Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8.6. Жабдықтарды алдын – ала сынау.

Жабдықты жөндеуге шығаруға қатысты емес, күрделі және ағымдық жөндеу, соны-мен қатар алдын-ала сынау кезіндегі жүмыстар пайдалану іс-шараларына жатады. Бұл сынауларды электр жабдықтарын сынау межелері мен тұтынушылардың электр қондыр-ғыларын техникалық пайдалану Ережелерімен (ПТЭ) сәйкестендіріп өткізеді.

Тарату құрылғыларының аппараттарын алдын-ала сынау келесі мерзімдерде жүргізі-леді:

- ажыратқыштарды, айырғыштарды, қысқа тұйықтағыштар мен бөлгіштерді – күрделі жөндеу кезінде;

- майлы тосқауылдардың кірмелері – 6 айда 1 рет, ал қағазды - майлы оқшаулағышты кірмелер – 4 жылда 1 рет;

- маймен толтырылған өлшегіш трансформаторлардың байланыс конденсаторлары – 6 жылда 1 рет;

- 6 – 10 кВ –тық істікті оқшаулағыштар, шиналық көпірлердің оқшаулағыштары мен ШТ – 35 және басқа типті істікті оқшаулағыштар – 3 жылда 1 рет;

- тіректі, өзекті және аспалы тарелка тәрізді фарфор оқшаулағыштар – 6 жылда 1 рет;

- ажырайтын және престелетін түйіспелі жалғамалар, шиналар (пісіріліп дәнекерленген-нен басқалары) мен аппаратураға жалғамалар – 4 жылда 1 рет;

- қосалқы электр жабдықтары, қосалқы бөлшектер мен детальдар – 3 жылда 1 рет;

- кернеуі 20 кВ – қа дейінгі тарату желілеріндегі аппараттарды алдын-ала сынау – 6 жылда 1 рет жүргізілуі тиіс.

Жабдықтарды ақаулар болған жағдайда сынау мерзімдерінің аралығы қысқартылады және өндірістің басшылығымен қосымша анықталады.

Тарату құрылғыларының жабдықтарын алдын-ала пайдалану сынақтары негізінен оқ-шаулағышты сынақтан өткізуге және түрлі аппаратуралардың түйіспелерінің өтпелі ке-дергілерін өлшеуге әкеліп саяды.

Пайдалану жағдайындағы алдын-ала сынаулар жабдықтардың жасырын ақауларын анықтауға мүмкіндік береді. Сынау кезінде алынған мәләметтерді салыстыру арқылы,

межелер және заводтың мәліметтері мен алдыңғы мерзімді пайдалану сынақтары бойынша жабдықтардың жай-күйі мен оның одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін бағалай-ды.

Кернеуді алып тастауды талап ететеін сынақтарды мұмкіндігінше күрделі немесе

ағымдық жөндеу жұмыстарымен үйлестіре жүргізу керек.

Алдын-ала сынауға тіректі және өтпелі оқшаулағыштар, желілік шықпалар, айыр-ғыштар мен сақтандырғыштардың аппараттық оқшаулағыштары, ажыратқыштар, өлше-гіш трансформаторлар, разрядтағыштар және т.басқалар ұшырайды. Тарату құрылғыла-

131.

рының оқшаулағыштарын сынау жұмыстары ауқымына мыналар кіреді: оқшаулағыш ке-дергісін, диэлектрлік шығындарды, токтың кемуін өлшеу және жоғарылатылған кернеу-мен сынау.

Оқшаулағышты жоғарылатылған кернеумен сынау тек қана алдыңғы тексерулердің оң нәтижелерімен ғана жүзеге асырылады. Кернеуі 35 кВ және одан төмен тарату құрылғы-ларының жабдықтарын жоғарылатылған кернеумен сынау міндетті, ал сынақ өткізуге арналған арнайы құрал болса, онда 35 кВ – тан жоғары жабдықтарды да сынақтан өткі-зуге болады.

- Ұяшықтар мен құрастырмалы шиналардың оқшаулағыштарын сынаудың ерекше-ліктері. Ұяшықтар мен құрастырмалы шиналардың оқшаулағыштарын сынауды ұя-шықта орнатылған барлық жабдықтарға (тіректі және өтпелі оқшаулағыштар, ток транс-форматорлары, айырғыштар, ажыратқыштар) қатысты жиынтықтап жүргізеді. Бұл сы-наққа күш беретін кабельдер қатыспайды. (оларды ажыратып тастайды )

Сынауға арналған кернеулердің межелері жабдықтардың кернеулеріне тәуелді және олар 8.1 кестеде көрсетілген.

Жоғарылатылған кернеумен сынауға ажыратқыш қосылып тұрған кезде жерге қатыс-ты барлық үш фаза бір мезгілде ұшырайды.

Егер сынау үшін ұяшық шинадан ажыратылған болса, бірақ та сынау мезетінде шина-лар кернеу әсерінде болса, онда ажыратылған шиналық айырғыштың пышақтары мен еріндіктерінің ауадағы оқшаулағыштық ара қашықтығы сақталуы қажет. Егер бұл шартты орындау мүмкін болмаса, онда 8.1 кестеде көрсетілген сынау кернеуін 20 – 30 % - ға төмендету керек.