Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
окулык ПБ-1 3-2-2 анар 108 бет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5. Персоналды жоспарлау

5.1 Кадрлық жоспарлаудың негізгі сатылары, кезеңдері

Жоспарлау мақсаты – өндірісті қажетті жұмыс күшімен қамтамасыз ету және соған сәйкес шығындарды анықтау.

Персоналға қажеттілікті анықтау - кадрлық жоспарлау процесінің бастапқы сатысы, ол нақты және жоспарланған жұмыс орындары мен кадр қозғалысы жоспарларына негізделеді.

Кадрлық жоспарлау - керек уақытында қажетті көлемде, олардың қабілеттілігі мен бейімділігіне сәйкес және өндірістің талаптарына сай жұмыс орындарын ұсыну.

Кадрлық жоспарлау келесідей жұмыс түрін қамтиды:

Жұмыскерлерді біліктілігін ескеріп, ұйымға қажеттілігін анықтау;

Персоналды мүмкіндігіне сәйкес тиімді пайдалану.

Кадрлардың дамуын тұрақты қамтамасыз ету және олардың білімдерін өндіріс талаптарына сәйкес көтермелеу;

Жоспарланған кадрлық іс – шаралардың шығындарын анықтау.

Кадрлық жоспарлау бірнеше міндеттерді қарастырады:

нақты кезеңдегі жалпы мақсаттарды анықтау және өзгеріске сәйкес кадрлық жоспарлауды икемдеу;

компаниядағы жұмыстан шығару деңгейін бағалау және орын басу мүмкіндігін болжау;  

жұмыс күшін тарту үшін жұмыс уақыты мен  демалыстағы тиімді өзгерісті бағалау;  

жаңа        технология,     өнімділікті     жоғарылату,     өткізу нарығының өзгеруі, ұлттық және халықаралық бизнес шарттары сияқты факторларды ескере отырып, жұмыс күшіне сұранымның өзгерісін болжау;   

жұмыс күшін дамыту, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер жылдамдығына бейімделу;

жұмыс күшіне қатысты барлық саясат түрлерін үйлестіру және басқару.

Персоналды жоспарлауға қатысты барлық шаралар –үнемі өзгерістегі өндіріс жағдайына бейімдеу үрдісі негізінде жүргізілуі керек.

Кадрлық жоспарлау келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:

  1. Қанша жұмыскерлер олардың қандай біліктілігі бар, қашан және қайда қажет болады.

  2. Қалайша персоналдар әлеуметтік нұқсан келтірмеу олардың артығын қысқартып, қажеттілігін жұмылдыруға болады.

  3. Персоналдың мүмкіндігіне сәйкес қалай тартымды пайдалануға болады.

  4. Біліктілігі жоғары жұмыс орындарын жаңа жұмыс күштерімен қамтамасыз ету үшін кадрлардың дамуын қамтамасыз етуге және олардың білімдерін өндіріс талаптарына сәйкес көтермелеуге қол жеткізуге болады.

  5. Жоспарланған кадрлық іс – шаралар қандай шығындарды талап етеді

Кадрлық жоспарлау бірнеше сатыдан тұрады:

Персоналға қажеттіліктерді жоспарлау – кадрлық жоспарлау процесінің бастапқы сатысы. Персоналды жұмысқа тартымды және еңбекке бейімдеуді жоспарлау – ұйымдарға кадрларды жұмысқа тартуды ұйымдастыруға персоналмен атқаратын жұмыстың шешімін табатын проблемалардың бірі олардың еңбекке бейімделуін жоспарлау болып табылады.

Персоналды жұмыстан босату немесе қысқартуды жоспарлау жұмыскердің жұмыстан босатылуы келесі дәрежеге байланысты болады:

жұмыскердің талабы бойынша

әкімшіліктің талабы бойынша

зейнеткерлікке шығуына байланысты

Персоналды пайдалануды жоспарлау – бұл процес штаттық лауазымды жұмыс орындарын толтыру жоспарын жасаудан басталады. Жұмысты анықтағанда, психикалық және физикалық жұмыс көлемімен үміткердің мүмкіндіктерін ескеру қажет.

Оқытуды жоспарлау – ұйым ішінде және сырттай оқыту немесе білім алу, өз бетінше дайындалу арқылы жүргізіледі және біліктілігі жоғары жаңа мамандарды іздемей – ақ меншіктік өндірістік ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Іскерлік мансапты, қызметтік кәсіби жоғарылатуды жоспарлау – жұмыскерді ұйымға қабылдаған уақыттан бастап, жұмыстан шығады – ау деген уақытқа дейін оның қызметі немесе жұмыс орнына жүйесі бойынша жоспарлы түрде көлденеңінен және тігінен жылжуын ұйымдастырудың қажеттілігінен тұрады.