Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
окулык ПБ-1 3-2-2 анар 108 бет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Сурет 15.1 Кәсіпорынның жұмыс күшіне кететін шығынның сыныптамасы

Сонымен қатар Атланта қаласындағы (Джорджия штаты) өндірісті ұйымдастыру институтының зерттеулері көрсеткендей 90-шы жылдары АҚШ экономикасындағы өнім сапасы мен еңбек өнімділігін арттыру 46,5% жағдайда адам факторына қаражат салынған, 35,9% әртүрлі түрдегі интегралданған өндіріс жүйелерін құру арқылы және 17,7% алдағы технологияларды қолдану жағдайымен бейнеленеді.

Шаруашылықты жоспарлы жүргізу жағдайында кәсіпорын өз қызметкеріне қаражат салу қызығушылығының жоқтығы жұмыс күшін оқыту мен мамандандыру шығындары көбіне мемлекет үлесіне тиетінін анықтайды. Сол себепті жұмыс күшіне қатысты ұстаныстармен байланысты шығындарды талдау мен есепке алу қажеттілігі болған жоқ. Жалақыны ұйымдастыу мемлекеттік тарифтік жүйе арқылы қатаң реттелгендіктен (ең біріншіден жалақы деңгейі мен жұмыс күшін ұдайы өндіріс бағасын байланыстыру қажет) еңбекақыны жетілдіру міндеттері мен шығындарын талдауға итермелейді.

Өзін-өзі қаржыландыру жағдайында жұмыс атқаратын кәсіпорында персоналды басқару жұмыс күшіне жұмсалатын шығындарды анықтау, оның қызметімен байланысты барлық шығындарды есепке алу мен талдау міндеттерін қояды.

Кәсіпорының жұмыс күшіне жұмсалатың шығындарды сыныптау. Еңбек потенциалын қолдануды дамыту оны құрумен байланысты шығындардың түрлері өте көп. Олардың сыныптамасы қалыптасқан әр-түрлі көзқарасымен нақты шығындарды қарастыру, олардың әрбір түрінің маңызын түсінуге мүмкіншілік берер еді. Сонда қызметкерді (персоналды) басқару мақсатты бағытталған сипатты иеленді.

Жіктелу белгілері ретінде төмендегілер қарастырылады:

өндіріс процесінің кезеңдері;

бабын табу деңгейі;

мақсатты белгілеулер;

қаржыландыру көздері;

шығын сипаты;

өтеу мерзімі.

Мұндай жіктелу 15.1 суретінде көрсетілген.

Өндіріс процессінің кезеңдері бойынша шығындардың жіктелуіне жұмыс күшін қалыптастыру, бөлу, пайдалану жатқызылады.

Егер жұмыс күшінің өндіріс шығындарының бабы өзінің талдануында қиыншылық тудырмаса, келесі екеуі белгілі түсіндірмелерді талап етеді. Кәсіпорын деңгейінде жұмыс күшін бөлу фазасы шектелген көлемде жүзеге асырылады және өзінің жұмыскерлерін басқа аймақтарда орналасқан басқа да құрылымдық бөлімдеріне ауыстыру тәртібіндегі мүмкін ауыстырулармен, сырттан жұмыс күшін тартуға шығындармен байланысты.

Тұтыну сатысындағы жұмыс күшіне шығындарға келсек, бұл жерде еңбекақы төлеу қорын сонымен бірге еңбекақы төлеу қорына кірмейтін, бірақ жұмыскердің табысын көбейтетін төлемдер мен жеңілдіктерді ерекшелеу керек. Мұнда, сонымен қатар жұмыс күшін әрекет қабілетсіздер жағдайында ұстау және әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру шығындары кіреді.

Бірақ жоғары елеулі еңбек үшін жағдай құруға, техникалық іс шараларға шығындар жұмыс күшінің шығындарына кіргізу сұрағы жауап береді.

15.2 Персоналды басқару тиімділігін бағалау

Жұмыс күшіне шығындардан басқа персоналды басқарудың экономикалық тиімділігін бағалау кезенінде осындай әрекеттің нәтижелік көрсеткіші қолданылады. Кәсіпорын ұжымының (жеке жұмыскерлердің) еңбек потенциалының дамуы басқару шешімдерін қабылдау салдары ретінде өндірістік әрекеттен қосымша нәтиже алуға сілтеме жасайды. Бұл қосымша нәтиже әр түрлі нысанды қабылдай алатын және әр түрлі көрсеткіштермен бағалана алатын әсер қайнар көзі болып табылады. Сонымен нәтиже мынадай түрде көріне алады:

еңбек өнімділігінің өсуі, оның сапасы мен түрінің жоғарылауы салдарынан өнімді өндіруді ұлғайту түрінде (бұл жерде біз нәтиженің тікелей сандық құраушылырын айтып отырмыз);

еңбекпен қамтамасыздандырылу түрінде, әсіресе егер кадрлармен жұмыс еңбек қатынастарындағы әлеуметтік мезеттерді есептеу арқылы құрылды;

кәсіби жұмыскерлерді іріктеу арқылы оқыту мерзімдерін қысқарту кезінде құралдарды қатыстық үнемдеу түрінде (Нәтиже еңбек потенциалының белгілі бір жағдайына жету үшін қажетті құралдарды үнемдеумен көрінеді).

Сонымен қатар, нәтиже аралық бола алады, ал фактордың сандық сипаттамасы өзгермелі және соңғы бола алады және өндірістік әрекеттің нәтижесіне осы фактордың салдары әсер етеді. Сонымен, аралық нәтиже ретінде жұмысшылардың біліктілігін жоғарылатуды қарастыруға болады (орта разряд 3,1 болды, одан кеін 3,4), ал соңғы нәтиже - өндірілген өнімнің немесе жоғары сапалы өнімдерді өткізуден түскен пайда көлемін ұлғайтады.

Жалпы соңғы эффекті біріншіден барлық нәтижелердің жалпыланған көлемі ретінде, (мысалы, өндіріс көлемінің өсуі, өткізуден түскен пайда және т.б.) екіншіден, нақты шараларын жүзеге асырудың жеке әсерлерінің сомасы ретінде есептеуге болады. Бұл әдістердің әр қайсысының оң және теріс жақтары бар.

Егер кәсіпорын ұжымы әрекетінің жалпы көрсеткіші ретінде өндіріс көлемі, оның өсуі, еңбек өнімділігінің деңгейінің өзгеруі сияқты синтетикалық көрсеткіштерді қолданса, онда олардың шамасына персоналды басқару арқылы жұмылдырылған өндірістің жеке факторы ғана емес, сонымен қатар техникалық-технологиялық және ұйымдастырушылық факторлары да әсер етеді. Сондай-ақ, ағымдағы жыл нәтижесіне өткен жылдардың шығындары, әлде ағымдағы кезеңнің шығындары үлкен әсер ете алады. Сондықтан, өз-өзіне жалпыланған көрсеткіш эффекттің бар жоғы туралы сұраққа бір жақты жауап алуға мүмкіндік береді, персоналды басқару тиімділігіне қатысты тұжырым ашық болып қалуда. Жұмыс қүшіне шығындардың тиімділігін бағалаумен байланысты тым ірілендірілген есептер нәтижені бағалаудың ірі қателіктері бар.

Жеке көрсеткіштердің жалпы нәтижесін біріктіру тиімдірек, себебі ол қай жұмыс бағытының оң нәтиже, қайсысы теріс нәтиже бергенін анықтауға мүмкіндік береді. Әрине, жалпы соманы есептеу әдістемесінің әсерінен, қайта есептеу, оң және теріс нәтижелердің өзара жойылуы әсерінен бірінші әдіс көмегімен алынған сомамен бірдей емес (немесе факторлар өздігінен әрекет етпейді, өзара байланыспен әсер етеді). Сонымен қатар жалпы нәтиженің құраушыларының саны қай жұмыстар мен шаралардың бағыттары есепке алынғанына қарай әр түрлі болуы мүмкін. Жалпы нәтижені есептеу қиындықтары әр түрлі шығындар нәтижесі әр түрлі нысанда көрінуімен байланысты.

Сонымен қатар, кей шаралар бүкіл ұжымға таралады, ал басқалары – тек жұмысшылар тобына таралады. Нақты шаралардың тиімділігіне талдау жұргізілгенде, алдымен жұмысшылардың тобы үшін алынған эффекттен шығады. Бұл эффект және оның есебімен жасалған тұжырымдар жеткілікті түрде нақты болып табылады. Барлық жұмысшылар жиынтығы бойынша жалпы көрсеткіш есептелгенде , бір шаралармен сипатталған топтық эффекттер басқа шаралармен сипатталған эффекттермен қосылады. Әрі қарай есептер орта көрсеткіштерді қолданумен жүргізіледі. Тұжырымдар персоналды басқару бойынша жұмыстардың бағыттылық «векторын» алуға мүмкіндік бере отырып, жалпы сипатта келеді.

Жоғарыда айтылғандай, жұмыскерлерге жұмсалатын шығындар адамға тікілей қатынастағы шығындар, яғни оның еңбекке қабілеттілігін жоғарылатуға, мамандандыру есебінен өнімділікті арттыруға, қабілеттерді, мотивацияны және т.б. дамыту бағытында жатқызылады.

Шығындарды қызметкерлердің өндірілген белгілі бір фазасына жатқызу үлкен теоретикалық мағынаға ие. Тәжірибеде бұл үш фаза тығыз байланысты және олардың біреуінде жұмсалған шығындар соңғы нәтижеде, яғни кәсіпорының еңбек потенциалында, тура немесе жанама негізінде оңды жерін тигізеді. Әдебиеттерде белгіленгендей «жұмыс күшін қолдану фазасының өндірістік циклдің өзге элементеріне әсер ету, жекелеп алғанда, жұмыс күшін өндіру фазасымен байланысты процестер», «дәстүрлі әсер» екінші реттік құбылыстың бірінші реттік шегінен асады және анықтаушы рөлді атқарады.

Жұмыс күшін үнемді қолдану арқылы сапалы да, сандық қатынастарда жұмыс күшінің әрі қарай даму қаражатының қайнар көзінің бірі болатын пайда табуға есептелген.

Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындарды сараптық есептеу кәсіпорын деңгейінде жұмыс атқарып жатқан есеп жүйесінде – үлкен еңбекті талап ететін жұмыс.

Өзіндік құнға жататын шығындар тізімі белгілі бір мақсатты бағытқа ие шығындар тобын анықтауға және қаржыландырудың қайнар көзіне қатысты анық суретін көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп нысандары жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың жалпыланған көрсеткіштерді қоспайды, осыған байланысты алғашқы есеп құжаттарымен жұмыс қажет.

Кәсіпорындарды қаржыландыру көзін таңдау өте маңызды, жұмыс күшіне жұмсалатын шығындарды өзіндік құнға қосу өнім өткізілгеннен кейін олардың қайтарылуының кепілі болады.

Кәсіпорының кадрлық саясатын талдау мақсаттары үшін жұмыс күшіне шығындардың міндетті және міндетті емес деп бөлу кезінде соңғыларға ерекше қызығушылықты білдіреді, өткені олар арқылы өздерінің мақсаттарына сәйкес өндірістік нәтижелерді үлкейтуді қамтамасыз еткелі қызметкерлердің өзін-өзі ұстауға ықпал етеді. Өздерінің мақсаттарына сәйкес кәсіпорынды реттеп отырады.

Шығындарды (резервті қалыптастырушы және резервті қалыптастырмайтын) қысқартылу мүмкіндігі бойынша жіктеу мына мәндегі мәселені анықтайды: өндірістік ұсталымдардың басқа түрлері сияқты жұмыс күшіне шығын келтіреді.