Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.7.1. Жиіліктің ауытқуы.

Электрлік жүйедегі жиіліктің (Гц) ауытқуы электрмен жабдықтау жүйесіндегі айны-малы токтың жиіліктерінің нақты ƒ және қалыпты ƒқал. мәндерінің арасындағы айырма-шылықты сипаттайды және мына формуламен өрнектеледі:

δƒ = ƒ - ƒқал (1.1)

Жиіліктердің ауытқуы бойынша рұқсат етілген межелер мынаны құрайды:

δƒқал = ± 0,2 Гц; δƒшек.= ± 0,4 Гц.

Жиіліктің ауытқуы электр станциялардың генераторларының актив қуаты мен электр желісіндегі беріліске жұмсалатын шығындарды ескергендегі жүктеменің тұтынатын қуа-ты арасындағы баланстың үйлесімсіздігімен келісілген.

1.7.2. Кернеудің ауытқуы.

Кернеудің ауытқуы кернеудің U ағымдық мәнінің Uқал. қалыпты мәнінен белгіленген ауытқуының көрсеткішімен сипатталады:

δUбелг. = U - Uқал. / Uқал.* 100 % (1.2)

Кернеудің ауытқуы жүктеменің қуатының өзгерісінен туындайтын кернеу шығыны-ның өзгерісімен келісілген. Кернеудің ауытқуы электр энергиясын қабылдағыштың шықпаларында межеленеді.

Кернеудің белгіленген ауытқуының қалыпты рұқсат етілген және шектеулі рұқсат етілген мәндері кернеудің қалыпты мәнінің тиісінше ± 5 және ± 10 % -на тең.

      1. Кернеу өзгерісінің қарқыны.

Кернеу өзгерісінің қарқыны –бірінен соң бірі ерген кез келген түрдегі әсер етуші кер-неу мәндерінің арасындағы айырмашылық, яғни әсер етуші кернеудің мәнін оралып өте-тін бірінің соңынан бірі ерген максимал Umах және минимал Umіп кернеулердің аралы-ғындағы айырмашылық.

δU1 = Umах - Umах ; (1.3)

δU1 = Umах - Umах / Uқал.* 100 % . (1.4)

Кернеуі 0,38 Кв- тық электр желісіне жалғанған нүктедегі белгіленген δUбелг. .кернеу-дің ауытқуы мен кернеу өзгерісі δU1 қарқынының жиынтығының шектеулі рұқсат етілген мәні қалыпты кернеудің ± 10 % -на тең.

Фликер мөлшері. Фликер (жыпылықтау) – электрмен қоректенетін, электр тізбегінде-гі кернеу тербелістері тудыратын, жасанды жарық көзінің жарық ағынының тербелісте-рін адамның субъективті қабылдауы.

Фликер мөлшері Р1 - белгілі бір уақыт аралығында фликер әсерін адамның қабылдау мүмкіндігі, яғни адамда белгіленген уақыт кезеңінде жинақталатын жарық ағынының жыпылықтаумен қоздыру тудыратын кернеу тербелісінің интегралды сипаттамасы.

16.

Кернеу тербелістері кезінде фликердің мөлшері үшін шекті рұқсат етілген мән 1,38, ал кернеудің сол тербелістері кезінде фликердің ұзартылған мөлшері үшін ол 1,0–ге тең.

Фликердің қысқа мерзімді мөлшерін бақылаудың 10 минутқа тең уақыт аралығында анықтайды. Фликердің ұзартылған мөлшерін бақылаудың 2 сағатқа тең уақыт аралығын-

да анықтайды.

Едәуір көрінерлік кернеу талап етілетін, қыздыру шамдары орналастырылған бөлме-лері бар электр энергиясын тұтынушыларды қосқан жалпы нүктедегі фликердің қысқа мерзімді мөлшері үшін шекті рұқсат етілген мән 1,0-ге тең, ал фликердің ұзақ мерзімді мөлшері үшін сол нүктелерде ол 0,74-ке тең.