Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5.1. Кесте. Пайдалану кезіндегі тіреулердің қауіпті қималарының рұқсат етілген беріктік қоры және тозу коэффициенті

Тіреудің детальдары

Қарағай, емен,

балқарағай

шырша

к

с

к

с

Бірқадалы тіреулер (бағана және қосымша)

1,4

0,75

2

0,85

П және А тәрізді тіреулер (бағана, қосымша және тра-верс астына қойылатын бөрене)

1,2

0,70

1,4

0,75

Тіреулердің барлық түрінің траверстері

1,4

0,75

-

-

Қалған бүлінбеген ағаштың баламалы диаметрі, АЖ-дің ағаш тіреулерінің іштен шіру кезіндегі механикалық беріктігін «1000 В-тан жоғары кернеудегі аспалы электр желіле-рін пайдалану бойынша нұсқамаларда» көрсетілген есептеулер тәсілімен анықтайды.

6 – 20 кВ АЖ-лер үшін dқос -ның ең аз мәні: бағаналар мен қосымшалар үшін – 12 см; траверстер үшін – 10 см.

0,38 кВ АЖ-дің тіреулерінің негізгі детальдары үшін рұқсат етілген есепті және ең кіші диаметрі 5.2 кестеде көрсетілген.

5.2 . Кесте.

0,38 КВ аж-дің тіреулерінің негізгі детальдары үшін рұқсат етілген есепті және ең кіші диаметрлері.

Тіреудің түрлері

Өткізгіш түрі (тіреудегі өткізгіш-тер саны)

Қосымшаның(бағанның) жер бетіндегі диаметрі, см

Есепті

мәні

Рұқсат етілген ең кіші мәні

Бірқадалы

А50 (5) және ПСО (4) типті 9 өткізгішке дейін

23

17

А-тәрізді, шеткі

Сондай

24

17

А-тәрізді, бұрыштық

Сондай

26

18

Темірбетон тіреулердің және қосымшаларының жай-күйін тексеру. Дайындау, та-сымалдау және пайдалану процесі кезінде темірбетон тіреулер мен қосымшаларында сы-заттар пайда болуы мүмкін. Елеусіз сызаттар қауіпті емес, ал үлкен сызаттарға арматура-ны коррозияға ұшырататын және тіреудің механикалық беріктігін бірден төмендететін ылғал енуі мүмкін.

Темірбетон тіреулер мен қосымшалардың жай-күйін 6 жылда бір рет сырттай қарап шығу арқылы анықтайды. Осы кезде қабыршақ, сынық және сызаттардың бар екендігіне көңіл аудару керек. Механикалық жүктеменің немесе оқшаулағыш зақымданғанда тұйықталу тогының жерге ағып өту нәтижесінде, жер – ауа аумағында пайда болуы мүм-кін бұзылымдарға ерекше назар аудару керек. Сызаттардың ашылу енін арнайы қуыс

бұрғының , ал қабыршақ пен сынықтарды – болат сызғыштың көмегімен өлшейді. Арма-турамен күшейтілмеген тіреулердегі сызаттардың жайылуы 0,2 мм – ге дейін рұқсат еті-леді, олардың саны тіреу ұзындығының әрбір метріне 6 – дан көп болмауы тиіс. Алдын – ала күшейтілген арматура қолданылып дайындалған тіреулер үшін сызаттардың жайы-луы болмауы керек.

69.

Бетонның қорғағыштық қабатының қалыңдығы 10 мм – ден кем болмауы тиіс. Қорға-ғыштық қабаттың қалыңдығы мен арматура қаңқасының ығысуын анықтау үшін армату-раны бақылауға арналған ПКА – 1М немесе АИ – 15 құралдарын қолданады. Көзбен шолу арқылы траверс пен кергіштердің орналасуын, бекітілуін және коррозияға қарсы-лық жай – күйін тексереді.

Темірбетон қосымшалардың жай – күйін тексерумен қатар, олардың тіреулермен бе-кітілуін де (қапсырма сым, қамыт) тексереді. Тіреулердің аспалы желілерге қатысты тік және көлденең орналасулары көлбеуліктің межеленген мәнінен ауытқуына рұқсат етіл-мейді.

Жерсіндіргіш құрылғылардың жай – күйін тексеру. Уақыт өте келе жерсіндіргіш құрылғылардың кедергілері өзгеруі мүмкін. Бұл негізінен топырақта ылғалдың құрамы-на тәуелді, жердің меншікті кедергісінің тұрақсыздығынан болады. Бұдан басқа, жерсіндіргіштер мен жерсіндіргіш өткізгіштердің көлденең қимасы коррозияның әсері-нен немесе механикалық зақымданудан бүлінуі мүмкін.

Жерсіндіргіш құрылғылардың кедергілері пайдалануға берген уақыттан бастап, 9 жылдан соң 6 жылда бір рет өлшеніп және тексеріліп тұруы керек. Таңдап алынған жердің топырағы аршылып, енгізілу тереңдігі (негізінде 0,5 м – ден, ал топырағы бос жерлерде – 1 м – ден кем болмауы керек), болат жерсіндіргіштер мен жерсіндіруші өт-кізгіштердің өлшемдері тексеріледі.

6 – 20 кВ – тық аспалы желілердің жерсіндіргіш құрылғыларының кедергілері төмен-дегідей болулары керек

- найзағайдан қорғайтын құрылғылар орнатылған темірбетон, металл және ағаш тіреу-лердің, сонымен қатар меншікті кедергілері 100 Ом – ға дейінгі тұрғылықты жерлердегі темірбетон және темір тіреулердің кедергілері -10 Ом; 100 – 500 Ом үшін – 15 Ом; 500 – 1000 Ом үшін – 20 Ом; 1000 Ом – нан жоғары – 30 Ом; 6 – 20 кВ – тық аспалы желілерге орнатылған электр жабдықтары үшін – 10 Ом.

0,38 кВ – тық аспалы желілердегі нольдік өткізгіштердің қайтара жерсіндірілген әрбір жерсіндіргішінің кедергісі 30 Ом – нан аспауы тиіс.

Жерсіндіргіш құрылғының кедергісінің мәні ЭҚЕ ( электр қодырғыларының құрылы-сы ережесі - ПУЭ) межесінің 10 %– нан аспауы тиіс. Жерсіндіргіш құрылғылардың ке-дергілерін топырақтың ең аз өткізгіштік маусымы кезінде бақылау керек: жазда ең жоға-ры құрғау кезінде, ал қыста ең көп тоңазу кезінде. Жерсіндіргіштердің кедергілерін тексерудің және өлшеулердің нәтижелері арнайы мәлімет жинағының тізіміне енгізілуі керек.

Апатты учаскенің автоматты ажыратылуын қамтамасыз ету мақсатында, бейтарап өт-кізгіші тұйықталып жерсіндірілген 0,38 кВ – тық аспалы желілерді сенімді қорғау үшін, «фаза - ноль» ілмегінің кедергісін 5 – 6 жылда бір рет тексеріп тұру керек. Бұл жағдайда фазалар мен жерсіндіргіш өткізгіштер арасындағы қысқа тұйықталу тогының шамасын анықтау керек. Бұл токтың балқымалы қосымшаның қалыпты тогына немесе қорғалатын жалғаманың автоматын ағытқышқа қатысты анықталған еселігі болуы керек.

0,38 кВ – тық аспалы желілерді сақтандырғыштармен қорғау үшін қысқа тұйықталу тогы балқымалы қосымшаның қалыпты тогынан 3 еседен кем шамадан, ал автоматты ажыратқыштардың көмегімен қорғау кезінде ағытқыштың ажыратқыштық максимал то-гынан 1,25 – 1,4 еседен аспауы керек. Тексеруді көп жағдайда олардың жалпы санының 10 % - нан кем емес, қашықтағы және қуатты электр қабылдағыштарда жүргізеді. Мұны М – 417, сонымен қатар ИПЗ – 2М, ИТК – 1 және т.б. типті құралдардың көмегімен іске асырады. Өлшеулерді аспалы желіні қоректендіруші кернеуді ажыратпай жүргізеді.

Жерсіндіргіш құралдардың кедергілерін МС – 08 және М – 416 типті арнайы құрал-дардың көмегімен өлшейді.

Өткізгіштердің жер бетінен және басқа да нысандардан қашықтығын тексеру.

Аспалы желілерді пайдалану процесі кезінде олардың жобалық шектік көлемдері мына-лардың әсерінен бұзылуы мүмкін: уақыт өтуіне байланысты өткізгіштерді керу, көрші аралықтардағы бірқалыпсыз жүктеменің әсерінен ұстап тұрушы қысқыштардағы өткіз-гіштердің сырғып кетуі және болтты кергіш қысқыштардан өткізгіштерді суыру, тіреу-лердің қисаюы, жөндеу немесе басқа жаңа орынға ауыстыру кезінде тіреулердің шектік

70.

көлемдерінің өзгеруі. Сондықтан аспалы желілердің нақты өлшемдерінің сәйкес келуін тексеру үшін олардың өлшеулерін ЭҚЕ және «Кернеуі 1000 В – тан жоғары аспалы электр беру желілерін пайдалану бойынша нұсқамалардың» талаптарымен сәйкестендіру керек.

Шектік көлемдер желіні ажыратпай немесе аспалы желіден кернеуді алып тастау ар-қылы өлшенулері мүмкін. Алғашқы жағдайда өлшеулерді бұрыш өлшегіш құралдың не-месе оқшаулағыш штанганың және капрон арқанның көмегімен жүргізеді. Ажыратылған желілердегі өлшеулерді жүргізу кезінде қарапайым рулетка мен арқанды қолдануға да болады. Бұрыш өлшегіш құрал ретінде теодолиттер қолданылуы мүмкін. Геодезиялық немесе арнайы оптикалық бұрыш өлшегіш құралдарды, мысалы, лазерлі қашықтық өл-шегіш, биіктік өлшегіштерді қолданып өлшеулер жүргізу, құралда көрсетілген, қолдану бойынша нұсқамаға сәйкес жүргізілуі тиіс.

Өткізгіштердің салбырау аралығын тексеру көзбен шолу арқылы жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда тіреудің іргелес екі бағанына вертикаль бойынша өткізгіштің салбырау аралығының шамасына тең, өткізгіш бекітілетін нүктеден, тексерілетін аралық және құ-растыру кестесі бойынша берілген температура жағдайында бір – бір төрткілдештен (рейка) бекітіледі.

Бақылаушы тіреулердің біріне көзі төрткілдешпен бір деңгейде болатындай жағдайда орналасады, және іргелес тіреуге бекітілген төрткілдешке қарайды. Егер өткізгіштің сал-бырауының төменгі нүктесі екі төрткілдешті қосатын көзбен шолу сызығы бойында ор-наласса, онда өткізгіш дұрыс керілген, егер өткізгіштің төменгі нүктесі көрсетілген түзу сызықтан жоғары немесе төмен болса, онда өткізгіш сәйкесінше асыра немесе артық керілген. Бұл жағдайда аралық салбыраудың нақты мәнін анықтау үшін, өткізгіштің төменгі нүктесі, көрсетілген екі төрткілдешті қосатын түзумен сәйкес келетіндей етіп екі төрткілдешті жоғары немесе төмен жылжытады. Аралық салбыраудың мәні өткізгіштің ілу нүктесінің вертикалы бойынша әр төрткілдешке дейінгі арақашықтықтарының орта-ша арифметикалық мәні арқылы анықталады.

Аралық салбыраудың алынған мәндерін құрастыру қисығының немесе кестедегі мәндерімен салыстыру арқылы ауытқу шамасын анықтайды және оларды жою бойынша іс – шаралар белгілейді.

Аспалы желілерге жақын орналасқан ғимараттар мен құрылымдардың өткізгіштерден қашықтығын осы ғимараттар мен құрылымдардың жақын орналасқан шығыңқы бөлік-теріндегі өткізгіштің ең үлкен ауытқуының шеткі проекциясынан бастап өлшейді.

Шектік көлемдер мен аралық салбырауды өлшеу кезінде сырттағы ауаның температу-расы ескеріледі. Есептеулер немесе арнайы кестелер арқылы алынған өлшеулер кезінде-гі шамалар максимал аралық салбыраудың температурасын, яғни жердің бетіне, жол төсеміне дейінгі ең аз қашықтықты береді.

Шектік көлемдерді қатты жел кезінде (8 – 10 м/с – тан жоғары) өлшеуге рұқсат етіл-мейді.

Шектік көлемдерді өлшеу және есептеу нәтижелері әрбір желі үшін құрастырылатын өлшеулердің мәліметтер жинағының тізіміне енгізіледі.

Тіреулердің кергіштеріндегі керілулердің өзгеруі тіреудің жұмысының есепті сұлбасын бұзуы мүмкін және оның есептік беріктілігін төмендетеді. Сондықтан кергіш-тердің керілуін желіні пайдалануға берген алғашқы екі жылда тексеріп отыру керек, се-бебі тіреудің орнығуына және топырақтың жеткілікті мөлшерде тығыздалмауына байла-нысты деформациялануы мүмкін болғандықтан кергіштердің керілулері өзгеруі мүмкін, ал одан әрі – қажеттілікке байланысты тексеріліп отырылуы тиіс.

Кергіштердегі керу, мысалы, аспалы желілердің тіреулеріндегі кергіштердің керулерін тексеруге арналған ИН типті индикатордың көмегімен тексеріледі. ИН типті инди-катордың жұмыс істеу принципі керуші арқанның серпімділігін көлденең күштердің кө-

мегімен ию арқылы өлшеуге негізделген. ИН индикаторының көмегімен әрқайсысының диаметрі 12,0 – 22,5 мм болатын бір немесе екі болат арқан түрінде кергіштерде керуді орындауды бақылауға болады. Диаметрі 19 мм –ге дейінгі тіреулерде күштік сұлбаларды

бұзбай – ақ, кергіштерге түсірілетін 0,1 – 5 тк (тонна - күш) шамасындағы күштерді КУО – 54 типті электронды өлшегіштердің көмегімен де өлшеуге болады.

71.

Болттық қосылыстардың және анкерлі болттардың гайкаларының тартылуын тексеру. Металл және темірбетон тіреулерде осы жұмыстарды, пайдаланудың алғашқы екі жылында жүргізу керек, себебі пайдаланудың алғашқы жылында шұңқырдағы топы-рақтың ең үлкен деңгейдегі орнығуы мен деформациясы жүреді және тіреулердің жеке-леген бөліктерінің қиылыстарындағы болттардың босаңсуы мүмкін. Одан әрі, ережеге сәйкес, мұндай керулердің қажеттілігі туындамайды, және ол тек қана қажет болған кез-де ғана орындалады.

Ағаш тіреулердің болттық қосылыстарын тартудың қажеттілігі, оның кебу нәтижесін-

де, темірбетон және металл тіреулерге қарағанда жиірек талап етіледі. Сондықтан ағаш тіреулердегі болттық қосылыстарды ағымдық қарау және тіреулерді тексеру кездерінде үнемі тексеріп және тартып отыру қажет.

Аспалы фарфор оқшаулағыштарды, разрядтағыштар мен аралық қорғағыш-тарды тексеру. 6 – 20 кВ – тық аспалы желілердің аспалы фарфор оқшаулағыштарының электрлік беріктігін пайдаланудың алғашқы жылында және одан әрі 6 жылда бір рет күр-делі жөндеудің алдында, тұрақты ұшқындық аралығы бар штанганың көмегімен тексе-реді. Аралық ұшқынның шамасын 2 кВ – қа тең кернеумен тағайындайды. Разрядта-ғыштың электродтарының арасындағы ұшқынның бар болуы оқшаулағыштың жарамды-лығын көрсетеді. Ұшқын және шытырлау жоқ болса, онда оқшаулағышты жарамсыз деп есептейді. Сонымен қатар тексеру 2,5 кВ – тық мегомметрдің көмегімен де жүргізіледі. Кедергілері 300 МОм – нан төмен оқшаулағыштар ауыстырылады.

6 – 20 кВ – тық аспалы желілердің аспалы оқшаулағыштарының электрлік беріктігін тексеру нәтижелері өлшеулердің мәліметтер жинағының тізіміне жазылады.

Разрядтағыштардың жай – күйі жыл сайын нөсер маусымының алдында тексеріледі. Түтікті разрядтағыштар мен аралық қорғағыштар аспалы желілерді қадағалау барысын-да қаралады. Түтікті разрядтағыштарды тіреулерден алып тексеру 3 жылда бір рет жүр-гізіледі. Тіреулерден түсірмей, сонымен қатар қарқынды ластану аймағында орнатылған түтікті разрядтағыштарды атпен қосымша қадағалау мен тексеру жергілікті нұсқама-ларға сәйкес және, ереже бойынша, аспалы желілерді кернеуден ажырату арқылы атқа-рылатын жұмыстармен үйлестіре жүргізу керек. Вентильді разрядтағыштарды жұмысқа қосар алдында, разрядтағыштың кедергісін мегомметрдің көмегімен өлшеу арқылы және разрядтағыштар қосылған жабдықтарды жөндеуге шығарар алдында тексереді.

5.5. 0,38 – 35 кВ – тық аспалы желілерді күзету.

Аспалы желілердегі зақымданулар мен қайғылы уақиғаларды болдырмаудың алдын алу үшін, электр желілерін күзету Ережелеріне сәйкес, күзетілетін аймақтар құрылған және электр беру желілерінің элементтері мен жақын орналасқан ғимараттардың, құры-лымдардың, сондай – ақ жасыл желектердің арасында ең аз рұқсат етілген қашықтықтар тағайындалған.

6 – 20 кВ – тық аспалы желілер үшін аймақтың ені екі жағына да 10 м, ал 0,38 кВ – желі үшін – 2 м болуы керек.

Жақын тұрған ғимарат пен құрылымның шығыңқы бөліктеріне дейінгі шеткі өткіз-гіштердің ең үлкен ауытқуы кезіндегі горизонталь қашықтығы 6 – 20 кВ желі үшін – 2 м – ден, 0,38 кВ желі үшін – 1,5 м – ден кем болмауы керек. Егер желі биіктігі 4 м – ге дейінгі аласа желектер арқылы өтетін болса, онда 6 – 20 кВ желі үшін, ені өткізгіштердің арасындағы қашықтыққа тең және қосымша шеткі өткізгіштерден екі жағына қарай 3 м – ге дейінгі аралықта соқпақ оталады. Биіктігі 4 м – ден артық желектерде ені шеткі өт-кізгіштердің арасындағы қашықтыққа тең және қосымша ретінде желектің екі еселенген биіктігіндей аралықта соқпақ оталады. Соқпақтың шетіндегі жекелеген ағаштардың биіктіктері желектің биіктігінен едәуір асып тұрса, онда олар шабылып тасталады. Сая-

бақтарда, қорықтарда, жасыл аймақтың ормандарында, жол бойындағы қорғалатын жолақтарда, өзендер мен көлдердің тиым салынған жолақтарындағы ағаштардың ұшта-рынан өткізгіштерге дейінгі қашықтықты осы желектер қарамағына қарайтын ұйым та-ғайындайды, бірақ ол 2 м – ден кем болмауы тиіс.

0,38 кВ аспалы желілер үшін өткізгіштерден (ең үлкен аралық салбырау немесе ең үл-кен ауытқу кезінде) ағаштардың, бұталардың және басқа да өсімдіктердің ұштарына

72.

дейінгі вертикаль және горизонталь қашықтық 1 м – ден кем болмауы тиіс.

Күзетілетін аймақтарда 0,38 кВ желілердің астында биіктігі 4,5 м – ден артық құры-лыс, құрастыру, жарылыс және суландыру жұмыстарын жүргізуді, ағаштарды отырғызу және шабуды, жем-шөпті, тыңайтқыштарды, отын және басқа материалдарды жинауды, машиналар мен механизмдерді өткізуді ұйымдастыруды және 6 – 20 кВ желілердің ас-тында биіктігі 3 м – ден артық транспорт, машина және механизмдер тұрақтарын салуды тек қана осы желілерді пайдаланатын ұжымның жазбаша рұқсаты арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Электрлік тораптарды күзету ережелері бойынша, тораптардың қалыпты жұмысына нұқсан келтіретін және оларды бұзылуға әкеліп соқтыратын барлық әрекеттерге тиым салынады. Ондай әрекеттерге өткізгіштерге бөтен заттар лақтыру, тіреулер мен өткіз-гіштерге бөгде заттарды қосу мен байлау, тіреулерге шығу, оқшаулағыштарды ұру, то-раптық құрылымдардың бөлмелерін ашу, қосу жұмыстарын жүргізу, тарату құрылғыла-рының және электр беру желілерінің жанында от жағу, желіні пайдаланушы ұжымның алдын - ала келісімінсіз аспалы желі өтетін жерлердегі ғимараттар мен құрылымдарды бұзу немесе қайта құрастыру жұмыстары жатады.

Электр берудің аспалы желілерінің жанында түрлі текті механизмдердің жұмыс іс-теуіне тек қана механизмнен немесе олардың жылжымалы бөлігінен ауа арқылы кернеу әсеріндегі 0,38 кВ аспалы желінің жақын орналасқан өткізгішіне дейінгі қашықтық 1,5 м – ден және 6 – 20 кВ үшін – 2 м – ден кем емес болғанда ғана рұқсат етіледі. Егер бұл шарттарды орындау мүмкін болмаса, онда желідегі кернеу алынып тасталады. Электр беру желісімен қиылысатын автомобиль жолының екі шетіне, жүгімен қозғалып келе жатқан транспорттың рұқсат етілген биіктігі көрсетілген белгі орнатылады.

Аспалы желілердің зақымдануын алдын - ала ескерту үшін электр тораптары өнер-кәсібінің қызметкерлері:

- өндірістік өнеркәсіп басшыларын электр тораптарын күзету ережелерімен таныстыру-ды, аспалы желілердің маңында жұмыстар жүргізуді дұрыс ұйымдастыра білуді, аталған мекемелердің жұмысшыларына нұсқамалар беруде көмек көрсетуді;

- мектеп және кәсіптік техникалық білім беретін оқу орындарының оқушыларына аспа-лы желілердің өткізгіштерінің астында ойнаудың қауіпті екендігін түсіндіруді, және же-лінің ажыратылуы қандай шығын әкелетіні туралы айтып беруді білулері керек.