Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
окулык ПБ-1 3-2-2 анар 108 бет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3.3 Персоналдың стратегиялық дамуын қамтамасыз ету

Жалпы персонал менеджменті мен кадрлық саясат негізінде жатқан кәсіпорын стратегиясының және қағидаларының талғамымен қамтылған. Персонал дамуының стратегиялық маңыздылығын түсіну қызметкерлердің жеке ресурстары орталық стратегиялық ресурстарға айналғанда және бір уақытта ұйым шығындарының ең мәндісі болғанда жүзеге асады.

Кәсіпорынның жалпы стратегиясы арасынан дамудың өндірістік мақсаттары ағып шығады. Олар кәсіпорын техникалық озаттылыққа (БМВ) ұмтыла ма, әлде қаіпсіздікті («ВОЛЬВО») қалайды, осыны қамтиды.

Персоналдың дамуының негізгі өндірістік мақсаттары әлеуметтік зерттеу және еңбек ұжымдарының сипатын талдау нәтижесінде қалыптасады.

Артынша бұл мақсаттар стратегиялық мәнге ие болуы мүмкін, кейбір жергілікті және тактикалық мақсаттармен болғандай, өндіріс икемділігінқамту, жаңашылдықты тез қарқынмен енгізу, құрылғылардың уақытын азайту прцестері.

Персоналдың даму стратегиясының құрылымы 3.2 суретте көрсетілген.

Персоналдың даму стратегиясы үшін басшымен өңделген фирманың жалпы стартегиясы маңызды орын алады. Қазіргі фирмалар басқарудың демографиялық стиліне көшу мен топтық басқарудың дамуы үшін қызметкердің жеке дамуы мен персоналдың дамуын байланыстырады.

Персоналдың дамуы дәстүрлі түрде персонал менеджментінің негізі болып табылады, өнеркәсіптің әлеуметтік-экономикалық саясат, экономикалықсаясат аясында болатын оқу процесінің ұйымшылдығын көрсетеді. Персоналды дамыту мақсаты – қызметкерлердің жеке потенциалының өзгерісі, сонымен қатар ұйым бірлігін, яғни ұйымға (кәсіпорынға) кадрлық потенциалын нығайту процестері мен нәтижелері, барлық бақылаушы, жоспарлаушы, құрылғыларын қамтамасыз етеді.

Нәтиже ретіндегі білім процесс ретіндегі білімнен маңыздылығы төмен емес. Осындай жағдаймен персоналды дамыту жүйелік құрылымдықты қамтамасыз етеді. Персоналдың дамуы үш деңгейге бөлінеді.

  • жеке (біліктілікті көтеру, білім);

  • топтық;

  • ұйымдық.

Басқаша айтқанда,персоналды дамыту қызметкерлер мен ұжымның дамуы арқылы ұйымның дамуы да болып табылады, сонымен бірге кәсіпорынның мәдениеті мен стратегиясына қосылады, оның сыртқы ортасын қамтиды және ұжымдағы білім жүйесін дұрыстау басшылардың ұйымдастыру қабілетіне тәуелді.

Ұйым стратегиясы

Ұйым жетістігі

Персоналды басқару стратегиясы

Персоналды басқару стратегисы

Барлық персонал

Ұйымның дамуы

Топтың дамуы

Бөлімдердің кадрлық потенциалы

Жеке тұлға

Жеке даму

Сурет 3.2 Персоналдың даму стратегиясының құрылымы

Бұл суретте көрсетілген құрылым персоналдың стратегиялық дамуының негізгі шешуші факторы болып табылады.

Оқуды ұйымдастыру үшін істің нақты жағдайын анықтау, олардың даму перспективасын белгілеу, оның жүргізілуін ұйымдастыру және бақылауды қамтамасыз ету керек.

Басқаша айтқанда, білімнің классикалық технологиясын ағымдағы жұмыс пен стратегиялық жоспарға енгізу қажет.

Бақылау сұрақтары:

  1. Менеджер мансабы дегеніміз не?

  2. Карьера бағыттарын атаңыз?

  3. Карьера позициялары дегеніміз не?

  4. Мансапқа жету жолдарының мүмкін ұсыныстары?

  5. Мансаптың бастапқы жағдайын анықтайтын типтік жағдайлар факторлары?

  6. Мансапты жоспарлау моделі қоршаған орта жағдайында қандай болады?