Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6.3. Кабельді желілерге қызмет көрсету бойынша пайдаланудың іс – шаралары.

Кабельді желілерді дұрыс пайдалану үшін келесі техникалық құжаттар болуы қажет:

- кабельді желілерге және басқа да кабельді құрылымдарға арналған орындау сұлбалары;

- кабельді желілердің, құрылымдар мен кірмелердің төлқұжаттары;

- кабельді желілердің жүргізілген орындары көрсетілген тізімі;

- муфталардың барлық түрлерінің және басқа да кабельдік арматуралардың жұмыстық және құрастыру сұлбалары.

Трассаның орындаушылық жоспары, тораптағы барлық жөндеу, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты, кабельдер мен муфталардағы дер кезіндегі барлық ағымдық өзгерістер көрсетілген нақты жай-күйімен сәйкес келуі тиіс.

Кабельді желінің төлқұжатына, оны пайдалануға қабылдау кезінде желінің жобасы және оны құру кезінде кабель журналы бойынша, сонымен қатар хаттамалармен, акті-лермен және сынақ мәліметтерімен анықталған барлық техникалық мәліметтер енгізілуі қажет. Кабельді желіні пайдалану барысында оның төлқұжатына желіні сынаудың, желі-нің жүктемесінің, қабықшасындағы температураның өлшенген шамаларының нәти-желері, сонымен қатар желідегі зақымданулар, оларды жөндеу және трассаның жай-күйі енгізіледі. Кабельді желінің төлқұжатының дұрыс толтырылуы, пайдалану барысында оған күрделі жөндеудің қажеттілігін анықтайды, зақымданудың себептеріне сараптама және апатқа қарсы шаралар қолданудың қажетті жоспарын жасауға мүмкіндік береді.

Кабельді желінің пайдалану сенімділігін арттыру мақсатында, атқарылатын жұмыс-тардың құрамы және оларды орындаудың шекті мерзімдері жасалады.

Кабельді желілерді пайдалану бойынша орындалатын жұмыстардың құрамы әрбір күнтізбелік жылға жасалады, себебі бұл дегеніміз құжатты дайындау кезінде кабельді желілерге өткен жылда жасалған қызмет көрсету талаптарының барлық өзгерістерін ес-керуге мүмкіндік береді.

Электр берудің кабельді желісіне қызмет көрсету бойынша пайдалану іс-шаралары-ның жүйесінің маңызы мынада:

- токтық жүктеме режимдерін, кабельдің температуралық режимдерін және тораптағы кернеудің сақталуын бақылау;

- кабель трассасын және олардың траншеялардан шығу орындарын қарау;

85.

- алдын-ала сынаулар мен өлшеулер жүргізу;

- жерге төселген кабельдердің металл қабықшаларын коррозиядан қорғау;

- кабельді желілерді күзету, соның ішінде жергілікті тұрғындардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

6.3.1. Токтық және жылулық режимдерді сақтау.

Ток жүретін өткізгіштердің рұқсат етілген қызу температуралары кабельдің құрылы-мымен (қолданылатын оқшаулағыштың түрімен), жұмыстық кернеуімен, оның жұмыс режимімен (ұзақ немесе қысқа мерзімді) анықталады. Жерге төселген кабельдердің ток жүретін өткізгіштерінің рұқсат етілген ұзақ мерзімді температурасы келесі мәндерден аспауы керек:

- 1 – 6 кВ – тық кабельдер үшін – 800 С;

- 10 кВ – тық кабельдер үшін – 700 С.

Кабельді желінің қалыпты ұзақ мерзімді рұқсат етілген токтық жүктемесі электр қондырғыларының құрылысы ережесінің (ЭҚЕ - ПУЭ) электротехникалық анықтамалы-ғындағы кесте бойынша анықталады. Бұл жүктемелер кабельдерді төсеудің тәсілдері мен салқындатушы ортаның түрлеріне (жер, ауа) тәуелді.

Жерге төселген кабельдер үшін рұқсат етілген токтық жүктеме жердің температурасы 150 С болған кездегі, тереңдігі 0,7 – 1,0 м болатын траншеяға төселген бір кабельдің есе-бінен алынады. Ауада тартылған кабельдер үшін қоршаған ортаның температурасы 250 С - қа тең деп қабылданған. Егер қоршаған ортаның есептік tе температурасы қабыл-данған tж шарттан ерекшеленетін болса, онда k1 түзету коэффициенті енгізіледі, яғни ол мынаған тең:

k1 = √ tр – tе / tр – tж , (6.1)

мұндағы tр – кабель өткізгішінің рұқсат етілген температурасы.

Топырақтың есепті температурасы ретінде кабель төселген тереңдіктегі ең үлкен ор-таша айлық температура (жылдың барлық айының) алынады. Ауаның есепті температу-расы ретінде жылдың кем дегенде үш күнінде қайталанып отыратын, ең үлкен орташа тәуліктік температура алынады.

Жердің, ауаның температураларын есепке алу үшін қолданылатын түзету коэффици-енттері 6.6. және 6.7. кестелерде көрсетілген.