Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8.5. Тарату құрылғыларының жабдықтарын ағымдық жөндеу.

Ағымдық жөндеуді бұйымның жекелеген бөліктерін ауыстыру немесе жөндеу арқы-лы, жұмыстық қабілетін қалпына келтіру үшін жүргізеді. Тарату құрылғыларының жаб-дықтарын ағымдық жөндеуден өткізу кезіндегі жұмыстар ауқымы:

- майлы ажыратқыштарды, айырғыштарды, бөлгіштерді, қысқа тұйықтағыштар-ды, жерсіндіргіш пышақтар мен олардың жетектерін – жартылай бөлшектейді және аппараттарды қарайды; жылжымалы түйіспелерді, өзектерді, тоспаларды жөндейді не-месе ауыстырады; жылжымалы бөліктердің жүрісін, жылжымалы түйіспелердің жылжы-майтын бөліктерге ену тереңдігін, олардың тұйықталуы мен ажыратылуының бір мезгіл-ділігін өлшейді және реттейді;еркін тіркелуін ағыту механизмін реттейді; ажыратқыш құрылғының соққышы мен иінтірегіші арасындағы қашықтықты өлшейді және реттейді; жетектер мен жетектегіш механизмдерді, тартқыштар мен иінтірегіштерді жөндейді; за-қымдалған оқшаулағыштар ауыстырылады; майды сынақтан өткізеді және қажет болса ауыстырады; жетектің үйкелетін бөліктері мен жетектегіш механизмдерін майлайды; белгі беру және бөліп тастағыш жүйелерін тексереді, қажет болса жөндейді; түйіспелер-дің тұрақты токқа кедергісін, ұшқынды өшіру құрылғыларының тұйықтаушы резистор-ларын, қосатын және ажырататын шарғылардың орамдарын өлшейді; электр қондырғы-

ларының құрылысы Ережесі (ПУЭ), межелер мен техникалық пайдалану Ережесі (ПТЭ)

талаптарына сәйкес негізгі және екінші ретті тізбектердің оқшаулағыштарын жоғарыла-

тылған кернеумен сынайды;

-ток және кернеу трансформаторларын – оқшаулағыштарын тазалайды; бірінші ретті

шиналар мен екінші ретті коммутациялардың өткізгіштерінің (кабельдер) жалғамаларын тексереді, ал қажет болса жөндейді; жерсіндіргіш болттар мен тұйықтаушы жалғағыш-тар тексеріледі; бірінші және екінші ретті орамдардың оқшаулағыштарының кедергілері,

130.

диэлектрлік шығындардың тангенс бұрышы өлшенеді; кірістірмелердің, сонымен қатар бірінші және екінші ретті орамалардың оқшаулағыштары және тарту болттарының оқ-шаулағыштары электр қондырғыларын пайдалану Ережесі (ПТЭ), межелер мен электр қондырғыларының құрылысы Ережелерінің талаптарына сәйкес қатаң түрде сыналады;

-түтікті және вентильді разрядтағыштарды – беткі жағын қарап шығады және шы-ғару аймақтарының орналасуы тексеріледі; ішкі диаметрі өлшенеді; ұшқынды аралық-тардың (түтікті разрядтағыштар үшін) ішкі және сыртқы диаметрлері, вилитті дискі-лердің (вентильді разрядтағыштар үшін) кедергілері, өтімділік тогы мен тесіп өту кер-неулері электр қондырғыларының құрылысы Ережелері (ПУЭ), межелер мен техника-лық пайдалану Ережелері (ПТЭ) талаптарына сәйкес анықталады;

- сақтандырғыштарды –бүтіндігі, сұлбаға, әсер етуші жүктемеге сәйкестігі тексеріледі;

қажет болған жағдайда балқымалы қосымшалар мен токты шектегіш резисторлар ауыс-тырылады; жылжымалы түйіспелердің жылжымайтын түйіспелерге кірігу тереңдігін реттейді және анықтайды.

Тарату құрылғыларының жабдықтарына ағымдық жөндеу жүргізуді және оны сынап көруді мүмкіндігінше электр шаруашылығына жауапты тұлға тағайындаған мерзімдерде жүргізу керек. Барлық жұмыстарды, жөндеудің осы түріне босатылған жабдықтар есебі-нен, берілген қондырғыға қызмет көрсетушілер орындайды.