Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

4.2. Техникалық сипаттамалары бойынша таңдау.

Электр жабдықтарын таңдау кезінде ескерілетін негізгі техникалық сипаттамалар: климаттық орындалуы және орналастыру санаты; бөгде заттардың түсіп кетуінен және ылғалдан қорғалу дәрежесі; қалыпты параметрлері (кернеу, ток, қуат, айналу жиілігі жә-не т.б.); қосымша сипаттамалар (жүргізу қасиеті, асыра жүктелу қабілеті, қорғалу сипат-тамалары және т.б.).

Климаттық орындалуы және орналастыру санаты бойынша таңдау. Өнеркәсіп шыға-ратын электротехникалық бұйымдар белгілі бір климаттық ауданда қолдануға және орындалуына байланысты, белгілі бір орынға орнатылуға арналған.

Құрлықта, өзенде, көлде пайдалануға арналған бұйымдар макроклиматтық аудандар үшін келесі климаттық орындалымдармен белгіленеді: Қ (У) – қоңыржай климат; С (ХЛ) – суық климат; ТЫ (ТВ) – ылғалды тропикалық климат; ТҚ (ТС) – құрғақ тропикалық климат; Т – ылғалды және құрғақ тропикалық климат; Ж (О) – жалпы климаттық орын-далымда.

Ерекше өндірістік жағдайларда сенімді жұмысты қамтамасыз ету үшін ауылшаруа-

49.

шылық А (С) және химиялық тұрақты (Х) орындалымдағы электр жабдықтары шығары-лады.

Электр жабдықтарын орналастыру санаты бойынша келесі сандармен белгілейді:

1 – ашық ауада жұмыс істеу үшін;

2 - температура мен ауа ылғалдылығының тербелісі ашық ауадағы тербелістен елеусіз ерекшеленетін бөлмеде жұмыс істеу үшін, мысалы, шатырда, қорапта, тіркемелерде, жылу оқшаулағызсыз металл бөлмеде, сонымен қатар 1 санаттағы жиынтықталған құрылғының қаптамасында немесе бастырма астында (бұйымда күн радиациясының тікелей әсері және атмосфералық шөгінділердің жоқ кезінде);

3 – ашық ауадағыға қарағанда, температура мен ауа ылғалдылығы, құм мен шаңның әсері елеусіз, реттелетін жасанды климаттық жағдайсыз, табиғи желдетілетін жабық бөлмеде жұмыс істеу үшін;

4 – жасанды жолмен реттелетін климаттық жағдайдағы бөлмеде жұмыс істеу үшін;

5 – жоғары деңгейдегі ылғалдылықтағы бөлмеде жұмыс істеу үшін.

Қорғалу дәрежесі бойынша таңдау. Электротехникалық бұйымдардың сыртқы қо-рабының ішінде орналасқан ток жүретін немесе қозғалатын бөліктерге қызмет көрсету-ші тұлғаларды жанасып кетуден, сыртқы қораптың ішіне бөгде қатты заттардың түсіп кетуінен және оған судың еніп кетуінен қорғау дәрежесі МЕМСТ – 14254-69 –ға сәйкес ІР әріптерімен және екі санмен шартты түрде сипатталады (мысалы, ІР23, ІР54 және т.с.с.). Бұл белгілер бұйымның сыртқы қорабында немесе құжаттық мәліметтермен бірге кестеде белгіленеді.

ІР белгісінен кейінгі бірінші сан жабдықтың қозғалатын бөліктеріне тұлғалардың жа-насып және оның ішіне бөгде қатты заттардың түсіп кетпеуінен қорғалу дәрежесін білді-реді. Бұл белгілер былайша оқылады:

0 – тұлғалардың ток жүретін және қабықша ішіндегі қозғалатын бөліктерге жанасып кетпеуіне, сонымен қатар қораптың ішіне бөгде денелердің түсіп кетпеуіне қарсы қорға-нысы жоқ;

1 – дененің көп бөлігінің қорап ішіндегі ток жүретін немесе қозғалатын бөліктерге абайсызда жанасып кету мүмкіндігінен қорғалған. Осы бөліктерге әдейі жанасудан қор-ғаныс жоқ. Жабдық диаметрі 52,5 мм-ден кем емес бөгде ірі қатты денелердің түсіп ке-туінен қорғалған;

2 – қорап ішіндегі ток жүретін және қозғалатын бөліктермен адам саусақтарының жа-насып кету мүмкіндігі қорғалған. Жабдық диаметрі 12,5 мм-ден кем емес бөгде орта өл-шемдегі қатты денелердің түсіп кетуінен қорғалған;

3 - қалыңдығы 2,5 мм-ден асатын құралдардың, сымдардың және басқа да ұқсас де-нелердің қорап ішіндегі ток жүретін немесе қозғалатын бөліктермен жанасып кету мүм-кіндігі қорғалған. Жабдық диаметрі 2,5 мм-ден кем емес бөгде ұсақ қатты денелердің тү-сіп кетуінен қорғалған;

4 – қалыңдығы 1 мм-ден асатын құралдардың, сымдардың және басқа да бөгде денелердің жанасуынан қорғалған;

5 – тұлғалардың қорап ішінде орналасқан ток жүретін немесе қозғалатын бөліктерге жанасып кетуі толық қорғалған. Жабдық зиянды шөгінділерден, шаңдардан қорғалған;

6 - тұлғалардың қорап ішінде орналасқан ток жүретін немесе қозғалатын бөліктерге жанасып кетуінен, және жабдық шаңның кіруінен толық қорғалған.

Екінші сан жабдықтың сыртқы қорабының ішіне судың кіріп кетпеуінен қорғалу дә-режесі және ол төмендегіше оқылады:

0 – жабдықтың сыртқы қорабы судың кіруінен қорғалмаған;

1 – конденсацияланған су тамшыларынан қорғалған. Сыртқы қорапқа вертикаль тамшылайтын, конденсацияланған судың тамшылары жабдыққа кері әсерін тигізбеуі керек;

2 – су тамшыларынан қорғалған. Вертикальға 150 көлбеу бұрышпен сыртқы қорапқа тамшылайтын су тамшылары жабдыққа кері әсерін тигізбеуі тиіс;

3 – жаңбырдан қорғалған. Вертикальға 600 көлбеу бұрышпен сыртқы қорапқа тамшылайтын су тамшылары жабдыққа кері әсерін тигізбеуі тиіс;

4 – шашырандыдан қорғалған. Сыртқы қорапқа тамшылайтын кез келген бағыттағы

50.

су тамшылары жабдыққа кері әсерін тигізбеуі тиіс;

5 – судың сорғалауынан қорғалған. Электр жабдықтарының жекелеген түрлеріне ар-налған стандартта көрсетілген ұштық арқылы, жабдыққа кез келген бағытқа шапшыған су жабдыққа кері әсерін тигізбеуі тиіс;

6 – кеме палубасына тән сипаттағы әсерлерден қорғалған (палубаның су өтпейтін жабдықтарын қоса алғанда). Теңіз толқынының шарпуы тиген кезде су электр жабдық-тарының жекелеген түрлеріне арналған стандартта көрсетілген шарттарға сәйкес, сырт-қы қорапқа тимеуі тиіс;

7 – суға батқан кезде қорғалған. Электр жабдықтарының жекелеген түрлеріне арнал-ған стандартта көрсетілген қысым және уақыт аралығында су сыртқы қорапқа кірмеуі тиіс;

8 - электр жабдықтарының жекелеген түрлеріне арналған стандартта көрсетілген қы-сымда, суға шектеусіз ұзақ батырылған кезде қорғалған. Су сыртқы қораптың ішіне кір-меуі тиіс.

Кернеу бойынша таңдау. Электр қозғалтқыштарды оның Рқ.қ. қалыпты қуатының және, машинаның жұмыстық тұтынатын немесе машинаның жұмыстық органдарының Рм қуатына теңдігі шартына қатысты таңдайды. Бұл жағдайда шешуші мән электр же-тектің жүктелу диаграммасымен сипатталады.

Ұзақ мерзімді өзгеріссіз жүктеме кезінде қозғалтқышты таңдау нақты тұтынытын қуат бойынша жүзеге асырылады: өзгеру коэффициенті 20%-дан төмен болатын, уа-қытқа байланысты аз өзгеретін жүктеме кезінде қозғалтқышты орташа қуат бойынша; айнымалы жүктеме кезінде – есепті балама қуаты бойынша таңдайды, яғни қозғалт-қыштың қызуы бойынша нақты айнымалыға балама тұрақты қуат бойынша (бұл шартты орташаквадраттық қуат қанағаттандырады).

Машинаның Ре.қ. есепті қуатын біле отырып (нақты, орташа немесе орташаквадрат-тық), тізімдеме бойынша есепті қуатпен салыстырғанда үлкен қуатқа жақындау, стан-дартты Рқ.қ. қуаттағы электр қозғалтқышын таңдайды. Жалпы алғанда таңдау шарты Рқ.қ. ≥ Ре.қ. түрінде болады. Таңдап алынған қозғалтқышты асыра жүктелу қабілеттілігіне, жіберу мүмкіндігіне, жіберу операцияларының жиілігіне тексереді.

Электрлік аппараттарды (шапқыштар, автоматты ажыратқыштар және магнитті жүр-гізгіштер) мына шарт бойынша негізгі түйіспелердің тогы бойынша таңдайды:

Іқ.т. ≥ Іжұм. (4.1)

мұндағы Іқ.т. – і-нші аппараттың қалыпты тогы;

Іжұм. – коммутациялаушы тізбектің жұмыстық тогы.

Бұдан басқа, аппараттарды төмендегі шарт бойынша, қорғаныс құрылғысының тогы бойынша таңдайды:

Іқорғ.қ.т. ≥ kі Іжұм.

мұнда kі – балқымалы қосымшаның қалыпты тогының немесе қорғаныс қосымшасы-

ның қорғалатын тізбектің жұмыстық тогына қатынасы.

Электр қыздырғыш қондырғыларды (ЭҚҚ) төменгі шарт бойынша қуатына қарай таңдайды:

Рқ.ЭҚҚ ≥ Ре.ЭҚҚ,

Мұнда Рқ.ЭҚҚ - ЭҚҚ-ның қалыпты қуаты;

Ре.ЭҚҚ - ЭҚҚ-ның есепті қуаты.

Есепті қуатты бөлменің жылу балансы мен технологиялық процесстің теңдігімен анықтайды.