- •1.2. Курсты оқып - үйренудің пәні мен әдістері.
- •1.3. Электр қондырғыларын орынды пайдаланудың міндеттері мен шарттары.
- •1.1. Кесте. Пайдалану мақсаттары мен тапсырмаларын жіктеу.
- •1.4. Электр қондырғыларының пайдаланушылық қасиеттері.
- •1.1. Сурет. Электр жабдықтарының пайдаланушылық қасиеттерінің топтамасы.
- •1.2. Сурет. Қозғалтқыштардың пәк-нің сипаттамалары.
- •Техникалық пайдаланудың негіздері.
- •1.6. Өндірістік өнеркәсіптердің энергошаруашылықтарының жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жүйесі.
- •Электр энергиясының көрсеткіштері мен сапасының межелері.
- •1.7.1. Жиіліктің ауытқуы.
- •1.7.2. Кернеудің ауытқуы.
- •Кернеу өзгерісінің қарқыны.
- •1.7.4. Кернеудің синусоидасыздығы.
- •1.2. Кесте. Синусоидалықтың бұрмалану коэффициентінің мәндері.
- •1.7.5. Кернеудің симметриясыздығы.
- •Бақылау сұрақтары.
- •2 Тарау. Сенімділік теориясының элементтері.
- •2.1. Сенімділік теориясының негізгі түсініктері мен анықтамалары.
- •2.1. Кесте. Электрлік бұйымдардың құрылымдық сенімділігінің көрсеткіштері.
- •2.2. Электротехникалық құрылғылардың сенімділік көрсеткіштері.
- •Торт ═ ∑ ti / n0 (2.3)
- •Тоқтап қалудың пайда болуының себептері мен заңдылықтары.
- •Тоқтап қалу себептері
- •2.1. Сурет. Тоқтап қалулардың себептерінің жіктеуі.
- •2.2. Сурет. Электротехникалық құрылғының жұмыс кезеңіндегі тоқтап қалулардың қарқындылығының қисығы.
- •Пайдалану шарттарының сенімділікке әсері.
- •2.4.1. Қорщаған орта жағдайының электр құрылғыларының жұмысына әсері.
- •2.4.2. Электр қондырғыларын қолдану шарттарының оның жұмысына әсері.
- •2.2. Кесте. Қоршаған орта жағдайының электр қондырғылардың, материалдар мен кабель бұйымдарының сақталуына әсері.
- •2.4.3. Энергияның сапа көрсеткішінің (эск) электр қондырғысының жұмысына әсері.
- •2.4.4. Электр жабдықтарына қызмет көрсету жағдайларының электр қондырғыларының сенімді жұмысына әсері.
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Тарау Электр жабдықтарының техникалық алдын – ала анықтаулары.
- •3.1. Негізгі түсініктер мен анықтамалар.
- •3.2. Сынау түрлері.
- •3.3. Оқшаулағыштарды зерттеу арқылы анықтау.
- •3.1. Сурет. Оқшаулағышты алмастыру сұлбасы (а) және ол арқылы өтетін токтардың диаграммасы (б).
- •3.2. Сурет. Құрғақ және ылғал оқшаулағыштардың толық тогы мен кедергісінің өзгеру графигі.
- •3.3. Сурет. Сυ / с20 қатынасының температураға тәуелділігі.
- •1 Және 2 - құрғақ және ылғал оқшаулағыш
- •3.4. Сурет. Құрғақ және ылғал оқшаулағыштардың сиымдылықтарының өзгеру графигі.
- •3.5. Сурет. Ішығ. Шығын тогының берілген кернеуге тәуелділігі (электр қозғалтқыш 6 кВ кернеуге есептелген) 1 және 2 ылғал және құрғақ оқшаулағыштар үшін.
- •3.6.Сурет. Кернеу әсеріндегі диэлектриктегі электр токтарының векторлық диаграммасы.
- •3.4. Профилактикалық сынаулар.
- •3.1 Кесте. Электр қондырғыларының оқшаулағыштарының кедергілеріне профилактика-лық өлшеулер жүргізудің мерзімдері мен межелері.
- •3.5. Оқшаулағыштың кедергісін өлшеу кезінде температураны есепке алу.
- •3.2 Кесте.
- •3.6. Түйіспелерді алдын – ала анықтау.
- •3.7. Оқшаулағыштың кедергісін өлшеу нәтижелері бойынша жабдықтардың техникалық жай-күйіне болжау жасау.
- •3.3. Кесте. Оқшаулағыш кедергісін өлшеудің нәтижелері
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау Электр қондырғыларын орынды таңдау мен қолдану негіздері.
- •4.1. Жалпы мағлұматтар.
- •4.2. Техникалық сипаттамалары бойынша таңдау.
- •4.3. Экономикалық белгілері бойынша таңдау.
- •4.4. Қорғаныс құрылғыларын таңдау.
- •4.1. Сурет. Электр қозғалтқыштардың апаттық режим кезіндегі негізгі қызметтік байланыстары.
- •4.1 Кесте.
- •4.5. Электр қондырғыларының жұмыс режимдерін оңтайландыру.
- •4.6. Электр қондырғыларының жүктелу қабілеті.
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Cурет. Желінің аспалы оқшаулағыштары бар тіреулердегі аралығы.
- •5.1.1. Аспалы желілердің өткізгіштері.
- •Өткізгіштерді белгілеу үшін түрінің жанында қалыпты көлденең қимасының ау-
- •5.1.2. Аспалы желілердің оқшаулағыштары.
- •5.2. Cурет. Аспалы оқшаулағыштардың гирляндалары: 1 – оқшаулағыш, 2 - өткізгішті
- •5.1.3. Аспалы желілердің тіреулері.
- •5.3. Cурет. Аспалы желілердің сұлбасы.
- •5.4. Cурет. Екі тізбекті желіге арналған аралық металл тіреу.
- •5.5. Cурет. Тіреулердегі өткігіштер мен арқансымдардың орналасулары:
- •5.6. Cурет. Өткізгіштерді транспозициялау сұлбасы: а, b,с – тораптың үш фазасы.
- •5.2. Аспалы желілерге қойылатын жалпы талаптар.
- •5.3. Аспалы желілерді пайдалануға қабылдау.
- •5.4. Аспалы электр беру желілеріне қызмет көрсету бойынша пайдалану іс – шаралары.
- •5.4.1. Аспалы электр берудің токтық жүктеме режимдерін сақтау.
- •5.4.2. Аспалы желілерді қарау.
- •5.4.3. Аспалы желілердегі өлшеулерді алдын – ала сынау.
- •5.1. Кесте. Пайдалану кезіндегі тіреулердің қауіпті қималарының рұқсат етілген беріктік қоры және тозу коэффициенті
- •5.2 . Кесте.
- •0,38 КВ аж-дің тіреулерінің негізгі детальдары үшін рұқсат етілген есепті және ең кіші диаметрлері.
- •5.6. Аспалы желілерде жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздігі.
- •Бақылау сұрақтары.
- •Кабельді желілерді пайдалану және жөндеу.
- •6.1. Жалпы мағлұматтар.
- •6.1.1. Кабельдердің конструкциялары.
- •6.1.2. Кернеуі 6 – 10 кВ – тық кабельдерді төсеу тәсілдері.
- •6.1. Кесте. Кернеуі 10 кВ-қа дейінгі кабельдер төселетін траншеялардың өлшемдері.
- •6.2. Кесте. Кабельдердің иілуінің ішкі қисықтығының рұқсат етілетін ең төменгі радиустары.
- •6.3. Кесте. Кабельді желінің әр 1 км-індегі жалғағыш муфталардың рұқсат етілген саны.
- •6.3. Сурет. Кабельдерді арналарға төсеу.
- •6.5. Сурет. Темірбетон панельдерден жасалған блоктар:
- •6.6. Сурет. Кабельдік эстакадалар: а). Жеке тіреуге оратылған біржақты өтпелі; б). Екі жақты; 1 – жылжымайтын күннен қорғағыш панельдер; 2 – алынбалы күннен қорғағыш панельдер; 3 – кабель сөрелері.
- •6 А 2 .7. Сурет. Кабельдік галерея: а). Біржақты; б). Екіжақты; 1 – кабель сөрелері; 2 – күн-нен қорғағыш панельдер.
- •6.4. Кесте. Пайдалану барысында механикалық әсерлер мен керуші жүктемелердің жоқ ке-зіндегі қағаз, пластмасса және резина оқшаулағышы бар күштік кабельдердің қолданылу аумағы.
- •6.2. Кабельді желіні пайдалануға қабылдау.
- •6.5. Кесте. Кабельді желіні пайдалануға өткізу кезіндегі берілетін құжаттардың тізімі мен мазмұны.
- •6.3. Кабельді желілерге қызмет көрсету бойынша пайдаланудың іс – шаралары.
- •6.3.1. Токтық және жылулық режимдерді сақтау.
- •6.7. Кесте. Ауаның температурасын есепке алу үшін қолданылатын түзету коэффициенттері.
- •6.6. Кесте. Жердің температурасын есепке алу үшін қолданылатын түзету коэффициенттері.
- •6.8. Кесте. Жерде құбырдың ішінде және құбырсыз қатар жатқан кабельдер үшін түзету коэффициенттері.
- •6.9. Кесте. Орташа тәуліктік температураға есептегендегі түзету коэффициенті.
- •6.10. Кесте. Кернеуі 10 кВ – қа дейінгі кабельдердің рұқсат етілген асыра жүктелулері.
- •6.3.2. Кабельді желілерді қарау.
- •6.3.3. Адасқан токтар, оларды өлшеу және кабельдерді коррозиядан қорғау.
- •6.3.4. Алдын – ала сынаулар.
- •6.4. Кабельді желілердің зақымданған жерлерін анықтау.
- •2 Мксек
- •6.12. Сурет. Кабельдің зақымданған орнын ілмекті тәсілмен анықтаудың сұлбасы.
- •6.13. Сурет. Біртекті желідегі зарядталған кабельді тесіп өткен кездегі тербелмелі процесстің кернеуі.
- •6.14 Сурет. Өткізгіші үзілген кабельдердің зақымдану түрлері:
- •6.5. Кабель оқшаулағышының зақымданған орнын күйдіру.
- •6.11. Кесте. Кабельдерді кұйдірудің кезеңдері.
- •6.6. Кабельді желілерді жөндеу.
- •Бақылау сұрақтары.
- •Күш беретін трансформаторларды пайдалану.
- •Жалпы мағлұматтар.
- •7.1 Кесте. Трансформаторларды салқындату түрлерінің шартты белгілері.
- •7.2 Күш беретін трансформаторларды пайдаланудың жалпы талаптары.
- •7.3 Трансформаторларды пайдалануға қабылдау.
- •Трансформаторларды құрғатпай пайдалану үшін қосу шарттары.
- •7.2 Кесте. Диэлектрлік tgδ шығындардың рұқсат етілген мәндері.
- •7.3 Кесте. Сиымдылықтардың с2 / с 50 қатынасының рұқсат етілген мәндері.
- •Кесте. Май ішіндегі орамдардың оқшаулағыштарының бірминуттық r60 кедергілерінің рұқсат етілген ең төменгі мәндері.
- •7.5 Трансформаторларды құрғату.
- •7.5 Кесте. Коэффициентті анықтау.
- •7.2. Cурет. Трансформаторды нольдік реттегі токпен құрғату сұлбасы.
- •7.3. Cурет. Трансформаторды бірфазалы қысқа тұйықтаумен құрғату.
- •7.6 Трансформаторлардың жүктелу қабілеті.
- •7.6 Кесте. Трансформаторлардың рұқсат етілген апаттық асыра жүктелулері.
- •7.7 Трансформаторларға техникалық қызмет көрсету.
- •Пайдалану ережелері ( тпе ), басшылыққа алынатын техникалық материалдар,
- •7.8 Трансформатор майы.
- •7.8.1 Трансформатор майының сипаттамалары.
- •7.8.2 Трансформатор майын пайдалану.
- •7.8.3. Майды тазалау, құрғату және қалпына келтіру.
- •7.9. Күш беретін трансформаторларды сынақтан өткізу және жөндеу жұмыстарын орындау кезіндегі техника қауіпсіздігі
- •Бақылау сұрақтары.
- •Кернеуі 1000 в – тан жоғары тарату құрылғыларын пайдалану және жөндеу.
- •8.1. Жалпы мағлұматтар.
- •8.2. Негізгі электр қондырғыларын пайдалану.
- •Тарату құрылғыларын қарау.
- •8.4. Техникалық қызмет көрсету.
- •8.5. Тарату құрылғыларының жабдықтарын ағымдық жөндеу.
- •8.6. Жабдықтарды алдын – ала сынау.
- •8.1 Кесте. Сынау кернеулерінің межелері
- •8.7. Тарату құрылғыларын пайдалану және жөндеу кезіндегі техника қауіпсіздігі.
- •Бақылау сұрақтары.
- •4. Ток жүретін бөліктер мен түйіспелі қосылыстарды күтіп, қадағалаудың ерекшеліктері
- •Электроқозғалтқыштарды пайдалану.
- •9.1. Жалпы мағлұматтар.
- •Қозғалтқыш типтерін белгілеудің мысалдары:
- •9.1 Кесте. Электр машиналарының орамдарының шықпаларының белгіленулері.
- •9.2. Электр қозғалтқыштарын пайдалануға қабылдау.
- •9.3. Электр қозғалтқыштардың пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету.
- •9.4. Электр қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету.
- •9.5. Ағымдық жөндеу.
- •9.6. Электр машиналарының оқшаулағыштарын құрғату тәсілдері.
- •9.7. Электр машиналарын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі.
- •Электр қозғалтқыштары.
- •Бақылау сұрақтары.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •І бөлім. Электр қондырғыларын пайдалану теориясының негіздері
- •Іі бөлім. Электр қондырғыларын техникалық пайдалану
6.5. Кабель оқшаулағышының зақымданған орнын күйдіру.
Кейбір жағдайларда кабель желілерінің оқшаулағыштары зақымданған кезде оқшау-лағыштың кедергісі әлі де болса айтарлықтай жағдайда болады және зақымдану орнын іздеудің көптеген тәсілдерін қолдану мүмкін болмай қалады. Бұл жағдайда зақымдануды
98.
здеуге қолайлы жағдай тудыру үшін зақымдану орнындағы өтпелі кедергіні зақымданған жердегі оқшаулағышты арнайы қондырғылардың көмегімен күйдіру арқылы төмендетеді (10 – 100 Ом-ға дейін).
Күйдірудің бастапқы сатысында аз ток кезінде (0,3 А ге дейін) жоғары кернеу (50 кВ-қа дейін) алуға мүмкіндік беретін кенотронды қондырғылар қолданылады. Келесі сатыда газотронды қондырғылар немесе төменгі жұмыстық кернеуі бар және шықпа тогы өте жоғары (10 А-ге дейін) болатын қатты түзеткішті қондырғылар қолданылады. Соңғы сатыда күйдіруді аяқтау үшін арнайы трансформаторлар қолданылады.
Кабельдерді күйдіру үшін тұрақты ток сияқты айнымалы токты да қолдануға болады. Іс жүінде күйдірудің үш сатысы қолданылады (6.11 кесте).
1000 В кернеуге дейінгі кабельдерді 2-ші және 3-ші сатыларды қолданып екі кезең-мен күйдіреді.
6.11. Кесте. Кабельдерді кұйдірудің кезеңдері.
Күйдіру сатысы |
Кабель оқшаулағыштарын күйдіру тәртібі |
Қондырғының түрі |
|
күйдіру қондырғысының кернеуі, кВ. |
шекті ток (А) және ішкі кедергі ( жақшаның ішінде) |
||
1 |
5 – 50 |
0,3 (100 – 500 кОм.) |
Кенотронды |
2 |
3 – 12 |
10 (1 – 5 кОм.) |
Селенді, кремниилі түзеткіштер |
3 |
0 ,05 – 0,5 |
100 (0,5 – 50 Ом.) |
Трансформатор |
Соңғы жалдары күйдірудің айнымалы токпен жоғары сынақтық кернеу алуға мүм-кіндік беретін қарапайым шағын аппаратқа орналастырылған резонансты тәсілі кең қол-даныла бастады.
Бұл жағдайда екінші орамдарын қосып - ажыратқышы бар арнайы трансформаторлар қолданылады. Екінші орамды күйдіруге жататын кабельге қосады. Қосылған кабельдің сиымдылығы жоғарывольтты индуктивтілігі бар екінші ораммен бірге желіде жиілігі 50 Гц резонансты контур құрайды. Бұл контурдағы тербелістер 127 – 380 В-тық желіден қоректенетін трансформатордың бірінші орамымен магнитті байланыс арқылы қозды-рылады. Контур өзгерісін бабына келтіру (орамдар санын) арқылы кабельдегі кернеуді реттейді. Резонансты контурда реактивті қуат бірнеше жүздеген вольт-амперге дейін же-те алады, ал бұл уақытта төменгі кернеулі желіден активті шығындарды жабуға жұмса-латын бірнеше киловаттық аздаған қуат тұтынылады.
Айнымалы токпен күйдіру разрядқа жақын жерге диэлектрлік шығындар жұмсай отырып, оқшаулағышты қосымша қыздырумен қоса жүргізіледі. Оқшаулағыштың тесі-луі жіктелудің екі полярында болуы және тесіп өту жиілігі секундына 100 есеге дейін жетуі мүмкін. Сондықтан резонансты тәсіл кезінде жану процесі басқа тәсілдерге қара-ғанда қарқынды әрі жылдам жүреді.
6.6. Кабельді желілерді жөндеу.
Кабельді желіні жөндеуге шығарар кезде оның сипатын және зақымданған орнын анықтайды.
Зақымдану сипатына қарай қорғағыш жамылғысын, болмаса қағаз оқшаулағышы мен ток жүретін өткізгіштерін жалғағыш және аяққы муфталарымен қоса, соңынан фазала-рын алмастыру және жоғарылатылған кернеумен сынау арқылы жүргізеді.
Кабельді желілердегі жөндеу жұмыстары қарап шығу және сынау мәліметтері, соны-мен қатар желінің жалпы жай-күйінің сараптамасы негізінде өңделген жоспар бойынша жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда кабельді желідегі немесе трассадағы зақымданулар кабельді желіде апатсыз жұмыс істеуге тікелей қауіп тудырмайтындай болуын ескеру керек, сондықтан жұмыстың ауқымдылығына қарамастан олар шұғыл түрде жойылуы тиіс.Желінің сенім-ді жұмысына тікелей қауіп тудырмайтын басқа да зақымданудың түрлері келесі күнтіз-белік жылдары жоспарлы түрде жойылуы керек.
99.
Жөндеу жұмыстарының ауқымын анықтау барысында желі трассасын қарап шығу ке-зінде анықталған кемшіліктер, кабельдің өзінің немесе жалғағыш және аяққы муфталар-дың ақаулары, желі төселінген құрастырмалар немесе құрылымдардың бұзылымдары, желінің орындаушылық трассасының сәйкессіздігі, жалғағыш муфталардың орналасу орындары, кабельдің жол жамылғысынан тағайындалған тереңдікте жатуы және басқа да осал жерлері ескерілуі тиіс.
Кабельге және муфтаға тікелей қатысты жөндеу технологиясы оларды жөндеудің тү-рі мен көлеміне қатысты жеткілікті түрде сан алуан болып келеді. Кабельді желіні жөн-деудің әмбебап нұсқасы - кабельді трассаның шектеулі участогында қазып алу, қосым-ша кабель төсеу және муфтаны орнату болып табылады.
Жер қазу жұмыстарына дейін:
- жұмыс өндіруге рұқсат алу үшін жерасты шаруашылықтары жер қазу жұмыстарын жүргізетін аймаққа қарасты барлық ұйымдардың өкілдері шақырылады;
- жұмыстық сызбалар бойынша кабельді желінің трассасы нақтыланады және істеп тұрған желіні механикалық зақымданулардан қорғайтын шаралар анықталады;
- жол жамылғысына қатысты механизмдерге, көліктерге, адамдарға деген сұранысты есепке алу үшін жер қазу жұмыстарының тәсілдері анықталады;
- жұмыс орнына жұмыс участогын қоршау үшін қалқандар жеткізіледі;
- қажетті дабыл беретін белгілер мен өтпелі көпірлер орнатылады;
- жылжымалы шеберхананы орналастыратын орын таңдалады.
Жөндеуге жататын кабель желісі желіден ажыратылуы және жерсіндірілуі тиіс. Жұ-мыс орындалатын жерде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету керек.
Жөндеуге шығарылған желідегі кабельді қазып алу тек қана жұмыс істелетін дәл сол кабель екендігі тексерілген соң, және ол шын мәнінде ажыратылғаннан кейін жүргізіле-ді. Мұндай тексеруді сол жерде трассаның нақты жоспарымен салыстыра отырып жүргізеді, ал егерде трасса бойымен бірнеше кабель жүргізілген болса, онда индукция-лық тәсіл бойынша оларды қосымша тексеруден өткізеді.
Қосымша кабель төсеген кезде кабельдерді жалғастыратын ширатпаның бағытын олардың ұштарын тарқату кезінде анықтайды. Егер, өз ара жалғанатын өткізгіштердің ширатпаларының бағыттары сәйкес келмейтін болса, онда тарқатылып кету және ка-бельдің беріктігінің төмендеуі себептігіне байланысты қосымша өзгертіледі.
Егер қосымша кабель мен жөнделетін кабельдердің ашылған фазалары болса және за-қымдану кабельдің бүтін жерінде байқалса, онда жалғауды фазалардың біртектілігін тек-сермей-ақ, өткізгіш оқшаулағышының түсі бойынша жүргізуге болады. Болмаған жағ-дайда, мұндай тексеруді мегомметрдің және кабельдің барлық үш өткізгішінің сәй-кестігін бірден тексеруге мүмкіндік беретін фазаалмастырғыш қосымша құралдың көме-гімен жүргізуге болады.
Кабельдің зақымдануы көптеген жағдайларда оның жекелеген құрамалы элементте-рін ғана жөндеуді талап ететін сипат алады. Пайдалану барысында жерге немесе суға тө-селген кабельдің зақымданған құрышталған жабындысын қайта қалпына келтіру жүргі-зілмейді.
Зақымдану орнындағы қорғасын қабықшаны дәнекерлеу жолымен жөндеу тек қана кабельдің оқшаулағышы зақымдалмағандығына және кабельге ылғал кірмегендігіне се-нім мол болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.Сенімсіздеу жағдайларда кабельдің қа-ғаз оқшаулағышын ақаулы жерде ылғал мен зақымданудың жоқ екендігіне тексереді. Осы мақсатпен зақымдану орнының екі жағынан да қорғасын қабықшаның біраз бөлігі алынып тасталады және оқшаулағыштың жоғарғы қабатында ылғал мен механикалық зақымданулардың жоқ екендігі тексеріледі.
Оқшаулағыштың қанағаттанарлық жай-күйі кезінде қорғасын қабықшаның беріктілігін екі бойлық жартыдан тұратын қорғасын муфтаны дәнекерлеу арқылы қалпына келтіреді. Муфтаны МП – 1 маркалы кабельді массамен толтырады.
Қорғасын қабықшаның астына, сонымен қатар өткізгіштің белдеулігі мен оқшаулағы-шына ылғал өткен жағдайда кабельдің зақымданған участогы кесіліп тасталады. Оның орнына сол маркідегі, көлденең қимадағы және кернеудегі, сәйкес келетін ұзындықтағы
кабель кесіндісі орнатылады және екі жалғағыш муфта қоса құрастырылады. Құрастыру
100.
кезінде кабель ұзындығы бойынша қорға қалдырылған кабельді пайдалануға болатын болса, онда жалғағыш муфтаның біреуін ғана қоса құрастырумен шектелуге болады.
Кабельдің оқшаулағышы мен қабықшасының шамалы зақымданулары кезінде жөн-деуді сонымен қатар оқшаулағыш ылғалданбаған жағдайда, ток жүретін өткізгіштерді кесусіз жүргізуге болады. Әлсіздік жеткілікті болған кезде ажыратылады, зақымданған орында заводтың оқшаулағышы алынып тасталады және жаңа муфталарды құрастыру кезіндегі сияқты, қағаз шығыршықтармен қайта қалпына келтіріледі. Бұл жағдайда да екі бойлық жартыдан тұратын қорғасын муфтаны қолданады.
Кабельдің ток жүретін өткізгіштерінің зақымдануларын оқшаулағышты тесіп өткен орнына жалғағыш бір муфта орнатып немесе ақаулы участокты кабельдің жаңа кесінді-сімен алмастыру және екі жалғағыш муфта орнату арқылы жоюға болады.
Алғашқы тәсілді кабель шамалы ұзындықта зақымданғанда және кабель өткізгішін тарқату үшін ұзындығы бойынша жеткілікті қор қалдырылғанда қолданады. Егер осы қор жеткіліксіз болса, онда ұзартқыш жалғағыш гильзалар мен қорғасын құбырлар қол-данылады, ал жөндеу жұмыстары бір ғана муфтаны құрастырумен шектеледі. Басқа қал-ған жағдайларда кабельдің ток жүретін өткізгіштерін жөндеу кабельдің жаңа кесіндісін орнату және екі жалғағыш муфта құрастыру арқылы жүргізіледі.
Көптеген жағдайларда зақымданған жалғағыш муфталарды жөндеу кабельдік желіден ақаулы муфталарды кесіп тастаумен және кабельдерді қайтадан жаңа муфталармен жалғау арқылы жүзеге асырылады. Егер муфтадағы ақау аса үлкен болмаса, онда оның жөнделуі ұзартылған жаңа муфта үшін кабельдің тарқатылуын ұлғайту арқылы орында-луы мүмкін, яғни қосымша кабель орналастырмай. Бұл жағдайда үлкен өлшемдегі муфта алынады.
Егер жалғағыш муфталардағы зақымданулар кабельді керудің әсерінен болса, онда қосымша кабель қойылуы тиіс. Муфталарға дейінгі кабельдерді жөндеу кезінде керу кү-шін теңестіретін кабельдің қоры қалдырылуы тиіс.
Шеткі муфталарды жөндеуді келесі ретпен жүргізеді. Зақымданған муфтаны кесіп тастайды немесе қайта құрастырады, кабель оқшаулағышының ылғалға беріктігін тексе-реді және жаңасын немесе қайта құрастырылып ретке келтірілген муфтаны құрастыра-ды. Егер кабель ұзындығының желінің соңында жеткілікті қоры болса, онда жөндеу жұ-мыстары тек қана шеткі муфтаны құрастырумен шектеледі. Желінің соңында кабель ұзындығының жеткілікті қоры болмаған жағдайда желі қажетті ұзындыққа дейін ұзар-тылады. Бұл жағдайда жалғағыш және соңғы муфталарды құрастыру қажет.
Эпоксидті тығындардың жекелеген участоктарының беріктілігін қалпына келтіру: барлық жағдайларда ацетонмен тығындардың өзінің жақын орналасқан участоктарын, сонымен қатар сіңіру құрамының орнына байланысты құрышты, қабықшаны, өткізгішті майлардан тазарту арқылы; эпоксидті компаундтпен сіңдірілген екі қабатты мақта-мата таспамен орап тастау арқылы; жөндеу қалыбын орнату және оны компаундпен құю арқылы. Шеткі тығындарды жөндеу кезінде қорғағыш лакты жабындыны қалпына кел-тіру қажет.
Істеп тұрған кабельді желілерде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ТҚЕ (ПТБ) көр-сетілген нұсқалы жүйемен орындалатын және жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ете-тін техникалық және ұйымдастыру іс-шаралары бойынша өткізілетін жалпы қауіпсіздік шаралары орындалуы тиіс.
Пайдаланудағы ажыратылған күш беретін кабельдерді кесу және муфталарды ашу тек қана жерасты құрылымдарының жұмыстық сызбаларының ашылған кабель трассасында-ғы құрылымдардың нақты жай-күйімен сәйкестігі тексерілгеннен соң ғана орындалады. Қажет болған жағдайда ашуға жататын кабельдің шынайылығы нақтыланады және онда кернеудің жоқ екендігі (қажеттілік траншеяда бірнеше кабель төселген жағдайда туын-дайды) кабель іздегіш аппараттың және кернеу көрсеткіштің көмегімен муфтаны ашу, кабельді кесу және жерсіндірілген құралдармен жұмыс істеу бойынша операцияның тіз-бекті ретімен тағайындалған ережесін сақтау арқылы орындалады. Туннельдердегі, кол-лекторлардағы, құдықтардағы және арналардағы кабельдер мен муфталарды тесуді тек
арнайы құралдардың көмегімен электромонтерға құрылымнан тыс жерде тұрып орын-
дауына болады.
101.
