Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
окулык ПБ-1 3-2-2 анар 108 бет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Сурет 6.2 Ұйым мақсаттары мен орындаушыларға деген талаптың өзара байланысы

Менеджер сапасы олар орындайтын функциялармен шартталған. Тапсырмалардың өзгерісі өз күшінде функциялардың өзгеруіне әсер етеді, ал ол өз кезегінде талаптардың өзгеруін шарттастырады. Функциялардың орындалуына дайындық деңгейі қызметке деген талап пен осы қызметке кандидаттың сапасын бағалайды. Менеджерлер сапасы ұйым мақсаттарынан туатын тапсырмаларға тәуелді.

Басқару персоналына деген талап шкаласы бірнеше разрядтардан тұрады.

Мысалы, бес балдық шкала былай бейнеленеді:

  1. Талаптарға шектеулі түрде сәйкес келеді;

  2. Сәйкес келеді;

  3. Нақты сәйкес келеді;

  4. Толық сәйкес келеді;

  5. Жоғары дәрежеде сәйкес келеді.

Менеджер сапасын бағалау әр түрлі формада көрсетілуі мүмкін, мысалы сызықтың қыры түрінде, тоғызыншы бөлімде нұсқасы берілген немесе қарама-қарсы сапаларға негізделген бағалардың полярлық профилі түрінде, мысалы: тұрақты емес – тұрақты, жұмсақ – қатты, қорғанысты қажет ететін – тәуелсіз.

Мұндай профиль бағаларды жалпылау кезінде қалыптасады. Ең сәйкес келетін менеджерлердің келуіне кепілдеме беретін талаптар жоқ. Бірақ белгілі бір сапаларына байланысты білікті жетістігін көруге болады және оның ұйымныңқызығушылығына байланысты дамуына, менеджерлердің өзінің жетістіктеріне әсер етеді. Бағалардың полярлық профилі балдарындағы бағалаулармен бірге қарама-қарсылықтың қоса алады (сурет 6.3).

Бағалау, балл

1

2

3

4

Сол жақ айтылғандармен толық келісім

Сол жақпен келісім

Оң жақпен келісу

Оң жақ айтылғандар-

мен келісу

Өз ойын білдіруші

Талап етуші

Батыл, қорқақ

Тәуекелге барушы,

ер жүрек

Консервативті, «ұйқышыл»

Іскерлік

Сенімсіз

Адал ниетті

Суық

Досшыл

Жасқаншақ

Ашық, тез араласатын

Тиянақты

Шығармашыл-дық

Орындаушы

Дербес

Сурет 6.3 Бағалардың полярлік профилі

Менеджментте менеджерлергедеген міндеттердің мәнін анықтауда шешілмеген мәселе бар. Ол оның сапасының жұмыс сапасына әсер ету деңгейінің есептесуін білдіреді. Бұл жерде барлығы шаруашылық жағдайларынан туады. Менеджер сапасының мәнін анықтайтын мәселені әр түрлі міндеттемелерді салыстырмалы түрде бағалау жолымен шешеді. Шешушісі сапалық мәні арқылы емес, әрекет немесе берілген сапаның әсер ету саласы болып табылады.

Менеджер мәнділігін бағалау критериялары тәжірибе қажеттілігі үшін қызмет етеді, сонымен бірге персоналдың дамуы процесінде жеңетін қиындықтар үшін. Осы кезде сапаның пайдалылығы ғана емес, оның тапшылығы есептеледі.

Әр түрлі бағалау жүйесі мен әдістерінде мәнділік бағасының ауытқуы мүмкін. Мысалы, «білім» сапасының мәні тек 15 бағалау жүйесінде 19-70%-ға дейін ауытқыған.

6.2 кестесінде барлық сапаларға қарағанда менеджерлер біліміне деген талап батыс елдерінде жоғары деңгейде. Зерттеулер көрсеткендей Қазақстан кәсіпорын басшылары үшін жауапкершілік, еңбекқорлық сапалары тән.

Сапалардың жеке топтарының мәнін анықтау мағыналас тұрғысынан батыс фирмаларында да жоқ.