- •1.1 Машина жасау технологиясы негiздерiнiң даму жолына
- •1.2 Машина жасау технологиясы негiздерiнiң тақырыбы
- •1.3 Металдарды әдіп сылу әдісімен өңдеу
- •Техниканың даму тарихы
- •1.4 Кесіп өңдеу үрдісінің балама әдістері
- •1.5 Машина жасау саласында дайындамадама алу әдістері
- •1.5.1. Дайындамаларды құю әдісімен алу
- •Құйма дайындамаларын алу тәсілдерінің қолдану аймақтары
- •1.5.2 Соқпа және қалыпталған дайындамалар
- •1.5.3. Дайындамаларды илемдеу әдісімен алу
- •2.1 Өндiрiстiк бұйымдардың сапасы ұғымы
- •2.2 Сапа көрсеткiштерi
- •Өнiмнiң сапасын басқару арқылы шешiлетiн күрделi мәселелер
- •2.3 Сапаны қамтамасыз ету шаралары
- •2.4 Өнiм сапасын басқару жүйелерi
- •3.1 Бұйым және оның элементтерi ұғымы
- •3.1.1. Бұйымның элементтерi
- •3.2 Машина жасаудағы өндiрiстiк және технологиялық үдерістер
- •3.2.1. Технологиялық операцияның элементтерi /мемст 3.1109-82/
- •Машина жасаудағы технологиялық үдерістiң түрлерi
- •3.3. Машина жасау өндiрiсiнiң түрлерi мен типтерi
- •3.4. Машина жасау зауыттарының цехтары мен қосалқы қызмет атқаратын бөлiмдерiнiң өндiрiстiк құрылымы
- •4.1. Жалпы ұғымдар мен анықтамалар
- •4.1.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерi
- •4.2. Беттер сапасының физикалық-механикалық көрсеткiштерi
- •4.2 Сурет. Болат бөлшекті өңдеуден кейiнгi беттiң қатпарында мығымдаумен пайда болған микроқаттылықтың таралуы
- •4.3 Өңделген беттер сапасының бөлшектердің жұмыс iстеу қасиетiне тигiзетiн әсерi
- •4.3.1. Беттер сапасының тораптардың тозу тұрақтылығына әсерi
- •4.3.2. Беттер сапасының бөлшектердің берiктiгiне әсерi
- •4.3.3 Беттер сапасының бөлшектерді өңдеу дәлдiгiне әсерi
- •4.4 Беттер сапасының бөлшектердің тотқа төзiмдiлiгiне әсерi
- •4.5 Өңдеу сапасына әсер ететiн технологиялық факторлар
- •4.5.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне өңдеу режимдерiнiң әсерi
- •4.9Сурет. Бөлшектерді жону кезiндегi кедiр-бұдырлықтың кесу жылдамдығына қатынасы
- •4.10Сурет. Бөлшектерді ажарлау кезiндегi кедiр-бұдырлықтың кесу жылдамдықтарына қатынасы, Vk – ажарлаушы аспаптың айналу жылдамдығы, Vз – дайындаманың айналу жылдамдығы
- •4.11Сурет. Бөлшектерді жону және центрсiз ажарлау кезiндегi кедiр-бұдырлық пен берiстердiң арасындағы байланыс графигi
- •4.5.2. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне кескiш аспап бұрыштарының әсерi
- •4.5.3. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiне сқаб технология жүйесiнiң серпiмдi қатаңдығының әсерi
- •4.5.4 Беттер сапасының физикалық-механикалық
- •4.6. Өңделген беттердiң сапа көрсеткiштерiн бағалау және оларды зерттеу тәсiлдерi
- •4.6.1. Беттер сапасының геометриялық көрсеткiштерiн
- •4.6.2 Беттер сапасының физикалық-механикалық көрсеткiштерiн зерттеу
- •4.7. Бөлшектердің қатпар бетiнiң қалыптасу сапасына технологиялық тәсiлдер арқылы әсер ету
- •5.1. Құрылымдардың технологиялылығы туралы ұғым
- •5.2. Бұйым құрылымының технологиялылығын сандық бағалау
- •5.3. Технологиялылықтың абсолюттi көрсеткiштерi
- •5.3.1. Құрастырудың еңбексыйымдылығы
- •Құрастыру жұмыстарының еңбексыйымдылығының механикалық өңдеу жұмыстарының еңбексыйымдылығына шамамен берiлген қатынасы
- •Түрлi құрастыру жұмыстарының еңбексыйымдылығының жалпы құрастыру жұмыстарының еңбек сыйымдылығына қатынасы,
- •5.3.2. Бұйымның технологиялық өзiндiк құны
- •5.4. Технологиялық процестердің нұсқаларын экономикалық тұрғыдан салыстыру
- •5.4.1. Технологиялылықтың қосымша көрсеткiштерi
- •5.4.2. Еңбек сыйымдылықтың техникалық және экономикалық көрсеткiштерi
- •5.4.3. Өзiндiк құнның техникалық және экономикалық көрсеткiштерi
- •5.4.4. Құрылымдарды бiрыңғайландырудың техникалық көрсеткiштерi
- •5.4.5. Материал шығындарының техникалық көрсеткiштерi
- •5.4.6. Өңдеу процестерінің техникалық көрсеткiштерi
- •Және коэффициенттерiнің мәндерi
- •5.5. Құрылымдар құрамының техникалық көрсеткiштерi
- •5.6. Технологиялылықтың техникалық деңгейiн анықтау
- •5.7. Бөлшектерге және машина құрылымдарын құрастыруға қойылатын технологиялық шарттар
- •Бөлшектерді механикалық өңдеуге қойылатын шарттар
- •6.1. Бөлшекке қойылған дәлдiкке жету тәсiлдерi
- •6.2. Дайындамаларды өңдеуде туатын қосынды ауытқулар
- •6.3. Дайындаманы орнатудан туатын ауытқу
- •Технологиялық базаларды таңдаудағы кепiлдемелер
- •6.4. Дайындаманы өңдеуден туатын ауытқулар
- •6.4.1. Технологиялық жүйедегi кесу күшінiң әсерiнен туатын серпiмдi деформациялар
- •Жону мен қашап кеңітудегі аспаптардың алғашқы Ин және салыстырмалы Ио тозуы
- •6.4.4. Станоктың келтiру ауытқулары
- •6.4.5. Технологиялық жүйенiң температуралық деформациялары
- •Бір өлшемді температура арналарының есепті мәндері
- •6.5. Өңдеу дәлдiгiн арттыру жолдары
- •6.6 Сқад жүйесiнiң серпiмдi жылжуын статикалық келтiру өлшемiн өзгерту арқылы басқару
- •7.1. Жобалаудың техникалық және экономикалық принциптерi мен мақсаты
- •7.2. Машина бөлшектерін өңдеу процестерін жобалау
- •7.2.1. Механикалық өңдеу процестерін жобалаудағы негiзгi мағлұматтар
- •7.2.3. Бөлшектердің жұмыс сызбасына және техникалық шарттарына технологиялық бақылау жүргiзу
- •7.2.4. Дайындаманың жасау тәсiлiн таңдау
- •Тесiктi өңдеу бағдарын таңдау
- •7.2.7. Дайындаманы өңдеу бағдарын құру
- •7.2.8. Өңдеу кезiндегi техникалық бақылаулар
- •7.1.10 Дайындаманың әрекетаралық шектi және бастапқы өлшемi
- •7.2.12 Механикалық өңдеудегi операцияларды құру
- •7.2.13 Кесу режимi мен операциялық уақыт нормаларын есептеу
- •Кесу күштерi мен қуаттарын анықтау
- •7.2.14 Жобалау нәтижелерiн тiркейтiн технологиялық құжаттар
- •7.3. Құрастыру процестерін жобалау
- •8.1 Графтар туралы ұғым
- •8.2 Механикалық өңдеу процестеріне өлшемдiк талдау жүргiзу
- •8.3. Негiзгi ұғымдар мен шартты белгiлер
- •8.4. Бойлай жатқан технологиялық өлшемдердi есептеу
- •8.5 Диаметрлiк технологиялық өлшемдердi есептеу
- •9.1 Бұйым құрастыруды құрудың маршуруттары (бірізділігі).
- •Сурет 9.3 Шестернялы сорғыштың құрастыру схемасы
2.1 Өндiрiстiк бұйымдардың сапасы ұғымы
Елiмiздiң экономикалық саясаты мен бүкiл практикалық жұмысының өзегi ретiнде өнiмнiң техникалық дәрежесi мен сапасын барынша арттыру мiндетi қойылып отыр. Қоғамдық өнiм ғылыми ойдың соңғы жетiстiктерiн бейнелеуге, ең жоғары техникалық-экономикалық, эстетикалық және басқа тұтыну талаптарына сай болуға, дүниежүзiлiк нарықта бәсекеге түсуге қабiлеттi болуға тиiс. Өнiм сапасын арттыру – елдiң керек өнiмдер жөнiндегi қажеттерiн және халықтың әр түрлi тауарлар жөнiндегi сұранысын неғұрлым толық қанағаттандырудың сенiмдi жолы.
Интенсивтендiру арнасына көшу экономикада елеулi құрылымдық өзгерiстер жасалуды талап етедi.
Сонымен, сапа деп (Мемлекеттiк стандарт 15.467-79) тұтынушылардың нақты сұранысын, қажеттерiн неғұрлым толық қанағаттандыра алатын өнiмдердiң жиынтық қасиеттерiн айтады.
Елiмiздегi барлық өндiрiс өнiмiнiң мемлекеттiк стандартқа және техникалық шарттарға сай болып шығатыны көпшiлiкке белгiлi. Мұндай құжаттарда өндiрiстiк өнiм сапасының сандық көрсеткiштерi келтiрiледi. Ол құжаттардың қойған шарттары неғұрлым дұрыс орындалса, өнiмнiң сапа деңгейi соғұрлым жоғары болады. Оларды нормативтi-техникалық құжат /НТҚ/ дейдi.
Елiмiзде кейiнгi жылдары шығып жатқан өндiрiстiк бұйымдардың сапасы осы НТҚ-ның шарттарынан едәуiр алшақтау болып жүргенi мәлiм. Сондықтан елiмiзде өнiмдер сапасын тексеретiн ведомстводан тыс арнайы мемлекеттiк қабылдау /МЕМСТ/ органы құрылған. Бұл органның басты мақсаты қысқа мерзiм iшiнде өнiмдердiң жоғалтқан сапасын орнына келтiрiп, оны одан әрi арттыра түсу жолында тез арада өнiмнiң техникалық деңгейiн дүниежүзiлiк деңгейге жеткiзу едi. Әрине, бос айтылған “ұрандар” бұл күрделi мәселенi шешпейдi, ол үшiн өндiрiстiң төмендегiдей техникалық мүмкiндiктерi болуға тиiс. Олар:
– өндiрiстiң автоматтандырылуы;
– ең жаңа технологиялық процестердің енгiзiлуi;
– негiзгi қорлардың жедел жаңартылуын қамтамасыз ету;
– жұмыс орындарын қайта құру және аттестациялау;
– соңғы үлгідегі бақылау және өлшеу-тексеру құралдарын шығару.
Өнiмнiң сапасын дәйектi бағалау үшін мемлекеттiк қабылдау органының қолында мүмкіндiгi кең ең сенiмдi тексеру механизмдерi болуы керек. Тек солар арқылы, объективтi түрде, өнiмнiң сапалық параметрлерiн НТҚ-ның шарттарымен салыстыруға болады. Ал әзiрге мемлекеттiк қабылдау органдарының iстеп жатқан әрекеттерi тек қабылдап алумен, оқтын-оқтын тексерулермен және типтiк сынақтар өткiзумен тынуда.
Бұл арада мемлекеттiк қабылдау органы мен зауыттың тексеру бөлiмдерiнiң пайдаланатын НТҚ-тары екеуiне бiрдей, ортақ болуы шарт. Тұтынушының көкейтестi тiлегi – өнiмнiң сенiмдiлiгi, ресурсы және дизайны /көркемдiлiгi/.
Өлшеу-тексеру кешендерiнiң аттестациядан өтiп тұруы қажет.
Зауыттың тексеру бөлiмдерiнiң бекiтiлген штаты, жаңа өлшеу-тексеру аспаптары және өнiмдi өткiзетiн арнайы стендiлерi болуы керек.
Мемлекеттiк қабылдау органдары МЕМСТ көрсеткен төмендегiдей төрт жағдайда өнiмдi қабылдамауы тиiс:
1. Шығарылған өнiм НТҚ-ның шарттарына сай келмесе;
2. Сынау нәтижелерi нашар болса;
3. Өндiрiстегi технологиялық процестердің заңдылықтары ылғи бұзылып тұрса;
4. Пайдалану кезiнде өнiмдерден ақау шығып, ол апатқа ұшыратса немесе ол ақаулар өндiрiсте жасау кезiнде байқалса.
ТМД Мемлекеттiк стандарты өндiрушi және тапсырыс берушi министрлiк /тұтынушы/ өнiм көрсеткiштерiнiң уақытша НТҚ шарттарынан алшақтауының мүмкін болатынын анықтап, өнiмдi одан әрi шығару жөнiнде өзара шешiмге келедi.
Ал өндiрушi министрлiк өндiрiсте байқалған қайшылықтарды, кемшiлiктердi түзеп, өнiмнiң сапа деңгейiн НТҚ-тың шарттарына келтiредi.
Егер НТҚ-ның шарттарынан алшақ өнiмдер сатуға жiберiлсе, оларға барлық экономикалық жазалау шаралары қолданылады, олар: негiзгi бағасын арзандату, айып төлеу шаралары, мемлекеттiк сапа белгiсiн алу, т.б.
