Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
окулык ПБ-1 3-2-2 анар 108 бет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

8.2 Еңбекті ұйымдастыру оның тиімділігін жоғарылату ретінде

Жұмыс күшінің жоғары сапасы - өндіріс тиімділігінің артуының алғышарттары және оны жүзеге асыруда қызметкердің еңбегі дұрыс ұйымдастырылуы керек, ұйымдастырушылық - техникалық себептер бойынша жұмыс уақытында үзіліс болуы керек. Оған жүктелген жұмыс оның кәсіби дайындығына, біліктілік деңгейінің сай болуы керек, қызметкерлер өзіне тән емес жұмыстарға көңіл бөлмеуі керек, оған арнайы санитарлы-гигиеналық жағдайы сай болуы керек, т.б. Жоғары өндірістік және тиімді жұмыс істеуде ынталандыруда әлеуметтік-психологиялық жағдай негізгі рөл атқарады.

Еңбекті ұйымдастыру - өндірісті дамытуды тиімді жолы және нәтижеге жетудің өндіріс процесінде жұмыс күшінің жақсаруына бағытталған ғылыми негізделген шара. Ұжымдағы еңбекті ұйымдастырудың элементтеріне төмендегілер жатады:

  • еңбектік кооперация және бөлу – еңбектік қызмет және өндірістік жүйедегі қызметкерлердің өзара байланысы;

  • рационалды тәсілдер және еңбектік әдістер – ол іс-әрекеттің дұрыс орындалуына жағдай туғызады;

  • жұмыс орнында қызмет көрсетуді ұйымдастыру – қызмет көрсету түрлері.

Кең мағынада еңбекті ұйымдастыру мазмұны - қалыпты еңбек уақытын, еңбектік жағдайдың қолайлығын қалыптастыру, еңбекшілерді еңбек тәртібіне тәрбиелеу, еңбектік белсенділік және шығармашылық бастамашылық болып табылады.

Еңбектік процесс – белгілі бір әлеуметтік жағдайда жұмыс орнында туады. Оған қоршаған ортаның әсері көбіне өндіріс процесінің еңбек қатынастары және жұмыскерлердің бір-біріне әсері нәтижесінде туындайды.

Еңбектік коперация, жекелік еңбек процесіндегі әсері ретінде әртүрлі қатаңдық жағдайы жекелік жұмыстағы ағым және конвейер, өндірістік процестегі сатысы, жұмыскерлердің мезгілі және кеңестіктегі жағдайға байланысты. Жұмыскерлердің еңбектік потенциалын пайдалану әлеуметтік психологиялық жағдайға әсер етеді: ұжымның әлеуметтік демографиялық құрылымы, жұмыскер бағытының құндалағы, қызуғышылық жиынтығы, басқару стилі т.б. Осылардың барлығы ұжымда психологиялық климатты, оның тұрақтылығы, белсенділік жағдайын қалыптастырады.

Еңбекті ұйымдастыру негізінде еңбектің гуманизациялау идеясы қалыптасады. Еңбекті гуманизациялаудың классикалық бағдарламасымына жұмыскердің өндірістегі негізгі және қосымша функцияларын орналастыру элементтерін жатқызады.

Басқару объектісі ретінде еңбекті бөлу және оны кооперациялау әсер етеді. Еңбекті бөлу жұмыскердің еңбегінің мазмұнын қалыптастырады.

Еңбек мазмұны өз негізінде қызметкердің біліктілігіне, біліміне, оның еңбектік қабілетіне сай келуі керек.

Еңбекті бөлуде технологиялық, функционалдық, біліктілік түрлері бар.

Берілген жұмыс жеңілдігіне сай оның ақысы да азырақ болады. Егер жұмыс уақыты 30 сағат болса, онда оның еңбегі қалыпты болады. Еңбек жағдайын жақсарту мүмкіндігі еңбекті жүзеге асырудағы бағыт. Еңбектік потенциалды пайдалануда жұмыстың орындалуындағы уақытқа байланысты. Еңбекті қалыпты түрде пайдалану еңбек шығындарын икемдеуді қамтамасыз етеді және өндірісті басқарудың жоғарғы деңгейіне жеткізеді.

Өнімнің керекті сапасын шығару жұмыскерлердің еңбегін бақылаумен баланысты, уақыт бойынша ақы төлеуді ұйымдастыру.

Сандық және сапалық нәтижеге жету, қызметкерді ынталандыру жұмыста қалыпты еңбек үшін негізгі рөл атқарады. Сол себепті норманы жоғарылату сыйақы төлеудің негізі болса, қосымша еңбек үшін ақы төлеу болып табылады.

Іс-әрекетке кететін уақыты орындауды тиімді әдістер, іс-әрекеттің түрлерін қамтитын, арнайы нормативтік құжат қолдану еңбекті ұйымдастыру болып табылады. Бұл қатынаста еңбекті ұйымдастыруды жобалау үлкен мәнге ие, оның рационалды нұсқасын табу, әдістерді таңдау, жұмысты орындауға уақыттың мөлшері ұйымдастырушылық-техникалық бағдарға сәйкес келуі керек.

Нарықтық экономикаға көшуде еңбек шектеулігі ынталандыру деңгейінің көтерілуі, шаруашылық қызметтің бостандығын ұйымдастыру және толық экономикалық көріністі ұйымдастыру және өзіндік қалыпты еңбекке жағдай туғызады.

Өнімге баға қалыптастыру тәсілі, қалыпты еңбектегі әдістерді дұрыс пайдалану қажет, сол үшін еңбек нәтижелігінің оған кеткен шығын кешенді еңбекті өзіндік ұйымдастыру және өзіндік қалыптастыруды көрсетеді. Мұнда кәсіпорын жетістігі өндірілетін өнім сапасының ең төменгі еңбек шығыны, ең төменгі бағаға байланысты.

Көптеген дамыған елдерде мемлекеттік жүйедегі қалыпты еңбекті үлкен корпорациялар пайдаланады, олар мемлекеттік тапсырысты орындайды, ол өзіндік нормативтік базаның құрылуын қамтиды.

Кіші және орташа мекеме, көбіне, арнайы орталықтардың қызметін мойындайды, еңбектік төлемді ұйымдастыруына сәйкес жүзеге асырылады. Жұмысшының еңбектік қабілетін жүзеге асыру еңбек ұжымында жақсы психологиялық жағдай туғызады.

Әлеуметтік-психологиялық факторлардың әсер етуі, шиеленіс мүмкіндігінің қысқартылуы, өндіріс қызметкерлері арасындағы бірігудің жақсаруы, қызметтік міндеттірді дұрыс бөлу, қызметтегі қозғалыстың нақты жүйесі, және басқарма мен бағынушылар арасындағы рухани көмек пен қолдауды бекіту – ол еңбектік өндірістің өсуіне жағдай туғызады.

Жұмысберушілер кәсіпорынның тиімділігін жоғарлату мақсатында жұмыскерлердің еңбектік белсенділігін жоғарлатудың әртүрлі нысандарын іздестіреді. Ол кәсіпорын пайдасына жұмыскерлердің қатысу есебінен және ұжымдық еңбек келісім-шарттарына енгізу есебінен жүргізіледі.