Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

7.9. Күш беретін трансформаторларды сынақтан өткізу және жөндеу жұмыстарын орындау кезіндегі техника қауіпсіздігі

Күш беретін трансформаторларды жөндеу жұмыстары кезіндеең алдымен өрт қауіп-сіздігі Ережесін сақтау керек, себебі трансформатор майы - өртке және жарылысқа қауі-пті материал. Сонымен қатар жанғыш және тұтанғыштарға көптеген оқшаулағыш мате-риалдар да жатады, яғни лактар, лакты маталар, қағаздар, ағаш және т.б.

Толық құрастырылған трансформаторды тек қана оның ыдысының қабырғаларына дәнекерленген, арнайы көтеру үшін арналған тұтқадан көтеруге болады. Құрастырылған

трансформаторды актив бөлігіндегі сақинадан көтеруге болмайды. Трансформаторды

оның оқшаулағыштарын, сыртқы қорабын және т.б. бөліктерін зақымдап алмайтындай етіп, абайлап жылжыту керек.

Тиеу немесе түсіру кезінде атқарылатын жұмыстарға қолданылатын және сол жұ-мыстарға лайықталған құралдар дұрыс және жұмыстық жүктемеге сәйкес болуы керек.

Жұмыс орнында көтеріліп тұрған немесе түсірілмеген трансформаторда жөндеу неме-

се шағын көлемді жұмыстарын жүргізуге болмайды.

Жөндеу кезінде және одан кейін де трансформаторларды аралық бақылаудан және жөндеуден кейінгі сынақтардан өткізеді. Бақылау жүргізілетін орындар арнайы қорша-

луы керек және кіретін есіктерде сынақтан өткізетін қондырғыларды қоректендіру көзі-нен ажыратуға арналған тосқауыл орнатылуы қажет. Трансформаторларды сынақтан өт-кізу кезінде аса жоғары қауіп тудыратын жоғары кернеулік қондырғылар қолданылады, сондықтан оларда техникалық қауіпсіздік бойынша біліктілік топтары ІІІ немесе ІҮ бо-латын электромонтерлар жұмыс істеуі тиіс.

123.

Бақылау сұрақтары.

1. Трансформатордың негізгі конструкциялық элементтерін атаңыз.

2. Трансформатордың белгіленулері туралы айтып беріңіз.

3. Трансформаторды пайдалануға қойылатын талаптарды атап шығыңыз.

4. Трансформаторды пайдалануға қабылдау қалай жүзеге асырылады?

5. Құрастырудан кейін трансформаторды қосу жұмыстарының ретін түсіндіріңіз.

6. Трансформаторды құрғатусыз пайдалануға қосу шарттарын атаңыз.

7. Трансформаторларды құрғатудың тәсілдерін, олардың артықшылықтары мен кемші-ліктерін атаңыз.

8. Трансформатордың жүктелу қабілеті туралы не білеміз?

9. Трансформаторды асыра жүктеудің қандай түрлері бар?

10. Трансформаторларды жүйелі түрде асыра жүктеудің ережелерін атаңыз.

11. Трансформаторларға техникалық қызмет көрсету және техникалық жөндеу жүргізу-дің мерзімділіг мен көлемдері қандай?

12. Трансформатор майының негізгі сипаттамаларын атаңыз.

13. Трансформатор майын пайдаланудың маңызы неде?

14. Трансформатор майын қалпына келтіру, құрғату және тазалаудың тәсілдерін атаңыз.

15. Трансформаторларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі талаптарын атаңыз.

124.

8 – тарау.

Кернеуі 1000 в – тан жоғары тарату құрылғыларын пайдалану және жөндеу.