Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_farm.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
437 Кб
Скачать
☆
  1. Сұйық дәрілік формалар: түндырма мен қайнатпалар, тұнбалар (Tincnura), сұйық сығыныдылар, микстуралар. Анықтамасы. Сипаттамасы.

т ұ н д ы р м а және к а й н атп а - өсімдік шикізаттарынан немесе осы мақсатта қолдануға арналған fрнайы сығынды- концентраттардан алынатын дозаланбаған сұйық дәрілік қалыптар.

Түндырмаларды дайындау тәсілі: ұсақ бөлшектенген өсімдік шикізатын алдын ала кыздырылған шыны ыдысқа салады, үстіне бөлме температурасындағы тазартылған судың белгілі көлемін құяды, қайнап тұрған су моншасынла 15 минут қыздырады. Содан кейін түндырманы бөлме температурасында суытады, сүзеді, үстіне қажет көлемге дейін бөлме температурасындағы тазартылған суды құяды.

Тұндырмалар өсімдіктің биологиялық белсенді компоненттері жылдам шығарылатын жұмсақ бөліктерінен (жапырактары, гүлдері, шөптері) дайындалады. Кейбір кездері өсімдіктің қатты бөліктерінен мысалы, аюқұлақтың (толокнянка Fоlіа Uvae Ursi) тығыз жапырақтарынан және құмдық салаубастың (Ғlоrеs Helichrysi arenari) қүрғак тығыз гүлдерінен қайнатпа дайындалады.

Қайнатпаларды дайындау технологиясы түндырмаға ұқсас, бірақ су моншасында жиі-жиі араластыра отырып 30 минут қыздырады, 1 О минут қана суытады, ыстық күйінде сузеді, шикізат­тың қалғанын сығып алады, үстіне қажет көлемге дейін бөлме температурасындагы тазартылған суды құяды. Қайнатпада әсер етуші заттың көп бөлігі коллоидты күйде және аз гана бөлігі ерігіш күйде (тұндырмадан айырмашылығы; болады, суығанда коллоидты бөлшектер түнбаға түседі де, сүзгіден өтпейді, сондыктан ыстық күйінде сузу қажет,

Қайнатпаларды өсімдіктің қатты бөліктерінен (тамыры, тамырсабағы, қабығы) дайындайды. Кейбір кездері өсімдіктің қатты бөліктерінен мысалы, шуйгін шөптің тамырсабағы мен тамырынан (RҺizoma сшп radicibus Уаіегіапае) және құлқайырдың тамырынан (Radicis Althaeae) түндырма дайындалады.

Түндырмалар мен кайнатпалар дайындалады, тез ыдырайтындықтан 3-4 күнге ғана жарамды және салқын жерде сақтау керек.

Тұндырмалар мен қайнатпаларды негізінен ішке, кейбір жағдайда сыртқа (компресс, шаю, ылғалдау үшін) және клизма үшін тағайын­дайды. Ішке қабылдайтын түндырыалар мен қайнатпаларды шәй касыкпен, десертті немесе ас касыкпен, кейде белгілерге бөлінген стаканмен мөлшерлейді.

Т ұ н б а л а р сұйық, мөлдір, көп немесе аз дәрежеде боялған, өсімдік шикізатынан қыздырмай және экстрагенттерді айырмай алынатын спиртті сұйықтықтар. Өсімдік шикізатына тән иісі және дәмі болады.

Түнбалар медициналық практикаға Парацельс (] 495-1541) енгізген өте ежелгі дәрілік қалып. Оларды дайындау үшін кептірілген өсімдік шикізаты немесе жас өсімдіктер пайдаланылады.

Тұнбаларды өсімдік шикізатын мацерациялау әдісімен, яғни бөлме температурасында үздік-үздік араластыра отырып, 7 тәулік бойы тұндыру немесе перколяция әдісімен, яғни эстрагенттің ағынын шикізат арқылы үздіксіз өткізу арқылы немесе сығындыларды 70 % этил спиртінде тұндыру немесе еріту арқылы дайындайды.

Тұнбалар шикі.заттың бір гана түрінен дайындалған жай және шикізаттың әртүрінен дайындалған, кейде дәрілік заттар қосылған курделі болуы мүмкін.

Барлық түнбалар офинальлы, яғни әрбір тұнбаның концен­граниясы фармакопеяда белгіленген. Тұнбаларды фармацевтикалық занодтарда дайындайды. Тұндырмалар және қайнатпалардан айырмашылығы түнбалар құрамы тұрақты дәрілік қалып. Қалыпты температурада, жақсы жабылатын құтыларда олар ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін.

с ы ғ ы н д ы л а р дәрілік өсімдік шикізатынан алынған концентрлі сірінділер,

Консистенциясына қарай сұйық, қою, құрғақ сығындыларды ажыратады. Сұйық сығындылар боялған сұйықтықтар болып табылады. қою сығындылар ылғалдығы 25 % -дан артық емес тұтқыр масса. Құрғак сығындылар ылғалдылығы 5 % -дан артық емес сусымалы масса.

Сүйық сығындыларлы алу үшін экстрагент ретінде этил спиртін (әдетте 70 %), қою сығындыларды алу ушін суды (әдетте хлороформ, аммиак ерітіндісі қосылған), этил спиртін, эфирді пайдаланады. Күрғақ сығындыларды қою сығындыларды кептіру арқылы дайындайды. Сұйық сығындылардың концентрациясы әдетте І: 1. Қою және құрғақ сығындылардың конпентрациясы жоғары болып келеді.

Барлық сығындылар официнальды және заводтарда дайындалады. Сондықтан сығындыларды рецептте жазғанда өсімдік шикізатының сипатын, концентрациясын көрсетпейді М и к с т у р а л а р деп әртүрлі сұйық негіздерде (суда, спиртте, глицеринде, өсімдік майларында және т.6.) бірнеше қатты заттарды еріту немесе араластыру немесе бірнеше сүйыкгыктарды (ерітінді, гүндырма және кайнатпа, түнба, сығынды) араластыру арқылы алынатын сұйык дәрілік қалыптарды айтады. Микстуралар 3 немесе одан да көп ингредиенттерден тұрады. Микстуралар мөлдір, лайлы, тіпті тұнбамен болуы мүмкін. Соңғысын қолданар алдында шайқау керек. Мұндай микстуралар Mixturae agitantlae (Шайқауды қажет ететін микстуралар ) деген атқа ие болған. Микстуралардьr көбінесе ішке, сирек жағдайларда сыртқа қолдануға тағайындайды.

Микстураларды толық түрде, яғни микстураның құрамына кіретін барлық ингредиенттерін және олардың мөлшерін көрсетіп, жазады. Содан кейін M.D.S. жазылады. "Mixtura" сөзі рецептте қолданылмайды. Микстураларды көбінесе жартылай қысқартылған түрде жазады. Бұл кезде ингредиенттердің біраз

бөлігі (ерітінді, тұндырма және қайнатпа, эмульсия, шырыштар) қысқартылған түрде жазылады. Басқа ингредиенттерін толық түрде жазғандай көрсетеді. Ішке қабылдауға арналған микстураны жазғанда дәрілік заттың бір рет қабылдауға арналған дозасын және қабылдау санын ескерген жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]