Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

9.3. Электр қозғалтқыштардың пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету.

Электр қозғалтқыштарына қызмет көрсетудегі пайдалану іс-шараларының жүйнсі-нің маңыздылығы төмендегіше болады:

- электр қозғалтқыштардың жай-күйі мен жұмыс режиміне жүйелі бақылау жасау;

- қозғальқышты апаттық режимдерден қорғауды уақтылы тексеру және реттеу;

- жоспарлы ескерту жұмыстары (ППР) жүйесіне сәйкес, техникалық қызмет көрсетуді (ТО) және техникалық жөндеулерді (ТР) үздіксіз жүргізу;

- ондағы қалыпты жұмысынан ауытқудың бәрін белгілей отырып, электр қондырғылар-ды пайдалану бойынша жүргізілетін техникалық құжатта барлық бұзылымдарды тіркеп отыру;

- қосалқы бөлшектер мен материалдардың, сонымен қатар оларды сақтау ережелерін сақтай отырып, электр жабдықтарының жеткілікті қорын жүйелі түрде толықтырып оты-ру;

- өндірістегі адамдардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

9.4. Электр қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету.

Электр машиналарын қарау және оларға техникалық қызмет көрсету, өндірістің бас знергетигі бекіткен пайдалану шарттары мен ауысымдық коэффициентінің, сонымен қа-тар жергілікті жерде берілетін нұсқамаларға, кестеге байланысты, мерзімдері жоспарлы ескерту жұмыстарының (ППР) жүйесіне сәйкес жүргізіледі.

Техникалық қызмет көрсету, пайдаланудағы барлық электр машиналары үшін жүргі-зіледі және келесі жұмыстарды орындауды қажет етеді:

- машинаны арнайы тоқтатуды талап ететін және машиналардың шағын ақауларын дер кезінде жөндеу мақсатында технологиялық қондарғылардың жұмысының үзілісі кезінде

жүзеге асырылатын, түйіспелер мен бекітпелерді тарту, щеткаларын ауыстыру, траверс-ті, генератор шығысындағы параметрлерді қамтамасыз ететін реттеулер, қорғағышты реттеу, машинаның қол жететін бөліктерін тазалау және сүрту; сыртқы жақтарын, сақи-наларын, коллекторларды және т.б. ұсақ жөндеулер;

- пайдалану ережесінің және дайындаушы – заводтың жүктемеге берген нұсқамасының орындалуына, подшипниктердің, орамдар мен корпустың температурасына, ал желдету-дің тұйықталған жүйесі бар машиналар үшін – кіретін және шығатын ауаның темпера-турасына күнделікті қадағалау жасау, майланудың бар екендігін бақылау, қалыпсыз шу-лар мен гуілдердің, сонымен қатар коллекторлар мен сақиналарда ұшқынның жоқ екендігін тексеру;

- жабдықтарда жұмыс істейтін операторлардың немесе мотористердің техника қауіпсіз-дігі ережелерін сақтауын бақылау;

- жерсіндіргіштің бүтіндігін күнделікті бақылау;

- апаттық жағдайларда электр машиналарын, электр қондырғыларын пайдалану ережеле-рімен және жергілікті нұсқамалармен үйлестіріп, ажырату.

9.5. Ағымдық жөндеу.

Ағымдық жөндеу қоршаған орта жағдайына, машиналардың ауысымдық жұмыстары-на, машинаның конструкциялық орындалуларына, қондырғының стационарлығына, жүктелу дәрежесіне, сонымен қатар электр қондырғыларын пайдалану ережелері мен дайындаушы-заводтың нұсқамаларын сақтай отырып, жоспарлы-ескерту жұмыстарының (ППР) жүйесімен анықталады.

Ағымдық жөндеудің типтік ауқымына мыналар кіреді:

- техникалық қызмет көрсету ;

- талаптарға сәйкес қоректендіруші тізбектен ажырату ;

- сыртқы жақтарын лайдан, шаң мен майдан тазарту ;

- жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті ауқымда машинаны бөлшектеу ;

143.

- жай-күйін тексеру, подшипниктерді жуып-шайу, радиалды саңылаудың қалыпты ме-жеден асып кетуі кезінде тербету подшипниктерін ауыстыру ;

- сырғанау подшипниктері бар электр қозғалтқыштары үшін майланатын сақиналарын тексеру, күштеп майлау жүйесін және май беру тоқтаған кезде ажыратқыш бөліп таста-ғышты тексеру және жөндеу ;

- желдеткіш құрылғыларды қарау және тазалау; желдеткіш бекітпелерін тексеру және жөндеу ;

- шиберлері, қалқандары мен олардың қозғалысқа келтіретін механизмдері күштеп жел-детілетін (үрлелмелі машиналарда) машиналардағы тексеру мен жөндеу ;

- статорлы және роторлы (якорлы ) орамдарды, коллекторларды, сонымен қатар желдет-кіш арналарын сығылған ауамен үрлеу және тазалау, қарау ;

- орамдардың алдыңғы бөліктерінің бекітпелерінің жай-күйі мен сенімділігін тексеру және ақауларды жою ;

- статор мен ротор (якорьдың) орамдарының оқшаулағыштарының зақымданған жерле-рін жою ;

- орамдарды құрғату және орамдардың алдыңғы бөліктерін жапқыш лакпен жабу (қажет болған жағдайда);

- бекіту жалғамалары мен түйіспелерді тексеру және тарту, қажет болса – бекіту деталь-дарын ауыстыру (іргетасқа, жылжымалы бөлшекке бекітілуін, шкивтердің, муфталар-дың, машинаның өзінің тармақтарының конструктивті бекітпелерін ) ;

- сақиналар мен коллекторларды тазалау және ажарлау, коллектордың арналарын таза-лау (қажет болған жағдайда); щетка ұстағыштарды, траверсті, щетка көтергіш пен тұ-йықтағыш механизмдерді тексеру және реттеу ;

- орамдардың шықпаларының ұштарындағы белгілеулердің (таңбалар), жөндеуді қажет ететін қысқыш қалқандардың жай-күйі мен дұрыстығын тексеру, фланцты төсемелер мен тығыздағыштарды ауыстыру ;

- қорғағыш жерсіндіргішті, оның электр тізбегіне қосылуын тексеру және құрастыру ;

- жұмысын бос жүріс кезінде және жүктемемен тексеру.