Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22 Мб
Скачать
☆

5.4. Технологиялық процестердің нұсқаларын экономикалық тұрғыдан салыстыру

Егер салыстыратын технологиялық үдерістерге жұмсалатын ақша қаражаттарының айырмасы өте аз болса, онда жылдық шығару бағдарламасындағы бұйымның өзiндiк құнының арзандау болғанын тәуiрiрек үдеріс деп таңдайды.

(5.24)

Мұндағы, – жылдық шығарылымның 1 нұсқа бойынша алынған өзiндiк құны; – сондай екiншi нұсқа бойынша.

Егер салыстырылатын технологиялық үдерістерге жұмсалатын ақша қаражаттарының айырмасы өте көп болса, онда үнемдi нұсқа таңдап алу үшiн тек өзiндiк құнды салыстыра салуға болмайды. Бұл жағдайда қосымша жұмсалған ақша қаражаттарының шығындарының орнын толтыру мерзiмiн есптеу керек:

(5.25)

Мұндағы, және – технологиялық процестердің 1 және 2 нұсқалары бойынша жұмсалған ақша қаражаттарының шығындары. Технологиялық процестердің аса үнемдi нұсқаларынан түскен жылдық үнемдi мынадай формуламен есептейдi:

(5.26)

Мұндағы, – жұмсалған ақша қаражатының салыстырмалы тиiмдiлiгiн сипаттайтын нормативтi коэффициент.

Техникалық процестердің нұсқаларын экономикалық тұрғыдан салыстырудың графикалық тәсiлдерi болады. Бұл тәсiл бойынша бөлшектердің жылдық шығару бағдарламасының өзiндiк құнын мынадай теңдеумен келтiредi:

(5.27)

Мұндағы, – бөлшектердің жылдық шығару бағдарламасы; – жылдық шығару бағдарламасына байланысты өзгерiп тұратын айнымалы шығындар; – тұрақты шығындар; бұл шығынға жылдық бағдарлама әсер етпейдi. Тұрақты шығындарға құрал-саймандардың, арнайы жабдықтардың, аспаптардың, қондырғылардың амортизациялық шығындары кiредi.

Технология үдерісiн экономикалық тұрғыдан салыстыру үшін зерттелетiн үдеріс нұсқаларының жылдық бағдарламасының өзiндiк құны графигiн жасау қажет /5.1-суреттi қараңыз/.

5.1-сурет. Өнімнің үйлесімді бағдарламасын графиктік тәсілмен анықтау

Графиктегi және теңдеулерiнiң қиылысқан нүктесiнде /абцисса координатасы бойынша/ үйлесiмдi бағдарламаның мәнi шығады. Үйлесiмдi бағдарламада технологиялық үдерістiң екi нұсқасы да тең бағалы. Егер болса, екi нұсқа тиiмдi де, үнемдi.

Үйлесiмдi бағдарламаның мәнiн табу үшiн деймiз де, төменгi теңдеуге келемiз:

(5.28)

содан

(5.29)

5.4.1. Технологиялылықтың қосымша көрсеткiштерi

Бұларға жататындар:

- еңбексыйымдылығының техникалық және экономикалық көрсеткiштерi;

- өзiндiк құнның техникалық және экономикалық көрсеткiштерi;

- бiрыңғайландырудың техникалық көрсеткiштерi;

- стандарттау коэффициенттерi;

- материал шығындарының техникалық көрсеткiштерi;

- өңдеу үдерісiнiң техникалық көрсеткiштерi;

- құрылымдар құрамының техникалық көрсеткiштерi.

5.4.2. Еңбек сыйымдылықтың техникалық және экономикалық көрсеткiштерi

1) Дайындама жұмыстарының салыстырмалы еңбексыйымдылығы /Тодж/ деп төмендегi қатынасты айтады:

(5.30)

– дайындама жұмыстарының еңбексыйымдылығы, оған құю, жаншу, қалыптау, т.б. жұмыстар кiредi.

2) Жасау үдерісi түрiнiң салыстырмалы еңбексыйымдылығы /Тқт.i/;

(5.31)

Мұндағы, – -жасау үдерісiнiң еңбексыйымдылығы; оған өңдеу, құрастыру, сырлау, т.б. үдерістер жатады.

3) Бұйымды жұмыс iстеуге даярлаудың салыстырмалы еңбексыйымдылығы /Тқә.ф/;

(5.32)

Мұндағы, – жұмыс iстеуге даярлауға жұмсалатын еңбексыйымдылығы.

4) Пайдаланудағы бұйымдарға профилактикалық қызмет көрсетудiң салыстырмалы еңбексыйымдылығы /Тқ.қ/:

(5.33)

Мұндағы, – пайдалану мерзiмiндегi пайдаланудағы өнiмдерге профилактикалық қызмет көрсетудiң еңбексыйымдылығы.

5) Бұйымды жөндеудiң салыстырмалы еңбексыйымдылығы /Тқ.р/:

(5.34)

мұндағы, – пайдалану мерзiмiндегi жөндеудiң еңбексыйымдылығы.

6/ Бұйымды жасаудың үлестiк еңбексыйымдылығы

(5.35)

мұндағы, – бұйымның негiзгi техникалық параметрiнiң номинал мәнi; бұған бұйымның жылдамдық, қуат, масса, күштер, температаура сияқты параметрлерi жатады.

Бұдан басқа үлестiк еңбексыйымдылық коэффициенттерi 3, 4, 5­пунктерiне пайдаланылады да, олардың белгiлерi tқ.ә.ф,tққ,tp болып келедi.

7/ өзара алмастырушылықтың тиiмдiлiк коэффициентi

э

(5.36)

мұндағы, – құрастыру жұмысының еңбексыйымдылығы;

– қиюластыру жұмысының еңбексыйымдылығы;

– топтап өзара алмастыру жұмыстарының еңбексыйымдылығы.