- •1.2. Курсты оқып - үйренудің пәні мен әдістері.
- •1.3. Электр қондырғыларын орынды пайдаланудың міндеттері мен шарттары.
- •1.1. Кесте. Пайдалану мақсаттары мен тапсырмаларын жіктеу.
- •1.4. Электр қондырғыларының пайдаланушылық қасиеттері.
- •1.1. Сурет. Электр жабдықтарының пайдаланушылық қасиеттерінің топтамасы.
- •1.2. Сурет. Қозғалтқыштардың пәк-нің сипаттамалары.
- •Техникалық пайдаланудың негіздері.
- •1.6. Өндірістік өнеркәсіптердің энергошаруашылықтарының жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жүйесі.
- •Электр энергиясының көрсеткіштері мен сапасының межелері.
- •1.7.1. Жиіліктің ауытқуы.
- •1.7.2. Кернеудің ауытқуы.
- •Кернеу өзгерісінің қарқыны.
- •1.7.4. Кернеудің синусоидасыздығы.
- •1.2. Кесте. Синусоидалықтың бұрмалану коэффициентінің мәндері.
- •1.7.5. Кернеудің симметриясыздығы.
- •Бақылау сұрақтары.
- •2 Тарау. Сенімділік теориясының элементтері.
- •2.1. Сенімділік теориясының негізгі түсініктері мен анықтамалары.
- •2.1. Кесте. Электрлік бұйымдардың құрылымдық сенімділігінің көрсеткіштері.
- •2.2. Электротехникалық құрылғылардың сенімділік көрсеткіштері.
- •Торт ═ ∑ ti / n0 (2.3)
- •Тоқтап қалудың пайда болуының себептері мен заңдылықтары.
- •Тоқтап қалу себептері
- •2.1. Сурет. Тоқтап қалулардың себептерінің жіктеуі.
- •2.2. Сурет. Электротехникалық құрылғының жұмыс кезеңіндегі тоқтап қалулардың қарқындылығының қисығы.
- •Пайдалану шарттарының сенімділікке әсері.
- •2.4.1. Қорщаған орта жағдайының электр құрылғыларының жұмысына әсері.
- •2.4.2. Электр қондырғыларын қолдану шарттарының оның жұмысына әсері.
- •2.2. Кесте. Қоршаған орта жағдайының электр қондырғылардың, материалдар мен кабель бұйымдарының сақталуына әсері.
- •2.4.3. Энергияның сапа көрсеткішінің (эск) электр қондырғысының жұмысына әсері.
- •2.4.4. Электр жабдықтарына қызмет көрсету жағдайларының электр қондырғыларының сенімді жұмысына әсері.
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Тарау Электр жабдықтарының техникалық алдын – ала анықтаулары.
- •3.1. Негізгі түсініктер мен анықтамалар.
- •3.2. Сынау түрлері.
- •3.3. Оқшаулағыштарды зерттеу арқылы анықтау.
- •3.1. Сурет. Оқшаулағышты алмастыру сұлбасы (а) және ол арқылы өтетін токтардың диаграммасы (б).
- •3.2. Сурет. Құрғақ және ылғал оқшаулағыштардың толық тогы мен кедергісінің өзгеру графигі.
- •3.3. Сурет. Сυ / с20 қатынасының температураға тәуелділігі.
- •1 Және 2 - құрғақ және ылғал оқшаулағыш
- •3.4. Сурет. Құрғақ және ылғал оқшаулағыштардың сиымдылықтарының өзгеру графигі.
- •3.5. Сурет. Ішығ. Шығын тогының берілген кернеуге тәуелділігі (электр қозғалтқыш 6 кВ кернеуге есептелген) 1 және 2 ылғал және құрғақ оқшаулағыштар үшін.
- •3.6.Сурет. Кернеу әсеріндегі диэлектриктегі электр токтарының векторлық диаграммасы.
- •3.4. Профилактикалық сынаулар.
- •3.1 Кесте. Электр қондырғыларының оқшаулағыштарының кедергілеріне профилактика-лық өлшеулер жүргізудің мерзімдері мен межелері.
- •3.5. Оқшаулағыштың кедергісін өлшеу кезінде температураны есепке алу.
- •3.2 Кесте.
- •3.6. Түйіспелерді алдын – ала анықтау.
- •3.7. Оқшаулағыштың кедергісін өлшеу нәтижелері бойынша жабдықтардың техникалық жай-күйіне болжау жасау.
- •3.3. Кесте. Оқшаулағыш кедергісін өлшеудің нәтижелері
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау Электр қондырғыларын орынды таңдау мен қолдану негіздері.
- •4.1. Жалпы мағлұматтар.
- •4.2. Техникалық сипаттамалары бойынша таңдау.
- •4.3. Экономикалық белгілері бойынша таңдау.
- •4.4. Қорғаныс құрылғыларын таңдау.
- •4.1. Сурет. Электр қозғалтқыштардың апаттық режим кезіндегі негізгі қызметтік байланыстары.
- •4.1 Кесте.
- •4.5. Электр қондырғыларының жұмыс режимдерін оңтайландыру.
- •4.6. Электр қондырғыларының жүктелу қабілеті.
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Cурет. Желінің аспалы оқшаулағыштары бар тіреулердегі аралығы.
- •5.1.1. Аспалы желілердің өткізгіштері.
- •Өткізгіштерді белгілеу үшін түрінің жанында қалыпты көлденең қимасының ау-
- •5.1.2. Аспалы желілердің оқшаулағыштары.
- •5.2. Cурет. Аспалы оқшаулағыштардың гирляндалары: 1 – оқшаулағыш, 2 - өткізгішті
- •5.1.3. Аспалы желілердің тіреулері.
- •5.3. Cурет. Аспалы желілердің сұлбасы.
- •5.4. Cурет. Екі тізбекті желіге арналған аралық металл тіреу.
- •5.5. Cурет. Тіреулердегі өткігіштер мен арқансымдардың орналасулары:
- •5.6. Cурет. Өткізгіштерді транспозициялау сұлбасы: а, b,с – тораптың үш фазасы.
- •5.2. Аспалы желілерге қойылатын жалпы талаптар.
- •5.3. Аспалы желілерді пайдалануға қабылдау.
- •5.4. Аспалы электр беру желілеріне қызмет көрсету бойынша пайдалану іс – шаралары.
- •5.4.1. Аспалы электр берудің токтық жүктеме режимдерін сақтау.
- •5.4.2. Аспалы желілерді қарау.
- •5.4.3. Аспалы желілердегі өлшеулерді алдын – ала сынау.
- •5.1. Кесте. Пайдалану кезіндегі тіреулердің қауіпті қималарының рұқсат етілген беріктік қоры және тозу коэффициенті
- •5.2 . Кесте.
- •0,38 КВ аж-дің тіреулерінің негізгі детальдары үшін рұқсат етілген есепті және ең кіші диаметрлері.
- •5.6. Аспалы желілерде жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздігі.
- •Бақылау сұрақтары.
- •Кабельді желілерді пайдалану және жөндеу.
- •6.1. Жалпы мағлұматтар.
- •6.1.1. Кабельдердің конструкциялары.
- •6.1.2. Кернеуі 6 – 10 кВ – тық кабельдерді төсеу тәсілдері.
- •6.1. Кесте. Кернеуі 10 кВ-қа дейінгі кабельдер төселетін траншеялардың өлшемдері.
- •6.2. Кесте. Кабельдердің иілуінің ішкі қисықтығының рұқсат етілетін ең төменгі радиустары.
- •6.3. Кесте. Кабельді желінің әр 1 км-індегі жалғағыш муфталардың рұқсат етілген саны.
- •6.3. Сурет. Кабельдерді арналарға төсеу.
- •6.5. Сурет. Темірбетон панельдерден жасалған блоктар:
- •6.6. Сурет. Кабельдік эстакадалар: а). Жеке тіреуге оратылған біржақты өтпелі; б). Екі жақты; 1 – жылжымайтын күннен қорғағыш панельдер; 2 – алынбалы күннен қорғағыш панельдер; 3 – кабель сөрелері.
- •6 А 2 .7. Сурет. Кабельдік галерея: а). Біржақты; б). Екіжақты; 1 – кабель сөрелері; 2 – күн-нен қорғағыш панельдер.
- •6.4. Кесте. Пайдалану барысында механикалық әсерлер мен керуші жүктемелердің жоқ ке-зіндегі қағаз, пластмасса және резина оқшаулағышы бар күштік кабельдердің қолданылу аумағы.
- •6.2. Кабельді желіні пайдалануға қабылдау.
- •6.5. Кесте. Кабельді желіні пайдалануға өткізу кезіндегі берілетін құжаттардың тізімі мен мазмұны.
- •6.3. Кабельді желілерге қызмет көрсету бойынша пайдаланудың іс – шаралары.
- •6.3.1. Токтық және жылулық режимдерді сақтау.
- •6.7. Кесте. Ауаның температурасын есепке алу үшін қолданылатын түзету коэффициенттері.
- •6.6. Кесте. Жердің температурасын есепке алу үшін қолданылатын түзету коэффициенттері.
- •6.8. Кесте. Жерде құбырдың ішінде және құбырсыз қатар жатқан кабельдер үшін түзету коэффициенттері.
- •6.9. Кесте. Орташа тәуліктік температураға есептегендегі түзету коэффициенті.
- •6.10. Кесте. Кернеуі 10 кВ – қа дейінгі кабельдердің рұқсат етілген асыра жүктелулері.
- •6.3.2. Кабельді желілерді қарау.
- •6.3.3. Адасқан токтар, оларды өлшеу және кабельдерді коррозиядан қорғау.
- •6.3.4. Алдын – ала сынаулар.
- •6.4. Кабельді желілердің зақымданған жерлерін анықтау.
- •2 Мксек
- •6.12. Сурет. Кабельдің зақымданған орнын ілмекті тәсілмен анықтаудың сұлбасы.
- •6.13. Сурет. Біртекті желідегі зарядталған кабельді тесіп өткен кездегі тербелмелі процесстің кернеуі.
- •6.14 Сурет. Өткізгіші үзілген кабельдердің зақымдану түрлері:
- •6.5. Кабель оқшаулағышының зақымданған орнын күйдіру.
- •6.11. Кесте. Кабельдерді кұйдірудің кезеңдері.
- •6.6. Кабельді желілерді жөндеу.
- •Бақылау сұрақтары.
- •Күш беретін трансформаторларды пайдалану.
- •Жалпы мағлұматтар.
- •7.1 Кесте. Трансформаторларды салқындату түрлерінің шартты белгілері.
- •7.2 Күш беретін трансформаторларды пайдаланудың жалпы талаптары.
- •7.3 Трансформаторларды пайдалануға қабылдау.
- •Трансформаторларды құрғатпай пайдалану үшін қосу шарттары.
- •7.2 Кесте. Диэлектрлік tgδ шығындардың рұқсат етілген мәндері.
- •7.3 Кесте. Сиымдылықтардың с2 / с 50 қатынасының рұқсат етілген мәндері.
- •Кесте. Май ішіндегі орамдардың оқшаулағыштарының бірминуттық r60 кедергілерінің рұқсат етілген ең төменгі мәндері.
- •7.5 Трансформаторларды құрғату.
- •7.5 Кесте. Коэффициентті анықтау.
- •7.2. Cурет. Трансформаторды нольдік реттегі токпен құрғату сұлбасы.
- •7.3. Cурет. Трансформаторды бірфазалы қысқа тұйықтаумен құрғату.
- •7.6 Трансформаторлардың жүктелу қабілеті.
- •7.6 Кесте. Трансформаторлардың рұқсат етілген апаттық асыра жүктелулері.
- •7.7 Трансформаторларға техникалық қызмет көрсету.
- •Пайдалану ережелері ( тпе ), басшылыққа алынатын техникалық материалдар,
- •7.8 Трансформатор майы.
- •7.8.1 Трансформатор майының сипаттамалары.
- •7.8.2 Трансформатор майын пайдалану.
- •7.8.3. Майды тазалау, құрғату және қалпына келтіру.
- •7.9. Күш беретін трансформаторларды сынақтан өткізу және жөндеу жұмыстарын орындау кезіндегі техника қауіпсіздігі
- •Бақылау сұрақтары.
- •Кернеуі 1000 в – тан жоғары тарату құрылғыларын пайдалану және жөндеу.
- •8.1. Жалпы мағлұматтар.
- •8.2. Негізгі электр қондырғыларын пайдалану.
- •Тарату құрылғыларын қарау.
- •8.4. Техникалық қызмет көрсету.
- •8.5. Тарату құрылғыларының жабдықтарын ағымдық жөндеу.
- •8.6. Жабдықтарды алдын – ала сынау.
- •8.1 Кесте. Сынау кернеулерінің межелері
- •8.7. Тарату құрылғыларын пайдалану және жөндеу кезіндегі техника қауіпсіздігі.
- •Бақылау сұрақтары.
- •4. Ток жүретін бөліктер мен түйіспелі қосылыстарды күтіп, қадағалаудың ерекшеліктері
- •Электроқозғалтқыштарды пайдалану.
- •9.1. Жалпы мағлұматтар.
- •Қозғалтқыш типтерін белгілеудің мысалдары:
- •9.1 Кесте. Электр машиналарының орамдарының шықпаларының белгіленулері.
- •9.2. Электр қозғалтқыштарын пайдалануға қабылдау.
- •9.3. Электр қозғалтқыштардың пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету.
- •9.4. Электр қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету.
- •9.5. Ағымдық жөндеу.
- •9.6. Электр машиналарының оқшаулағыштарын құрғату тәсілдері.
- •9.7. Электр машиналарын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі.
- •Электр қозғалтқыштары.
- •Бақылау сұрақтары.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •І бөлім. Электр қондырғыларын пайдалану теориясының негіздері
- •Іі бөлім. Электр қондырғыларын техникалық пайдалану
Бақылау сұрақтары.
Электр жабдықтарын пайдалану дегеніміз не?
Электр жабдықтарын орынды пайдаланудың шешімдері мен шарттары қандай?
Энергетикалық жабдықтардың пайдаланушылық қасиеттері туралы не айтуға болады?
Электр жабдықтарын техникалық пайдаланудың маңызы неде?
ЭЖ ТҚКЖ ( ТОР ЭО ) жүйесі нені регламенттейді?
Жөндеу циклінің құрылысы дегеніміз не?
ТҚК, АЖ және КЖ мақсаттарын атаңыздар.
ТҚК мен АЖ мерзімділігін қалай анықтайды?
Техникалық пайдаланудың стратегияларының түрлерін атаңыздар.
Пайдаланудағы шартты бірліктер туралы түсінік.
ЭСК-ның негізгі көрсеткіштері мен олардың межелерін атаңыз.
18.
2 Тарау. Сенімділік теориясының элементтері.
2.1. Сенімділік теориясының негізгі түсініктері мен анықтамалары.
Электротехникалық құрылғылардың сапасы, олардың пайдалануға жарамдылығының қасиеттерінің жиынтығын анықтайды. Электротехникалық құрылғылардың сапасын ба-ғалау үшін сапа көрсеткішін қолданады. Сапа көрсеткіші дегеніміз – оны дайындау-дың, құрастыру және пайдаланудың белгілі шарттарына ғана қатысты қолданылатын сандық сипаттамаларының қасиеттері. Сапа көрсеткіштерінің барлығы да техника –эко-номикалық деп аталады, себебі олар электр қондырғыларының техникалық ерекшелікте-рін ғана емес, сонымен қатар оларды қолданудың экономикалық тиімділігін де сипаттай-ды.
Тек сенімділік көрсеткішін ғана жан-жақты қарастырамыз, себебі олар электротех-никалық құрылғының сапасын бағалауда аса қажетті болып табылады.
Сенімділік - бұл электротехникалық құрылғының берілген режимдегі талап етілетін қызметінің орындалуын және қолдану шартына, техникалық қызмет көрсетулерге, жөн-деулерге, сақтауға және тасымалдауға байланысты қабілеттілігін сипаттайтын, тағайын-далған уақыт аралығындағы барлық параметрлерінің қасиеттері. Сенімділік кез келген электротехникалық құрылғының міндетті қасиеті болып саналады.
Техникалық жүйелердің сенімділігінің проблемасы соңғы екі-үш онжылдықта қат-ты шиеленісіп кетті, ал ол келесі айқын себептермен түсіндіріледі:
- жекелеген тораптар мен элементтердің санының көптігінен электротехникалық жүйе-лердің күрделілігінің бірден жоғарылауы;
- бұйымдар пайдаланылатын шарттардың төтеншелігі (жоғары жылдамдық, едәуір үдеу-шілік, жоғары температуралар мен қысымдар, дірілдер және т.б.);
- жүйенің немесе жекелеген тораптардың жұмыс режимдерінің қарқындылығы;
- жұмыс сапасына қойылатын талаптардың артуы (жоғары дәлдік, тиімділік және т.б.);
- жүйенің атқаратын қызметінің жауапкершілігінің артуы, тоқтап қалудың жоғары эко-номикалық және техникалық құны;
- толық немесе жекелей автоматтандыру және жүйенің немесе оның элементтерінің қызметін адамның тікелей бақылауын болдырмау.
Сенімділік – электротехникалық құрылғының арналымы мен оның қолданылуына тәуелді болатын бірқатар қасиеттермен сипатталатын күрделі түсінік: тоқтаусыздығы, ұзақ мерзімділігі, жөндеуге жарамдылығы мен сақталымдылығы.
Тоқтаусыздық – бұл электротехникалық құрылғының атқаратын жұмыс көлемі ішінде жұмысқа қабілеттілігін үздіксіз сақтау қасиеті. Атқаратын жұмыс көлемі дегенді электротехникалық құрылғының жұмысының ұзақтығы мен көлемі деп түсіну керек. Ол негізінен сағатпен, циклдер немесе қосып-ажырату сандарымен өлшенеді. Сағат арқылы электр қозғалтқыштардың, тарату құрылғыларының атқаратын жұмыс көлемі, ал цикл-дер немесе қосып-ажыратулар арқылы – қосып-ажыратқыштар мен реленің атқаратын жұмыс көлемі өрнектеледі. Тоқтап қалу аралығындағы, бірінші тоқтауға және т.б. дейін-гі жұмыс көлемін анықтайды.
Ұзақ мерзімділік – бұл элоектротехникалық құрылғының техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесінің тағайындалған шектік жай-күйінің басталуына дейінгі жұмысқа қабілеттілігін сақтау қасиеті. Электротехникалық құрылғының шектік жай-күйі берілген міндеттердің орындалу қабілетін сипаттайтын кез келген бір параметрінің, межелік техникалық талаптармен және (немесе) конструкторлық құжаттармен сәйкес келмеуімен анықталады.
Жөндеуге жарамдылық – бұл электротехникалық құрылғының тоқтап қалуының, за-қымдануының пайда болу себептерін байқап қалу және алдын-ала ескерту, сонымен қа-тар техникалық қызмет көрсету және жөндеу арқылы оның жұмысқа қабілеттілігінің қалпына келтірілуі мен тоқтатпау бейімділігін сипаттайтын қасиет.
Сақталымдылық – бұл электротехникалық құрылғының сақтаудың және (немесе) та-
19.
сымалдаудың барысында немесе одан кейін оның тоқтаусыздық, ұзақ мерзімділік және жөндеуге жарамдылық көрсеткіштерінің мәндерінің сақталуын сипаттайтын қасиет.
Электротехникалық құрылғылардың және олардың элементтерінің сенімділігі жоба-лау кезінде негізделеді, өндіру және құрастыру процесі барысында қамтамасыз етіледі, пайдалану жағдайында қолдау жасалады. Сәйкесінше, бұлардың құрылымдық, өндіріс-тік және пайдаланушылық сенімділіктері ерекшеленеді. Электротехникалық құрылғы-ларды пайдаланушы тұлғалар үшін электротехникалық құрылғылардың пайдаланушы-лық сенімділігі ерекше қызығушылық тудырады.
Электр жабдықтарының кейбір түрлері үшін құрылымдық сенімділігінің көрсет-кіштері 2.1. кестеде келтірілген.
