Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

9.6. Электр машиналарының оқшаулағыштарын құрғату тәсілдері.

Жалпы жағдайлар. Пайдалану, тасымалдау және сақтау процесстері кезінде электр машиналарының оқшаулағыш конструкциялары қоршаған ортаның тигізетін әсеріне ұшырайды. Бұл кезде олар ылғалданады. Орамаға тиген ылғал оқшаулағыштың диэлек-трлік сипаттамаларының нашарлауына және электр машинасының мерзімінен бұрын іс-тен шығуына әкеліп соқтырады.

Кернеуі 500 В-қа дейінгі электр машиналарының орамдарының оқшаулағыштары-ның кедергісі іс жүзінде 0,5 МОм-нан төмен болмауы тиіс. Егер іске қосардың алдында орамдардың оқшаулағыштарының кедергісі межеленгеннен төмен болса, онда машинаны құрғату керек. Құрғатудың бірнеше тәсілдері бар: конвективті (құрғату шкафтарында), токпен, статор болаттарындағы шығындармен және т.б.

Орамдарды кез келген тәсілмен құрғату процессінде құрғату температурасы мен оқ-шаулағыш кедергісін бақылап отыру қажет. Бұл жағдайда температура берілген сынып-тағы оқшаулағыштың қызуға төзімділігінің шекті мәнінен жоғары болмауы керек.

Құрғатудың алғашқы кезеңінде орамдардың оқшаулағыштарының кедергісі , егер оқ-шаулағыш ылғалданған болса, онда бірнеше есе төмендейді. Содан кейін, оқшаулағыш-тағы ылғал кете бастаса, ол жоғарылайды және ылғалдылық теңесуге жеткен соң тұрақ-талады. Егер оқшаулағыштың кедергісінің мәні 1 – 2 сағаттың ішінде өзгеріссіз қалатын болса, онда құрғату аяқталды деп есептеледі.

Егер электр машиналарының орамдары қатты ылғалданса және оқшаулағыштың ке-дергісі құрғатудан кейін белгіленген межеден төмен болса, онда циклдік құрғату жүргізу керек. Бұл жағдайда құрғату процессі периодты құрғату мен орамдарды салқындатудан құралады. Орамды салқындату кезінде ылғал жоғары қызған ішкі бөліктерден бетіне қа-

рай өтеді, және құрғату процессі жылдам жүреді.

Құрғатудың конвективті тәсілі арнайы құрғату шкафтарында орындалады. Жылу кө-зі ретінде бу, электр энергиясы немесе газ қолданылады. Барлық жағдайларда да жылу

144.

тасымалдаушы қызған ауа болып есептеледі.Құрғатудың бұл тәсілі кезінде жылу статор-дан орамдарға беріледі, сондықтан оның сыртқы қабаттары ішкі қабаттарға қарағанда жылдам кебеді. Оқшаулағыштан ылғалды бірқалыпты шығару үшін, құрғату шкафында-ғы температураны бірте-бірте көтеру керек.

Токпен құрғату тәсілінің мәнісі - орамдармен төменгі кернеулі Uт ток (15 – 20 %) жі-беруде болып табылады. Бұл жағдайда жылу тікелей орамдардың өткізгішінде гене-рацияланады, және ылғал бастапқы кезде оқшаулағыш конструкциясының центрінен бастап шығарылады. Құрғатуға жиналған машина немесе жалғыз статор ғана ұшырауы мүмкін. Қоректендіру көзі ретінде тұрақты ток сияқты , айнымалы ток та болуы мүмкін. Айнымалы токпен құрғату жағдайында жылу, шашырау ағындары есебінен, статордың болаттарынын да қосымша бөлінеді.

0

Токпен құрғату бір фазалы немесе үш фазалы токпен жүргізілуі мүмкін. Құрғату ке-зіндегі асинхронды қозғалтқыштың статорының орамдарын жалғау сұлбасы 9.1 суретте көрсетілген. Іс жүзінде құрғату үшін қоректендіру көзі ретінде пісіру трансформаторы қолданылуы мүмкін.

9.1. cурет. Электр машиналарының орамдарының оқшаулағыштарын құрғату сұлбасы: 1 – орам, 2 – индукциялық реттегіш.

А

W

V

2 1

9.2. сурет. Электр машиналарының орамдарының оқшаулағыштарын болаттағы шығындармен құрғату сұлбасы: 1 – машинаның статоры, 2 – магниттеуші орама.

Токпен құрғату тәсілі конвективті құрғатуға қарағанда, құрғату уақытын едәуір қыс-қартады.

Индукциялық шығындармен құрғату тәсілі. Бұл тәсіл кезінде машинаны қыздыру, статорға оралған арнайы магниттеуші орам арқылы айнымалы ток өткен кезде пайда бо-

латын индукциялық токтың көмегімен жүзеге асырылады. Магниттеуші ораманы оқшау-

ланған өткізгіштен жасайды. Түйіннің қызу температурасын реттеу үшін магниттеуші

орамды секциялайды. Статорды құрғату сұлбасы 9.2. суретте көрсетілген. Магниттеуші орамдардың орам санын мына формуламен анықтайды:

145.

ω = Ū / 4,44*ƒ*B *Sс (9.1)

мұндағы: Ū – қоректендіру көзінің кернеуі, В;

ƒ - жиілік, Гц;

B - статор арқалығындағы магнит индукциясы, Тл;

Sс - статор арқалығының көлденең қимасының ауданы, м2.

Құрғатудың бастапқы мезетінде статордың қызуын жеделдету үшін индукцияны 0,7 – 0,9 Тл – ға дейін үлкейту керек, содан соң қажетті температураға жеткеннен кейін, көп санды орамға қайта қосу арқылы 0,4 – 0,5 Тл – ға дейін төмендету керек.