Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.4. Профилактикалық сынаулар.

Электр жабдығы түрлі ұзақ мерзімділіктегі біртекті берік емес элементтерден тұрады. Кез келген элементтің істен шығуы барлық электр жабдықтарының тоқтап қалуына әкеліп соқтырады және өндіріске елеулі зиян келтіреді. Әсіресе күтпеген тоқтап қалулар қауіпті. Осындай тоқтап қалулардың алдын алу үшін, дер кезінде анықтау және қасиет-тері нашарлаған элементтерді ауыстыру үшін профилактикалық алдын-ала анықтаулар жүргізу энергетикада профилактикалық сынаулар немесе бақылау өлшеулері деп аталады. Техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес, профилактикалық сынаулар техни-калық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының құрамына кіретін, сынаққа қосым-ша жұмыс ретінде жүргізіледі.

Профилактикалық сынаулар кезінде негізгі назар оқшаулағышқа аударылады, себебі ол электр жабдығының ең осал элементі болып табылады және көптеген тоқтап қалулар-ды тудырады. Электр жабдықтарының негізгі түрлерін сынау кезінде оқшаулағыштың кедергісін 3.1. кестеде келтірілген нұсқаулармен сәйкестендіріліп өлшейді. Оқшаула-ғыштың кедергісін өлшегеннен бөлек, электр жабдықтарының кейбір түрлері үшін профилактикалық сынаулардың құрамына сол мерзімдегі басқа да операциялар кіреді.

Күш беретін трансформаторлар үшін R60 / R15 жұтылу коэффициентін анықтайды, ал оның мәндері межеленбейді, бірақ заводтық мәнімен немесе алдыңғы өлшеулермен салыстырғанда ол 30%-дан төмендемеуі тиіс. Орамдардың тұрақты токқа кедергісін өлшейді – ол заводтық немесе пайдаланушылық өлшеулердің мәндерінен ± 2%-дан тө-мен ерекшеленбеуі керек. Ауа құрғатқыш сүзгілердің силикагелінің индикаторлық жай-күйі тексеріледі. Оның дәндерінің түсі бір қалыпты көгілдір болуы керек.

Термосифонды сүзгішті, қуаты 630 кВт*А-ден жоғары трансформаторлар үшін трансформатор майын қосымша бес жылда бір рет (сүзгішсіз – екі жылда бір рет) сынақ-тан өткізеді. Бұл жағдайда алдыңғы сараптамамен салыстырғанда, тесіп өту кернеуін, механикалық қоспалардың құрамын, тотығу санын, майдың жарқыл шығару темпера-турасының төмендеуін анықтайды. Кейбір жағдайларда сынаулардың ауқымы мен мер-зімдерін жергілікті нұсқаулармен тағайындайды.

Асинхронды қозғалтқыштар үшін шекті қорғаныстың істен шығуын, соңынан бір фа-залы қысқа тұйықталу тогын анықтау арқылы, «фаза - ноль» ілмегінің толық кедергісін өлшеу жолымен тексереді.

Электродты су қыздырғыштарда (қазандықтарда) судың меншікті кедергісін өлшейді және ол 200С температурада 10 – 50 Ом*м аралығында болуын қадағалайды. Қазандық-тың қорғағыш аппаратурасының әсерін тексереді.

Аспалы желілер үшін шектік өлшемдер, оқшаулағыштар, өткізгіштердің жалғанған жерлері, ағаш тіреулердің детальдарының шіру дәрежелері және желі қорғанысының іс-тен шығуы тексеріледі. Сынаулардың ауқымы мен мерзімдерін жергілікті нұсқаулармен тағайындайды.

Жерсіндіргіш құрылғылардың кедергілерінің профилактикалық өлшеулерін жоспар-лы ескерту жұмыстары (ЖЕЖ - ППР) жүйесі тағайындаған мерзімде жүргізу тиіс, бірақ ол үш жылда бір реттен кем болмауы тиіс. Сенімді нәтижелер алу үшін өлшеулерді то-пырақтың меншікті кедергісі ең жоғары болған кезеңде жүргізуге нұсқау беріледі. Ноль-дік өткізгіштің қайтара жерсіндіргіштерінің кедергілері топырақтың меншікті кедергісі ρ<100 Ом*м болған кезде 30 Ом-нан аспауы керек (ρ<100 Ом*м болған кезде 0,3ρ-дан көп емес), ал трансформаторлар мен генераторлардың бейтараптары үшін - ρ<100 Ом*м болған кезде 4 Ом-нан артық емес болуы керек (ρ<100 Ом*м болған кезде 0,04ρ-дан ар-тық емес). Электр қазандықтарының жерсіндіргіштерінің кедергілері 4 Ом-нан көп бол-мауы тиіс.

43.

Электр потенциалдарын түзету құрылғыларын жыл сайын жанасу және адым кернеуі-не немесе қарауға қол жетімді өткізгіштердің бүтіндігіне тексереді.