Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
    1. Тоқтап қалудың пайда болуының себептері мен заңдылықтары.

Жабдықтардың тоқтап қалуларының себептері және пайда болу заңдылықтары туралы жалпы түсініктерді оның жекелеген элементтерінің сенімділігіне сараптама жүргізген кезде алуға болады. Мысалы, асинхронды қозғалтқыштардың орамдарын қарастырайық және оның тоқтап қалу себептерін анықтайық. Орамдар дұрыс жалғанған және жеткі-лікті түрде берік (электрлік, жылулық және механикалық) болған жағдайда жұмысқа жарамды болатыны белгілі. Аталған параметрлердің кез келген біреуінің бұзылуы тоқтап қалуға әкеліп соқтырады.

Мұндай бұзылымдар жобалау барысында жетек оқшаулағышының төмендетілген санатын таңдау себебінен, сонымен қатар орамдарды статорға төсеу кезінде өткізгіш-тердің зақымдануы кезінде, дайындау және пайдалану барысында қозғалтқышты жоға-рылатылған кернеуге қателікпен қосу кезінде пайда болуы мүмкін. Барлық осы себептер сенімділіктің жағымсыз әсерлерінің топтамасын түзеді. Сонымен қатар пайдалану бары-сында орамдарға басқа да себептер әсер етеді: ылғалдылық, шаң-тозаң, діріл және т.б. Осылардың ішіндегі электр жабдықтары элементтерінің ескіруі немесе тозуы әсерінен тоқтап қалуға әкеліп соқтыратын себептерді шартты түрде ішкі, ал қалғандарын сыртқы себептер деп атайды. Сондықтан, электр жабдықтарының тоқтап қалуларын тудыратын себептер жағымды және жағымсыз болып екі топқа бөлінеді. Жағымсыз топтағы себеп-терге құрылымдық, өндірістік және пайдаланушылық, ал жағымды топқа – ішкі және сыртқы тұрақсыздандырушы әсерлер жатады.

Құрылымдық тоқтап қалуларға жабдықтарды жобалау барысында жіберілетін келесі қателіктер себепші болады: стандарт талаптарының бұзылуы, сенімділік қорының тө-мендетілуі, электрлік сұлбалардың немесе тораптардың құрылымдарының жеткілікті түрде тыңғылықты жасалмағандығы. Өндірістік тоқтап қалулар дайындау технология-сының бұзылуы, сапасыз материалдардың қолданылуы, бұйымның сапасының жеткілік-сіз бақылануы және т.б. себебінен пайда болады. Құрылымдық және өндірістік тоқтап қалулар негізінен пайдаланудың бастапқы мезетінде айқындалады. Олар завод жағдай-ында сынау кезінде де байқалуы мүмкін.

Пайдаланушылық тоқтап қалулар нақты электр жабдығына тағайындалған пайдалану шарттарының бұзылуы себебінен, электромонтерлар мен қызмет көрсетуші тұлғалардың біліктіліктерінің төмендігінен, қолданылған электр жабдықтарының табиғи ескіруінен және т.б. әсерлерінен пайда болады. Бұл тоқтап қалулар электр жабдықтарының жұмыс істеу мерзімі барысында байқалады.

2.1. суретте жабдықтарды тоқтап қалуға әкеліп соқтыратын себептердің классифика-

23.

циясының мысалдары келтірілген.

Тоқтап қалу себептері

жағымсыз жағымды

құрылымдық өндірістік пайдаланушылық сыртқы ішкі

тозу

сұлбалар мен

ережелер

технологияны

сақтау

электромонтер

біліктілігі

климаттық

әсерлер

ескіру

материалдар-ды таңдау

материалдар-дың сапасы

электрмен

жабдықтаудың

сапасы

механикалық

әсерлер

температура,

ылғалдылық,

күн сәулесі,

атмосфера-

лық қысым,

ауадағы

қоспалар

құрылымдар-ды таңдау

кешенді

бақылау

Биологиялық

орта

қолдану

ережесі

Саңырауқұлақ-тар,жәндіктер, кеміргіштер

техникалық

пайдаланудың

сапасы

Дірілдер, соққылар,

үдеулер