Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭО и ремонт пястол.каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.6. Түйіспелерді алдын – ала анықтау.

Кез келген электр жабдығының электр тізбегі өз ара электрлік түйіспелермен жалған-ған түрлі элементтерден тұрады. Мысалы, төменгі вольтты желіде бір ғана үш фазалы электр қабылдағышқа орта есеппен 60 электр түйіспеден келеді. Барлық электр қондырғыларының жұмыстық қабілеті, олардың кез келгенінің жай-күйіне тәуелді бола-ды. Сондықтан электр түйіспелерін үздіксіз бақылап отыру – электр жабдықтарының жоғары сенімділігін қамтамасыз ету жұмысының негізгі құраушы бөлігі.

Электр түйіспелері дегеніміз токтың бір ток жүретін бөліктен екіншісіне өту орны. Қолданылу мақсаттарына қарай түйіспелер жалғағыш және коммутациялаушы (электр тогының бағытын өзгертуші) болып екіге бөлінеді. Бұлардың алғашқысы электр тізбегі-нің түрлі элементтерін жалғау үшін, ал екіншілері электр тізбегін қосу, ажырату және қосып-ажырату үшін арналған.

Түйіспелердің көп мөлшердегі түрлі құрылымдық орындалымдары белгілі. Жалға-ғыш түйіспелер бөлшектенетін (болтты, винтті, сыналы) және бөлшектенбейтін (пісіріл-ген, дәнекерленген, тойтарылған және т.б.) болып екіге бөлінеді. Коммутациялаушы түйіспелер қозғалғыштық белгісі бойынша (қозғалатын, қозғалмайтын), қозғалғыштық дәрежесі бойынша (өздігінен орнатылатын, өздігінен орнатылмайтын), геометриялық пі-шіні бойынша (нүктелік, сызықтық, беттік), салқындатылуы бойынша (табиғи, жасан-ды), қолданылу мақсаты бойынша (басты, доға өшіруші, қосымша) және басқа да белгі-лері бойынша жіктеледі.

Түйіспенің өтпелі кедергісі дегеніміз токтың бір түйіспелі беттен екіншісіне өту ор-нындағы, яғни, біріншіден, беттің тегіс еместігінен түйіспе қимасы ауданының тарылуы-мен, екіншіден, шаңдарды, газдарды және майлы қабықшаларды түйіспе бетінің жұтуы-мен түсіндірілетін қосымша кедергі. Өтпелі кедергінің мәні көптеген себептерге тәуелді болады, солардың ішіндегі ең бастысы – микрорельеф, сығылу күші және түйіспелік бет-тің материалы.

Түйіспенің өтпелі кедергісіндегі кернеудің рұқсат етілген төмендеуі ең алдымен түйіспе материалына тәуелді, және оны қалыпты режимде жұмыс істейтін, түйіспе мета-лының жұмсаруы болмаған жағдайда таңдап алады. Төменгі вольтты аппаратуралар үшін түйіспеде кернеудің рұқсат етілген төмендеуінің келесі мәндері тағайындалған: кү-міс үшін 0,01 – 0,02 В, мыс үшін – 0,01 – 0,03 В, алюминий үшін 0,01 – 0,04 В, темір үшін 0,02 – 0,05 В.

Түйіспелердің кедергілері пайдалану барысында тұрақты болып қалмайды. Ол қо-сымша шығындардың көзі болып табылады, сондықтан түйіспелік беттің температурасы әрқашан да жақын өткізгіштердің температурасынан жоғары болады. Бұл оттегінің әсе-рінен металл бетінде уақыт өткен сайын қалыңдығы арта беретін қабыршақтың пайда болуына, ал ол соңынан өтпелі кедергінің өсуіне және қосымша қызуға әкеліп соқтыра-ды. Уақыттың кейбір сәттерінде және температураның, сонымен қатар электр өрісінің әсерінен қабыршақ бүлінеді, және өтпелі кедергі бастапқы мәніне дейін төмендейді. Со-дан кейін процесс қайталана береді. Бірақ кейбір жағдайларда өздігінен тазалану бол-майды, түйіспе күйіп кетуі және істен шығуы мүмкін.

Түйіспелер сенімді жұмыс істеуі үшін қыздыру температурасы үшін тағайындалған межелерді қатаң сақтау керек: жабындысы жоқ, мыстан жасалған коммутациялаушы түйіспелер үшін – 850С, жабындысы бар күміс үшін – 2400С; аппараттар ішіндегі мыстан жасалған жалғағыш түйіспелер үшін – 950С, қарапайым жабындысы бар металлдар үшін – 1050С, күміс жабынды үшін – 1350С (қоршаған ортаның есептік температурасы 450С болған кезде).

Түйіспелердің жанасу ауданы олардың бейімделу сапасын немесе тозу дәрежесін си-паттайды. Жарамды күйінде нақты жанасу ауданы түйіспенің қалыпты ауданының 70%-ын құрайды.

Түйіспенің Lp айырығы деп түйіспелердің ашық күйі кезіндегі беттерінің арасындағы

46.

ең үлкен аралықты айтады. Аппараттың түріне қарай айырықтың мәні 3 - 50 мм аралы-ғында болады.

Түйіспенің Lп тереңдігі деп тізбекті қосу немесе ажырату кезінде жылжымайтын түйіспемен жанасуын жоғалтпай, жылжымалы түйіспенің ығысу аралығын айтады. Тө-менгі вольтты аппараттар үшін терңдіктің мәні 3 – 6 мм-ді құрайды.

Түйіспелердің өтпелі кедергісін тұрақты немесе айнымалы ток кезінде өлшейді. Ол үшін микрометрлерді, қосарланған көпір сұлбаларын немесе милливольтметрі бар сұл-баларды қолданады. Жаңа түйіспенің өтпелі кедергісі өткізгіштің тұтастай алған балама участогының кедергісінен 1,2 есеге аспауы керек. Пайдалану процесі барысында кедер-гіні арттыруға рұқсат етіледі, бірақ ол бастапқы мәнімен салыстырғанда 1,8 еседен ас-пауы тиіс.

Өтпелі кедергідегі кернеудің төмендеуін түйіспе арқылы қалыпты тұрақты ток өткізе отырып, милливольтметр немесе гальванометрмен өлшейді. Ол үшін түрлі жүктеме қон-дырғыларын қолданады. Бұл мақсат үшін электротехникалық қызмет көрсету мекемеле-рін кернеудің төмендеуін анықтауға, сонымен қатар басқа да амалдарды орындау үшін мүмкіндік беретін әмбебап құралдармен жабдықтайды.

Бүтін түйіспелерде ондағы кернеу төмендеуінің тұтастай алған балама участогының кернеуіне қатынасы 1,1 -1,2-ден аспауы тиіс. Егер пайдалану процесі барысында бұл қа-тынас 1,7-ден артып кетсе, онда түйіспені жөндеу немесе ауыстыру қажет.