- •Мазмұны
- •1. Персоналды басқарудың теориясы мен әдістемесі
- •1.1Персоналды басқарудың мәні
- •1.2 Персоналды басқарудың негізгі түсініктері
- •Құралдар
- •Сурет 1.1 Персоналды басқару жүйесі
- •1.3 Персоналды басқарудың даму этаптары
- •Кесте 1.4 Қазіргі және болашақ ұйымдардың салыстырмалы сипаттамасы
- •Кесте 1.3 Германиядағы персоналды басқарудың даму этаптарының ерекшеліктері
- •1.4 Персоналды басқарудың өзектілігі
- •1.5 Персоналды басқаруды дамытудың қазіргі бағыттары
- •Кәсіпорын қызметінің мақсаттары
- •Негізгі бағдары Сурет 1.2 Персоналды басқарудың бағдарлануы
- •Сурет 1.3 Құзыреттілікті бөлу
- •2.Персонал қызметі және онын жүмыс істеуіне қойылатын негізгі талаптар
- •2.1 Персонал құрылымы
- •2.2 Персонал потенциалы мен кадрлық потенциал түсінігі
- •2.3 Персоналды басқару қызметінің кадрлық потенциалы
- •Кесте 2.2 Мемлекеттер бойынша ұйымдағы кадр бөлімше жұмыскерлерінің пайызы
- •2.4 Персонал қызметі мен өндірістік міндеттердің ара-қатынасы
- •Кесте 2.3 Өндірістік тапсырмалар мен персоналды басқару тапсырмаларының арасындағы қарым-қатынас
- •2.5 Кәсіпорын мен еңбек қатынастары жағдайының шартты факторлары мен өмір сүруі
- •3.Ұйымның кадрлық саясаты
- •Кадрлық саясаттың мәні, мақсаты және түрлері
- •Кадр саясатын қалыптастыру және жоспарлау
- •2 Цехтін бастығы
- •2 Цехтін бастығының орынбасары
- •1 Цехтін ауыспалы шебері
- •Сурет 3.1 Менеджер мансабы
- •3.3 Персоналдың стратегиялық дамуын қамтамасыз ету
- •Сурет 3.2 Персоналдың даму стратегиясының құрылымы
- •4. Ұйым персоналын басқару стратегиясы
- •4.1 Персоналды стратегиялық басқарудың факторлары
- •Сурет 4.1 Персоналды инновациялық басқарудың стратегиялық факторлары
- •Кадр саясатының стратегиясы
- •4.3 Қызметкерлердің іскерлік белсенділігі
- •Сурет 4.3 Менеджмент категориясы жүйесіндегі мақсаттардың орны
- •5. Персоналды жоспарлау
- •5.1 Кадрлық жоспарлаудың негізгі сатылары, кезеңдері
- •5.2 Персоналды қаржыландыруды жоспарлау: кадр құрамының сақталуы, оларды қамқорлыққа алу, біліктілігін арттыру
- •Кесте 5.1 Персоналдың даму тапсырысы мен мақсатының құрылымы
- •5.3 Персоналдың даму жүйесі мен кезектілігі
- •Персонал маркетингі
- •Персонал маркетингінің ролі мен маңыздылығы
- •6.2 Басқару персоналына талап ету және мансаптық өсу динамикасы
- •Сурет 6.2 Ұйым мақсаттары мен орындаушыларға деген талаптың өзара байланысы
- •Сурет 6.3 Бағалардың полярлік профилі
- •Кесте 6.1 Неміс, американдық және тмд елдері кәсіпкерлері үшін сапалар тобы мәнінің айырмашылығы
- •Кесте 6.3 Басшылар мен менеджерлер арасындағы келісім-шарттың бұзылу себептері
- •Кесте 6.4 Менеджерлердің конкурсында жеңілуінің негізгі себептері
- •Кесте 6.5 Цех басшысының профессиограммасы
- •Кесте 6.6 Кәсіпорын шеберлерінің сапалық құрылымына мысалы
- •Кесте 6.7 а.Файоль шкаласы
- •Кесте 6.9 Жетекші сапасының құрылымы (а.Файоль бойынша)
- •Сурет 6.4 Менеджердің талап ету эволюциясы
- •7.Ұйымдағы персоналды басқару технологиясы
- •7.1 Кадрларды жинақтау, іріктеу техникасы, әдістері және әсер етуші факторлар
- •Сурет 7.1 Менеджмент категориясы жүйесіндегі кадрлық реттеудің техникасы
- •Сурет 7.2 Маман таңдау жүйесі
- •Сурет 7.4 Персонал жинақтау әдістерінің жүйесі
- •7.2 Персонал таңдаудағы қойылатын талаптар
- •7.3 Адамға бағдарлану (ориентация) және оның жұмыс жағдайы
- •Сурет 7.5 Персоналды басқару мақсатының иерархиясы
- •7.4 Персоналды басқару және ұйымның өмір сүруі
- •Сурет 7.6 Менеджмент жүиесіндегі персонал
- •8. Жұмысқа қабылдау және босату технологиясы және еңбек шарттары
- •8.1 Жұмысқа қабылдау және босату технологиясы
- •8.2 Еңбекті ұйымдастыру оның тиімділігін жоғарылату ретінде
- •8.3 Әкімшілік пен кәсіподақтардың арасындағы байланысты қамтамасыз ету
- •9.Ұйым персоналдарынын енбегінін нәтижесін бағалау
- •9.1 Қызметкерлерді еңбек нәтижелері бойынша бағалау
- •Сурет 9.1 Мамандардың еңбектерін бағалаудың бағыттары
- •9.2Еңбекті бағалау және еңбекақы төлеу байланыстығы
- •9.3 Кадрларды аттестациялау және оның өткізу жолдары
- •10.Персоналды оқыту
- •10.1 Персоналды оқытужәне оқыту процестерінің әдістері
- •10.2 Кадрларды дайындаудың жапондық жүйесінің ерекшеліктері
- •11.Персоналдын іскерлік мансабын баскару
- •11.1 Менеджер мансабының түсінігі және бағыттары
- •2 Цехтін бастығы
- •2 Цехтін бастығының орынбасары
- •1 Цехтін ауыспалы шебері
- •Сурет 11.1 Менеджер мансабы
- •11.2 Менеджер мансабын жоспарлау негіздері
- •Кесте 11.1 Жеке тұлғалар ресурстарының портфелі
- •Cурет 11.2 Мансапқа бағытталған индивидуалдық бағыттар
- •Cурет 11.3 Жеке тұлғалар ресурстарының портфелі
- •Cурет 11.4 Өндірістік немесе тұлғалық даму концепциясы ретіндегі мансапты жоспарлау
- •Kесте 11.2 Мансап фазаларының байланысы және өмірлік циклі
- •Cурет 11.5 Персоналды басқару бойынша шешімдер жүйесіндегі мансапты жоспарлау
- •Сурет 11.7 Мансапты жоспарлау моделі
- •. Кадрлық резервті басқару
- •Кадрлық резервтің мәні, қалыптастыру тәртібі және қойылатын талаптар
- •12.2 Басқару персоналының резервін жоспарлау және дайындау
- •Кесте 12.1 Резервке енгізу критерилері
- •Сурет 12.1 Цех жетекшілері резервін қалыптастыру көздері
- •Кесте 12.2 Резервке үміткерлер мен олардың эксперттерінің тізімі
- •13.1 Жұмыскерлерді мотивациялаудың түсінігі және маңыздылығы
- •Кесте 12.3 Маман және бағалаушылардың тізімі
- •13. Персоналды мотивациялау
- •13.2 Кәсіпорынның ынталандыру саясатын қолдануы
- •13.3Басқарудың экономикалық әдістері – мотивацияның құралы ретінде
- •14.Жұмысшылардың енбегі өтемінің жүйесі
- •14.1 Жұмысшыларды бағалаудың түсінігі мен міндеттері
- •14.2 Персоналды бағалаудың әдістері
- •Кесте 14.1 Персоналды зерттеу мақсаты мен әдістердің өзара байланысы
- •Кесте 14.2Қызметкерлер және олардың жұмыстарын бағалау қатынасы
- •14.3Еңбек ақының мәні,сипаттамасы және мемлекеттің реттеуші функциясы
- •14.4 Кәсіпорында еңбек ақының құрамы мен құрылымы және оны ұйымдастыру
- •15. Персоналды басқару тиімділігін бағалау
- •15.1 Жұмыс күшіне кететін шығындар және олардың сипаттамасы
- •Сурет 15.1 Кәсіпорынның жұмыс күшіне кететін шығынның сыныптамасы
- •15.2 Персоналды басқару тиімділігін бағалау
- •15.3 Персоналды басқару сапасын бағалаудың негізгі әдістері
- •Сурет 15.2 Өнім көлемінде жұмыс күші шығындары бірлігінің еңбекшығындары бірлігіне есептегенде тәуелділігі
- •15.4 Жұмыс күшіне қатысты шығындардың ақталуы
- •Әдебиеттер
- •Анафияева жибек, ерназарова анар каржаубаевна
- •Оқу құралы
15. Персоналды басқару тиімділігін бағалау
15.1 Жұмыс күшіне кететін шығындар және олардың сипаттамасы
Кадрлармен жұмыс істеу барысында кәсіпорын басшылығы біріншіден, талап етілген материалдық, қаржылық шығындарға және ұйымдастырушылық күш жігерге көңіл бөледі. Өзін-өзі қаржыландыру жағдайында, жұмыс істейтін кәсіпорын үшін мұндай жағдай барлық шығындарды ақтайды.
Сондықтан, персоналды басқару теориясы мен методологиясы персоналды басқару тиімділігін бағалау мәселесіне көп көңіл болу керек. Себебі, оның теориялық және тәжірибелік маңызы зор.
Тиімділік ол нәтижелілік. Экономикалық тиімділік – бұл белгілі бір шығын жұмсап, сондай-ақ нәтижеге жету немесе белгілі бір нәтижеге жетіп шығындарды азайту. Персоналды басқару тиімділігі мәселесін қарастырып, шығынның не екенін және экономикалық тиімділік түсінігін анықтауымыз керек.
Өндіріс процесі үшін әр кәсіпорынға материалдық және еңбек ресурстары қажет. Ресурстар басқаша авансталған шығындар деп аталады, дәлірек айтсақ, бұл өндіріс процесі жүзеге аспай тұрып шығындалған ресурстар.
«Еңбек ресурстары» «ресурс» термині болса да мағынасы мүлдем басқа. «Ресурстар» мұнда «жұмыс потенциалы» түсінігіне сай келеді, ол адамның қоғамдық өндіріске қатысу мүмкіндігін сипаттайды. Солай бола тұра, қызметкердің біліктілік мүмкіндіктерінің ресурсы, оларды ұлғайтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде өседі, кейде өндірістік және жеке сипаттағы себептерге байланысты толық игерілмейді.
Материалдық ресурстардың жалпы көлемі (негізгі қорлар және айналым құралдары) ақшалай нысанда көрсетілуі мүмкін.
Еңбек ресурстарын осы тұрғыдан қарастыру шаралары қолға алынып жатыр. Бұл кәсіпорын жалдаған жұмыс күшінің сомасын бағалау қажеттігі болып табылады. Еңбек бойынша статистиктердің халықаралық конференциясының ұсынулары бойынша еңбек сомасына мыналар кіреді: өндірістік жұмысқа төлем, төленетін толық жұмыс істелмеген уақытқа қатысты төлемдер, ақшалай сыйақылар, тамақтану сомасы және нақты нысандағы басқа да төлемдер, қызметкерлерге пәтер ұсыну сомасы, әлеуметтік қамсыздандыруға жұмыс берушінің шығындары, кәсіптік білім беру сомасы. Шығындар тізбесі қосымшада ұсынылған. Жоғары білікті қызметкерлерді тарту, кадрларды қайта дайындауға кететін қосымша шығындар, денсаулықты сақтау, демалысты дайындау нәтижесінде төлемақы өседі. Кейбір шетел мемлекеттерде жартылай жүзеге асырылған, қызметкерге ресурстық қатынас, «адамзат капиталы» концепциясында орын тапқан. Сол бойынша «адамзат капиталына» инвестициялар – бұл біліктілікті және потенциалды, басқаша айтқанда, қызметкер еңбегінің өнімділігін арттыратын кез келген әрекет. Біреудің өнімділігін арттырудың мүмкіндігін туғызатын шығындар, кәсіпкерлердің кұрал сайманына кететін шығындар сияқты, келешекте көп еселенетін табыс ағымы арқылы ақталатын инвестициялар немесе ағымды шығындар, алымдар ретінде қарастыруға болады».
Еңбек күшіне кететін шығындарды және оның қолайлылығын бағалау сұрағына байланысты біздің арнайы әдебиеттерде аз көңіл аударылған. Еңбек күшін ұдайы өндірумен байланысты тек кеңейтілген шығындар тізімі берілген, соған қоса ресурстың бабын табумен байланысты қоғамдық өндірістің экономикалық тиімділігін есептеуде қолданылатын еңбек күшінің шығындарының тізімі берілген. Елдің халық шаруашылық деңгейінде жұмыс күші ресурсын бағалауда жарты ақшалай деңгейі өлшемінде келесі шығындарды ескеру ұсынылады: жұмыскерлердің және қызметкерлердің еңбекақы қоры, колхозшылардың ақшалай және шикізат түрінде еңбекақы қоры, жалпы білімнен және саяси дамуға қоғамдық қолдану қорларынан шығындар (стипендия төлемдерін қосқанда), қоғамдық қорлардан және өнеркәсіп пайдасынан кәсіби біліктілікті алу және жоғарылатуға кеткен шығындар, қоғамдық тұтыну қорлардан, ауру кезінде төленетін төлемдер, жүктілікке және бала тууға арналған демалыс, көпбалалы және жалғыз басты аналарға арналған жәрдемақы, қызметкердің табысын жоғарлататын, жалақы қорында қарастырылмаған кәсіпорынның сыйақысы, қорлардан төленетін төлемдер және жеңілдіктер, қызметкерлерді жұмыс орнына жеткізумен байланысты кететін шығын (көлік жолақысы, көтермелеу, тәуліктік және т.б.)
Кәсіпорын деңгейінде ресурстық қадамды қолдану жұмыс күші сипаттамасымен байланысты әдіскерлік қиындықтарға тап болады. Шетелде де ресурстық қадам қысқартылған түрде жүзеге асырылады, өйткені осы жағдайда еңбек күшінің құны емес, нақты қызметкерге кәсіпорынның кететін шығындарды көрсететін қаражаттардың сомасы есепке алынады. Осындай жекеленген есеп «жұмыскерді алуға», оны жұмысқа рәсімдеуге, өндірістік процестерге қатысу үшін дайындауға кететін шығындарды қамтамасыз етуден кететін ағымдық шығындарды және т.б. көрсетеді.
Өндіріс процесінде ресурстарды тұтыну – ағымдық шығындарды білдіргені бізге белгілі. Осылайша, негізгі қорлар ақырындап ескерту жолымен тұтынылады; өнімнің өзіндік құнына кететін шығынға жататын амортизациялық қаржы бөлу түрінде көрсетілетін негізгі қорлардың ағымдық шығындары, бұл шығындар сол не басқа уақыт кезегіндегі (ай, тоқсан, жыл), негізгі қорлардың құнының тек бір бөлігін көрсетеді.
Кәсіпорында еңбек ресурстарын тұтыну мінездемесіне ерекше қадам жасайды. Еңбек күшін тұтыну уақыт шығынымен білдірілген (адам-сағатпен, адам-күнмен), еңбектің өзі, ал тірі еңбекке шығындар жалақы нысанындағы ақшалай мәнді иеленетін болғандықтан, оларды материалдық шығындармен біріктіреді және өнімді өткізу мен өндіру шығындарының жалпы сомасы алады.
Осылайша, жұмыс күшіне шығындар нақты сандық көрсетілген аванстық шығында бөлігімен емес, ағымдық кезеңдегі кәсіпорынның жалақыға нақты шығындары ретінде көрсетіледі. Олардан басқа құн нысанында жұмыс күшінің қызмет етуімен байланысты басқа да шығындар есептеледі.
Өзінің мазмұны бойынша жұмыс күшіне инвестиция белгілі бір көлемде капитал салымын еске түсіреді (адам капиталына салымнан алдағы көп жылдар ішінде білікті еңбектен жоғары табыс ретінде сезіледі), бірден және толығымен ағымдық шығындар секілді факт түрінде оларға да жатады.
Әдебиеттерде қаражаттың қалыптасуында кадрлардың біліктілігін жоғарылату, кадрларды қайта даярлау қажеттілігімен байланысты. Жұмыс дамуын қаржыландырудың тұрақты көзі болып табылатын арнайы амортизациялық қорлардың құрылуынан бас тарту тәжірибесі қалыптасқан.
Шынында да, жұмыс күшіне ресурс ретінде көзқараста негізгі қорлармен көптеген сәйкестіктер бар.
Қызметкердің зейнетке шыққан кезеңіне дейінгі, белгілі бір еңбек қабілеті болады. Сырқаттану, жарақаттану жағдайлары болса, қызметкерлер жалпы медициналық көмекті қажет етеді. Сонымен бірге қызметкер біліктілігін жоғарлату арқылы өз мүмкіндігін арттырып отыру керек. Осы мақсатқа жұмсалған қаражат, бірнеше жылдар үлкен табыс әкеледі деп есептелінеді.
Тіркеу мерзіміндегі кадрларды дамыту және біліктілігін жоғарылатуға кеткен қаражат көзін амортизациялық аударымның жылжытуын қажет етеді. Бізге белгілі кәсіпорындағы бәсекелестік көбінесе оның персоналдарына байланысты. Жақсы дайындалған, оқытылған персонал саналы жұмысқа жақсы деңгейдегі ынталандыру арқылы үлкен табыс әкеледі. Бәсекелестік және өткір қажеттілік, техникалық инновацияны және жұмысшы күшінің сапасын жоғарылатуға әкеледі. Олар кәсіби мектеп немесе институт қажетті жұмыс күшімен қамтамасыз еткенше күтіп отыра алмайды. Сол себепті фирма еңбек нарығына еніп, өздеріне кадрларды дайындатады.
Өкінішке орай, отандық өнеркәсіптер, алдағы капиталистік елдерге қарағанда, еңбек күшінің дамуына аз қаражат жұмсайды. Мысалға, АҚШ және ГФР мемлекеттік бюджетінен білім беру саласына 12% бөлінеді, Жапонияда – 28%. АҚШ бизнесі персоналды даярлауға жылына 238 млрд. доллар жұмсайды, ал қоғамдық білімге шығындардың көлемі 310 млрд. долларға тең, ол қорғанысқа жұмсалатын қаражаттан неғұрлым көп. Өндіріс құралдарының дамуына жұмсалған әрбір долларға АҚШ-та жұмыс күшінің дамуына жұмсалатын 85 цент тиесілі. Біздің елімізде өндіріс құралдарын дамытуға жұмсалатын әрбір теңгеге жұмыс күшіне жұмсалатын 15 тиынға сай немесе АҚШ-қа қарағанда 5,6 есе аз.
