Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Қозғалтқыш типтерін белгілеудің мысалдары:

4АН200М4У3,

мұндағы: 4 – серия номері, А – асинхронды, Н – ІР 23 қорғаныс дәрежесі, ал жабық қоз-ғалтқыштар үшін берілмейді, бұдан кейін А әріпі болуы мүмкін, ол станина мен қалқан-ның алюминийден жасалғанын білдіреді, Х – алюминийлі станина және шойынды қал-қан, егер станина мен қалқан шойыннан жасалған болса, онда ешқандай белгі болмайды,

200 – айналу осінің биіктігі, (мм), М немесе S, L – станина ұзындығының шарты..

Бұдан ары қарай статордың өзекшесінің ұзындығын белгілейтін А немесе В әріпте-рі болуы мүмкін, ал әріптердің болмауы орнатылатын өлшемдегі бір ұзындықты білді-реді, 4 – полюстер саны, У – қоңыржай климат үшін, 3 – орналастырылу дәрежесі.

АИ сериясы – бұрынғы өзара экономикалық көмек Кеңесіне мүше елдердің электро-

138.

техниктерін біріктіретін «Интерэлектро» халықаралық ұйымы шеңберінде жасалған.

Қоршаған орта мен қолданылуына байланысты, қозғалтқыштардың түрлі нұсқалары жасалды және шығарылуда.

Қозғалтқыштар негізінен 54 және ІР 44 қорғаныс дәрежелерімен, ал айналу осьтері-нің биіктігі 200 мм және одан жоғары қозғалтқыштар – ІР 23 қорғаныс дәрежелерімен шығарылады.

Құрылымдық орындаудағы машиналар төрт саны бар ІМ әріптерімен белгіленеді. Бірінші сан құрылымдық орындаудың тобын білдіреді:

1 – подшипникті қалқандары бар табанда;

2 - ернемекті қалқаны немесе қалқандары бар табанда;

3 – подшипникті қалқаны мен бір қалқанда орнатылған ернемегі бар табансыз.

Екінші және үшінші сандар монтаждау тәсілін, ал төртінші сан – білік ұшының орын-далуын көрсетеді.

Бұл сериядағы қозғалтқыштардың қуаттарының ауқымы 0,025 кВт-тан 400 кВт-қа дейін, ал айналу осьтерінің биіктігі 45 мм-ден 355 мм-ге дейін болады.

Айналу осьтерінің биіктігі 71 мм-ге дейінгі қозғалтқыштар 50 Гц жиілікте 380 В-пен, қалғандары – 380 және 660 В-пен, ал экспортқа шығарылатын орындалымдағылар – 60 Гц- пен жұмыс істейді.

Базалық белгілеулердің мысалы:

АИР100М4,

мұндағы АИ – сериясы, Р – орнатылатын өлшемдермен қуатын үйлестіру нұсқасы, (С әріпімен белгіленуі де мүмкін), 100 – айналу осінің биіктігі, М – орнатылатын өлшемдері бойынша корпусының ұзындығы, 4 – полюстер саны.

Негізгі белгілеулердің мысалы:

АИРБС100М4НПТ2,

мұндағы АИР100М4 – базалық белгі, Б – үрлеусіз жасанды жолмен салқындатылатын жабық орындалымдағы, С – жоғарылатылған сырғанаумен, Н – аз шулы, П – орнатылу өлшемдерінің жоғары дәлдігі, Т – тропикалық климат үшін, 2 – орналастырылу дәре-жесі.

Толық белгілеулердің мысалы:

АИРБС100М4НПТ2 220 / 380 В, 60ІМ2181,КЗ-11-3,Ғ100,

мұндағы 60 – желінің жиілігі, ІМ2181 – монтаждау тәсілі мен білік ұшының орындалы-мы, КЗ–11–3 – шығару құрылғысы мен жалғастықтар санының орындалымы, Ғ100 – ернемекті қалқандардың орындалымы. ІМ әріптері – ағылшынның International Moun-ting, яғни халықаралық межелер бойынша монтаждау дегенді білдіреді.

ХХ - ғасырдың 90 жылдары Ярославск электромашиналарын жасау заводында (қазір «ELOIN» ААҚ) жасалған RA (Ресейлік асинхронды) сериялы қозғалтқыштары ауыл-шаруашылығы өндірісі мен коммунальдық шаруашылықтардың барлық салаларында қолдануға арналған және ресейлік пен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.Осы се-рияның құрамына қуаты 0,37 кВт-тан 90 кВт-қа дейінгі және айналу осінің биіктігі 71 мм-ден 280 мм-ге дейінгі қозғалтқыштар кіреді.

Қорғалу дәрежелері ІР 44, ІР 54 және монтаждық орындалымдары ІМ1001, ІМ2001, ІМ3001 болатын, жиілігі 50 (тапсырыс бойынша 60) Гц-тік қозғалтқыштар 220, 380, 660, 220 / 380, 380 / 660 В кернеуге арналып шығарылады.

Осы сериядағы қозғалтқыштардың шартты белгілері 4А сериялы қозғалтқыштардың белгіленулерімен сәйкес келеді.

Владимир электромотор заводы (ВЭМЗ ААҚ) мен Владимир Ильич атындағы Москва электромеханикалық заводы шығаратын 5А (5 АН, 5АНК) сериялы қозғалтқыштары 4А

және АИ сериялы АД-мен өзара алмастырылады, сонымен қатар ресейлік және халық-аралық межелерге сәйкес келеді.

139.

Айналу осінің биіктігі 315 мм, қорғалу дәрежесі ІР 44 және ІР 54, сонымен қатар монтаждық орындалымы ІМ1001 және климаттық орындалымы У3 6А сериялы қоз-

ғалтқыштарды «Электрон - ЗВИ» жасап шығарады.

Жаңа электр машиналарын немесе жөндеуден келгенін электр желісіне қосардың ал-дында орамдардың шықпаларының ұштарының неге арналғанын білу керек. Электр машиналарының шықпаларының ұштары, орамдардың шықпаларының ұштарындағы ұштықтарға соғу жолымен жасалған белгілермен, ал егер ұштықтар кіші болса, онда ұш-тықтардың металл сақиналарына немесе пластмасс сақиналарына жазу арқылы таңбала-нады.

Электр машиналарының шықпаларын таңбалау 9.1 кестеде көрсетілген.