Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6.8. Кесте. Жерде құбырдың ішінде және құбырсыз қатар жатқан кабельдер үшін түзету коэффициенттері.

Араларына қатысты қашықтығы, мм.

Кабельдер саны

1

2

3

4

5

6

100

1,0

0,90

0,85

0,80

0,78

0,75

200

1,0

0,92

0,87

0,84

0,82

0,81

300

1,0

0,93

0,90

0,87

0,86

0,85

Екі түзету коэффициентерін қолдану қажет болған жағдайда ұзақ мерзімді рұқсат етілген жүктеме:

Ірұқ. = Іж* k1* k2 (6.2)

Ұзақ мерзімді рұқсат етілген жүктемелерді, егер учаскенің ұзындығы 10 м-ден кем болса, салқындатудың жағдайы ең нашар кабельді желінің трассасының учаскесі бойынша анықтайды.

6.9. Кесте. Орташа тәуліктік температураға есептегендегі түзету коэффициенті.

Кабельдің қалыпты кернеуі, кВ.

3-ке дейін

6

10

20 - 35

Түзету коэффициенті

1,09

1,12

1,13

1,18

Алдын-ала жүктелу коэффициенті 0,6 – 0,8 –ден кем емес кезіндегі, негізгі жүктемесі қалыпты жүктемеден кем, кернеуі 6 ÷ 10 кВ-қа дейінгі кабельді желілер қысқа және ұзақ мерзімге жүктелуі мүмкін (ТПЕ және ЭҚЕ-ні қара).

6.10. Кесте. Кернеуі 10 кВ – қа дейінгі кабельдердің рұқсат етілген асыра жүктелулері.

Алдын-ала жүктелу коэффициенті

Төсеу тәсілі

Оның ұзақ мерзімділігі кезіндегі қалыпты шамасына қатысты рұқсат етілген асыра жүктелуі, сағ.

Қалыпты режим

Апаттық режим

1,5

2,0

3,0

1,0

3,0

6,0

0,6

Жерде

1,35

1,30

1,15

1,5

1,35

1,25

0,6

Әуеде

1,25

1,15

1,10

1,35

1,25

1,25

0,6

Құбырда

(жерде)

1,20

1,10

1,00

1,30

1,20

1,15

0,8

Жерде

1,20

1,15

1,10

1,35

1,25

1,25

0,8

Әуеде

1,15

1,10

1,05

1,30

1,25

1,20

0,8

Құбырда

(жерде)

1,10

1,05

1,00

1,20

1,15

1,10

Апатты режимде кабельді желідегі асыра жүктелуге бес тәулік бойы жүктемелердің ең көп өтуі уақытында рұқсат етіледі. Пайдалануда 15 жылдан көп болған кабельдер үшін, 6.10.кестеде көрсетілген жүктелу мәндерін 10 % - ға төмендетеді. Кернеуі 20 – 35 кВ – тық кабельдерді асыра жүктеуге рұқсат етілмейді.

Кабельдің жүктелу қабілетін дәл анықтау үшін кабельдердің металл қабықшалары-ның tқаб температурасын өлшеуге ұсыным беріледі, ал содан кейін кабель өткізгішінің

Төтк температурасы мына формуламен анықталады:

Төтк = tқаб + ΔТкаб (6.3)

87.

мұндағы ΔТкаб - температураның кабельдің қабықшасынан өткізгішіне түсуі;

tқаб – тәжірибе кезінде өлшенген қабықшаның температурасы, 0С.

Егер өлшеу нәтижесінде кабельдің Төтк өткізгішінің температурасы рұқсат етілген Төтк. р шамасынан төмен болса, онда келесі формуламен, анықталатын мәніне дейін жоғарылатып, кабельдің жүктемесін түзетуге болады:

Ірұқ. = Іоп√ Төтк. р -t орт / Төтк – tорт (6.4)

мұндағы Іоп. және Төтк - кабель өткізгішінің өлшенген жүктемесі мен температурасы.

Кабельдердің температураларын жұмыстың ең қолайсыз жағдайында термокедергі-лердің немесе термобулардың көмегімен өлшеуге ұсыным беріледі: ең шекті жүктеме немесе қоршаған ортаның ең жоғарғы температурасы. Кабельді желінің қалыпты жүк-телу кестесі кезінде кабель қабықшасының температурасын тәулік бойы 1 – 2 сағат сай-

ын екі рет тексеріп тұру жеткілікті. Егер жүктелу кестесі бірқалыпты болмаса, онда кабельдің қабықшасының температурасын және сонымен бір мезгілде жүктеменің мәнін де әрбір 1 – 2 сағат сайын өлшеп отыру керек. Алынған мәліметтер бойынша кабельдің қабықшасының және оның жүктемесінің температураларының кестесін құрады. Кабель өткізгішінің температурасын есептеу кезінде кесте бойынша tқаб қабықша температу-расының шекті мәнін, ал Іоп үшін – уақытқа байланысты жылжуы мүмкін бола тұрса да, ұзақтығы 2 сағаттан кем емес, жүктеменің ең шекті мәнін қабылдайды.

Туннель – арналарда төселген кабельдер үшін қоршаған ортаның температурасын, оларға кіретін және шығатын орындарда, жерге төселген кабельдер үшін – шеткі ка-бельдің төселу тереңдігінен 3 – 5 м қашықтықта өлшейді.

Тұрақты кезекшісі бар жауапты кабельдік желіде жүктемені бақылау, тәуліктік мәлі-меттерді тіркеп отыратын тізімге жазылатын, тұрақты өлшегіш құралдардың көрсетулері арқылы жүргізіледі. Көрнекілік үшін қалқанды амперметрлердің шкаласында кабельді желінің рұқсат етілген тогы қызыл сызықпен белгіленген. Кабельді желілердің жүктеме-леріне бақылаушы болмаған жағдайда, токты мезгіл-мезгіл тұрақты немесе тасымалда-натын құралдармен өлшейді. Өлшеулерді жазғы маусым кезінде 1 реттен кем емес және күзгі – қысқы маусымда бір рет жүргізу керек.

Токтық жүктемені бақылаумен қатар, кабельді желінің жұмыстық кернеуін де өлшей-ді. Пайдаланудың қалыпты жағдайында желідегі жұмыстық кернеу қалыпты мәнінің 15 %- нан аспауы керек. Бейтарап өткізгіші оқшауланған тораптардағы немесе орны толты-рылған тораптардағы бірфазалы жерге тұйықталу режимі кезінде, кабельді желілердің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Бірфазалы жерге тұйықталу режимі кезіндегі жұмыс ұзақтығы есептік жолмен анық-талады және ол негізінен 2 сағаттан аспауы керек.