- •1.2. Курсты оқып - үйренудің пәні мен әдістері.
- •1.3. Электр қондырғыларын орынды пайдаланудың міндеттері мен шарттары.
- •1.1. Кесте. Пайдалану мақсаттары мен тапсырмаларын жіктеу.
- •1.4. Электр қондырғыларының пайдаланушылық қасиеттері.
- •1.1. Сурет. Электр жабдықтарының пайдаланушылық қасиеттерінің топтамасы.
- •1.2. Сурет. Қозғалтқыштардың пәк-нің сипаттамалары.
- •Техникалық пайдаланудың негіздері.
- •1.6. Өндірістік өнеркәсіптердің энергошаруашылықтарының жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жүйесі.
- •Электр энергиясының көрсеткіштері мен сапасының межелері.
- •1.7.1. Жиіліктің ауытқуы.
- •1.7.2. Кернеудің ауытқуы.
- •Кернеу өзгерісінің қарқыны.
- •1.7.4. Кернеудің синусоидасыздығы.
- •1.2. Кесте. Синусоидалықтың бұрмалану коэффициентінің мәндері.
- •1.7.5. Кернеудің симметриясыздығы.
- •Бақылау сұрақтары.
- •2 Тарау. Сенімділік теориясының элементтері.
- •2.1. Сенімділік теориясының негізгі түсініктері мен анықтамалары.
- •2.1. Кесте. Электрлік бұйымдардың құрылымдық сенімділігінің көрсеткіштері.
- •2.2. Электротехникалық құрылғылардың сенімділік көрсеткіштері.
- •Торт ═ ∑ ti / n0 (2.3)
- •Тоқтап қалудың пайда болуының себептері мен заңдылықтары.
- •Тоқтап қалу себептері
- •2.1. Сурет. Тоқтап қалулардың себептерінің жіктеуі.
- •2.2. Сурет. Электротехникалық құрылғының жұмыс кезеңіндегі тоқтап қалулардың қарқындылығының қисығы.
- •Пайдалану шарттарының сенімділікке әсері.
- •2.4.1. Қорщаған орта жағдайының электр құрылғыларының жұмысына әсері.
- •2.4.2. Электр қондырғыларын қолдану шарттарының оның жұмысына әсері.
- •2.2. Кесте. Қоршаған орта жағдайының электр қондырғылардың, материалдар мен кабель бұйымдарының сақталуына әсері.
- •2.4.3. Энергияның сапа көрсеткішінің (эск) электр қондырғысының жұмысына әсері.
- •2.4.4. Электр жабдықтарына қызмет көрсету жағдайларының электр қондырғыларының сенімді жұмысына әсері.
- •Бақылау сұрақтары
- •3 Тарау Электр жабдықтарының техникалық алдын – ала анықтаулары.
- •3.1. Негізгі түсініктер мен анықтамалар.
- •3.2. Сынау түрлері.
- •3.3. Оқшаулағыштарды зерттеу арқылы анықтау.
- •3.1. Сурет. Оқшаулағышты алмастыру сұлбасы (а) және ол арқылы өтетін токтардың диаграммасы (б).
- •3.2. Сурет. Құрғақ және ылғал оқшаулағыштардың толық тогы мен кедергісінің өзгеру графигі.
- •3.3. Сурет. Сυ / с20 қатынасының температураға тәуелділігі.
- •1 Және 2 - құрғақ және ылғал оқшаулағыш
- •3.4. Сурет. Құрғақ және ылғал оқшаулағыштардың сиымдылықтарының өзгеру графигі.
- •3.5. Сурет. Ішығ. Шығын тогының берілген кернеуге тәуелділігі (электр қозғалтқыш 6 кВ кернеуге есептелген) 1 және 2 ылғал және құрғақ оқшаулағыштар үшін.
- •3.6.Сурет. Кернеу әсеріндегі диэлектриктегі электр токтарының векторлық диаграммасы.
- •3.4. Профилактикалық сынаулар.
- •3.1 Кесте. Электр қондырғыларының оқшаулағыштарының кедергілеріне профилактика-лық өлшеулер жүргізудің мерзімдері мен межелері.
- •3.5. Оқшаулағыштың кедергісін өлшеу кезінде температураны есепке алу.
- •3.2 Кесте.
- •3.6. Түйіспелерді алдын – ала анықтау.
- •3.7. Оқшаулағыштың кедергісін өлшеу нәтижелері бойынша жабдықтардың техникалық жай-күйіне болжау жасау.
- •3.3. Кесте. Оқшаулағыш кедергісін өлшеудің нәтижелері
- •Бақылау сұрақтары
- •4 Тарау Электр қондырғыларын орынды таңдау мен қолдану негіздері.
- •4.1. Жалпы мағлұматтар.
- •4.2. Техникалық сипаттамалары бойынша таңдау.
- •4.3. Экономикалық белгілері бойынша таңдау.
- •4.4. Қорғаныс құрылғыларын таңдау.
- •4.1. Сурет. Электр қозғалтқыштардың апаттық режим кезіндегі негізгі қызметтік байланыстары.
- •4.1 Кесте.
- •4.5. Электр қондырғыларының жұмыс режимдерін оңтайландыру.
- •4.6. Электр қондырғыларының жүктелу қабілеті.
- •Бақылау сұрақтары
- •5.1. Cурет. Желінің аспалы оқшаулағыштары бар тіреулердегі аралығы.
- •5.1.1. Аспалы желілердің өткізгіштері.
- •Өткізгіштерді белгілеу үшін түрінің жанында қалыпты көлденең қимасының ау-
- •5.1.2. Аспалы желілердің оқшаулағыштары.
- •5.2. Cурет. Аспалы оқшаулағыштардың гирляндалары: 1 – оқшаулағыш, 2 - өткізгішті
- •5.1.3. Аспалы желілердің тіреулері.
- •5.3. Cурет. Аспалы желілердің сұлбасы.
- •5.4. Cурет. Екі тізбекті желіге арналған аралық металл тіреу.
- •5.5. Cурет. Тіреулердегі өткігіштер мен арқансымдардың орналасулары:
- •5.6. Cурет. Өткізгіштерді транспозициялау сұлбасы: а, b,с – тораптың үш фазасы.
- •5.2. Аспалы желілерге қойылатын жалпы талаптар.
- •5.3. Аспалы желілерді пайдалануға қабылдау.
- •5.4. Аспалы электр беру желілеріне қызмет көрсету бойынша пайдалану іс – шаралары.
- •5.4.1. Аспалы электр берудің токтық жүктеме режимдерін сақтау.
- •5.4.2. Аспалы желілерді қарау.
- •5.4.3. Аспалы желілердегі өлшеулерді алдын – ала сынау.
- •5.1. Кесте. Пайдалану кезіндегі тіреулердің қауіпті қималарының рұқсат етілген беріктік қоры және тозу коэффициенті
- •5.2 . Кесте.
- •0,38 КВ аж-дің тіреулерінің негізгі детальдары үшін рұқсат етілген есепті және ең кіші диаметрлері.
- •5.6. Аспалы желілерде жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздігі.
- •Бақылау сұрақтары.
- •Кабельді желілерді пайдалану және жөндеу.
- •6.1. Жалпы мағлұматтар.
- •6.1.1. Кабельдердің конструкциялары.
- •6.1.2. Кернеуі 6 – 10 кВ – тық кабельдерді төсеу тәсілдері.
- •6.1. Кесте. Кернеуі 10 кВ-қа дейінгі кабельдер төселетін траншеялардың өлшемдері.
- •6.2. Кесте. Кабельдердің иілуінің ішкі қисықтығының рұқсат етілетін ең төменгі радиустары.
- •6.3. Кесте. Кабельді желінің әр 1 км-індегі жалғағыш муфталардың рұқсат етілген саны.
- •6.3. Сурет. Кабельдерді арналарға төсеу.
- •6.5. Сурет. Темірбетон панельдерден жасалған блоктар:
- •6.6. Сурет. Кабельдік эстакадалар: а). Жеке тіреуге оратылған біржақты өтпелі; б). Екі жақты; 1 – жылжымайтын күннен қорғағыш панельдер; 2 – алынбалы күннен қорғағыш панельдер; 3 – кабель сөрелері.
- •6 А 2 .7. Сурет. Кабельдік галерея: а). Біржақты; б). Екіжақты; 1 – кабель сөрелері; 2 – күн-нен қорғағыш панельдер.
- •6.4. Кесте. Пайдалану барысында механикалық әсерлер мен керуші жүктемелердің жоқ ке-зіндегі қағаз, пластмасса және резина оқшаулағышы бар күштік кабельдердің қолданылу аумағы.
- •6.2. Кабельді желіні пайдалануға қабылдау.
- •6.5. Кесте. Кабельді желіні пайдалануға өткізу кезіндегі берілетін құжаттардың тізімі мен мазмұны.
- •6.3. Кабельді желілерге қызмет көрсету бойынша пайдаланудың іс – шаралары.
- •6.3.1. Токтық және жылулық режимдерді сақтау.
- •6.7. Кесте. Ауаның температурасын есепке алу үшін қолданылатын түзету коэффициенттері.
- •6.6. Кесте. Жердің температурасын есепке алу үшін қолданылатын түзету коэффициенттері.
- •6.8. Кесте. Жерде құбырдың ішінде және құбырсыз қатар жатқан кабельдер үшін түзету коэффициенттері.
- •6.9. Кесте. Орташа тәуліктік температураға есептегендегі түзету коэффициенті.
- •6.10. Кесте. Кернеуі 10 кВ – қа дейінгі кабельдердің рұқсат етілген асыра жүктелулері.
- •6.3.2. Кабельді желілерді қарау.
- •6.3.3. Адасқан токтар, оларды өлшеу және кабельдерді коррозиядан қорғау.
- •6.3.4. Алдын – ала сынаулар.
- •6.4. Кабельді желілердің зақымданған жерлерін анықтау.
- •2 Мксек
- •6.12. Сурет. Кабельдің зақымданған орнын ілмекті тәсілмен анықтаудың сұлбасы.
- •6.13. Сурет. Біртекті желідегі зарядталған кабельді тесіп өткен кездегі тербелмелі процесстің кернеуі.
- •6.14 Сурет. Өткізгіші үзілген кабельдердің зақымдану түрлері:
- •6.5. Кабель оқшаулағышының зақымданған орнын күйдіру.
- •6.11. Кесте. Кабельдерді кұйдірудің кезеңдері.
- •6.6. Кабельді желілерді жөндеу.
- •Бақылау сұрақтары.
- •Күш беретін трансформаторларды пайдалану.
- •Жалпы мағлұматтар.
- •7.1 Кесте. Трансформаторларды салқындату түрлерінің шартты белгілері.
- •7.2 Күш беретін трансформаторларды пайдаланудың жалпы талаптары.
- •7.3 Трансформаторларды пайдалануға қабылдау.
- •Трансформаторларды құрғатпай пайдалану үшін қосу шарттары.
- •7.2 Кесте. Диэлектрлік tgδ шығындардың рұқсат етілген мәндері.
- •7.3 Кесте. Сиымдылықтардың с2 / с 50 қатынасының рұқсат етілген мәндері.
- •Кесте. Май ішіндегі орамдардың оқшаулағыштарының бірминуттық r60 кедергілерінің рұқсат етілген ең төменгі мәндері.
- •7.5 Трансформаторларды құрғату.
- •7.5 Кесте. Коэффициентті анықтау.
- •7.2. Cурет. Трансформаторды нольдік реттегі токпен құрғату сұлбасы.
- •7.3. Cурет. Трансформаторды бірфазалы қысқа тұйықтаумен құрғату.
- •7.6 Трансформаторлардың жүктелу қабілеті.
- •7.6 Кесте. Трансформаторлардың рұқсат етілген апаттық асыра жүктелулері.
- •7.7 Трансформаторларға техникалық қызмет көрсету.
- •Пайдалану ережелері ( тпе ), басшылыққа алынатын техникалық материалдар,
- •7.8 Трансформатор майы.
- •7.8.1 Трансформатор майының сипаттамалары.
- •7.8.2 Трансформатор майын пайдалану.
- •7.8.3. Майды тазалау, құрғату және қалпына келтіру.
- •7.9. Күш беретін трансформаторларды сынақтан өткізу және жөндеу жұмыстарын орындау кезіндегі техника қауіпсіздігі
- •Бақылау сұрақтары.
- •Кернеуі 1000 в – тан жоғары тарату құрылғыларын пайдалану және жөндеу.
- •8.1. Жалпы мағлұматтар.
- •8.2. Негізгі электр қондырғыларын пайдалану.
- •Тарату құрылғыларын қарау.
- •8.4. Техникалық қызмет көрсету.
- •8.5. Тарату құрылғыларының жабдықтарын ағымдық жөндеу.
- •8.6. Жабдықтарды алдын – ала сынау.
- •8.1 Кесте. Сынау кернеулерінің межелері
- •8.7. Тарату құрылғыларын пайдалану және жөндеу кезіндегі техника қауіпсіздігі.
- •Бақылау сұрақтары.
- •4. Ток жүретін бөліктер мен түйіспелі қосылыстарды күтіп, қадағалаудың ерекшеліктері
- •Электроқозғалтқыштарды пайдалану.
- •9.1. Жалпы мағлұматтар.
- •Қозғалтқыш типтерін белгілеудің мысалдары:
- •9.1 Кесте. Электр машиналарының орамдарының шықпаларының белгіленулері.
- •9.2. Электр қозғалтқыштарын пайдалануға қабылдау.
- •9.3. Электр қозғалтқыштардың пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету.
- •9.4. Электр қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсету.
- •9.5. Ағымдық жөндеу.
- •9.6. Электр машиналарының оқшаулағыштарын құрғату тәсілдері.
- •9.7. Электр машиналарын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі.
- •Электр қозғалтқыштары.
- •Бақылау сұрақтары.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •І бөлім. Электр қондырғыларын пайдалану теориясының негіздері
- •Іі бөлім. Электр қондырғыларын техникалық пайдалану
7.6 Кесте. Трансформаторлардың рұқсат етілген апаттық асыра жүктелулері.
Трансформаторлардың токқа қатысты қалыпты жүктелуінің үлес бойынша рұқсат етілген қысқа мерзімді асыра жүктелулері |
Трансформатордың рұқсат етілген асыра жүктелуінің ұзақтығы, мин. |
|
маймен толтырылған |
құрғақ |
|
1,20 |
- |
60 |
1,30 |
120 |
45 |
1,40 |
90 |
32 |
1,50 |
70 |
18 |
1,60 |
65 |
5 |
1,75 |
20 |
- |
2,00 |
10 |
- |
Кернеуді қалыпты мәннен асыра жоғарылату. Трансформаторды пайдалану кезінде тізбектегі кернеу белгілі бір арлықта өзгереді және ол әрқашан өзі берілген трансформатордың тармақтарындағы мәніне сәйкес келе бермейді. Берілген кернеудің жоғарылап кетуі трансформатор дың жұмысын қиындатады, себебі келтірілген кернеу-дің жоғарылауы болаттағы индукцияның жоғарылауына пропорционал, ал ол өз кезе-гінде оның қанығуын жоғарылатады. Бұл бос жүріс тогының артып кетуін және оның
жоғарғы гармониялық тербелістерінің амплитудасының артуы себебінен қалпының ауытқуын тудырады. Мұндай құбылыс төменгі кернеу орамдарындағыға қарағанда, оқ-шаулағыштарының электрлік беріктігінің қоры аз жоғары кернеу орамдарына қауіп ту-дырады.
Сондықтан трансформаторлар үшін кернеуді жоғарылатуға шектеу енгізіледі:
- ұзақ – қалыпты мәннен жоғары емес жүктеме кезінде 5 % және қалыпты мәннің 0,25 шамасынан жоғары емес жүктеме кезінде - 10 %.
- ұзақ – бейтарап өткізгіші тармақталмаған автотрансформаторлардың генераторлары блоктарымен бірге жұмыс істейтін қалыпты мәннен жоғары емес жүктеме кезінде 10 %.
- қысқа мерзімді (тәулігіне 6 сағатқа дейін)–қалыпты мәннен жоғары емес кезінде 10 %.
Кернеуді көрсетілген жоғарылату кезінде ең жоғарғы жұмыстық кернеу, берілген кер-неу санаты үшін МЕМСТ 721 – 77 –де қарастырылған төмендегі кестеде көрсетілген мәндерден аспауы керек.
Кернеу санаты, кВ. |
3 |
6 |
10 |
20 |
35 |
110 |
Ең жоғарғы жұмыстық кернеу, кВ. |
3,5 |
6,9 |
11,5 |
23 |
40,5 |
126 |
7.7 Трансформаторларға техникалық қызмет көрсету.
Пайдалану процесі кезінде , күш беретін трансформаторларға қызмет көрсету – қол-
даныстағы құжаттар директиваларының талаптарына сай жүргізілуі тиіс: техникалық
116.
Пайдалану ережелері ( тпе ), басшылыққа алынатын техникалық материалдар,
техникалық нұсқаулар, пайдалану жөніндегі нұсқамалар, стандарттар, техника-лық жағдайлар.
Қадағалаулар. Трансформаторларды ( ажыратусыз ) сырттай қадағалау келесі мер-зімдерде жүргізіледі: егер қондырғыға тұрақты бақылаушы адамдар қызмет көрсететін болса немесе жергілікті жерден кезекші болса – тәулігіне бір рет ; тұрақты кезекшілері жоқ станциялар мен қосалқы станцияларда – айына бір рет; трансформаторлы пунк-терде – жарты жылда бір рет.
Инженер – техник мамандар бақылау қадағалауды жылыны бір рет жүргізеді. Газ релесінде белгі пайда болса, сонымен қатар әрбір апаттық ажыратулардан кейін, транс-форматорларға кезектен тыс бақылау жасалады. Жер жағдайына және трансформатор-дың жай-күйіне байланысты электр желілері кәсіпорнының бас инженерінің нұсқауымен қадағалау жүргізу мерзімдері өзгертілуі мүмкін.
Трансформаторды сырттай қадағалау кезінде мыналар тексеріледі: майдың темпера-турасы мен деңгейі, оның май деңгейін көрсеткіш пен ұлғайту ыдысындағы белгілермен сәйкес келуі; оқшаулағыштардың бүтіндігі мен беткі жағының тазалығы; майдың там-шылағандығының жоқ екендігі; кабельдер мен шиналардың жай-күйі; ыдыс бетінің та-залығы; трансформатор орнатылған бөлме ішінің желдетілуінің, сақтандырғыштардың, айырғыштардың, жетектер мен жерсіндіргіштердің дұрыстығы, есіктер мен терезелердің және жылжымалы тиектердің бүтіндігі, трансформаторда бөтен шудың жоқ екендігі, өл-шегіш құралдардың (термобелгі берушілер мен термометрлер, манометрлер және т.б.), газ релесінің, ауа құрғатқыштағы индикаторлы силскагельдің жарамдылығы.
Трансформаторды қадағалау тек қана лездік топ адамына немесе арнайы рұқсаты бар әкімшілік-техникалық адамға жүктеледі.
Қадағалау барысында басқа бір жұмысты орындауға тиым салынады, ал жедел ара-ласуды талап ететін ақаулар анықталған жағдайда, қадағалау тоқтатылып, ақауды жою жұмыстары барлық ұйымдастыру-техникалық шараларды ұйымдастыру арқылы орын-далады. 6 кВ және одан жоғары кернеудегі ток жүретін бөліктерге жақындауға болмай-ды, ол үшін кестеде көрсетілгендей аралықты сақтау керек:
Электрқондырғының кернеуі, кВ. |
6...35 |
60...110 |
150 |
Рұқсат етілген арақашықтық , м. |
0,6 |
1,0 |
1,5 |
Егер қажет болса, қадағалау барысында қоршаулар мен камералардың есіктерін ашуға рұқсат беріледі, бірақ та төмендегі шарттарды орындаған кезде ғана камералар мен ұя-шықтарға кіріп, қадағалау жасауға болады: қоршалмаған ток жүретін бөліктерге дейінгі еденнен қашықтық – 10 кВ-тық кернеу үшін – 2,5 м, 35 кВ үшін – 2,75 м, 110 кВ үшін – 3,5 м, 150 – 200 кВ үшін – 4,2 м.
Трансформатор жүктемесін және орамдардың температурасын бақылау. Транс-форматор жүктемесін бақылау амперметрдің, кей жағдайда ваттметрдің көмегімен жүргізіледі. Бақылау трансформатордағы токтың, кернеудің және температураның белгі-ленген мәндерінен аспайтындай жағдайда жүргізілетіндей етіп ұйымдастырылуы керек. Кезекші адамы бар қосалқы станцияларда құралдардың көрсетулері сағат сайын тірке-леді және пайдалану құжатында белгіленіп отырылуы қажет. ( асыра жүктеу кезінде 30 минут сайын сол асыра жүктеудің мәндері мен ұзақтығы тіркеледі ). Тұрақты кезекшісі жоқ қосалқы станцияларда бақылаудың мерзімділігі жер жағдайына байланысты анық-
талады; трансформатордың жүктелуін есептегіштердің көрсетуі бойынша және жүкте-лудің максимум сағаттары кезінде арнайы өлшеулер жүргізу арқылы.
Бақылаудың маңызды элементі – трансформатордағы температураны өлшеу болып саналады. Термометрдің көрсетуі салқындату жүйесіндегі бұзылуларды және трансфор-матордың ішіндегі ақауларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Орамдардағы температураны бақылау жанама тәсілдермен атқарылады, яғни орамдардағы темпера-тураны майдың температурасы бойынша шамалайды. Трансформатордағы майдың жоға-
ры қабаттарындағы температураның шектік мәні 950С – қа тең. ( салқындатушы ауаның температурасы 350С кезінде ). Майдың температурасын бақылауды трансформатордағы
117.
май қабатының жоғары бетіне орнатылған сынапты термометрдің көмегімен жүзеге
асырады.( төменгі қуатты трансформаторлар үшін).
Жоғары қуатты трансформаторлар үшін манометрлік термометрлер қолданылады. Температурасы қашықтан өлшенетін трансформаторлардағы майдың жоғарғы қабатта-рындағы температуралардың көрсетулері бақылаудан кейін бір сағат өткен соң пайдала-ну құжаттарына тіркеледі, ал қалған трансформаторлардағы температура көрсеткіштері – кезекті қадағалау кезінде тіркеледі.
Ағымдық , күрделі жөндеулер және алдын ала өткізілетін сынақтар. Жоспарлы ағымдық жөндеулер ажыратусыз қадағалауға қарағанда , тиянақты қарау мен қадағалау-ды қажет етеді. Олар сонымен қатар ұсақ жөндеу жұмыстарын да қамтиды.
Трансформаторларға ағымдық және күрделі жөндеулер қажет болған жағдайда жүргі-зіледі. Ағымдық жөндеудің мерзімділігін тұтынушылардың техникалық жетекшілері тағайындайды. Ағымдық жөндеу кезінде бақыланған және байқалған ақауларды жою, ыдысты және оқшаулағыштарды тазалау, ыдыстағы жинақталған конденсаттарды, ұл-ғайтқыштағы кір заттарды ағызу, майды толықтыру, май деңгейін көрсеткішті тексеру, май үлгілерін таңдап алу және тексеру, майды ескіру мен тотықтанудан қорғайтын құ-рылғыларды тексеру, сүзгіштердегі сорбенттерді ауыстыру, салқындату құрылғыларын тазалау және қадағалау, трансформаторлардағы қорғағыш және разрядтаушы құрылғы-ларды тексеру, ағызу шүмегі мен газ шығаратын түтіктің мембранасының бүтіндігін тек-серу, R60 / R15 қатынасын анықтау арқылы 2500 В кернеулік мегомметрдің көмегімен орамдардың оқшаулағыштарының кедергілерін өлшеу жұмыстары тиянақты түрде жүр-гізілуі тиіс. R60 / R15 қатынасының мәні мөлшерленбейді: майдың жоғарғы қабатта-рындағы температура 10 – 300 С аралығында бұл қатынастың мәні ылғалданбаған орам-дар үшін 1,3 – тен төмен шаманы құрайды.
