Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8.7. Тарату құрылғыларын пайдалану және жөндеу кезіндегі техника қауіпсіздігі.

Тарату құрылғыларындағы қосып-ажырату жұмыстарын орындау үшін, қызмет көр-сетуші адамдар төмендегі ретпен орындалатын іс-шараларды қатаң сақтауы тиіс:

- жұмыс орындалуы мүмкін, ток жүретін бөліктерді токтан ажырату;

- қауіпті қашықтыққа жақындауы немесе абайсызда жанасып кетуі мүмкін ток жүретін бөліктерді токтан ажырату;

- жұмыс орнына қателікпен берілуі мүмкін кернеуге қарсы шара қолдану;

- ескертуші плакаттар орнату;

- оқшаулайтын материалдардан уақытша қоршау орнату;

- ажыратылған жабдықтар мен ажыратқыштардың шықпаларындағы қысқыштарды тек-серу;

- кернеу берілуі мүмкін, ажыратылған ток жүретін бөліктердің барлық жақтарын жер-сіндіру және тұйықтау;

- жұмыс атқарылатын орынға «Осында істе!» плакатын орнату.

Кернеу әсеріндегі ток жүретін бөліктер мен ажыратылатын бөліктерді ажыратқан кез-де, олардың аралық үзіктері жан-жағынан көрінетіндей болуы керек.

Абайсызда тиіп кету немесе қауіпті қашықтыққа жақындап кету мүмкін болатын, ток жүретін бөліктер тек төмендегі мәндерде көрсетілген қашықтықтарда ғана жұмыс орын-далатын жерде токтан ажыратылады: қалыпты кернеуі 15 кВ-қа дейін – 0,7 м; 35 кВ-қа дейін – 1,0м; 110 кВ-қа дейін – 1,5м; 154 кВ-қа дейін – 2,0 м; 220 кВ-қа дейін – 3,0 м.

Трансформатор арқылы кері трансформациялануы мүмкін төменгі кернеуге ерекше көңіл бөлу керек. Бұл жағдайды болдырмау үшін ажыратқыш жабдықтарға жататын күш беретін және өлшегіш трансформаторлар төмендетілген кернеу шығатын жағынан да ажыратылуы керек.

Қашықтан басқарылып ажыратылатын күш беретін тізбектердегі ажыратқыштарды қателікпен немесе өздігінен қосылудан сақтандыру мақсатында, ажыратылған айырғыш-тардың екі полюсіндегі сақтандырғыштар алынып тасталады. Бөгде адамдардың қолы жететіндей жердегі айырғыштардың барлық жетектері құлыппен құлыпталынуы қажет.

Жұмыс орнына кернеу беретін барлық айырғыштар мен ажыратқыштардың жетек-тері мен басқару кілттеріне, ажыратуды орындаушы « Қоспа! Адамдар жұмыс істеуде!» плакатын ілуі керек. Желідегі орындалатын жұмыстар кезінде желілік айырғыштардың жетектеріне «Қоспа – желіде жұмыс істелудеІ» плакаты ілінеді.

Ажыратуды басқарушы диспетчердің сұлбасы бойынша неше бригада жұмыс істеп жатса, соншама плакаттар ілінуі керек.

Уақытша қоршаудың қызметін арнайы тұтас немесе кереге көз тәрізді ағаштан жасал-ған керме, миканиттен жасалған бұйым, резеңке және басқа да берік бекітілген әрі құр-ғақ күйдегі оқшаулағыш материалдар атқара алады. Уақытша қоршаудан ток жүретін бөліктерге дейін аралық төмендегі мәндерден кем болмауы тиіс: қалыпты кернеуі - 15

кВ-қа дейін – 0,35 м; 15 кВ-тан жоғары 35 кВ-қа дейін – 0,6 м; 110 кВ-қа дейін – 1,5 м; 154 кВ-қа дейін – 2,0 м; 220 кВ-қа дейін – 3,0 м.

Қоршауларды орнату қажеттілігі, олардың көріністері, орнату тәсілдері жергілікті жердің жағдайы мен жұмыстың сипатына байланысты таңдап алынады. Уақытша қор-

134.

шауларға « Тоқта! Жоғары кернеу! » плакаты ілінеді.

Ескерту плакаттары мен уақытша қоршауларды орнатқаннан кейін, жұмыс істеуші та-сымалданатын жерсіндіргіштер жиынтығын дайындайды, оларды жерсіндірілетін өткіз-гішке жалғап, соңынан жұмыс орындалатын бөлікте кернеудің жоқ екендігін тексереді.

Кернеудің жоқ екендігін тексеру үшін кернеу көрсеткішті қолданады. Тексеру жүр-гізер алдында оны жақын маңдағы және кернеу әсеріндегі ток жүретін басқа бөліктерге жақындату арқылы дұрыстығына көз жеткізу керек. Тексеру кезінде кернеуі 35 және 110 кВ-тық ашық тарату құрылғыларында кернеудің жоқ екендігін білу үшін, кернеу көрсеткіштің штангаға бекітілген жұмыстық бөлігіне ұшқындық аралық орнатады. Егер кернеу бар болса, онда жарықтық немесе дыьыстық белгілер байқалады. Бұл тексеруді тек құрғақ ауа-райы кезінде жүргізеді. Қондырғыда кернеудің жоқ екендігін тексерген-нен соң, жұмыс орындалатын немесе қондырғының ажыратылған бөлігіне кернеу бері-луі мүмкін барлық фазалардың ток жүретін бөліктері тұйықталады және жерсіндіріледі.

Жерсіндіру тек қана кернеудің жоқ екендігі тексерілген соң ғана орнатылады. Бұл кезде жерсіндіргішті алдын-ала жерсіндіруші құрылғыға жалғамай қосуға болмайды. Та-сымалданатын жерсіндіргіштің қысқыштарын оқшаулағыш материалдан жасалған штан-ганың көмегімен жерсіндірілетін барлық фазалардың ток жүретін бөліктеріне жалғайды, содан соң осы штанганың көмегімен немесе тікелей диэлектрлік қолғап киіп, жалаң қол-мен қысқыштарды сенімді етіп бекітеді. Жерсідіргіш орнатылған соң жұмыс орындала-тын жерге «Осында жұмыс істе!» плакаты ілінеді.Уақытша тасымалданатын жерсін-діргіштер, көлденең қимасының ауданы 25 мм2 – тан кем емес көп талсымнан тұратын, әрі температуралық тұрақтылыққа шыдамды жалаңаш иілгіш өткізгіштен жасалады.

Жерсіндіргішті алып тастау үшін, алдымен ток жүретін бөліктерден, сонан соң жерсіндіруші контурдан ажыратады. Жұмысқа берілген жазбаша нұсқауды жұмыс атқа-рылған орындағы жабдықтар мен жұмыс орнын қарап шыққаннан кейін жабады. Жазба-ша нұсқау жабылғаннан кейін ғана, келесі шараларды орындаған соң, жабдықтарды жұ-мысқа қосады:

- жерсіндіруші пышақтарды ажыратып, тасымалданатын жерсіндіргіштерді алып тастау;

- оқшаулағышты тексеру;

- уақытша қоршауларды және қауіпсіздендіру плакаттарын алып тастау;

- тұрақты қоршауларды орнына қойып, жұмысты бастағанға дейін ілінген ескертуші плакаттарды алып тастау.

Егер ажыратылған қондырғыда бірнеше бригада жұмыс істеген болса, онда кернеуді тек қана барлық жазбаша нұсқаулар жабылған соң қосу керек.

Егер жерге тұйықталу анықталған болса, онда жабық тарату құрылғыларындағы за-қымданған бөлікті ажыратуға дейін 5 м қашықтыққа, ал ашық қосалқы станцияларға – 10 м қашықтыққа дейін жақындауға болмайды. Тек қана жерге тұйықталуды жою және зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету кезінде ғана бұл ережені бұзуға болады. Мұндай жағдайларда қызмет көрсетушілер өте абай болуы және мүмкін болатын барлық сақтандыру құралдарын қолдануы керек.

Адамдармен сәтсіз жағдай туындаса, онда қондырғының қажетті ток жүретін бөлігін

ажыратуды дәрежесі жоғары лездік топ адамының рұқсатынсыз орындауға болады.

Кернеуі 1000 В-тан жоғары қондырғыларда жұмыс жасаған кезде техника қауіпсіздігі талап ететін барлық ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар қатаң түрде орындалуы керек. Жұмысты жұмыс орнына берілген жазбаша нұсқау бойынша орындау керек. Жұ-мысты өндіруші, жазбаша нұсқауда көрсетілгендей, орнын алмастыратындай жауапты жетекші болмаса, ешқашан өзіне берілген жұмыс орнын тастап кетуге құқығы жоқ. Егер жазбаша нұсқау бақылаушыға жазылған болса, онда ол жұмысқа араласуға және жұмыс орнын тастап кетуге құқығы жоқ.

- Электр қондырғыларындағы жұмыстарға рұқсат. Жұмыс басталар алдында кезек-ші жауапты басшы және жұмысты өндірушімен бірге қондырғыдағы қауіпсіздік шарала-

рының сақталуын тексереді, содан соң ғана бригадаға тарату құрылғысында жұмыс іс-

теуге рұқсат береді. Жұмысқа рұқсат беру кезінде кезекші бригадаға жұмыс орнын көр-сетеді және бригада мүшелерінің көзінше ток жүретін бөліктердің кернеуден ажыратыл-ғанын дәлелдеу үшін, қондырғының ток жүретін бөліктеріне жанасады. Сонымен қатар

135.

ол бригадаға жұмыс орындалатын жерге жақын орналасқан, кернеуден ажыратылмаған қондырғының бөліктерін көрсетеді. Кернеу әсерінде қалдырылған, ток жүретін бөліктер қоршалуы тиіс.

Жұмысқа кірісер алдында, реттеу жұмыстарын жүргізетін ұйымдар мен сынақ зертха-наларының қызметкерлері бригада жетекшісінен тиянақты нұсқама алады және берілген нысанның ерекшеліктерімен таныстырылады. Нұсқама алған соң, олар арнайы журналға қол қояды.

-Электр қондырғыларындағы жұмыстар кезіндегі қадағалау. Жұмыс орнын даярлау және бөгде ток көзінен жоғарылатылған кернеумен сынақ жүргізу кезінде « электр қон-дырғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі Ережелеріндегі » арнайы бөлімде көрсетілген талаптарды қатаң сақтау керек.

Жоғарылатылған кернеумен сынақ жүргізу кезінде адам өмірі үшін өте қауіпті қал-дық зарядтар болуы мүмкін. Сондықтан ток жүретін бөліктерден жоғарылатылған кер-неу алынып тасталған соң, сол бөліктерге жанасар алдында оларды оқшаулағыш штанга мен жерсіндірілген өткізгіш көмегімен бірнеше минут бойы жерге тиянақты түрде раз-рядтау керек.

Егер жүктелу әсерінде тұрған ток тізбектерінде өлшеу жұмыстары жүргізілетін болса, онда ток тізбектеріндегі жұмыстарды орындау ережелерінің талаптары қатаң түрде сақ-талуы керек.

Жоғарылатылған кернеумен байланысты орындалатын барлық жұмыстар кезінде жабдықтардың корпустары мен конструкциялардың жерсіндірулері, жерсіндіргіш өткіз-гіштер мен контурлардың байланысы, контур мен жайылуға қарсы кедергінің бар екен-дігі тиянақты түрде тексерілуі керек.

Ажыратқышта жұмыс істеген кезде кинематиканың кездейсоқ «үзілісіне »және оның абайсызда қосылып кетпеуіне ерекше назар аудару керек.

Биікте орналасқан жабдықтарға көтерілу үшін арнайы жиналмалы басқыш (стремян-ка), саты, қауіпсіздік белдіктерін қолдану керек, яғни олар техника қауіпсіздігі Ереже-лерінің талаптарын қанағаттандырулары тиіс.

Жоғары кернеулі жылжымалы қондырғылар техника қауіпсіздігінің барлық құралда-рымен, нысанға кернеу берер алдында қосылатын дыбыстық және жарықтық белгі беру құрылғыларымен, сынақ өткізілетін орындарды қоршау құралдарымен, сенімді жерсін-діргіштермен жабдықталулары керек. Үзіліс кезінде бригаданы түгелдей ғимараттың ішінен немесе ашық қосалқы станцияның аумағынан шығару керек.Мұндай жағдайда жазбаша нұсқау журналы жұмысты өндірушіде қалады. Үзілістен кейін бригаданың же-текшісі лездік топ адамының қатысынсыз-ақ, бригаданың жұмысқа кірісуіне рұқсат бере алады.

-Электр қондырғыларындағы жұмыстың аяқталуын рәсімдеу. Жұмыс күні аяқтал-ған соң, жұмыс орнын жинастырады. Жазбаша нұсқауды кезекшіге тапсырады. Келесі күні жоғарыда көрсетілген барлық талаптарды орындай отырып, жұмысқа кірісуге бо-лады.

Жұмыс аяқталған соң жауапты басшы жазбаша нұсқаны жабады, жұмыс орны мен

кілттерді кезекшіге тапсырады, содан соң қондырғыны кернеуге қосуға болады.