Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6.14 Сурет. Өткізгіші үзілген кабельдердің зақымдану түрлері:

а - жерсіндіргішсіз; б – бір ұшы жерсіндірілген; в – бір ұшы және қалған екі өткізгіші жерсіндірілген.

Индукциялық тәсіл. Өтпелі кедергілері шамалы (20–50 Ом – нан артық емес) болған-дағы кабельді желінің трассасындағы зақымданған орынды тікелей іздеп табу үшін қол-данылады. Осы тәсілді қолдану арқылы трассаны және кабельдің төселу тереңдігін анықтауға болады. Бұл тәсілдің негізгі мағынасы кабельдің бойымен дыбыс жиілігіндегі 15-20 А ток жіберу және қабылдағыш құрылғының көмегімен кабельдің бетіндегі элек-тромагниттік өрістің өзгеру сипаттамасын тіркеуде болып табылады. Қабылдағыш ан-теннадағы бағытталатын ЭҚК осы антенна қамтитын кабельдегі токқа, орамдар санына және ауданға пропорционал. Іс жүзінде индукциялық тәсіл үшін 800-1200 Гц жиілік қолданылады.

Зақымдану орны мен кабель трассасын анықтау кезінде бағыттаушы ЭҚК кабельдегі токтың таралуына және антенна мен кабельдің кеңістіктегі өз ара орналасуына тәуелді екендігін ескеру керек.

Өткізгіштердің арасындағы тұйықталу орнын анықтау және кабельді желінің трасса-сындағы жалғағыш муфталарды табу үшін генератордың шықпаларын кабельдің зақым-данған өткізгіштеріне жалғайды.

Оператор, қабылдағыш антеннаның, күшейткіштің және телефондық құлаққаптың кө-

97.

мегімен кабель трассасының бойымен жылжи отырып, электромагниттік өрістің сипаты бойынша трассаның қай жермен өтетіндігін, муфталардың орналасуын, сонымен қатар кабельдің төселу тереңдігін және зақымдану орнын анықтайды.

Антеннаны кабель трассасының бойымен жылжыту кезінде дыбыс шығару деңгейі бойынша өзгеретін белгілер анықтала бастайды. Жалғағыш муфталар орналасқан жер-лерде дыбыс белгісінің бірден күшейгендігі байқалады. Кабельдің металл құбырда төсе-луіне немесе кабель трассасының тереңде орналасуына байланысты дыбыс белгісінің бірден күшті бәсеңдеуі байқалады. Ережеге сәйкес, зақымданған жердің үстінде дыбыс белгісі күшейеді, ал бұл токтың өткізгіштен өткізгішке өтуімен себептестіріледі. Зақым-данған жерден кабель өткізгіштерінің орамасының жарты адымындай қашықтығында дыбыс белгісі өшеді ( а = 1...2,5 м / 2).

Индукциялық тәсілмен кабельдегі қабықшаға бір фазалы қысқа тұйықталу орнын анықтауда оператордан үлкен машықтылық талап етіледі.

Индукциялық тәсілмен зақымдану орнын анықтаудың қателігі 0,5 м-ден аспауы тиіс.

Акустикалық (дыбыстық) тәсіл. Бұл тәсілдің мағынасы зақымдану орнында қуатты электрлік разряд тудыру мен жердің бетінде сезімтал қабылдағыш құрылғылардың көме-гімен дыбыстық тербелістерді тіркеуде болып табылады. Зақымдану орнында разряд ту-дыру үшін электр энергиясын конденсаторларда немесе түзеткіш құрылғының көмегі-мен зарядттау арқылы кабельдің өз өткізгішінің сиымдылығында алдын ала жинақтай-ды. Қорланған энергия тесіп өту кернеуіне жеткенде разрядталу кезінде өте аз уақыт аралығында шығындалады және зақымдану орнында қуатты соққы пайда болады.Осы соққыдан пайда болған дыбыс қоршаған ортаға таралады және ол жердің бетінде естілуі мүмкін. Разрядталу аяқталған соң зақымдану орнындағы электр доғасы өшеді, ал сиым-дылықтағы кернеу тесіп өту кернеуіне дейін артады. Негізінен мерзімділік 2-3 с құрай-ды. Жер бетіндегі дыбыс басты телефондарға шығатын стетоскоптың немесе күшейткіші бар пьезоэлектрлік микрофонның көмегімен тыңдалады. Кабельді желінің зақымдану сипатына қарай өлшеудің сәйкес келетін сұлбасы жиналады.40 Ом және одан жоғары өт-пелі кедергімен тұйықтау кезінде импульстар генераторы ретінде түзеткіш қондырғы, сиымдылығы 1-2 мкф болатын конденсатор мен ұшқындық аралық қолданылады; разрядтаушы сиымдылық ретінде кабельді желінің зақымданбаған өткізгіштері қолданы-луы мүмкін. Ұшқындық аралықтың тесіп өту кернеуі берілген кабельдің сынақтық кернеуінің 70 % - нан аспауы керек, ал бұл дегеніміз, егер оқшаулағыштың зақымданған орнында тесіп өту болмаса, ажыратылған ұштағы жіберілетін ипмульстардың еселенуі кезінде кабельде асқын кернеудің пайда болуын болдырмайды.

Өтпелі кедергілері 40 Ом-нан төмен және қабықшаға металлдың тұйықталуы бар ке-зінде акустикалық тәсіл қолданылмайды. Бұл жағдайда үлкен токтар өткенде зақымдану орнындағы өткізуші көпірді бұзады, ал металл дәнекерлерді пісіруші немесе басқа да трансформаторлардың көмегімен күйдіреді. «Жүзіп ағу» сипатындағы тесіп өту жағ-дайындағы зақымдану кезінде кернеу кабельге түзеткіш қондырғыдан тікелей беріледі. Мұндай зақымдану кезінде толқындық асқын кернеу туындамайды, және тесіп өту кер-неуі сынақтық кернеу мәніне дейін жеткізілуі мүмкін. Акустикалық тәсілмен зақымдану орнын анықтау көрсеткішті жерге немесе жол жамылғысына әрбір 1-2 м сайын шектік естілу жететіндей етіп орнатылады. Көп жағдайда акустикалық тәсілмен алдын-ала за-қымдану аймағы анықталады және жалғағыш муфталардың орнатылған орындары нақ-тыланады. Кабельдің трассасы индукциялық тәсілмен нақтыланады.

Жер бетіндегі естілу аумағы топырақтың қасиеттеріне байланысты 2–ден 15 м–ге дейінгі аралықты құрайды. Зақымдану орны разряд дыбысының шектік естілуімен анық-талады.

Акустикалық тәсілмен өлшеулер жүргізу үшін ВНИИЭ жобалап жасаған КАИ-73 типті акустика – индукциялық кабель іздегіші қолданылуы мүмкін.