Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
окулык ПБ-1 3-2-2 анар 108 бет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Сурет 12.1 Цех жетекшілері резервін қалыптастыру көздері

1.Кадр бөлімінің мәліметі бойынша сол немесе басқа бөлімшелердегі әрбір басқару лауазымы бойынша потенциалды резерв құрылады.

2.Алдын-ала резервке үміткерлер сапасын бағалау бойынша сарапшылар тағайындалады.

3. Сарапшылар тізімі бекітіледі.

4. Сарапшыларға бағалау мақсаттары мен оның шаралары түсіндіріледі.

5. Алдын-ала резервке үміткердің салыстырмалы эксперттік бағасы мен есепке алу мүмкіндігі басқа үміткерлермен салыстыру бойынша анықталады.

6. Алдын-ала резервтің тізімі құралады

7. Бағалау материалдары талданады және бөлімше басшысына беріледі.

8. Бағалаудан өткен жұмысшылармен жиналыс өткізеді.

Сарапшылар еңбек ұжымының өкілдері, басшылары болады. Олар бағалаушы үміткерлер сапасын онымен бір өндірістік процесте бірге болып, бір жылдай сынауы тиіс. Баға экспертімен жеке байланысы жоқ кезде беріледі. Оны өткізу нәтижесі ұйымдастырушыға жеткізіледі, алдағы бағамен байланысты сұрақтар жиынтығы нақтыланады. Бұндай сұрақтарға үміткердің қайсысына алдын-ала резервке және қандай дәрежеде, есепке алу бойынша, оның мақсаттарын түсіндіру жатады.

Бір басшы орнына ұсынған резервтегі әрбір үміткер қазіргі кезде басшының іскерлік сапасы бойынша салыстырылады. Ұсынушының баллдары белгіленген қызметке басқа да кандидаттардың бағасымен салыстыру арқылы жүргізіледі. Бағалардың тең болу жағдайында үміткерге үлгі болатын басшы лауазымына лайық, іскерлік сапасына сәйкес келетін кандидат ұсынылады. Сапалар өзінен-өзі емес, олардың тәжірибеде пайда болу көзқарасынан бағаланады. Резервке үміткерлер мен эксперттер тізімін 12.2 кестесінен көруге болады.

Кесте 12.2 Резервке үміткерлер мен олардың эксперттерінің тізімі

Алдын-ала резервке үміткерлер

(үміткер лауазымы)

Басшы

Коллега

Бағынушы

№1цех бастығы

Өндіріс басшысы. Өндіріс басшысының орынбасары

Цех бастығы.

Аға шебер

Ауыстырушы шебер технолог

№2цех бастығы

Бас инженердің орынбасары

Бөлім бастығы

Цехтың бастығы

Бас технологтың орынбасары

Цех бастығының орынбасары

Шебер

Шебер

Цех бастығы

Аға шебер

Технолог

Шебер

Бригадир

Жұмысшы

Тәжірибе көрсеткендей, еңбек ұжымының өкілдері басшы лауазымына ұсынылған үміткер нақты сарапшыдан қандай балл алғанын білмеуін қолдайды. Соңында ол өзінің жұмысын жобалау және басшы лауазымына ұсынылатын ұжымының басшылық потенциалын өсіру резервін нақтылау үшін барлық сарапшылар бағалары негізінде шығарылған, жалпыланған нәтижелермен міндетті түрде танысады.

Тәжірибе бойынша, істің табыстылығына бір дәрежеге жататын шақыру және бағаланушы (ол жиі бір уақытта басқа басшы орнына үміткер үшін сарапшы бола алады) сарапшы белгілеген кезде болмауы тиіс. Бағалауды ұйымдастырушалар кадр бөлімінің қызметкерлері немесе кәсіпорын қызметі өздерінің көзқарасын сарапшыларға жүктемеген және оны бір ортадан өткізбейді.

Бір эксперт резервке бірнеше үміткерлер сапасын бағалайды, сонымен қатар сапасы басқа экспертпен бағаланатын үміткерлер арасында болуы мүмкін. Эксперттермен жұмысты жеңілдету үшін эксперттер мен бағаланушылар тізімі құралады.

Бекітілімдер тек резервте өтуі тиіс деген негіздеме тәжірибесімен келіспейді, бірақ ол басшы орнына үміткерлердің білімі туралы шешуші маңызын қолдайды.

Егер басшыны кәсіпорынның бөлімшелерінен таңдау қажет болса - бөлім, цех, участок, зертхана, т.б. онда резерв маңызы өседі, өйткені ұжымда әрбір үміткер туралы ақпарат жеткілікті.