшін технологиялық процестерді жобалайтын болсақ, онда негiзгi мағлұматтар ретiнде: бөлшектердің материалын, құрылымдық пiшiнi мен өлшемдерiн ақиқаттайтын жұмыс сызбасы, бөлшектің дәлдiгiне, өңдеу беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн басқа да айрықша талаптарын /қаттылық, материал құрамы, термиялық өңдеулерi, балансирлеулерi, т.б./ көрсететiн техникалық шарттар; бұйымға жұмсалатын бөлшектердің шығынын /қосалқы бөлшектердi қоса санағанда/; бұйым және қосалқы бөлшектердi шығару мерзiмi (көбiне бiр жылдық) алынады. Егер бұйымды шығару мерзiмi тұрақсыз болса, онда шығаратын жылдар санын немесе шығару мерзiмдерiн анықтап көрсетедi.
Егер технологиялық процестерді жұмыс iстеп тұрған зауыттарға немесе қайта құратын зауыттарға жобаласақ, онда негiзгi мағлұматтарға қосымша нақтылы құрал-саймандар тiзiмi, зауыттың ауданы және басқа да жергiлiктi өндiрiс жағдайларының ретi мәлiм болуы тиiс. Бөлшекті шығару жұмыс iстейтiн зауыттың дайымдамалар шығару өңдiрiсiнiң мүмкіндiгiне байланысты, мысалы бiр зауытта ұста өндiрiсi бар, құйма өндiрiсi жоқ болуы мүмкін.
Жобалауда мәлiметтi және нормативтi материалдар қолданылды; құрал-саймандардың құжаттары мен каталоктары; қоңдырғылардың альбомдары; кесу және өлшеу аспаптарының нормалары мен Мемлекеттiк стандарттар; дәлдiк нормативтерi, кедiр-бұдырлылықтың стандарты /МЕМСТ 25142-82/, /СТ СЭВ 1156 -78/; әдiп есептеу; кесу режимдерi және уақытты техникалық тұрғыда нормалау; тарифтi-квалификациялық мәлiметтер және басқа да қосымша материалдар.
Технологиялық құжаттарды тiркеу үшін арнайы бланктер болады / МЕМСТ 3.1404-86/.
7.2.2. Жобалаудың бiрiздiлiгi мен жалпы әдістемесі
Технологиялық үдерістi жобалау оның көп нұсқалылығымен сипатталады. Ең қарапайым деген бөлшекке бiрнеше нұсқалы үдеріс ұсынуға болады: әдетте ол үдерістер бөлшек сызбасының барлық талаптарын қанағаттандыратындай болады.
Әр түрлi процестердің тиiмдiлiгi мен тиiмсiздiлiгiн салыстыра отырып, бiрнеше тепе-тең нұсқаларға тiреледi; оның iшiндегi тиiмдiрек деген нұсқасын таңдап алады.
Технологиялық үдерістi жобалау өзiнiң қиындығы және күрделiлiгiмен ерекше. Басқадай жобалаулар сияқты, мұны да бiрнеше бiрiздi сатылармен жүргiзедi.
Алдымен технологиялық үдерістiң жорамалын жасайды; одан кейiнгi сатыларында жүргiзiлген технологиялық есептеу нәтижесiнде жорамал тұжырымдарды дәлдеп, бiр тиiмдi негiзге бағыттайды. Түбiнде дұрыс шешiмге бiрнеше нұсқаларды салыстыру арқылы келедi.
Технологиялық жобалаудың толықтығы өндiрiстiң типiне байланысты.
Жаппай өндiрiсте процестерді толық бұйымның барлық бөлшектеріне арнап жасайды; бұл технологиялық процестерді операциялық деп атайды. Операцияның мазмұнын, оның әрекеттерiн, кесу режимдерiн, т.б. арнайы операциялық картаға түсіредi /МЕМСТ 3.1103-82/; формалары – 2, 2а және 3.
Кiшiгiрiм өндiрiсте технологиялық процестерді қысқалай әдiспен жасайды; бұл процестерді бағдарлық деп атайды; бағдарлық карта МЕМСТ 3.1118-82 бойынша /1, 1а, 1б, 3, 3а, 3б, 5/ формаларымен жасалады.
Iрi және қымбат бөлшектер үшін технологиялық процестерді толықтырып жасайды.
Сериялы өндiрiсте бұйымның шығарыс номенклатуралары кең болады; бұл кезде топтық процестерді пайдаланған жөн.
7.1-суретте механикалық өндеудiң технологиялық үдерісiн жобалаудағы негiзгi кезеңдерi көрсетiлген:
1 – жобалауға керектi негiзгi мағлұматтар;
2 – бөлшектерді технологиялық тұрғыдан бақылау;
3 – өндiрiс типiн белгiлеу;
4 – дайындамалар жасау тәсiлдерiн таңдау;
5 – технологиялық базаларды таңдау;
6 – бөлшектің беттерiн өңдеу бағдарын таңдау.
7 – бөлшектің өңдеу бағдарын таңдау;
8 – әдiптер есептеу;
9 – технологиялық әрекеттердiң өлшемдерiн есептеу;
10 – операцияларды құру және құрал-саймандарды таңдау;
11 – кесу режимдерiн есептеу;
12 – техникалық тұрғыда негiзделген операциялық уақыттарды есептеу;
13 – технологиялық үдерістiң нұсқаларын салыстырып бағалау.
7.1-сурет.Механикалық өңдеудің технологиялық процестерін жобалаудағы негізгі кезеңдер
