Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8.1. Жалпы мағлұматтар.

Қазіргі кезде нысандарды электрмен жабдықтау үшін, Ережеге сәйкес, көптеп шыға-рылатын жиынтықталған қосалқы станциялар қолданылады.

Жиынтықталған қосалқы станциялар заводта дайындалады және орнатылатын орны-на жабдықтары бөлшектелмей блоктар мен тораптар түрінде тасымалданады. Тораптар-ды, блоктар мен олардың араларындағы жалғамаларды электрмен жабдықтау желілеріне қосу жұмыстары құрастыру орнында орындалады.

Жиынтықталған тарату құрылғысы – жиналған немесе құрастыруға толықтай дайын-далған күйінде және ішке орнату үшін толықтай немесе жартылай жабылған шкафтар-дан, немесе аппараттар орнатылған блоктардан, қорғағыш және автоматика құрылғыла-рынан, өлшегіш құралдар мен көмекші құрылғылардан тұратын тарату құрылғысы.

Сыртқа орнатылатын жиынтықталған тарату құрылғысы (КРУН) – бұл сыртқа (ашық) орнатуға арналған жиынтықталған тарату құрылғысы (КРУ).

Жиынтықталған трансформаторлы қосалқы станция (КТП – ішке орнатылатын және КТПН – сыртқа орнатылатын) – құрастыру үшін жинақталған немесе толықтай дайын-далған күйінде жеткізілетін, трансформатордан және КРУ немесе КРУН блоктарынан тұратын қосалқы станция.

Құрастырылатын қосалқы станциялардың жекелеген элементтері заводтар мен электр құрастыру ұйымдарында дайындалады және жинақтау үшін құрастыру орындарына жет-кізіледі.

Ұяшық (камера) – аппараттар мен шиналарды орнатуға арналған бөлме. Жабық ұя-шық барлық жағынан жабылған және тұтас (торламасыз) есіктер орнатылған. Қоршал-ған ұяшықтың толықтай немесе жартылай толықтай емес (торламалы немесе аралас) қоршаулармен қорғалған ойық орындары бар.

Тарату құрылғыларына төмендегідей негізгі талаптар қойылады:

- жабдықтың оқшаулағышы желінің қалыпты кернеуіне сәйкес келуі керек және комму-тациялық немесе атмосфералық асқын кернеу кезінде мүмкін болатын кернеудің жоға-рылауына төтеп беруі керек;

- тарату құрылғыларына арналған бөлме ыңғайлы және қызмет көрсету мен жөндеу жұ-мыстары кезінде қауіпсіз болуы керек;

- жабдықтар рұқсат етілетін жүктелу кезінде (ақаусыз және оның қызмет ету мерзімі тө-мендемеусіз) сенімді жұмыс істеуі керек;

- тарату құрылғыларының жабдықтары қалыпты режимдегі сияқты, қысқа тұйықталу ке-зінде де сенімді жұмыстардың талаптарын қанағаттандыруы тиіс, қажетті термиялық жә-не динамикалық беріктікке, яғни электродинамикалық әсерлердің күштері мен қысқа тұйықталу тогы әсерінен қысқа мерзімді қызуға төзімділігіне ие болуы керек.

Бұдан басқа, жабық тарату құрылғылары орнатылатын бөлменің ішіндегі ауаның ыл-ғалдылығы мен температурасын бір қалыпта ұстау керек, яғни оқшаулағыштарға шық түспеуі тиіс. (температура + 400 С – тан аспауы керек). Сонымен қатар тарату құрыл-ғылары ЭҚО (электр қондырғыларын орнату) Ережелерінде көрсетілген межелер мен талаптарға сәйкес, жұмыстық және апаттық жарықтандыру көздерімен жабдықталуы керек.

Құрылғыларды, әсіресе коммутациялық аппараттардың жетектерін нақты жазулармен қамтамасыз ету қажет. (жабдықтың аты және электр тізбегінің диэлектрлік мазмұны). Ажыратқыштар мен олардың жетектерінде, айырғыштарда, бөлгіштерде, қысқа тұйықта-

ғыштарда және жерсіндіргіш пышақтарда «қосылған» және «ажыратылған» жағдайлар-ды көрсеткіштер міндетті түрде блулары керек.

Тарату құрылғылары орнатылған бөлмелерде қауіпсіз жұмыс істеуге және өрт сөнді-

руге қажетті құралдар мен бұйымдар болуы керек.

125.