Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.1. Кесте. Электрлік бұйымдардың құрылымдық сенімділігінің көрсеткіштері.

Бұйымның аты

Межелік-техникалық құжаттың түрі

Сенімділік көрсеткішінің мәні

Қуаты 0,06 кВт-тан 400 кВт-қа дейінгі 4А сериялы қысқа тұйық-талған үш фазалы асинхронды қозғалтқыштар

МЕМСТ-19523-81

Жұмыс көлемі 40 000 сағаттан кем емес бол-ғандағы орташа қызмет мерзімі 15 жыл.

Статор орамының жұмыс көлемі 20 000 сағат.

Подшипниктердің жұмыс көлемі 12 000 сағат-тан кем емес.

Тоқтаусыз жұмыс істеуінің ықтималдылығы 10 000 сағат кезінде 0,9.

Қалыпты 100 А-ден 6300 А-ге дейінгі токқа және 1000 В-қа дейінгі кернеуге есептелген шап-қаштар мен айырғыштар

МЕМСТ-2327-76

630 А-ге дейінгі аппараттар үшін механикалық төзімділікке шыдамдылығы 10 000 кезең. Ап-параттардың электрлік төзімділікке шыдамды-лығы төмендегі коммутациялық токтар үшін:

100 А- де – 4000 кезең; 250 А-де – 2500 кезең,

400 А-де – 1600 кезең, 630 А-де - 1000 кезең.

100 В кернеуге дейінгі балқыма-лы сақтандырғыштар

МЕМСТ-17242-79

Қызмет ету мерзімі 10 000 сағаттан кем емес. Тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдылығы се-німділік ықтималдылығы 0,8 болғанда 0,94-тен кем емес.

1000 В кернеуге дейінгі электро-магниттік жүргізгіштер

МЕМСТ-2491-81

2 млн. кезең ішінде сенімділік ықтималдылығы 0,8 болғанда тоқтаусыз жұмыс істеу ықтимал-дылығының төменгі мәні 0,92-ден кем емес.

Электр орнатушы, жарық-техни-калық бұйымдар

МЕМСТ-8223-81

Сенімділік ықтималдылығы 0,8 болғанда тоқ-таусыз жұмыс істеу ықтималдылығы 0,85-тен кем болмауы тиіс.

АВВГ, АПВГ типті пластмасса оқшаулағышты күштік кабельдер

МЕМСТ-16442-80

Қызмет ету мерзімі 25 жылдан кем емес.

Дегенмен де көптеген жабдықтардың құрылымдық көрсеткіштерінің мәндері жоғары бола тұрса да, олардың пайдаланушылық көрсеткіштері әлі де болса төмен тұрады. Мы-салы, 4А сериялы қозғалтқыштардың күрделі жөндеуге дейінгі тоқтаусыз жұмыс істеуі-нің нақты уақыты пайдаланудың ауыр жағдайында 5 – 6 жылды құраса, жеңіл жағдайда – 10 – 12 жылды құрайды.

Электротехникалық құрылғылардың жоғары пайдаланушылық сенімділігін қамтама-сыз етуші негізгі шарттары техникалық қызмет көрсету мен жөндеу технологисы және тиімді ұйымдастыру, қажетті сападағы материалдарды қолдану, бұзылымдарды анық-таудың дұрыс тәсілдері және оларды дер кезінде жою болып табылады. Пайдалану процесінде әрбір электротехникалық құрылғы әртүрлі күйде болуы мүмкін: жарамды, жарамсыз, жұмысқа қабілетті, жұмысқа қабілетсіз, зақымданған, ақаулы, тоқтап қалған. Осы күйлердің түсініктемелерін қарастырайық.

Жарамдылық – бұл құрылғының межелік-техникалық құжаттардың барлық талапта-рына сәйкес келу күйі.

Жарамсыздық – электротехникалық құрылғының межелік-техникалық құжаттардың талаптарының біреуін болса да қанағаттандырмау күйі.

Жұмысқа қабілеттілік - электротехникалық құрылғының берілген міндеттерді орын-

20.

дау қабілеттілігін сипаттайтын параметрлерінің межелік-техникалық және конс-трукторлық құжаттардың барлық талаптарына сәйкес келу күйі.

Жұмысқа қабілетсіздік – бұл электротехникалық құрылғының берілген міндеттерді орындау қабілеттілігін сипаттайтын бір ғана параметрінің мәнінің межелік-техникалық құжаттардың талаптарымен сәйкес келмеуі кезіндегі жай-күйі.

Зақымдану – электротехникалық құрылғының жұмысқа қабілеттілігінің сақталуы кезінде дұрыс күйінің бұзылу құбылысы.

Ақау – элдектротехникалық құрылғының жұмысқа қабілеттілігінің жоғалмауы кезін-дегі жарамсыздығы.

Тоқтап қалу – бұл электротехникалық құрылғының жұмысқа қабілеттілігінің бұзылу күйін сипаттайтын құбылыс. Жұмыс кезіндегі тоқтап қалулар тек қана құрылғының ме-ханикалық немесе электрлік зақымданулары әсерлерінен ғана емес, сонымен қатар пара-метрлерінің рұқсат етілген шектеулерден ауытқуынан да болуы мүмкін.