Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8.2. Негізгі электр қондырғыларын пайдалану.

Тарату құрылғыларының негізгі жабдықтарын пайдаланудың сенімділігін қолдаудың маңыздылығы төмендегіше:

- тарату құрылғысының жұмысы мен жекелеген электр тізбектерінің режимін қамта-масыз ету;

- тарату құрылғысы мен қосалқы станцияның сұлбаларының сенімді жұмысының бір қа-лыптылығы;

- жабдықтар мен тарату құрылғысы орнатылған бөлменің жай-күйін бақылаудың жүйе-лілігі;

- тарату құрылғысындағы қосып-ажырытудың тағайындалған реттілігінің сақталуы;

- алдын-ала сынауларды өткізудің жүйелілігі.

    1. Тарату құрылғыларын қарау.

Тарату құрылғыларын тізбектен ажыратпай қарау төмендегі ретпен жүргізілуі керек:

- тұрақты кезекшісі бар нысандарда – тәулігіне 1 реттен кем емес;

- тәуліктің түнгі мезгілінде разрядты, тәжденуді анықтау – 1 айда 1 реттен кем емес;

- тұрақты кезекшісі жоқ нысандарда – айына 1 реттен кем емес, ал трансформаторлы және тарату пунктерінде – 6 айда 1 реттен кем емес.

Қолайсыз ауа-райы (қалың тұман, ылғалды қар, көктайғақ және т.б.) немесе қатты ластану кезінде ашық тарату құрылғыларын қосымша қарап шығуды ұйымдастыру ке-рек.

Барлық байқалған бүлінімдер туралы жабдықтардағы ақаулар мен бүлінімдер арнайы журналға жазылуы тиіс, бұдан басқа олар туралы ақпарат электр шаруашылығының жауапты адамына хабарлануы керек. Байқалған бүлінімдер қысқа мерзімде жойылуы тиіс.

Тарату құрылғыларын қарау кезінде басты назар мыналарға аударылуы керек:

- бөлменің жай-күйі, есіктер мен терезелердің бүтіндігі, шатыр мен қабат аралық жа-быннан судың тамшыламауы, құлыптардың болуы мен бүтіндігі;

- жылыту мен желдетудің, жарықтандыру мен жерсіндіру желілерінің бүтіндігі;

- өрт сөндіру құралдарының бар болуы;

- сынақтан өткен қорғағыш құралдардың бар болуы;

- медициналық қобдишаның жабдықталуы;

- майдың деңгейі мен температурасы, аппараттардағы тамшылаулардың жоқ екендігі;

- төменгі кернеу қалқандарындағы шапқыштардың түйіспелерінің жай-күйі;

- есептегіштердің пломбаларының бүтіндігі;

- оқшаулағыштардың жай-күйі (шаң басу, разряд, сызат және т.б.);

- бұзылымдар мен коррозия іздерінің, элегазды жабдықтардың шытынауы мен діріл-деуінің жоқ екендігі;

- дабыл беру жүйесінің жұмысы;

- ауалық ажыратқыштар ыдысындағы ауаның қысымы;

- ажыратқыштардың пневматикалық жетектерінің сұйыққоймасындағы (резервуар) сы-ғылған ауаның қысымы;

- ауа кемуінің болмауы;

- ажыратқыштардың көрсеткіштерінің орналасу жағдайының көрсетулуерінің дұрысты-ғы мен бүтіндігі;

- ауалық ажыратқыштардың полюстарында желдеткіштердің бар болуы;

- ауалық ажыратқыштардың кернеуді сиымдылықты бөлгіштерінің конденсаторларынан майдың тамшыламауы;

- жылдың суық мезгілінде электрмен кыздыру құрылғыларының жұмысы;

- басқару шкафтарының жабылуының тығыздығы;

- коммутациялық аппараттар мен басқаларға оңай жетудің мүмкіндіктері.

8.4. Техникалық қызмет көрсету.

126.

Ажыратқыштарға қызмет көрсету. Майлы ажыратқыштарға ажыратпай сырттай байқау жүргізу жергілікті жағдайға байланысты жүргізіледі,, бірақ та тарату құрылғысы-мен бірге 6 айда 1 рет байқау жүргізу керек. Байқау кезінде оқшаулағыштардың, бекіт-пелердің; шиналардың түйіспелерінің; майдың деңгейі мен май көрсеткіштің жай-күй-лері; аз көлемді розетка түйіспелерден немесе ыдысты ажыратқыштардың аралық қаба-тынан майдың тамшыламауы тексеріледі.

Ажыратқыштардағы май деңгейі көп жағдайда олардың жұмысының сенімділігін анықтайды. Ол қоршаған ортаның температурасы – 40оС–тан + 400 С аралығында болған кезде, май көрсеткіштен асып кетпеуі керек. Полюстердегі майдың шамадан тыс деңгейі, сонымен қатар сәйкесінше майдың үстіңгі қабатындағы ауа жастықшасының азайған көлемі доғаны өшіру кезінде ыдыстағы қысымның шектен тыс асып кетуіне әкеліп соқтырады, ал ол өз кезегінде ажыратқыштардың істен шығуына себеп болады.

Сонымен қатар май көлемінің төмендеуі ажыратқыштың бүлінуіне әкеліп соқтыра-ды. Май көлемінің төмендеуі, әсіресе аз көлемді ВМГ- 10, ВМП-10 ажыратқыштары үшін ерекше қауіпті. Егер тамшылау едәуір және май өлшегіш шыныда май жоқ болса, онда ажыратқышты жөндеп, ондағы майды ауыстыру керек. Бұл жағдайда жүктеме то-гын басқа ажыратқышпен ажырату керек немесе берілген жалғамадағы жүктемені нольге дейін төмендету қажет.

Аз көлемді ажыратқыштардың доға сөндіргіш түйіспелерінің қалыпсыз қызуы май көрсеткіш шыныдағы майдың қарауытуын және деңгейінің көтерілуін, сонымен қатар өзгеше иіс тудырады. Егер ажыратқыш ыдысындағы температура 700 С - тан асса, онда ажыратқышты жөндеу керек.

Төменгі температурасы 200С-тан төмен болатын жерлерде ажыратқыштарды, ыдыс-тағы майды қыздыру үшін, автоматты құрылғылармен жабдықтайды.

Ажыратқыштардың жетектерін үш (алты) айда бір рет тексеріп тұруға ұсыныс жасала-ды. АПВ құрылғысы бар болған жағдайда, ажыратуды байқап көруді релелік қорғағыш-ты АПВ құрылғысынан ажырату арқылы іске асыру тиімді.

Жұмыс істемей қалған кезде ажыратқышты міндетті түрде жөндеу керек.

Ауалық ажыратқыштарға сырттай байқау жасау кезінде олардың жалпы жай-күйіне, өшіру камераларының оқшаулағыштарына, бөлгіштеріне, тұйықталған кедергілер мен кернеудің сиымдылық бөлгіштеріне, тіреулік бағаналар мен оқшаулағыш кергіштерге, сонымен қатар оқшаулағыштардың беткі жақтарында ластанудың болмауына көңіл ау-дару керек. Таратушы шкафқа орнатылған манометрдің көмегімен ажыратқыштардың сұйыққоймаларындағы ауаның қысымын және оның желдеткішке берілуін тексереді. (АПВ – мен жұмыс істейтін ажыратқыштар үшін қысым 1,9 – 2,1 МПа, ал АПВ – сыз істейтін ажыратқыштар үшін 1,6 – 2,1 МПа аралығында болуы керек.) Ажыратқышты басқару сұлбасында, ауа қысымы қалыпты межеден төмендеген кезде, ажыратқыштың жұмысына кедергі жасайтын бөліп тастағыш құрылғы (блокировка) қарастырылған.

Басқару кезінде сонымен қатар ажыратқыштардың қосылғаны және ажыратылғаны туралы белгі беретін құрылғылардың дұрыстығы мен жарамдылығы бақыланады. Өшіру камераларының пайдаланылған газ шығатын түтіктерінің жапқыштарының сенімді жа-былғанына көңіл аудару керек. Көзбен шолып байқау арқылы өшіру камераларының оқшаулағыштарының жалғамаларындағы резеңкелі аралық қабаттарының, бөлгіштер мен тіреулік бағаналардың бүтіндігі тексеріледі. Шиналар мен аппараттар жалғамалары-ның түйіспелерінің қызу дәрежесі бақыланады.

Ауалық ажыратқыштарды айына 1 – 2 рет пайдаланған кезде, сұйыққоймада жина-лып қалған конденсатты алып тастайды. Жауын-шашын кезінде желдеткішке ауа беру ұлғаяды. Қоршаған ауаның температурасы - 50С-қа төмендеген кезде, басқару және тарату шкафтарында электрмен қыздыру құрылғысы іске қосылады.Ажыратқыштың жұ-

мыстық қабілетін қосу мен ажыратуды сынап бақылау арқылы жылына 2 рет жүргізеді. Ажыратқыштардың бүлінуіне жол бермеу үшін алдын-ала жалғамалардың болттарын

жылына 2 рет (көктемде және күзде) тартып тексереді

Соңғы кездері майлы ажыратқыштар вакуумды ауалы және элегазды ажыратқыштар-мен алмастырылуда.Ауалық ажыратқыштарды байқау кезінде ауаның құрғақтығына, ма-нометрлердің көрсетулері мен ондағы пломбаларға көңіл аударылады. Манометрлердің

127.

көрсетулері бақылау манометрлерінің көрсетулерімен 6 айда 1 рет салыстырылып отырылуы тиіс. Ажыратқыштардың ішкі қуыстарының желдетілуі мезгіл-мезгіл тексері-леді. Тамшы іздегіштің көмегімен жиынтықталған және тарату құрылғылары орналасқан бөлменің ішіндегі, еденнен 10 – 15 см биіктіктегі элегаз қоспасының мөлшеріне бақылау жүргізіледі.

Жиынтықталған тарату құрылғыларына ( ЖТҚ ) қызмет көрсету. ЖТҚ-ны пайдаланудың ұяшықтардың өлшемдік аумақтарының шектеулілігіне байланысты, өзін-дік ерекшеліктері бар. Қызмет көрсетуші тұлғалардың кернеу әсеріндегі ток жүретін бө-ліктерге абайсызда жанасып кетуден қорғау үшін, ЖТҚ-ларда бөліп тастағыш құрылғы (блокировка) қарастырылған. Стационарлы ЖТҚ-ларда жалғамалардың айырғыштары мен ажыратқыштарын ажыратқан соң ғана ашылатын торланған есіктер, бөліп тастағыш құрылғымен жабдықталған. Итеріліп шығарылатын орындаудағы ЖТҚ-ларда арбашаны тартып шығару кезінде, жылжымайтын айырғыш түйіспелердің бөлігіне еркін кіруге тосқауыл болатын автоматты перде бар. Бұдан басқа, қызмет көрсетуші тұлғаларды, қа-телікпен орындалатын жұмыстар кезінде сақтандыратын лездік бөліп тастағыш құрылғы бар. Мысалы, арбашаны сынақ өткізу жағдайына тартып шығаруға ажыратқышты ажы-ратқан соң ғана бөліп тастау арқылы, ал арбашаны жұмыс жағдайына қайта кіргізуге –ажыратқышты және жерсіндіруші пышақтарды ажыратқан соң ғана рұқсат етіледі. Жаб-дықтарды қадағалау тек қана көру терезесі мен торламалы қоршаулар немесе қорғағыш тормен жабылған көру люгі арқылы жүргізіледі.

ЖТҚ-ларды желіден ажыратпай қарау кесте бойынша жүргізіледі, бірақ ол 1 айда 1 реттен болуы керек. Байқау кезінде бөлменің іші мен ЖТҚ-лардың шкафтарының жылытылуы мен жарықталынуы; ажыратқыштардың, жетектердің, айырғыштардың, бі-рінші ретті айырғыш түйіспелердің, бөліп тастағыш құрылғылардың механизмдерінің жай-күйі; оқшаулағыштардың көрінерлік зақымданулары мен ластанудың болмауы; екінші ретті коммутация тізбектерінің жай-кұйі; ажыратқыштарды басқару тұймелерінің жұмыс істеуі тексеріледі.

Жергілікті жер жағдайына байланысты, жүйелі түрде оқшаулағыштардың шаңы мен ластануы тазартылып тұруы керек, әсіресе бұл сыртқа орнатылатын ЖТҚ- ларына қа-тысты.

ЖТҚ-лары мен СЖТҚ-ларын байқау кезінде мыналарға баса назар аудару керек: металл құралымдардың элементтерінің түйісу орындарындағы тығыздалуының жай-күйіне; жабдықтардың жерсіндіргіш контурларға жалғануларының бүтіндігіне; қауіпсіздік және өрт сөндіру құралдарының бар болуына; СЖТҚ шкафтарының жылыту құрылғыларының бүтіндігі мен жұмысына;ажыратқыштардағы майдың бар болуына, жеткіліктілігі мен қалыпты түсіне; монтаждау жалғамаларының жай-күйіне;ток жүретін бөліктер мен аппараттардың қызуына; бөтен шулар мен иістердің болмауына; дабыл беру жүйесінің, жарықтандыру мен желдеткіштің бүтіндігіне.

Байқаумен бірге коммутациялық аппараттардың жағдайларының дұрыстығы тексері-леді. ЖТҚ мен СЖТҚ- на орнатылған жабдықтарды пайдалану нұсқамаларына сәйкес қарап шығады.

ЖТҚ-ларды пайдалану кезінде шкафтың алынатын детальдарын бұрап шығаруға, кернеу бар кезде еркін кіруге болатын орындарға кіруге мүмкіндік бермейтін автоматты перделерді ашуға және көтеруге тиым салынады. Итеріп шығарылатын типтегі ЖТҚ шкафтарына, ЖТҚ-ға орнатылған айырғыштардың көмегімен шығатын желілерді жер-сіндіру үшін төмендегі жұмыстарды орындау керек: ажыратқышты ажырату, арбашаны итеріп шығару, төменгі айырғыш түйіспелерде кернеудің жоқ екендігін тексе-ру,жерсіндіргіш айырғышты қосу, арбашаны сынау жағдайына қою.

Трансформатор шкафындағы меншікті сақтандырғыштарды жүктеме алынып тастал-

ғаннан соң ауыстыруға болады. Итеріп шығарылатын арбашаның бөлігіндегі ішкі жұ-мыстарды жүргізу кезінде автоматты пердешеге «Қоспа! Адамдар жұмыс істеуде!»,

«Жоғары кернеу!», «Өмірге қауіпті!» ескерту плакаттары ілінуі керек.

Ажыратқышы бар арбашаны итеріп шығаруды және оны жғмыстық жағдайға орна-туды тек қана лездік топ адамы ғана орындай алады. Арбашаны жұмыстық жағдайға

итеріп шығаруға тек қана жерсіндіргіш айырғышты ажыратқан жағдайда ғана рұқсат

128.

етіледі.

Айырғыштарға қызмет көрсету. Үш полюсті айырғыштардың механикалық бөлігін реттеу кезінде пышақтарының қосылуының бір мезеттілігін тексереді. Жылжымалы пы-шақтардың жанасу мезеті мен сығылуын реттеу кезінде тартқыштың ұзындығын немесе шмель бедерінің жүрісі мен қарысу тығырығын өзгертеді, болмаса цокольдағы оқшаула-ғышты немесе оқшаулағыштағы еріндікті сәл ғана жылжытады. Толық қосылған кезде пышақ түйіспе алаңшасына тірелуге дейін 3-5 мм жетпеуі керек. Жылжымайтын түйіспеден пышақты тартуға жұмсалатын ең төменгі күш 400 – 600 А қалыпты токқа арналған айырғыш үшін 200 Н, ал 1000 – 2000 А қалыпты токқа арналған айырғыш үшін 400 Н-ды құрауы керек. Айырғыштың түйіспелерінің толық шектесіп жатуын ке-лесі аралықта болуы тиіс тұрақты токқа кедергісінің мәнімен бақыланады: қалыпты тогы 600 А-лік (35 – 220 кВ) айырғыштар үшін – 220 мкОм; қалыпты тогы 600 А-лік барлық кернеулерге арналған басқа типтегі айырғыштар үшін – 175 мкОм; 100 А-лік үшін - 120 мкОм; 1500 – 2000 А-лік үшін – 50 мкОм.

Пайдалану процессінде айырғыштардың түйіспелік беттері графит араласқан бейта-рап вазелинмен майланады. Жетектердің үйкелетін бөліктері тоңбайтын майлағышпен қапталады. Айырғыштардың оқшаулағыштарының жай-күйі оқшаулағыштардың кедер-гісі бойынша, кернеудің істікті оқшаулағыштарының жекелеген элементтеріне таралуы-мен немесе өндірістік жиіліктегі жоғарылатылған кернеумен оқшаулағыштарды сынау нәтижесімен бағаланады.

Айырғыштың жағдайынан белгі беруге және бөліп тастауға арналған жетектің блок-түйіспелері, ажыратқыштың ажыратылуы туралы белгі беруі - пышақтың толық жүрісі-нің 75 % - ынан өткеннен кейін, ал қосылуы туралы белгі беруі – пышақтың жылжы-майтын түйіспелерге жанасу мезетіне дейін іске қосылатындай етіп орнатылуы тиіс.

Қысқа тұйықтағыштар мен бөлгіштерге қызмет көрсету. Қысқа тұйықтағыштар – трансформаторда зақымдану болған кезде релелік қорғағыштың өздігінен ажыратылуы-на ток жеткіліксіз болған жағдайда, жасанды қысқа тұйықталуды тудыратын аппарат.

35 кВ кернеуге арналған КЗ – 35 типті қысқа тұйықтағышы жалпы жетекті екі жеке-леген полюс түрінде орындалған. Қысқа тұйықтағыш релелік қорғағыш іске қосылған кезде ШПК жетегімен автоматты түрде қосылады, бірақ қолмен ажыратылады.

Күш беретін трансформаторларды жүктемесіз ажырату, сонымен қатар зақымданған трансформаторларды автоматты түрде ажырату бөлгіштермен орындалады. ОД-35 бөл-гіштері қосымша екі ажыратқыш серіппемен толықтырылған РЛНД – 35 / 600 типті айырғыштар болып есептеледі. Бөлгішті ажырату автоматты түрде немесе қолмен, ал қо-су алынып-салынбалы қол сап көмегімен қолмен атқарылады.

Бөлгіштері мен айырғыштары тізбектей орнатылған 35 – 110 кВ-тық жалғамаларда трансформаторлардың магниттеуші тогы мен желінің сиымдылық токтарын ажыратуды бөлгіштермен орындаған жөн.

35 кВ-тық бөлгіштермен 5А-ге дейінгі токты жерге тұйықтауға рұқсат етіледі. Орта есеппен 35 кВ –тық аспалы желілерде 10 км сайын зарядтаушы токтың шамасы 0,6 А-ді және жерге тұйықтау тогы 1 А-ді құрайды.

Қысқа тұйықтағыштар мен бөлгіштерді қарауды жылына 2 рет, сонымен қатар әрбір апаттық ажыратулардан кейін де орындап отыру керек. Қарау кезінде оқшаулағыштар-дың, түйіспелердің, ток трансформаторының терезесі арқылы өткізілген жерсіндіргіш өткізгіштердің жай-күйіне назар аудару қажет. Күйген іздер байқалған жағдайда түйіс-пелерді тазалайды немесе ауыстырады.

35 – 110 кВ кернеулік қысқа тұйықтағыштардың қозғалатын бөліктерінің импульс беруден бастап, түйіспелерді тұйықтауға дейінгі қозғалысы 0,4 с-тан, ал бөлгіштердің

импульс беруден бастап түйіспелерді ажыратуға дейінгі қозғалысы тиісінше 0,5 - 0,7 с – тан артпауы тиіс.

Қысқа тұйықтағыштар мен бөлгіштерді пайдалану процессі кезінде неғұрлым сенім-

сіз деу тораптарына көп көңіл бөлу керек: ашық немесе мүмкін болатын ластану мен мұз данудан жеткіліксіз қорғалған серіппелерге; түйіспелік жүйелер мен

тоспалы жалғамаларға, сонымен қатарартқы жағынан шығып тұратын, қорғалмаған подшипниктерге.

129.

Қысқа тұйықтағыш пен бөлгішті ретке келтіру кезінде 500 – 800 А токқа есептелген бөліп тастағыш релесінің (БРО) сенімді іске қосылуына көңіл аудару қажет. Сондықтан

жерсіндіру типіндегі 500 А-ден төмен қысқа тұйықталу тогы кезінде оны өткізгіш сым-мен ауыстырып, ток трансформаторы арқылы бірнеше рет өткізу керек. Егер мұны істе-месе, онда реле (БРО) якорьды айқын тартпайды және соның әсерінен бөлгіш жетегінің бекіту механизмін қысқа тұйықталу тогын ажыратуға дейін босатып жібереді. Бөлгіш-терді мерзімінен бұрын ажырату – олардың бүлінуінің бірден-бір себебі.

Ажыратқыш аппараттарды ағымдық жөндеу, сонымен қатар олардың әсерін тексеру мүмкіндігінше өндірістің бас инженері тағайындаған мерзімде өткізілуі керек. Ағымдық жөндеу жұмыстарының ауқымына мыналар кіреді: сырттай қарау, үйкелетін бөліктерді тазалау, майлау және түйіспелердің тұрақты токқа кедергісін өлшеу.

Жоспарсыз жөндеу жұмыстары сыртқы ақаулар, түйіспелердің қызуы немесе оқшау-лағыштардың қанағаттанарлықсыз жай-күйлері анықталған жағдайларда орындалады.

Қысқа тұйықтағыш пен бөлгішті реттеудің маңызы - жетекті қосқанда және ажырат-қан кездегі жұмысын тексергенде, пышақтардың орналасу жағдайын және бөліп таста-ғыш БРО релесі бар жетектің ажырату серіппесінің кірігуін тексергенде, электромагнит өзекшесінің жүрісі мен релені реттегенде байқалады.

Ток жүретін бөліктер мен түйіспелі қосылымдардың жай-күйін бақылау. Шиналар мен тарату құрылғыларының аппараттарының ток жүретін бөліктері мен түйіспелі қосы-лымдарының жай-күйін қарау кезінде анықтауға болады.

ЖТҚ-ларындағы ажыратылатын жалғамалардың қызуын электротермометрдің немесе термошырақ пен термоиндикатордың көмегімен бақылайды.

Электротермометрдің жұмысы көрсеткіштің басының сыртқы бетіне желімделінген және мыс фольгамен жабылған терморезистордың температурасының өзгеру принципі-не негізделген.

Түйіспелі жалғамалардың қызу температурасын әртүрлі балқу температурасы бар термошырақтардың жиынтығы көмегімен анықтайды.

Термоиндикатор ретінде ұзақ қызу кезінде өзінің түсін өзгертетін, бірнеше рет қолда-нуға болатын қайтымды пленкалар қолданылады. Термоиндикатор ұзақ қызу кезінде 1100С температураға дейін бүлінбей, түсін 100 рет өзгерткенге дейін шыдауы керек.