Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2 Мксек

а).

в).

3

2

93.

6.11. сурет. ИКЛ-5 құралы экранындағы импульстардың кескіні: а – кабель өткізгішінің қысқа тұйықталуы бар кезіндегі, желідегі өлшеулер кезінде; в – муфтадағы өткізгіштің үзілуі кезінде; 1 – импульс сызығы; 2 – тор; 3 – белгілер сызығы.

Шағылған белгінің полярлығы шағылысу орнындағы толқындық кедергінің өзгерісін сипаттайды. Кабельді желі үзілгенде немесе белгі оның соңына дейін жеткен кез-де,толқындық кедергі артады, және экранда шағылған белгінің шығарылуы жоғары ба-ғытталады (6.11. в), ал шығарылудың төмен бағытталуы қысқа тұйықталудың немесе бір өткізгіштің қабықшаға тұйықталуының бар екендігін білдіреді (6.11. в); бұл жағдайда толқындық кедергі төмендейді. Зақымданған жерге дейінгі қашықтық, м, масштабтық белгілердің санын есептеу және әр белгінің бөлік құнына көбейту арқылы анықталады. Мысалы, 6.11. сурет бойынша, жіберілген және шағылған импульстардың басталулары-ның арасындағы белгілер саны 2,8, демек, зақымданған жер lx = 160*2,8 = 448 м қа-шықтықта орналасқан. Осы тәсілге негізделген құралдарды қолданған кезде өлшеулерді зақымданған желінің бір шетінен ғана жүргізу жеткілікті. Бірақ сенімді нәтижелерге өткізгіштің таза үзілуі кезінде және, егер өтпелі кедергінің мәні қысқа тұйықталу кезінде үлкен болмаған (100 Ом-нан төмен) жағдайларда ғана қол жеткізуге болады.

Ілмекті тәсіл. Бұл тәсіл, бір өткізгіші зақымданған жағдайда, күштік кабельді желі-нің өткізгішінің қабықшаға тұйықталу орнына дейінгі қашықтықты анықтау үшін қолда-нылады. Берілген тәсіл зақымдану орнындағы өтпелі кедергінің мәні 5 кОм-ға дейін болғанда қолдалынуы мүмкін. Өтпелі кедергінің мәнін төмендету қажет болған жағдай-да кабельдің оқшаулағышын кенотронның немесе газотронды қондырғының көмегімен қосымша күйдіреді. Бұл тәсіл тұрақты токты өлшеудің көпірлік сұлбасының принципіне негізделген (6.12. сурет).

6.12. Сурет. Кабельдің зақымданған орнын ілмекті тәсілмен анықтаудың сұлбасы.

Зақымданған және зақымданбаған өткізгіштердің кедергілерінің тұйықталу нүктесіне қатысты кедергілерінің қатынастары анықталады. Өлшеулер кезінде зақымданған және зақымданбаған өткізгіштер кабельдің қарама-қарсы шетіндегі, көлденең қимасы 50 мм2-тан кем емес жалғастырғышқа жалғанады. Өлшеулік көпірдің иіндері кабельдің ℓx және ℓ + ℓy пропорционал ұзындықтарына сәйкес келетін, реттелетін құрамдастырылған r1 және r2 , өткізгіштердің rx және ry кедергілерінен пайда болады. r1 және r2 кедергілерін реттей отырып, гальванометрдің тілшігін нольдік жағдайға келтіреді, ал ол дегеніміз кө-пір иіндерінің тепе-теңдігіне сәйкес келеді.

94.

r1 / r2 = rx / ry. (6.8)

Өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына тікелей пропорционал болғандықтан, берілген қатынас бойынша зақымданған жерге дейінгі ара қашықтықты анықтауға болады:

ℓx = 2ℓ* r1 / r1+ r2 (6.9)

мұндағы r1 және r2 - сәйкесінше зақымданған және зақымданбаған өткізгіштерге қосыл-ған көпірдің кедергілері.

ℓx ара қашықтығын анықтағаннан кейін, кабельге келетін өткізгіштердің ұштарының орнын ауыстырып, жаңа өлшеулер жүргізу керек, бұл жағдайда ℓ + ℓy ара қашықтығы анықталады. Егер екі өлшеулердің қорытындысының нәтижелері кабельдің қосарланған ұзындығынан ерекшеленетін болса, онда өлшеулер тура жүргізілмеген және сұлба бой-ынша алдын-ала тексеріп, өлшеуді қайта жүргізу керек.

Дәлдікті арттыру үшін, зақымданған орынға дейінгі ара қашықтықты анықтауды ка-бельді желінің екі ұшынан жүргізуге ұсыныс беріледі. Дұрыс жүргізілген өлшеулер ке-зінде мына шарт сақталуы тиіс:

0,997 < 2 [r׳׳1 / r׳׳1+ r׳׳2 + r״׳ / r׳״2+ r״׳1] < 1,003. (6.10)

мұндағы бір және екі штрих индекстері желінің бірінші және екінші ұштарында жүргі-зілген өлшеулерге сәйкес келеді.

Ілмекті тәсілмен өлшеудің дәлдігі негізінен өлшеудің өзінің қателігіне, көпірдің се-зімталдығына және кабель трассасының нақты анықталған ұзындығының қателігіне, со-нымен қатар участоктың түрлі қималарына тәуелді болады.

Сериялы аппаратураларды қолдану кезінде ілмекті тәсілмен өлшеудің дәлдігі 0,1...0,3 %-ға дейін жеткізілуі мүмкін. Өткізгіштерінің қималары мен материалдары әртүрлі желі-лердің жекелеген учаскелерінде өлшеулер жүргізгеннен кейін зақымданған жерге дейін-гі учаскенің ℓпр ұзындығын бір қимаға және ρпр меншікті кедергіге қатысты анықтайды:

ℓпр(П) = Ѕ пр * ρ(П) / Ѕ П * ρпр. (6.11)

мұндағы ρпр , ℓпр , Ѕ П сәйкесінше, нақты меншікті кедергі, ұзындық және n – ші учаске-нің қимасы.

Учаскенің берілген ұзындықтарын қосып, эквивалентті біртекті кабельдің ұзындығын табады және зақымданған жерге дейінгі нақты қашықтықты анықтайды.

Тербелмелі разряд тәсілі. Бұл тәсіл күш беретін кабельді желілерде тесіп өтудің «жү-зіп ағу» сипатындағы тұйықталу кезіндегі зақымданған жерге дейінгі ара қашықтықты анықтау үшін қолданылады. Тәсілдің мақсаты зақымдану орнындағы оқшаулағышты те-сіп өту кезінде зарядталған кабельді желіде пайда болатын еркін тербелістердің перио-дын (жартылай период) өлшеуде болып табылады.

Еркін тербелістер разряд болған сәтте зақымдану орнындағы аз өтпелі кедергінің әсе-рінен пайда болады және электромагниттік толқындардың зақымдану орнынан желінің соңына дейін периодты таралуымен және кері қарай процесстің баяу өшуімен сипатта-лады. Күш беретін кабельді желілер үшін толқынның таралу аймағының бастапқы нүк-телерінің таралу жылдамдығы іс жүзінде тұрақты болғандықтан (160 ÷ 1 м/мкс), еркін тербелістердің периодының (жартылай период) уақыты бойынша зақымданған жерге дейінгі қашықтықты анықтауға болады. Зарядталған кабельді тесіп өту кезінде тербелмелі процесстің кернеуінің өзгеру сипаттамасы 6.13 суретте көрсетілген.

Еркін тербелістердің бір Т периодында толқын зақымдану орнынан кабельдің соңы-на дейінгі қашықтықты 4 рет жүріп өтетін болса, онда:

ℓx = υ* Т / 4 = 40* Т (6.12)

мұндағы ℓx - өлшеу орнынан кабельдің зақымданған жеріне дейінгі қашықтық;

υ – электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы;

Т – тербеліс периоды.

95.