Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8.1 Кесте. Сынау кернеулерінің межелері

Жабдықтардың атауы

Электр жабдықтарының

кернеуі,

кВ

Пайдалану кезіндегі және пайда-лануға беру алдындағы сынау кернеуі,

кВ

Фарфор

оқшаулағыш

Оқшаулағыштың

басқа түрлері

Аппараттар, ток және кернеу трансформаторлары, реакторлар

6

10

35

32

42

95

28,8

37,6

85,5

Оқшаудағыштар мен кірмелер

6

10

35

32

42

100

28,8

37,8

90,0

- Тіректі және аспалы оқшаулағыштарды сынаудың ерекшеліктері. Жоғарылатыл-ған кернеумен сынауды әрбір оқшаулағыш үшін (8.1 сурет) жеке немесе бірнеше оқ-шаулағыш үшін бір уақытта (8.2 сурет) жүргізуге болады. Істікті оқшаулағыштың және аспалы гирлянданың әрбір элементіне берілетін сынау кернеуінің мәні 50 кВ - қа тең болуы керек.

Пайдалану жағдайында тіректі және аспалы оқшаулағыштардың ақауларын анықтау үшін арнайы штанганың көмегімен кернеудің оқшаулағыштар бойынша таралуын өл-шейді. (8.3 сурет). Бұл әдіс гирлянданың әрбір оқшаулағышына (бағанасына) немесе оқшаулағыштың әрбір элементіне тиесілі кернеуді өлшеуге негізделген. Бір типті оқшау-лағыштан құралған әрбір гирлянда үшін жекелеген элементтерден тұратын оқшаула-ғыштың әрбір типі үшін жұмыстық кернеудің таралуы толықтай бір сипатта болады. (8.4 сурет). Егер гирляндада немесе бағанада жарамсыз оқшаулағыш болса, онда кернеудің

таралуы түбегейлі өзгереді. Егер ондағы кернеу 1,5 – 2 есе төмендесе, онда оқшаулағыш ауыстыруға жатады.

132.

8.1. сурет. Істікті оқшауцлағышты 8.2. сурет. Оқшаулағыштар гирляндаларын

айнымалы токтың жоғарылатылған айнымалы токтың жоғарылатылған кернеумен

кернеумен сынау сұлбасы. сынау сұлбасы.

8.3. сурет. Аспалы оқшаулағышты 8.4. сурет. Бүтін оқшаулағыштар гирлян-

штанганың көмегімен алдын – ала даларындағы таралу және төртінші оқшау-

анықтау. 1- штанга, 2- оқшаулағыш, лағыш зақымданған жағдайдағы кернеулер-

3- электрод – қапсырмалар. дің қисығы.

- Вентильді разрядтағыштарды сынаудың ерекшеліктері. Пайдалану кезінде вен-тильді разрядтағыштар жыл сайын тексеріліп тұрады. 2500 В – тық мегомметрлердің кө-мегімен разрядтағыштардың кедергісі желіге қосардың алдында және разрядтағыш айырғышсыз қосылған жабдықтар жөндеуге шығарылған соң өлшенеді. Егер разрядта--ғыштардың кедергілерінің 30 % - ға жуық және одан жоғары өзгерісі байқалса, онда әтімділік тогын түзетілген кенрнеумен өлшейді. Токтың лезде төмендеуі тұйықтағыш кедергілердің тізбегінде үзіктің бар екендігін, ал лезде жоғарылап кетуі – разрядтағыш-тың қуысына ылғалдың кіруі нәтижесінде керамикалық тұйықтағыш кедергілердің ыл-ғалдануын көрсетеді. (бекітудің бүлінуі).

6 кВ – тық разрядтағыштардың тесіп өту кернеуі 16 – 19 кВ, 10 кВ – тық разрядта-

ғыштарда 24 – 32 кВ аралығында болуы тиіс. Пайдалану процессі барысында тесіп өту

кернеуі көрсетілген мәнінен +5 немесе 10 %-ға ерекшеленуі мүмкін.

133.

Түтікті разрядтағыштарда электр қондырғыларының құрылысы Ережесі мен межеле-ріне сәйкес, оқшаулағыштың кедергісі мен ұшқындық аралықтың ішкі өлшемдері өлше-неді; газ шығару аймағының орналасуы мен керу арқылы күш түсіру көмегімен ұштық-тың жанышталуының сапасы тексеріледі.

- Маймен, хош иісті шайырмен толтырылған және бакелитті жоғары вольтты оқшаулағыштарды сынаудың ерекшеліктері. Осы оқшаулағыштарды сынау кезінде МД – 16, МДП, Р 595 типті көпірлік сұлбалардың көмегімен, негізгі болып саналатын, оқшаулағыштың жылудан айырылу және ылғалдануға тұрақтылығының жай-күйін си-паттайтын эдектр шығынын немесе осыған пара-пар диэлектрлік шығындардың тангенс бұрышын өлшеу қажет. Мұндай жағдайда кірмелердің tgα диэлектрлік шығындарының шекті мәні электр жабдықтарын сынау Межелері тағайындаған мәннен артық болмауы тиіс.