- •Мазмұны
- •1. Персоналды басқарудың теориясы мен әдістемесі
- •1.1Персоналды басқарудың мәні
- •1.2 Персоналды басқарудың негізгі түсініктері
- •Құралдар
- •Сурет 1.1 Персоналды басқару жүйесі
- •1.3 Персоналды басқарудың даму этаптары
- •Кесте 1.4 Қазіргі және болашақ ұйымдардың салыстырмалы сипаттамасы
- •Кесте 1.3 Германиядағы персоналды басқарудың даму этаптарының ерекшеліктері
- •1.4 Персоналды басқарудың өзектілігі
- •1.5 Персоналды басқаруды дамытудың қазіргі бағыттары
- •Кәсіпорын қызметінің мақсаттары
- •Негізгі бағдары Сурет 1.2 Персоналды басқарудың бағдарлануы
- •Сурет 1.3 Құзыреттілікті бөлу
- •2.Персонал қызметі және онын жүмыс істеуіне қойылатын негізгі талаптар
- •2.1 Персонал құрылымы
- •2.2 Персонал потенциалы мен кадрлық потенциал түсінігі
- •2.3 Персоналды басқару қызметінің кадрлық потенциалы
- •Кесте 2.2 Мемлекеттер бойынша ұйымдағы кадр бөлімше жұмыскерлерінің пайызы
- •2.4 Персонал қызметі мен өндірістік міндеттердің ара-қатынасы
- •Кесте 2.3 Өндірістік тапсырмалар мен персоналды басқару тапсырмаларының арасындағы қарым-қатынас
- •2.5 Кәсіпорын мен еңбек қатынастары жағдайының шартты факторлары мен өмір сүруі
- •3.Ұйымның кадрлық саясаты
- •Кадрлық саясаттың мәні, мақсаты және түрлері
- •Кадр саясатын қалыптастыру және жоспарлау
- •2 Цехтін бастығы
- •2 Цехтін бастығының орынбасары
- •1 Цехтін ауыспалы шебері
- •Сурет 3.1 Менеджер мансабы
- •3.3 Персоналдың стратегиялық дамуын қамтамасыз ету
- •Сурет 3.2 Персоналдың даму стратегиясының құрылымы
- •4. Ұйым персоналын басқару стратегиясы
- •4.1 Персоналды стратегиялық басқарудың факторлары
- •Сурет 4.1 Персоналды инновациялық басқарудың стратегиялық факторлары
- •Кадр саясатының стратегиясы
- •4.3 Қызметкерлердің іскерлік белсенділігі
- •Сурет 4.3 Менеджмент категориясы жүйесіндегі мақсаттардың орны
- •5. Персоналды жоспарлау
- •5.1 Кадрлық жоспарлаудың негізгі сатылары, кезеңдері
- •5.2 Персоналды қаржыландыруды жоспарлау: кадр құрамының сақталуы, оларды қамқорлыққа алу, біліктілігін арттыру
- •Кесте 5.1 Персоналдың даму тапсырысы мен мақсатының құрылымы
- •5.3 Персоналдың даму жүйесі мен кезектілігі
- •Персонал маркетингі
- •Персонал маркетингінің ролі мен маңыздылығы
- •6.2 Басқару персоналына талап ету және мансаптық өсу динамикасы
- •Сурет 6.2 Ұйым мақсаттары мен орындаушыларға деген талаптың өзара байланысы
- •Сурет 6.3 Бағалардың полярлік профилі
- •Кесте 6.1 Неміс, американдық және тмд елдері кәсіпкерлері үшін сапалар тобы мәнінің айырмашылығы
- •Кесте 6.3 Басшылар мен менеджерлер арасындағы келісім-шарттың бұзылу себептері
- •Кесте 6.4 Менеджерлердің конкурсында жеңілуінің негізгі себептері
- •Кесте 6.5 Цех басшысының профессиограммасы
- •Кесте 6.6 Кәсіпорын шеберлерінің сапалық құрылымына мысалы
- •Кесте 6.7 а.Файоль шкаласы
- •Кесте 6.9 Жетекші сапасының құрылымы (а.Файоль бойынша)
- •Сурет 6.4 Менеджердің талап ету эволюциясы
- •7.Ұйымдағы персоналды басқару технологиясы
- •7.1 Кадрларды жинақтау, іріктеу техникасы, әдістері және әсер етуші факторлар
- •Сурет 7.1 Менеджмент категориясы жүйесіндегі кадрлық реттеудің техникасы
- •Сурет 7.2 Маман таңдау жүйесі
- •Сурет 7.4 Персонал жинақтау әдістерінің жүйесі
- •7.2 Персонал таңдаудағы қойылатын талаптар
- •7.3 Адамға бағдарлану (ориентация) және оның жұмыс жағдайы
- •Сурет 7.5 Персоналды басқару мақсатының иерархиясы
- •7.4 Персоналды басқару және ұйымның өмір сүруі
- •Сурет 7.6 Менеджмент жүиесіндегі персонал
- •8. Жұмысқа қабылдау және босату технологиясы және еңбек шарттары
- •8.1 Жұмысқа қабылдау және босату технологиясы
- •8.2 Еңбекті ұйымдастыру оның тиімділігін жоғарылату ретінде
- •8.3 Әкімшілік пен кәсіподақтардың арасындағы байланысты қамтамасыз ету
- •9.Ұйым персоналдарынын енбегінін нәтижесін бағалау
- •9.1 Қызметкерлерді еңбек нәтижелері бойынша бағалау
- •Сурет 9.1 Мамандардың еңбектерін бағалаудың бағыттары
- •9.2Еңбекті бағалау және еңбекақы төлеу байланыстығы
- •9.3 Кадрларды аттестациялау және оның өткізу жолдары
- •10.Персоналды оқыту
- •10.1 Персоналды оқытужәне оқыту процестерінің әдістері
- •10.2 Кадрларды дайындаудың жапондық жүйесінің ерекшеліктері
- •11.Персоналдын іскерлік мансабын баскару
- •11.1 Менеджер мансабының түсінігі және бағыттары
- •2 Цехтін бастығы
- •2 Цехтін бастығының орынбасары
- •1 Цехтін ауыспалы шебері
- •Сурет 11.1 Менеджер мансабы
- •11.2 Менеджер мансабын жоспарлау негіздері
- •Кесте 11.1 Жеке тұлғалар ресурстарының портфелі
- •Cурет 11.2 Мансапқа бағытталған индивидуалдық бағыттар
- •Cурет 11.3 Жеке тұлғалар ресурстарының портфелі
- •Cурет 11.4 Өндірістік немесе тұлғалық даму концепциясы ретіндегі мансапты жоспарлау
- •Kесте 11.2 Мансап фазаларының байланысы және өмірлік циклі
- •Cурет 11.5 Персоналды басқару бойынша шешімдер жүйесіндегі мансапты жоспарлау
- •Сурет 11.7 Мансапты жоспарлау моделі
- •. Кадрлық резервті басқару
- •Кадрлық резервтің мәні, қалыптастыру тәртібі және қойылатын талаптар
- •12.2 Басқару персоналының резервін жоспарлау және дайындау
- •Кесте 12.1 Резервке енгізу критерилері
- •Сурет 12.1 Цех жетекшілері резервін қалыптастыру көздері
- •Кесте 12.2 Резервке үміткерлер мен олардың эксперттерінің тізімі
- •13.1 Жұмыскерлерді мотивациялаудың түсінігі және маңыздылығы
- •Кесте 12.3 Маман және бағалаушылардың тізімі
- •13. Персоналды мотивациялау
- •13.2 Кәсіпорынның ынталандыру саясатын қолдануы
- •13.3Басқарудың экономикалық әдістері – мотивацияның құралы ретінде
- •14.Жұмысшылардың енбегі өтемінің жүйесі
- •14.1 Жұмысшыларды бағалаудың түсінігі мен міндеттері
- •14.2 Персоналды бағалаудың әдістері
- •Кесте 14.1 Персоналды зерттеу мақсаты мен әдістердің өзара байланысы
- •Кесте 14.2Қызметкерлер және олардың жұмыстарын бағалау қатынасы
- •14.3Еңбек ақының мәні,сипаттамасы және мемлекеттің реттеуші функциясы
- •14.4 Кәсіпорында еңбек ақының құрамы мен құрылымы және оны ұйымдастыру
- •15. Персоналды басқару тиімділігін бағалау
- •15.1 Жұмыс күшіне кететін шығындар және олардың сипаттамасы
- •Сурет 15.1 Кәсіпорынның жұмыс күшіне кететін шығынның сыныптамасы
- •15.2 Персоналды басқару тиімділігін бағалау
- •15.3 Персоналды басқару сапасын бағалаудың негізгі әдістері
- •Сурет 15.2 Өнім көлемінде жұмыс күші шығындары бірлігінің еңбекшығындары бірлігіне есептегенде тәуелділігі
- •15.4 Жұмыс күшіне қатысты шығындардың ақталуы
- •Әдебиеттер
- •Анафияева жибек, ерназарова анар каржаубаевна
- •Оқу құралы
8.3 Әкімшілік пен кәсіподақтардың арасындағы байланысты қамтамасыз ету
Бір жағынан әкімшілік (акционерлер кеңесі, кәсіпорын кеңесі) және екінші жағынан жұмыскерлердің мүдделерін білдіруші ретінде кәсіподақ арасындағы өзара байланыс, олардың арасындағы әріптестік қатынастарды қастамасыз ету еңбек қатынастарының ең жоғарғы дәрежесіне жетудің негізі ретінде және соған сәйкес кәсіпорын дамуының қозғаушы күші ретінде бұрыннан қарастырылған. Осы себеппен дамыған елдерде 60-жылдардан бастап әкімшілік және жұмыскерлердің арасындағы әріптестік қатынастарды қамтамасыз ету бойынша кепілдемелер, олардың арасындағы жанжалдарды өшірудің әртүрлі модельдерін талқылаған.
Ұжымдық келіссөздер кезінде кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі жұмыскерлердің негізгі мүдделерін ескере отырып, қарастырылатын есептердің шешімдері жасалады. Келіссөздер көбінесе еңбекақы, тарифтік мөлшерлеме дәрежесін реттеу (көтерілуі, төмендеуі немесе тоқтап тұруы) болып табылады. Мұндай тарифтік келісімдер кәсіпорын шегінен шығып кетуі мүмкін және аймақ дәрежесінде еңбекақыдағы салалық айырмашылықтарды реттеуге қатысты болады. Бұндай жағдайда үш жақты келісімдер жасалады: аймақ үкіметі (әкімшілік), кәсіпкерлер мен жұмысберушілерді біріктіретін ұйымдастырушылық құрылым және кәсіподақ органы арасында.
Келісім-шарттық қатынастардың құрылымдық бөлімі болып жұмыскерлердің еңбек ету және өмір сүру жағдайларын, еңбек пәндерін, еңбек өнімділігін көтеру жолдарын, жалдау шарттарын (кәсіпорынның қатысуымен жүргізілетін лауазымдарды жалдау тізбесі, уақытша мерзімнің уақыты, уақытша жұмысқа алынатын жұмыскерлерді жалдау бойынша, келісім-шартты бұзу мүмкіндігі, жұмыскерлердің жалпы жұмыстан шығуы т.б.), еңбекті қорғау, қосымша әлеуметтік сақтандыру және медициналық қызмет көрсету, мәдени шараларды, спорт, т.б. дамыту, жағдайларын жақсартуға қатысты мәселелер табылады.
Келіссөз жүргізу процесін жоғары дәрежеден (үкімет пен орталық кәсіподақ органы) сала дәрежесіне өту тенденциясы көрініс табуда. Сонымен қатар, көптеген кәсіпкерлер өндірістік ұйымдарда икемділік қажет екендігі және бұдан ұйым, кәсіпорын әкімшілігі мен жұмыскерлердің арасында келіссөздерсіз мүмкін еместігін айтады.
Мүдделі жақтардың арасында тұрақты және конструктивті диалог негізіндегі еңбек қатынастарының жүйесі конфронтациядан және өзара сенімсіздіктен аулақ болуына мүмкіндік береді, өйткені ұжымдық келіссөздер кезінде әрбір жақ бір шешімге келеді. Мұндай әлеуметтік диалогтың нысаны әртүрлі болуы мүмкін: кеңес беруден біркелкі шешім шығаруға дейін. Тәжірибеге қарайтын болсақ, әкімшілік пен еңбекшілердің арасындағы әріптестік қатынастардың технологиясын бекіту келесі үлгіде болады:
ең жақсы қатынастар нысанын бекіту;
конфронтацияны тоқтату;
қатынастарды бекіту жолындағы кедергілерді анықтау;
әрбір жақтың мүдделерін анықтау;
біркелкі іс-әрекеттерді өңдеу;
оларды жүзеге асыру стратегиясын талдау, коммуникацияны орнату;
қоршаған ортаның өзгеру шамасына қарай қалыптасқан қатынастарды қайта құру.
Нарықтық қатынастар кезінде әлеуметтік әріптестікті қамтамасыз ету алдында да жаңа мәселелер пайда болады. Сөйтіп, жұмыс күшінің әртүрлілігіне байланысты (завод ішіндегі еңбек нарығының сегментациясы, ядроның және перифериялық жұмыс күшінің пайда болуы) кәсіподақ алдында келесі сұрақ пайда болды: осы кезде әлеуметтік шыдамсыз жағдайлар қалыптасуы үшін жұмыскерлердің әртүрлі категорияларына байланысты қатынас қалай бөлектенуі мүмкін? Кәсіпорын кеңесі, акционерлер кеңесі сияқты басқару құрылымдарымен жаңа қатынастар пайда болады. Жалдаудың келісім-шарттық жүйесін енгізумен қатар әкімшілік пен нақты жұмыскерлердің арасындағы келіссөз процесінің рөлі күшейді.
Жұмыскерлердің кәсіпорын істеріне, сонымен қатар қаржылық мәселелерде қатысуы тек мотивацияның жоғарлауына ғана емес, ол жұмыскерлердің әл-ауқатының жоғарылауына, олардың кәсіпорын басшылығымен қатынастарының жақсарылуына әсер етеді, өйткені бұл жұмыскерлердің жұмысқа қарсы қаруын төмендету үшін және демократиялық қатынастардың дамуы үшін, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылақта дамыту үшін шарттардың бірі болады. Бұнымен қатар зерттеу көрсеткендей, әріптестік қатынастар әрқашанда еңбек өндірісін көтеруге әсер етпейді. Мүмкін кейбір экономикалық көрсеткіштердің, әлеуметтік мақсаттары мен өзгерістерінің арасындағы үйлесімдікке жету қиын. Бұл жағдайды ескеру керек, бірақ әлеуметтік көзқарастан қарасақ әріптестік қатынастар дамуының болашағы бар.
Әкімшілік пен жұмыскерлердің серіктестігінің нысаны тек ұжымдық келісім-шарттар жасаумен шектелмейді. Бұған жұмыскерлердің шешім қабылдауында, сапа үйірмелерінде, өнім сапасын жоғарылатуда үлкен рөлді ойнауға, жаңа технологияларды енгізуге, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге қатысуды, кәсіподақ пен кәсіпорынның жұмысшылар кеңесімен тұрақты кеңес жүргізуді жатқызуға болады.
Бақылау сұрақтары:
Қызметкерлерді тағайындау қандай үш кезеңді қамтиды?
Қызметкерлерді тағайындауға әсер ететін фактор.
Қызметкерлерді таңдаудың жапондық әдісі қалай ерекшеленеді?
Мамандыққа қарай қойылатын талаптар.
Ұжымдағы еңбекті ұйымдастырудың элементтеріне не жатады?
Әкімшілік пен еңбекшілер арасындағы әріптестік қатынастардың технологиясы қандай?
Жұмыскер зейнеткерлік шағында қалай қамсыздандырылады?
Жұмысшыларды әлеуметтік қорғау мақсатында мемлекет қандай жеңілдіктер мен кепілдіктер ұсынады?
