Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5.4. Cурет. Екі тізбекті желіге арналған аралық металл тіреу.

Өткізіштердің өзара бірдей орналасуының айырмашылығы фазалардың параметрле-рінің (индуктивті кедергі) айырмашылығына әкеліп соқтырады. Осы параметрлерді те-ңестіру үшін ұзындығы 100 км – ден артық желілерде өткізгіштерді транспозициялауды қолданады: үш өткізгіштің әрқайсысы мүмкін болатын үш қолайлы жағдайда орнааласа-тындай етіп, желі үш учаскеге бөлінеді (5.6, сурет). Желінің өткізгіштері ауысатын орындардағы желінің нүктесіде транспозициялық тіреулер орнатылады.

Үлкен өзендерді, шатқалдарды және т.б. қиып өтетін жерлерге биіктігі 50 – 100 м жә-не одан жоғары болатын өтпелі тіреулер орнатылады.

6

2

3.

5.5. Cурет. Тіреулердегі өткігіштер мен арқансымдардың орналасулары:

а – үшбұрыштың төбелерінде; b–горизонталь; c– кері шырша; 1 – арқансым, 2 - өткізгіштер.

a

c

5.6. Cурет. Өткізгіштерді транспозициялау сұлбасы: а, b,с – тораптың үш фазасы.

5.2. Аспалы желілерге қойылатын жалпы талаптар.

Аспалы желілер тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды, электр энергиясының та-лап етілетін сапасын жеткілікті түрде сенімді қамтамасыз етуі керек және жоғары үнем-ділік талаптарына сәйкес келуі тиіс – бұл жобалау және пайдалану шарттарына да қатыс-ты.

Әдетте қоректендіру сенімділігі мен энергия сапасының талаптарының негізі ретінде техникалық шарттарда қарастырылған талаптар қабылданады. Бұдан былайғы қабылда-натын шешімдер экономикалық тұрғыдан түзетіледі. Осы талаптардың жалпы мемлекет-тік экономиканың принциптері негізінде орындалуы, электр тораптары мен жүйелерінің ауқымындағы инженерлік іс-әрекеттердің жауапты міндеттері болып саналады.

Тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі туралы мәселе, электр торап-тарының барлық элементтері уақыт өте іс жүзінде тозатындығына байланысты туындай-ды. Мүмкін болатын бұзылымдардың санын қысқарту, қосымша жұмсалатын көптеген шығындарға байланысты. Сондықтан электр тораптарын конструкциялау кезінде олар-дың орташа жұмыстық шарттарына бейімделу керек. Салыстырмалы түрде алғанда, си-рек байқалатын өте күрделі режимдерде тораптық құрылымдардың мүмкін болатын бұ-зылымдарын есептеуге жүгінеді. Бұл бұзылымдар АЖ – ді құрастыру шығындары мен пайдалану шарттарына ғана байланысты байқалуы мүмкін емес, бірақ олар белгілі бір сыртқы шарттарға да байланысты: жоғары деңгейдегі найзағайдың іс-әрекетінен, күшті желдің әсерінен, әсіресе ауыр көкмұздың пайда болуынан және т.б.

Электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру тек қана бұзылымдарды азайту және желінің элементтерін қорландыру арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін емес, сонымен қа-тар экономикалық тұрғыдан алғанда, өзін-өзі ақтай алатын, сынақтан өткен басқа да тә-

сілдермен қамтамасыз етілуі мүмкін. Олардың қатарына, мысалы, автоматты құрылғы-

64.

ларды (АВР, АПВ ) қолдану, симметриялы емес режимде желі элементтерінің уақытша жұмыс істеуі.

Электр желілерін жобалау, құрастыру және пайдалану жағдайында үнемділікті артты-ратын тыңғылықты сараптама жүргізілуі тиіс. Бұл желіні жалғаудың сұлбаларын және желі жабдықтарының параметрлерін таңдау кезінде, оның жұмыс режимдерін жақсарту кезінде, оны автоматтандыру сатысының мақсаттарын, қорландыру тәсілдерін анықтау-да талап етіледі.

Қайта жобаланатын желілерге, сонымен қатар оны пайдалануды жүзеге асыру кезінде қойылатын негізгі талаптарды қысқаша түрде төмендегіше тұжырымдауға болады;

- желіде жұмыстың белгілі ережелерін сақтау кезіндегі сенімділік және қауіпсіздік;

- қоректендірудің толық үздіксіздігін қамтамасыз ету (бірінші санатты тұтынушылар үшін) немесе апаттан кейін қоректендіруді тез арада қалпына келтіру;

- ереже бойынша, сайлау жолымен қорғаныс қолдану арқылы бір элементпен (транс-форматормен немесе желі участогымен ) апат орнын шектеу;

- желіні құрастыруға жұмсалатын бастапқы шығындардың, сонымен қатар жыл бойы жұмсалатын пайдалану шығындарының белгіленген экономикалық көрсеткіштерін қамтамасыз ету;

- тұтынушыларға берілетін электр энергиясының жақсы сапасын, белгілі шектеулер ар-қылы, кернеудің ауытқуы есебінен қамтамасыз ету;

- желіні түбегейлі өзгертпей, тұтынушыларды жаңа желілерге қосу немесе қолда бар қу-ат көздерін күшейту арқылы желінің мүмкіндіктерін ары қарай дамыту.