Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5.1. Cурет. Желінің аспалы оқшаулағыштары бар тіреулердегі аралығы.

59.

Аспалы желілерді атмосфералық асқын кернеуден қорғау үшін, олардың жоғарғы жа-

ғына найзағайдан қорғағыш арқансымдар ілінеді. Негізінен болаталюминийден жасалған арқансымдар қолданылады. Оқшаулағыштарға ілінген кезде арқансымды байланыс өт-кізгіші ретінде де пайдалануға болады.

5.1.1. Аспалы желілердің өткізгіштері.

Аспалы желілердің өткізгіштері көп жағдайларда ошауланбаған (жалаңаш) болады.

Аспалы электр беру желілерінің (АЭБЖ) жұмыстық жағдайының әр түрлілігі түрлі құ-рылымдағы өткізгіштердің қолданылу қажеттілігін анықтайды.

- бір металлдан жасалған бірсымды өткізгіштер;

- бір металлдан жасалған көпсымды өткізгіштер;

- екі металлдан жасалған көпсымды өткізгіштер;

- бос денелік өткізгіштер;

- биметалл өткізгіштер.

Өз атынан көрініп тұрғандай, бірсымды өткізгіштер тек қана бір сымнан жасалады.

Бір металлды көпсымды өткізгіштер өзара өрілген бірнеше сымнан жасалады. Өткізгіш-тер келесі сымдар айнала оралған орталық бір өткізгіштен тұрады. Бір орам кезінде өрім 7 сымнан, екі орамда – 19, ал үш орамда – 37 сымнан құралады. Аралас орамдарды орау түрлі бағыттарда жасалады, себебі бұл дөңгелек пішінді қамтамасыз етеді және сымдар-дың тарқатылып кетпеуіне сенімді түрде ықпал етеді.

Көпсымды өткізгіштердің бірсымды өткізгіштерге қарағанда елеулі артықшылықтары бар:

- көп сақталымдылығын және құрастыру қолайлылығын қамтамасыз ететін үлкен иіл-гіштігі;

- диаметрінің шағындылығына қатысты сымдар үшін үзілу кедергісінің жоғарылығы. Көлденең қимасының ауданы 25 мм2 және одан жоғары бірсымды өткізгіштердің үзілу кедергісі төмен болар еді.

Бірсымды өткізгіштер 4,6,10 мм2, ал көпсымды өткізгіштер 10 мм2 – тан жоғары етіп дайындалады.

Механикалық беріктілікті жоғарылату ынтасы, болаталюминийлі деп аталатын болат өзекшесі бар алюминий өткізгіштерді дайындауға себеп болды. Өткізгіштің болат өзек-шесі бір немесе бірнеше цинктелген болат сымдардан жасалады.

Болат өзекшені жабатын бір,екі немесе үш ораулы алюминий сымдар өткізгіштің ток тасымалдаушы бөлігі болып саналады. Болат өзекшенің электрлік өткізгіштігі аз және ол ескерілмейді.

Механикалық жүктемені (өткізгіш бойымен керілу) болат пен алюминий қабылдай-ды. Алюминийдің көлденең қимасының болаттың көлденең қимасына қатынасы 5 – 6 болғанда, болаталюминийлі өткізгіштердегі өткізгіш бойымен толық керілудің жүктемесінің 50 – 60 % -ын алюминий, ал қалған бөлігін – болат өзекше қабылдайды.

Өткізгіштің аз актив кедергісі мен жоғары механикалық беріктігін байланыстыру үшін, қажет болған кезде болатқалайылы және болаталдрейлі өткізгіштерді қолданады. Алдрей негізінен магний мен кремнийдің елеусіз қоспасынан тұратын алюминийдің қо-рытпасы.( шамамен 1,2 %)

Бос денелі мыс және биметалл өткізгіштер (болат сымның сырты мыс қабатымен жа-былған) сирек қолданылады.

Жазуға ыңғайлы болу үшін өткізгіштерді әріптермен таңбалайды:

М - мыс, А - алюминий, Ал - алдрей, С - болат, Б – қола.

Болаталюминийлі өткізгіштердің келесі түрлері дайындалады:

- АС – алюминий мен болаттың көлденең қималарының ара қатынасы 5,5 – 6;

- АСО (жеңілдетілген үлгідегі) - алюминий мен болаттың көлденең қималарының ара қатынасы 7,5 - 8;

- АСУ (күшейтілген үлгідегі) - алюминий мен болаттың көлденең қималарының ара қатынасы шамамен 4,5.

АСО өткізгіштерін қолданған тиімдірек.