Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.7.4. Кернеудің синусоидасыздығы.

Кернеудің синусоидасыздығы кернеудің қисығында негізгі жиіліктің U(1) = Uқал гар-моникасынан басқа, негізгі жиілікке еселенген (п= 2,3,4 ... ∞) өзге де жоғары жиіліктер-дің U(п) гармоникалары бар болғандықтан пайда болады.

Кернеудің синусоидасыздығының пайда болуының себебі сызықты емес вольт-ампер-лік сипаттамалары бар электр энергиясын тұтынушылардың болуында. Кернеудің синус-оидасыздығына негізгі үлесті тиристорлы электр энергиясын түрлендіргіштердің әсері қосады.

Кернеудің синусоидасыздығы келесі көрсеткіштермен сипатталады:

- кернеу қисығының синусоидалығының бұрмалану коэффициентімен;

- кернеудің п-інші гармоникалық құраушысының коэффициентімен.

Кернеу қисығының синусоидалығының бұрмалану коэффициенті Кп, %, барлық жо-ғарғы гармониктердің әсер етуші мәндерінің жиынтығының п ≥ 2 болғандағы негізгі гармониктің кернеуінің әсер етуші мәніне қатынасы болып табылады:

Кп, = ∑ U2(п) ∕ Uқал *100 (1.5)

1.2. Кесте. Синусоидалықтың бұрмалану коэффициентінің мәндері.

Uқал кезіндегі рұқсат етілген қалыпты мәні, кВ.

Uқал кезіндегі рұқсат етілген шекті мәні,

кВ.

0,38

6.....20

35

110....330

0,38

6.....20

35

110....330

6,0

5,0

4,0

2,0

12,0

8,0

6,0

3,0

Кернеу қисығының синусоидалығының бұрмалану коэффициентін анықтау кезінде тәжірибеде 13 және одан жоғары реттегі гармоника ескерілмейді.

Кернеудің п-інші гармоникалық құраушысының коэффициенті К1/(п),, %, , қолданыс-тағы п-інші гармоникалық U(п) кернеудің мәнінің қолданыстағы бірінші гармоникалық кернеудің мәніне қатынасы болып табылады:

К1/(п) = U(п) / Uқал *100. (1.6)

1.7.5. Кернеудің симметриясыздығы.

Кернеулердің үш фазалы жүйедегі симметриясыздығы үш фазалы электр желісінде, шамасы жағынан едәуір аз тікелей (негізгі) реттіліктегі кернеу, құраушыларының сәйкес келетін кері және нольдік реттегі кернеулері кезінде пайда болады.

Кернеудің симметриясыздығының пайда болуының негізгі себебі, фазалар бойынша қуатты симметриясыз тұтынатын тұтынушылар болып табылады. Оларға жататындар: фазалық немесе фазааралық кернеуге қосылатын бірфазалы тұтынушылар; фаза бойын-ша қуатты симметриясыз тұтынатын үш фазалы тұтынушылар (негізінен доғалы болат балқытатын пештер, пісіру қондырғылары). Сонымен қатар, фазалар бойынша желінің кедергілері де кернеудің симметриясыздығының себебі болып саналады.

Кернеудің үш фазалы жүйесінің симметриясыздығы кері реттегі К2U,,%, және ноль-дік реттегі К0U,,% симметриясыздық коэффициенттерімен сипатталады, себебі олар кернеудің қолданыстағы мәндерінің қатынасын құрайды, тиісінше, тікелей реттегі қол-

17.

даныстағы кернеудің кері және нольдік реттерімен сәйкес келеді (қалыпты кернеуге қа-тысты):

К2U = U2(1) / Uқал *100. (1.7)

К0U = U0(1) / Uқал *100. (1.8)

мұндағы U2(1) және U0(1) – кернеудің қолданыстағы мәндері, тиісінше, В және кВ- арқылы өрнектелетін кернеудің үш фазалы жүйесіндегі негізгі жиіліктің кері және ноль-дік реттері.

Қалыпты К2 және шектік К0 рұқсат етілген мәндер сәйкесінше 2 және 4%-дан аспау-лары тиіс.