Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
окулык ПБ-1 3-2-2 анар 108 бет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

12.2 Басқару персоналының резервін жоспарлау және дайындау

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының жұмыс тәжірибесінде ұжымды стратегиялық басқару, мамандар резервін құру және әртүрлі деңгейдегі басқарушыларды құрумен байланысты. Өндірістік кәсіпорынның басқармалық лауазымын құрастыру мысалында менеджердің карьерасын жоспарлауын қарастырайық. Осы ереженің формальді емес атқарылуы, кадрлық басқарудың актульды аспектілерін туғызады.

Басқару кадрларының жұмыс жүйесінде нашар звенолардың бірі, басқарудың цехтық звеносын кадрлық потенциалды жүзеге асыру және құрастырудағы стратегиялық бағыт болып табылады. Ол бастапқы басқарудың деңгейінің басқарма резервін қалыптастыру бойынша шаралар жүйесімен және олармен жүргізілген жұмыспен атқарылады. Олардың талқылануы жүзеге аспауы жөнінде пікірлер бар. Осындай түрдегі құжаттарда тәжірибелік қажеттілік көп уақыттан бері жетілді. Шын мәнінде резервке ұсыну критериі, басқарушыларды тағайындау және карьераны жоспарлау қажет.

Дәлдік деңгейі және көрсетілген міндеттер спектрі бойынша басқару персоналының резервін әлеуметтік, потециалды алдын ала, соңғы түріне жеткізуге болады. Резервтің әрбір түрі бірін-бірі толықтырады. Мысалы, потенциалды қор құрамын алдын ала түрі құрылады, ал одан - соңғы түрі. Басқарушы болу ықтималдылығы соңғы резервке ауысуға жақындау көлемі бойынша артады.

Резервтің әрбір түрі үшін өзінің критерийлері болады және әрбір келесі резервтің критерийлеріне алғашқы резервтің критерилері кіреді.

Қарастырылып жатқан резерв түрлері басқарудың келесі сатысына қолданылады: басқарудың әртүрлі деңгейлеріне әлеуметтікпен ақырғыға дейін резерв иерархиясы бар. Сондықтан, белгілі бір лауазымды резервке шығару критерилерінің құрамы оған байланысты болмауы керек. Олардың мағынасы ғана өзгереді. Бұндай жағдай басшылықтың барлығының (шебер, цех бастығы, директор) жұмыс істейтін басқару функциясы бірдей, тек қана әрбіреуінің маштабы мен жалпы сомаға әртүрлі. Осыған олардың талаптар мазмұнының бірдейлігі, бірақ олардың иерархия деңгейі әртүрлі болады.

Басқарушы кадрлардың әлеуметтік резерві, сөздің ең кең мағынасындағы резерв. Оған барлық еңбек етушілер кіреді және тек осы өндірістік кәсіпорынның жұмыскерлері ғана емес. Бұнда бір критерий - әділ жұмыс орнындағы адал еңбек. Бірінші жағдайда әлеуметтік резерв - бұл шығармашылық жастар.

Потенциалды резервті негізгі талаптарға сай келетін немесе алдыңғы уақытта сай болатын басшылық, мамандар, жұмыскерлер құрайды. Ол әр бөлімшенің өзінің резервін құруға қажетті бастапқы базасын құрайды.

Алынып отырған басқару сатысынан тәуелсіз резервке енгізу критерилері 11.1 кестесінде көрсетілген.

Белгілі бір резервтің түріне немесе бір түрдің ішіндегі лауазымға қойылған критерийлердің мағынасы оған деген талаптың деңгейіне байланысты қойылады. Осындай талаптардың жиынтығы мамандық профессиограммасын құрайды. Потенциалды резервті жинақтағанда болашақ жұмысшылар контингенті құрылады, оған жас мамандар, сонымен қатар өндірістен бөлмей оқу орындарын бітіріп жатқандар да енгізіледі. Оның құрамына бастапқы резерв кандидаттары кіреді, ал сонан соң 50% ықтималдықпен ақырғы резервке енгізіледі.